Капитал резерв

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 18:19, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну және кәсіпорын қаржы жағжайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Капитал мен резервтер Курсовой Туран.doc

— 333.50 Кб (Скачать)
    0

    Астана  қаласы Білім Басқармасы

    Политехникалық  колледжі 

         010000                               0705002

 

          «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» пәні  бойынша 

                 

Тақырыбы: К а п и т а л   мен   р е з е р в т е р  
 
 
 

    Оқушы:___Нугербекова Самал_  _________   __________

                             аты- жөні                                      күні                       қолы

                                                                    

   Оқытушы:_Тұрсынбекова С.Ж__   _________   __________

                             аты- жөні                                      күні                       қолы 

  
 

  Қорғау күні  ___22.12.2009ж___                                           Бағасы __________ 
 
 
 

Астана  20009 жыл

 
 

КІРІСПЕ

          Тақырыптың  өзектілігі.  Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну және кәсіпорын қаржы жағжайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

    Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыны, талаптарға сай жүргізіледі.

    Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс жөне де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымнын, қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

    Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында  жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

    Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға  арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.

    "Капитал"  ұғымы жеке тұлғаның қолындағы  қорды тұтыну қарекеттерінен  шығады. Капитал мәртебесін алу  үшін олар мынандай тәсілдермен  пайдаланулары керек: пайдалы  сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті — өз иесіне табыс әкелу.

    Резервтік капитал - кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда - кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ.

    Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың  «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам  резервтік капиталды қогамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.

    Курс  жұмысының мақсаты мен міндеті. Берілген тақырып – «Капитал мен  резервтер» болған соң, осы тақырыптың мәнін ашу, меншікті капиталды талдай отырып, оның қай шотта қаралатынын, меншікті капиталдың түрлерін, резервтер есебін және аудитін қарастыру.

І. КАПИТАЛ ЖӘНЕ РЕЗЕРВТЕР  ЕСЕБІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

    1.1 Капитал есебі

    Латын тілінен аударғанда "капитал" сөзі "басты" деген мағынаны білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.

    Қоғамдық  өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезендерден өтті:

    Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс деп — өр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды айтады.

    "Капитал"  ұғымы жеке тұлғаның қолындағы  қорды тұтыну қарекеттерінен  шығады. Капитал мәртебесін алу  үшін олар мынандай тәсілдермен  пайдаланулары керек: пайдалы  сату немесе бір иегерден екіншісіне  өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті — өз иесіне табыс әкелу.

    Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде  қаралады. К.Маркс бір-неше анықтама келтіреді:

    1) Капитал — жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық қатынасты жөне қоғамның белгілі бір сипатын керсететін өздігінен өсіп отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып саналады.

    2) Капитал дегеніміз тып-тыныш жататын  зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс.

    3)  Капитал — еткен еңбекті қанағанда  ғана барып жанданатын қанаушы  секілді өлі еңбек.

    Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар жер  мен еңбек болады, және олардың  алғы кезеңдегі шығындарымен капитал  мөлшері анықталады. Капитал табысы өңдірістік циклдың уақытына немесе "тосу кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мелшерін анықтауға уақыт факторы ендірілген.

    "Капитал  - ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын "сатып алу күшінің қоры", — деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивты дамуын қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда, экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.

    Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған, адам еңбегімен жасалынған өңдіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттермен қатар өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып саналады.

       Жарғылық капиталының  есебі

    Кәсіпорынның  жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй жөне артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік коопера-тивтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-кслген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.

    Кәсіпорындарда  жарғылық капиталдың есебі "Жарғылық қор" бөлімінің:

    -    "Жай акциялар ",

    -    "Артықшылығы бар акциялар ",

    -    "Салымдар мен жарналар "

    — деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.

    Акционерлердің  акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда, сондай-ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде немесе акциялардың атаулы (номиналдық) құнын өсіргенде жар-ғылык қордың өскен сомасына:

    Д-т:  "Төленбеген капитал" шоты,

    К-т:   "Жай акциялар" немесе "Артықшылығы   бар   акциялар"   шоты   түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

    Егер  үлес қосушылар мен акционерлер  қоғамға өз үлесін ақшалай түрде  салған жағдайда:

    Д-т:    "Ақшалар" шоты,

    К-т: "Төленбеген капитал" шоты түріндегі екі жақты  жазуы жазылады.

    Бүл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне  сөйкес:

    -    "Ел ішіндегі валюталық шоттардағы  ақшалар",

    -    "Шетелдердегі  валюталық шоттардағы  ақшалар",

    -    "Есеп айырысу шотындағы ақшалар",

    -    "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалар",

    -    "Кассадағы шетелдік валюта  түріндегі ақшалар" — деп  аталатын шоттарыныңң тиістілері дебиттелінеді.

    Ал  егер үлес қосушылар мен акционерлер  қоғамға өз үлесін "материалдық емес актив", "негізгі құрал", "материалдық құндылықтар" тағы да басқа түрде салатын болса: Д-т:    "Материалдық емес активтер"; "Негізгі құралдар";

    "Материалдық  құндылықтар" және тағы да басқа шоттардың тиістілері, К-т:   "Төленбеген капитал" деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

    Сондай-ақ серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық жарғылық қорға  қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:

    Д-т:    "Материаддық емес активтер"; "Негізгі  құралдар"; " Материалдық құндылықтар "; "Ақшалар"   және   тағы   да   басқа   шоттардың тиістісі. К-т:   "Салымдар  мен  жарналар"   шоты  түрінде  бухгалтерлік жазу жазылуға тиіс.

    "Қайтарылып алынған капитал" деп аталатын шот акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында бухгалтерлік есепте:

    Д-т:    "Қайтарылып алынған капитал" шоты, К-т:  "Ақшалар" шоты түріңде екі жақты жазу жазылады. Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан алып  тастаған уақытта,  айналымнан алынған  акциянын құнына:

    Д-т:    "Қарапайым акциялар" немесе "Артықшылығы    бар    акциялар"    шоттарының тиістісі,

    К-т:   "Қайтарылып  алынған  капитал"   шоты  түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

    Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда "Қосымша төленген капитал" деп  аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы (номиналдық) бағасынан жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал "Қосымша төленбеген капитал" деп аталатын шотта ақшаның құн-сыздануына және тағы да басқа жағдайларға байланысты ұйымның "негізгі құралдарын", инвестицияларын сондай-ақ басқа да активтерін қайта бағалау нөтижесінде пайда болған капиталдың өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың келіп түсуіне қарай:

    Д-т:   "Ақшалар" шоты,

    К-т: "Қосымша төленген капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

    Кәсіпорынның  акционерлерден акцияларды олардың  атаулы (номиналдық) бағасынан төмен  бағамен сатып алуынан пайда  болған айырма сомаға:

    Д-т:  "Қайтарылып алынған капитал" шоты,

    К-т: "Қосымша төленген капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Информация о работе Капитал резерв