Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:59, реферат
Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен көшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең өзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан 2030 деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен.
Кассадағы операцияның есебі.
Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен көшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең өзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан 2030 деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердің мәні тірі ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сөз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге болады.
Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зертеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен оның ішкі аудиті өзекті болып есептелінеді.
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор.
Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.
Бұл жерде тағы маңызды бір нәрсе банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бұл қатынастарда өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін көруге болады. Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші субьектілерде касса болады.
Касса — бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен түбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, үрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мүрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мүрі басылып, кәсіпорын, яғни субьектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне тиісті мүр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелдігіне жұмысқа деген немқүрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субьектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бүйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса опрацияларымен таныстырып, кәсіпорын, яғни шаруашылық субьектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім шарт жасалуы керек. Касса операцияларының есебі ҚР ұлттық Банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.
Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол үкілеттік берген тұлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері (ІПКО) бойынша немесе шығыс касса ордерінің мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс касса ордеріне бас бухгалтер мен басшысының қолы қойылған болу керек. Егер шығыс касса ордеріне қоса берілетін құжатта рұқсат ету туралы басшының қолы болса, онда оның ордерде қойған қолының болуы міндетті емес. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның түл құжатын немесе үзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар касса қызметкері осы күрсетілген құжаттарда берілген, яғни жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның алы-жүнін, құжатының нүмерін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді.
Кіріс касса ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ шығыс касса ордері мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуға немесе машинкалармен басылуға тиіс. Бұл құжаттарды тазалауға, үшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кэсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы қызметкерлерге жэрдем ақы, сыйақы, еңбекақы түлеу үшін түлеу ведомостары қолданылады. Бұл ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау немесе беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін. Кэсіпорынның кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында касса қызметкері кассалық кіріс және шығыс ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін кркаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қояды және оған қоса берілген құжаттар мөртабан қоюмен немесе күні күрсетілген «төленді» жазуымен өтеледі. Кіріс касса ордерлері мен шығыс касса ордерлері кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО №3 нысаны) тіркелінеді.
Касалық операциялардың есебін кассир КО №4 нысанындағы Касса кітабында жүргізеді. Әр бір кәсіпорынның тек бір ғана Кассалық кітабы болады. Ол тесіліп байланған, нөмірленген және мөрленген болуға тиісті. Ондағы парақтардың саны басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен расталған болу керек. Кітаптың соңғы бетінде келесі жазба болу тиіс: «Аталмыш кітапта барлығы … парақ номерленген». Және басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылады. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе ұйымның кассасынан түленген, яғни шығысталған ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін түленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың номері және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кірістелген немесе шығысталған сомалар касса кітабына жазылуы тиіс. Жүмыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, кассада келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады. Бұл деректерге үзгеріс енгізуге, үшіруге, түзетуге жол берілмейді. Касса кітабындағы жазулар күшіру қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі. Кассалық кітаптың әр бір беті екі бірдей бүліктен тұрады: біреуін (горизонталды сызығымен) кассир толтырады (бірінші дана ретінде ол кітапта қалады); екіншісін (горизонталды сызықсыз) беттік және теріс жағына күшірме қағазы арқылы толтырады (ол парақтың жыртпалы бүлігі). Кассалық операциялардың жазбалары парақтың жыртылмайтын бөлігінде («жұмыс күнінің басындағы қалдық» жолынан кейін) беттік жағына жазылады. Парақты алдын ала бөлу сызығы бойынша бүктейді, сонда жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігінің астында болу керек. Жазбаларды парақтың жыртпалы емес бөлігінің келесі теріс жағына жалғастыру үшін жыртпалы бөлігін беттік жағына қарай қайта бүктеп, горизонталды сызықтар бойымен жаза береді. Есеп беру бланкілері күннің соңғы операциясына дейін жыртылмайды.
Екінші даналары жыртпалы болады және кассирдің есеп беруіне қызмет етеді. Егер кәсіпорында аздаған касса опреациялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш-бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бүхгалтерия қызметкерлері тексереді. Кассада алушының ШКО қолхатымен немесе басқа кұжатта расталмаған ақшалар берілгендігі анықталса, бүл сома жетіспеушілік болып саналып, кассирден өндіріліп алынады. Егер қолма қол ақшаның сомасы ККО-мен расталмаса, онда олар кассаның артық ақшалары болып саналады және субъектнінің кірісіне есептеледі. Кассадағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін активтік 451, 452-шоттар қолданылады. Бұл шоттардың дебеті бойынша ақшаның кассаға түсуі, кредиті бойынша — берілуі күрсетіледі. Валюталық кассадағы есеп субъектінің кассадағы есебіне ұқсас жүргізіледі, бірақ ККО-де, ШКО-де және касса кітабында қаражаттардың шетелдік валютадағы және теңгелік баламасындағы сомасы күрсетіледі. Валюталық касса үшін жеке кассалық кітап ашылады. Шетелдік валютадағы қолма қол ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты теңгелік бағасы және номиналы бойынша жинақтауға «Кәсіпорынның валюталық қаражаттарына талдамалы есеп жүргізу карточкасы» арналған. Ол шетелдік валютадағы бастапқы талдамалы есеп пен теңгедегі жинақтамалы есептің арасындағы аралық буын болып табылады. Қажет болған жағдайда күлік пен байланыстың объектілері 451-шотта мынадай аралық шоттар аша алады: 451/1- субъект кассасы,451/2-операциялық касса.
Тауар кеңселерінің, пристаньдардың және пайдаланудағы учаскелердің, аялдама, үзен үткелдерінің кассасындағы билет және багаж кассаларындағы, порттар мен вокзалдардың, байланыс бөлімшесінің кассаларындағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысы 451/2 шотта ескеріледі.
451-452 шоттар бойынша шаруашылық операциялры
1. Кассаға сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден ақша қаражатары түсті Д-т 451,452 К-т 3 01
2. Вексель бойынша түсті Д-т451,452 К-т 302
3. Алынған қарыздар бойынша келтірілген залал үшін жүмсалмаған есеп беру сомаларын қайтару Д-т 451,452 К-т 333
4. Еншілес кәсіпорындардан және өзге серіктестерден берешектің түсуі Д-т 451,452 К-т 321-322
5. Банк шоттарынан қолма қол ақшаның түсуі (чек бойынша) Д-т 451, 452 К-т431,441
6. Қолма қол ақшалардың құрылтайшылардан түсуі Д-т 451, 452 К-т 511
7. Займдар қолма қол ақшамен алынды Д-т 451, 452 К-т 602, 603
8. Жалдық ақы, байланыс қызметі түсімдері және осы кезеңде басқа да төленгендер Д-т 451, 452 К-т 611
9. Өнімдерді, құжаттарды, қызметтерді, тауарларды қолма қол ақшаға сату Д-т451,452К-т701,702
10. НҚ,МЕА, БҚ қолма қол ақшаға сату Д-т 451, 452 К-т 721-723
11. Акциялар бойынша дивидендтер келіп түсті Д-т 451, 452 К-т 724
12. Оң бағамдық айырма Д-т 452 К-т 725
13. Алынған айыппұлдар, үсімақылар, тұрақсыздық айыптары Д-т 451, 452 К-т727
14. Есеп беретін сомалар кассадан берілді Д-т 333, К-т 451,452
15. Сақтандыру полистері сатып алынды Д-т 341 К-т 451,452
16. Болашақ кезеңдер үшін төленген жалдық төлемдер Д-т 342, К-т 451,452
17. Аванстар берілді Д-т 351, 352 К-т 451,452
18.Қолма қол ақша банктегі шотқа өткізілді (қолма қол салуды мәлімдеу бойынша) Д-т 431, 441 К-т 451,452
19. Займды қайтару Д-т 602, 603 К-т 451,452
20. Дивидендтерді түлеу Д-т 621, 622 К-т 451,452
21. Жеткізушілердің, мердігерлердің шоттары қолма қол ақшамен төленді Д-т 671 К-т 451,452
22. Жалақы берілді Д-т 681,682 К-т 451,452
23. Теріс бағамдық айырма Д-т 844, К-т 452
24. Кассаға түгендеу жүргізген кезде анықталған ақша қаражаттарының жетіспеушілігі Д-т 334, К-т 451,452
1) егер кінэлі адам анықталмаса немесе сот оны өтеп беруден бас тартса Д-т 821 (845) К-т334
2) егер кінэлі адам табылса Д-т 333 К-т 334
Кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордерде есептелініп жүргізіледі.
Бақылау жұмысы
Тақырыбы: Касса операциясының есебі.