Қазақстан
Республикасының білім
және ғылым министрлігі
Абай атындағы
Қазақ Ұлттық
Педагогикалық Университеті
Тақырып:
Калькуляциялау принциптері,
оның объектісі мен
тәсілдері.
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2011 жыл
Калькуляциялау
принциптері, оның объектісі мен тәсілдері.
Калькуляциялау өнімнің сапасы мен
бәсекеге қабілеттілігін бақылауды
жүзеге асыру ушін маңызды рөл атқарады.
Калькуляцияның кәсіпорында белгіленген
шығындар бабы, номенклатурасы (шығындар
есебі өнім турлері ғана емес, есептік
баға объектілері бойынша жүргізілуі
мүмкін болса да) бойынша, өндірілген өнімнің,
жұмыстың және көрсетілген қызыметтің
түрлері бойынша құрастырылады.
Басқару есебінің маңызды міндеттерінің
бірі өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау болып табылады.
Өзіндік құннын калькуляцияасы өндірістік
шығындар есебі мәліметтер бойынша шығарылған
өнімнің (жұмыстың көрсетілген қызыметтің)
өзіндік құнын есептеу. Ол есепті айдың
сонында барлық нақты жасалғын міндеттерді
есепке алғаннан кейін есептеледі.
Басқару есебінде ай-сайын жалпы
тауар шығарудың өзңндік мен
өзіндік қунның егжей – тегжейлендірілген
көрсеткіштері мысалы өнімнің
жеке түрлерін тауарлық шығару өзіндік
құны, бұйым бірлігінің өзіндік құны калькуляцияланады.
Өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген
қызыметтің) өзіндік құнын калькуляциялауды
меншік түрінің барлық ұйымдары
7 «Тауарлық – материалдық қорлар
есебі» бұхгалтер есеп стандарттарын
және оған әдістемелік ұсыныстарды, сонымен
қатар «Қорлар» ҚЕХС – ын басшылыққа алады.
Өндірістік құнды калькуляцияалауда қоладнылатын
өндіріске босатылған материалдық – өндірістік
қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды
бөлу әдістері және ұйымның есеп ішіндегі
өзгеріссіз қолданылуы керек.
Кәсіпорын басшылығы нарыққа
көшу қазіргі заманғы, құюылмалы
жағдайында негізгі басқару шешімдерін
қабылдау кәсіпорын қызыметіне үнемі
талдау жүргізіп бұрұға тиіс, ол үшін көрсеткіштер
қатарынан алынатын бастапқы ақпарат
қажет, олардың бірі – өзіндік құн.
Өнімнің өзіндік құны – оның
шығару мен өткізуге арналғын,
ақшалай түрде бейнеленген шығандыр
кәсіпорын өнімнің (жұмыстың, көрсетілген
қызыметтің) өзіндік құнын өндіріс
процесінде табиға ресурстарын,
материалдарды, отынды, энергияны, негізгі
құрыл жабдықтарды, еңбек ресңрстарын
қолданумен байланысты шығындардан сондай
– ақ оны өндіру мен өткізуге шыққан шығындардан
жиналады.
Өнімнің өзіндік құнына мыналар
кіреді:
- Кәсіпорында
өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы және
еңбек керек – жарақтары шығындары (өндірісті
дайындау мен игеру шығындары, өндірісті
технологиясы және ұйымдастырумен, тапқырлық
және үнемділікпен байланысты шығындар;
техника қауіпсіздігі қамтамассыз ету
шығыстары; кадр жинақтау; дайындау мен
және қайта даярлаумен байланысты шығыстар;
салықтар, өндірісті басқару шығындары
және т.б)
- Өнімді өткізуг
буып – түю, орау, сақтау, тиеу мен тасымалдауға;
делделдық қызыметке төлеу, комиссиялық
алымдар мен сыйақылармен; жарнамаға шығатын
шығындармен байланысты шығыстар;
- Өнімді осы
кәсіпорныда өткізу мен өндіруге байланысты
емес, бірақ оларды өнімнің өзіндік құнына
кіргізу жолымен орнын толтыру жай ұдайы
өндірісті (геология – барлау жұмыстарына,
жерді қайта өндеуге шығындар, тамыр жіберген
ағашқа суға төлеу) камтамассыз ету үшін
қажет.
Сонымен
қатар, өнімнің (жұмыстың, көрсетілген
қызыметтің) өзіндік құнына ақаудан,
жімыстың өндірісшілік себептерге байланысты
тоқтап қалуына болған шығындар, материалдық
құндылықтардың кем шығуы, өндірістік
зақым (сот шешім негізінде) алуға байланысты
еңбекке қабылеттілігін жоғалту салдарынан
жәрдемақы төлеу де кіреді.
Басқару есебі жүйесінде өзіндік
құнды жасау, қалыптастыру тәртәбә
тым реттелмеген. Бұл өзнідік
құн салық салу мақсаты үшін
емес, басқарушының шығындар жайлы
толық түсінігі болуы ушін есептелінеді.
Сондықтан бұл есеп жүйесінде өзіндік
құн шоттарының әр түрлі тәсілдері (қандай
басқару міндеті шешілуіне байланысты)
қолданылуы мүмкін.
Кәсіпорын ушін аз шығындарын
басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік
құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни
өзіндік құннын құрлымы туралы анық сенімді
ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат бухгалтерлік
басқару есебі жүйесінде пайда болады.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін
шығын түрлеріне байланысты отандық
эканомикалық әдебиетте оның мынадай
түрлері дәстүрлі бөлінуде:
- Цехтық –
тікелей шығындар мен жалпы өндірістік
шығыстарды біріктіреді; өнімді дайындауға
шыққан цехтың шығындарын сипаттайды;
- Өндірістік
– цехтық өзіндік құнмен жалпы шаруашылық
шығыстр кіретін және өнім өндіруге байланысты
кәсіпорынның шығындары;
- Толық өзіндік
құн – коммерциялық және өткізу шығыстарына
ұлғайған өндірістік өзіндік құн. Өндіріспен
де, өнім өткізумен де байланысты кәсіпорынның
жалпы шығыстарын біріктіреді;
Сатуға
өндірілген және дайындалғын өнімнің
толық өзіндік құнын мынадай формуланы
пайдаланып есептеуге болады:
Жұмыс күшіне тікелей
шығындар + материалдыр + қосымша
шығыстар = Өндірістік өзіндік құн
+ Өткізу шығындары + Әкімшілік
шығыстары = рентабельділік % толық өзіндік
құн =
Сатылым (келісімшарттық ) құны
Жеке
және орташалық өзіндік құн бөлінеді.
Жеке өзіндік құн нақты кәсіпорынның
өнім шығару жөніндегі шығындарын: орташа
салалық – сала бойынша бұл бұйымды өндіруге
шыққан орташа шығындарды сипаттайды.
Жоспарлы жіне нақты өзіндік
құн болады. Жоспарлы өзіндік
құннын есебіне ондағы кезең
жоспарында қарастырылған өнімді
дайындауға кәсіпорынды ең көп шамада
мүмкін боларлық шығындар кіреді. Нақты
өзіндік құн шыққан өнімге іс жүзінде
нақты жұмсалған қаражаттың мөлшерін
сипаттайды.
Калькуляцияалағанда шығындар есебінің
объектілері мен өнімнің өзіндік
құның калькуляциясын дұрыс белгілеу
маңызды. Кәсіпорын өндіріске кеткен шығындарға
аналитикалық есеп ұйымдастыратын объектілер
шығын есебінің объектілері болып табылады.
Кәсіпорын калькуляциялайтын өнімнің,
орындалған жұмыстың, көрсететін қызыметтің
түрлрі калькуляциялау объектілері болып
шығады.
Кез келген кәсіпорындағы калькуляциялау,
қызымет түріне, меншік мөлшері
мен пішініне (формасына) қарамастан,
белгілі бір принциптерге сәйкес
ұйымдастырылады.
Шығын есебінің объектісі –
өзіндік құнды барсқару мақсаты
үшін өндірістік шығыстарды топтастыратын
белгі.
Көпмақсатты есеп жүйесінде есеп
объектісінің екі тобын бөледі:
жапакершілік орталықтары мн
өнім бірліктері. Бұл жағдайда
шығын есебі объектілеріне: шыған
пайда болған орындар, жауапкершілік
орталықтары, шығын баптары, өндірістік
қызымет фактроларын, біртекті өнім түрлері
немесе топтары жатады.
Барлық аталған есеп объектілерінің
анықтамалары 2 – тарауда берілген, сондықтан
мұнда өндірістік қызымет факторларына
тоқталамыз. Бұлар ресурс түрлері еңбек,
құрал – жабдықтары, еңбек керек – жарақтары
мен қызымет ету шығындары, басқару шығындары.
Өндірістік жағдайлар бойынша шығындарды
бөлу өндіріске қатысатын жеке элементтер
арасындағы байланысты анықтайды және
ресурстарды бөлудің дұрыстығын және
тиімді жұмсаудың дұрыстығын бақылауды
қамтамассыз етеді.
Шығын есебі объектілері бойынша
топтасқан ақпарат басқарма талаптарын
сай келуді және бітпеген өндіріс
пен дайын өнім арасындағы
шығындарды бөлуге және барлық
шығарылғандардың да, кейбір
өнімдері де калькуляциялау ушін
де негіздеме болып қызымет етуге тиісті.
Калькуляциялау объектісі – белгілі
бір құнды жұмыс пен көрсетілетін
қызымет, өнім әр түрлі дайындық
деңгейіндегі кейбір азық –
түлік өнімдерінің түрлері.
Калькуляциялау объектілерінің
негізгі номенклатурасын әрбір кәсіпорын
өндіріс типін, өнім ассортиментімен күрделігін,
бөлшектер мен тетіктердің бұйымда біргейлені
деңгейі және шығынның қай топқа жататының
сипаттайтын, басқа да белгілерді есепке
ала отырып, жасайды. Көбіне калькуляциялау
объектісін шығынды көтерушілер деп
атайды.
Өнеркәсіптің кеткен өндіруші, газ
– энергетико салаларында бітпеген
өндіріс болмаса (мысалы, энергетика, мұнай
және т.б), шығын есебінің объектісі калькуляциялау
объектісімен тура келеді.
Бұл жекелеген данамен, шағын
сериялармен, жаппай өндірістегі бұйымның
кейбір түрлерін дайындауға, бір жолғы
тапсырыстарды, тәжірибелік – экспериментальді
және біртекті жұмыстарды орындауғы
қатысты.
Технологиялық процесс сатыларғы
(бөлістерге) бөлінетін өндірісте
мұндай сәйкестік байқалмайды. Мысалы,
тоқыма өнеркәсібінде – иіру, тоқу, өндеу
– жеке бөлістер шығын есебі объектілеріне,
ал дайын өнім, яғни мата – калькуляциялау
объектісі болып шығады.
Барлық соммалар ушін өндірістегі
тікелей материалдық және еңбек
шығындарына ресурстарды қоладну
дәрежесін өндірістік процестерді ұйымдастыру
мен оларға қызымет етуге шыққан шығыстары,
басқару шығындарын шығын есебі объектілері
ретінде көрсету ортақ болып табылады.
Басқаша айтсақ, шығын есебі объектілерін
таңдау өндіріс технологиясының
ерекшеліктеріне, өндірісті ұйымдастыру
түріне, кәсіпорынды басқару құрлымына,
шығарылатын өнімнің техникалық параметрлерін,
ішкі өзара қарым – қатынастарды және
т.б байланысты. Сипаттау әр түрлі және
сондықтан шығын есебі объектілерінің
номенклатурасын әрбір кәсіпорын жеке
жасайды.
Машина
жасау жеңіл өнеркәсіп, қара
және түсті металлургия салалары
және басқалар өнімнің үлкен
номенклатурасымен, бұйымның кейбір
бөліктерін бірегейлендірудің едәур
деңгеиімен сипатталады. Бұл салалар
калькуляциялық объектілерді шығарылатын
бұйымдарды біртектілік белгілерімен
ірілендіріледі.
Технологиясы,
конструкциясы бірдейлігімен, біртекті
шикізат пен материалдардан, бірдей
жуық деңгейдегі материал сыйымдылығымен
және еңбек сыйымдылығымен жасалатын
жалпы бөлшектер, тетіктер, жартылай өнімдердің
бар болуымен сипатталатын өнім түрлері
біртектілер деп саналады. Бұйымдарды
бір калькуляциялау объектісіне топтастыру
принциптерін сақтау өзіндік құнды қалыптастыру
талаптарына жауап беретін негізгі шарт
болып табылады.
Шығын есебі объектілері мен калькуляциялау
объектілерін қалыптастырудың жалпы принциптері
өндіріске арналған шығын есебі процесі
мен калькуляциялау процестерінің бірлігімен
негізделген. Жалпы алғанда өндірістік
шығындардың басқару есебі жүйесі объектілерінің
екі басты топтары: бөлімшелер мен өнімдер,
бойынша шығындарды бөлу тиіс.
Калькуляциялау объектілерінің
калькуляциялық есеппен және
калькуляциялық бірлікпен мақстақа
бағытталған байланыстары бар.
Алайда ол жай өлшем бірлігі
емес, ол калькуляциялық объектісінің
сапасы мен тұтыну құнын сипаттайды.
Кезщ келген кәсіпорында калькуляциялау
мынадай принциптерді ескере
отырып ұйымдастырылады: шығын
есебі объектілерін, калькуляциялацу
объектілері мен калькуляциялау
бірліктерін белгілеу. Көп жағдайларда
шығын объектілері мен калькуляциялау
объектілері сәйкес келмейді.