Капитал мен резервтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:34, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну және кәсіпорын қаржы жағжайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген.

Содержание

КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------3

І. Капитал және резервтер есебінің жалпы сипаттамасы

1.1 Капитал есебі.....................................................................................................4

1.2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі.......................12

1.3 Резервтік капиталдың есебі..........................................................................19

ІІ. Тәжірбиелік бөлім

2.1 «Капитал мен резервтер» бөлімінің шоттары...............................................24

2.2 Акционерлік қоғамдардың есеп беруі – халықаралық стандартпен есеп саясатын құру және есеп беру әдістемесі............................................................27

ІІІ. Пәнаралық байланыс

3.1 Бухгалтерік есептің экономика, қаржы ғылымымен байланысы..............31

3.2 Бухгалтерік есептің аудитпен байланысы...................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------36

ҚОСЫМША --------------------------------------------------------------------------37-40

Работа содержит 1 файл

Курсовой Капитал мен резервтер.doc

— 563.00 Кб (Скачать)
  • қаржылық есепті ұсынудың жалпы ерекшесі;
  • қаржылық есеп құрылымы бойынша ұсыныстар;
  • қаржылық есеп мазмұны бойынша минималды талаптар;
  • қаржылық есептің  ХҚЕС-на сәйкестігіне ұсыныстар;
  • қаржылық есептің  ХҚЕС-тан мүмкін ауытқулары бойынша ұсыныстар.

    Акционерлік қоғамдағы бухгалтерлік есептің  негізгі әдістемелік ұсыныстары Қазақстан Республикасының азаматтық  кодексіне, ҚР Президентінің Заң  күші бар « ҚР Ұлттық Банкі туралы »Жарғылығына сәйкес және қаржылық есеп берудің халықаралық стандартымен  субъектілердің қаржы- шаруашылық қызметінің  Типтік шот  жоспары, басқада нормативтік және құқықтық актілер негізіне байланысты жүргізіледі.Осы аталған құжаттардың негізінде ұйымдар өз есеп саясатын құрады.

    Есеп  саясаты – ол  ұйымдардың  басқару органдарының  бухгалтерлік есеп жүргізі және қаржылық есептемесін ашып көрсету туралы әдістемелер жиынтығы.

Есеп  саясатын құру маңызды процедура  болып табылады және ол қаржылық есептеме дайындауға әсер етеді. Шаруашылық субъектілері сиақты  Қазақстан  Республикасының ұйымдары бухгалтерлік есепті және қаржылық есептеме жүргізу үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларына  есептік саясат жүргізеді.

    2000 жылы Кеңеспен шығарған ХҚЕС-ты  үш буклеттер: ХҚЕС, Қорытындылауға  арналған негіз және қолдану жөніндегі нұсқама мен шыққан. Осыған байланысты Есеп саясаты ХҚЕС кешенділігіне және әдістемелік қиындығына байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдануға мүлдем келмейді. Олар үшін оңайтылған нысандары жасалуда. 

    Акционерлік қоғамның есеп саясатын қалыптастырған кезде қабылданған және түсіндірме жазбада ашылуға тиісті бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдеріне мыналар жатады:

    • кірістерді тану;
    • жиынтық қаржылық есеп жасау қағидаттары;
    • материалдық (негізгі құралдар) және материалдық емес активтерді тану және

      амортизациясы;

    • заемдар бойынша шығындары және басқа шығындары капиталдандыру;
    • мердігер шығындары;

    • инвестициалық меншік;
    • қаржылық құралдар және инвестициалар;
    • қорлар;
    • салықтар, оның ішінде төлеу мерзімі өткен салықтар;
    • резервтер (күмәнді борыштарға, кепілдіқызмет көрсетуге және т.б)
    • ақша қаражатын және олардың баламаларын айқындау;
    • маңызды қателер, сипаты, ағымдағы кезең үшін және барлық өткен кезеңдерге берілгендер үшін түзету көлемі;
    • есеп саясатындағы өзгертулер.

    Өзгертулер  туралы ақпаратқа мыналар кіруі тиіс:

    а) есеп саясатын өзгертудің себептері;

    ә) өзгертулер салдарларының ақшалай  көрсеткендегі бағасы;

    б) есептік жылға қаржылық есепке енгізілген бұрынғы есептік кезеңдердің  тиісті   деректерінің түзетілгенін көрсету. 

        

      Ретроспективті  тәсілдеме егер жаңа есеп саясаты  қалайда әрқашан қолданылатын болса, онда солай жаңа Есеп саясаты барлық оқиғалар мен операциаларға қолданылуы керек деген тұжырымға тоқтайды.

      

      Переспективті тәсіл өзгеріс енген күннен бастап болған оқиғалар мен операциаларға жаңа есеп саясатының қолданылуын білдіреді. Мейлі ол бастапқы кезеңде бөлінбеген пайданың сальдосы немесе таза пайда немесе ағымлағы есептік кезеңнің залалы болсын, сол себепті қолда бар сальдо қайта саналмайды. 
 

ІІІ. Пәнаралық байланыс

3.1 Бухгалтерік есептің  экономика, қаржы   ғылымымен байланысы 

    Кәсіпорындар  мен корпорациялардың қаржысы олардың шаруашылық қызметінің процесінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.

    Капитал (баланстың пассиві) - активтің (айналымнан тыс және айналым) пайда болатын көзі.

    Кіріс тауар сатудан алынатын және өзге де операциялық және сатудан тыс алынған түсімнің нысаны болып табылады.

    Ақша  қоры тұтыну, жинақтау және резерв қорына бөлінеді. Ақша қоры - көзделген мақсатқа сәйкес және біршама дербес қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің ақшалай қаражатының жеке бөлігі. Ақша қоры кәсіпорын айналымындағы ақшалай каражаттың тек бөлігін ғана құрайды.

    Корпоративтік қаржының басты функциясы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларының жеке ауыспалы айналу процесінде ақша қатынастарының пайда болуына себеп болады (1 -сурет).

    Нарықтық (тауарлық) шаруашылық жағдайында корпоративтік  қаржының мына үш функциясы заңды түрде танылған:

    1) капитал, кіріс және ақша қорын қалыптастыру;

    2) капитал, кіріс және ақша қорын пайдалану;

    3) бақылау функциясы.

    Бірінші функция ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тауар сатудан алынған түсімді бастапқы бөлу есебінен кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржы жоспарында (бюджетінде) көрсетілетін арнайы қоры пайда болады.

    

    Бухгалтерлік есеп жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес бухгалтерлік баланста құрылтайшылық құжаттар мен осыған орай пайда болған және есептік саясаттың жыл бойы жұмыс нәтижелері бойынша таза (бөлінбеген) таза кірістің есебінен қабылдаған тұтыну мен жинақтау қорының қалдығы жеке көрсетілмейді. Таза пайданың пайдаланылуын сипаттайтын тиісті ажырату бухгалтерлік балансқа және пайда мен залал жөніндегі есепке түсіндірмеде (атап айтқанда, капитал өзгерісі жөніндегі есепте), сондай-ақ түсіндірме жазбада келтіріледі. 

3.2 Бухгалтерік есептің  аудитпен байланысы

    Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.

    Басқаша айтсақ, резервтік капитал - кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда - кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ.

    Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қогамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.

    

    Қоғамның  резервтік капиталы мемлекеттік  тіркеуден өткен уақытынан бастап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол акционерлік қоғамның жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан (пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады.

    Егер  қайсыбір төлемдер нәтижесінде қоғамның резервтік капиталы оның жарияланған жарғылық капиталының 15%-нен кем болып қалса, онда қоғам көрсетілген шамаға дейін резервтік капиталды толықтыру үшін аударымды жаңғыртуға міндетті.

    Резервтік капиталды қалыптастыру мен пайдалану  былайша көрсетіледі.

    1. Резервтік капиталға аударымдар  – 5510 К-т «Құрылтай құжаттарда  белгіленген резервтік капитал», 5460 «Басқа да резервтік капитал»  шоттары және Д-т 5510 «Есепті  жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған  залалы)» шоты бойынша.

    2.  Резервтік капиталды пайдалану Д-т 5410, 5460 шоттары бойынша жазба негізінде корреспонденцияда шоттармен бақыланады:

      «Қатысушылардың дивиденттері бойынша есеп айырысу» 6200 бөлімшесі және 3340 Басқа да шоты «Басқа да кредиторлық берешектер және есеп айырысу» 6800 бөлімшесі бойынша есепті жылдың табысы болмаған жағдайда немесе жеткіліксіздігі кезінде серіктестікке қатысушыларға дивидендтер мен кіріс төлеуге;

      «Бөлінбеген табыс (жабылмаған  залал)» 5610 бөлімшесі кәсіпорынның есепті кезең немесе өткен жыл ішіндегі шығындарын жабуға.

    Резервтік капитал есебі 13 журнал-ордерде жүргізіледі. Аудитор резервтік капиталды  тексергенде оны құру мен пайдаланудың дұрыстығын, баланста көрсетілген «Резервтік капитал» бабы бойынша, жыл басы мен  соңындағы қалдықтардың 13 журнал-ордердің мәліметтері бойынша Бас кітапта келтірілген 5410 шот қалдықтарымен сэйкестігін міндетті түрде анықтауға тиіс. 
 
 
 

    

      
 
 

    

    

    ҚОРЫТЫНДЫ

    Қазіргі уақытта жекелеген елдер арасындағы капитал қозғалысы кеңінен дамып  отыр. Бұл елдердің әрқайсысы бір  мезгілде капиталды шетке шығарушы да, капиталды әкелуші де болады, яғни капиталдардың елдер арасындағы ауысуы жүзеге асады. Бұл жағдайда шетке капитал шығару өз елінде капитал қорлары жетіспеген кезде де жүзеге асырылады, ал шетел капиталының келуі бәсекелік қабілеті төмен ұлттық капиталды ығыстырады. Шетке капитал шығарушы немесе шеттен капитал әкелуші елдердің ара жігін айыру өте қиын. Капитал негізінен кәсіпкерлік және қарыз формасында шетке шығарылады. Кәсіпкерлік капитал шет елдерге тікелей инвестиция түрінде шығарылады. Тікелей инвестиция өз өндірісін құру үшін немесе жергілікті компаниялар акцияларының бақылау пакетін сатып алу мақсатында капитал жұмсау арқылы жүзеге асады.

    Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған  елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады,

Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне  жету үшін жаңа индустриалды елдер  алдыңғы қатарды технология мен  тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады.

    Капиталдың  қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы  әрбір кәсіпорын үшін зор болып  саналады. Төменде капиталдын, қозғалысы  бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

    

    Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта занды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына косқан үлестері бойынша карыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

Қосымша төленген капитал дегеніміз -акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы). Мұндай капиталдың (табыстың) есебі 5310-ші "Қосымша төленген капитал" шотында жүргізіледі.

    5400-ші "Қосымша төленбеген капитал" бөлімшесінің шоттарында құнсыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен козғалысы туралы ақпарат жинакталады.

    Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда кайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге кұқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады.

    Резервтік капитал - акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді телеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Информация о работе Капитал мен резервтер