Калькуляция баптары бойынша шыгындарды есептеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 13:19, курсовая работа

Описание работы

Шикізаттар мен материалдар - өнімдіі әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны, арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.

Содержание

.Кіріспе ....................................................................................... 3 бет
ІІ. Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындардың есебі
2.1.Материалдардың өндірісте жұмсалуын бақылау .......... 4-7 бет
2.2. Өндіріс қалдықтарының есебі және өндіріс жұмысшыларының еңбекақысының есебі ..................................................................... 9 бет
2.3. Үстеме шығындардың есебі және үстеме шығындарды төлеудің ставкалары ...............................................................................13-14 бет
2.4. Негізі өндіріс жұмысшыларнының немесе станоктардың жұмыс уақытының цехтық жұмыс уақыты.........15-19 бет
ІІІ.Қорытынды..................................................................... бет
IV. Пайдаланылған әдебиетер ................................................... бет

Работа содержит 1 файл

Калькуляция баптары бойынша шыгындарды есептеу.doc

— 88.50 Кб (Скачать)


И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі


                                                                                                  Мамандығы: 0518000
                                                                                                       «экономист-   бухгалтер»










Пәні: «Бухгалтерлік есеп»
Тақырыбы: Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындардың есебі
Орындаған: Ермағанбетова Гүлжеңіс
Қабылдаған: Сералиева Бану














                                                        Қызылорда 2010 жыл

                           






І.Кіріспе       ....................................................................................... 3 бет
ІІ. Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындардың есебі
              2.1.Материалдардың өндірісте жұмсалуын бақылау ..........  4-7 бет
              2.2. Өндіріс қалдықтарының есебі  және өндіріс жұмысшыларының еңбекақысының есебі ..................................................................... 9 бет
                2.3. Үстеме шығындардың  есебі және үстеме шығындарды төлеудің ставкалары ...............................................................................13-14 бет
              2.4. Негізі өндіріс жұмысшыларнының немесе станоктардың жұмыс уақытының цехтық жұмыс уақыты.........15-19 бет
ІІІ.Қорытынды..................................................................... бет
IV. Пайдаланылған әдебиетер ................................................... бет

















                                                        Кіріспе

              Шикізаттар мен материалдар - өнімдіі әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын  шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны, арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.
                  Лимиттік – алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар , калькуляция немесе есеп объектілері бойынша  «Материалдардың шығыстарын  тарату» деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және «Цехтар бойынша шығындардың» ведомосы  немесе осыған ұқсас есеп регистрлеріне жазылады.
              Көмекші материалдар – тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдың шығыны. Бұндай көмекші материалдардың құны белгеленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді. Ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
              Көмекші материалдардың нақты шығысы  әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорцинальды  түрде тартылады.
             





              Қайтарылған қалдықтар – бұл негізгі , қосалқы  және көмекші өндірістердің қалдығы бақылау жасау бойынша жеке операцияларды басқа ұйымдардың орындауы:
              -технологиялық немесе өнідірістік  процестерді қамтамасыз ету үшін,    
өнімдерді дайындау процесіндегі пайдаланылатын көмекші матералдар
              -сырттан алынған, сондай-ақ  балқыту агрегаттарына арналып өзінде өндірілген, үйлерге, мартен пештеріне, металдарды  жылжыту үшін, престеу немесе белгіленген технологиялық процестермен  бұйымдарға байқау жүргізе  мақсатындағы цехтарға және технологиялық мақсаттарға қажетті отындар;
              -технологиялық мақсаттарға жұмсалатын сатып алынған энергияның барлық түрлері
              -технологиялық мақсаттар үшін пайдаланылатын кәсіпорынның өзінде өндірілген электрлік немесе басқа энергияның түрлері
              Сатып алынған энергия шығындары, оларды белгіленген тарифпен сатып алу  төлемі мен оларды тиісті орындарға жеткізу шығындарынан тұрады.















     ІІ.Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындардың есебі.
                            2.1.Материалдардың өндірісте жұмсалуын бақылау

              Шикізаттар мен материалдар - өнімдіі әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын  шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны, арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.
              Көмекші материалдар – тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдың шығыны. Бұндай көмекші материалдардың құны белгеленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді. Ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
              Бақылауды жүзеге асыру үшін прогрессивтік , техникалық жинақталған шикізаттар мен материалдар шығындарының өңделген нормалары қажет.
                Материалдық босалқыларды өндіріске босату белгіленген мөлшерлі лимитті-заборлық карта бойынша , ал нормадан тыс немесе бір материалдардың орнына екінші материалды ауыстырғанда бір жолғы  талаптар немесе басқа құжаттармен –кәсіпорын басшысының рұқсатымен жүзеге асрылуы қажет.
              Бірақ қоймадан цехтарға босатылған материалдар нақты шығындар болып табылмайды, есепті кезеңнің соңында цехтарда пайдаланылмаған  шикізаттар мен материалдар қалуы мүмкін.




              Есепті кезеңнің соңында цехтарда өңделмей  қалған материалдар мен шикізаттар қоймаға наклодной бойынша қайтарылуы тиіс.Пайдаланылмаған цехтардан қоймаға қайтарылған материалдық босалқылардың  құны лимитті –зоборлық карта және талап құжаттарының негізінде өндіріске  жіберілген материалдардың құнынан шегеріледі.
              Нақты шығын келесі жолмен анықталады: ай басындағы цехтардағы пайдаланылмаған қалдық материалдар азайтылған (-) ай соңындағы  цехтағы материалдар қалдығы есепті  кезең ішінде қоймаға қайтарылған материалдар. Кәсіпорында материалдардың өндіріске  босатылуына ғана  бақылау жасап қоймай, сонымен бірге  олардың  тиімді пайдалануын қадағалау қажет.Оның мәні нақты материалдық  шығындарды , нақты шығарылған өнімдердің көлемімен салыстыру және белгіленген нормадан ауытқуды анықтап,  олардың себебі мен оған кінәлілерді табу .
              Бақылау тәсілдері пайдаланылған материалдардың , технологияның
және өндірістің ұйымдастырылу ерекшелігіне байланысты болады. Олардың кеңірек тарағандары: нормадан ауытқуды құжат жүзінде көрсету, түгелдеу әдісі, топтамалық пішу.
              Нормадан ауытқу құжат жүзінде көрсету тәсілі- материалдың бір түрін екінішсімен ауыстырғанда, пайда болған ауытқу кезінде, белгіленген нормадан тыс материалдарды босатқанда, оларғы қайта шығын шығару кезінде, өнімдерде ақау пайда болады және т.б. жағдайларда қолданылады.
              Осы тәсілдің мәні-нормадан тыс материалдарды босатқанда  немесе ауыстыру кезінде, жеке құжаттар толтырылады, яғни ол белгіленген нормадан ауытқу жөнінде хабар береді.
              Кәсіпорынның кейбір салаларында шикізатттар мен материалдарды өндіске босатқанда құрылымдық жылжудың нәтижесінде ауытқу пайда болады.



              Олар алдын-ала жасалған есептеу тәсілімен анықтылады, яғни ол нормадан ауытқудың құжат жүзінде дайындау тәсілінің әр түрлілігін көрсетеді.
              Сондықтан технологиялық нормалар бойынша жиынтықтағы барлық нақты тиелген қоспаларды материалдардың  әрбір түрі , сорты, маркасын жалпы тиелгендерге пайыздық қатынасына  көбейту жолымен анықтайды.
              Есепті кезеңнің соңында белгі беретін  құжаттардағы көрсеткіштердегі  шығындар бойынша  жиынтықтар, олардың пайда болу себептері бойынша қайта шығын жұмсау   көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
              Топтамалық пішу әдісі дайындау және басқа да өте тапшы , ұзақ тұратын  материалдарды  жұмыс орнында кесу, пішу жүзеге асырылатын 
өндірістерде  қолданылады: металл, тері, мата , ағаш. Бұл тәсіл кесілетін материалдардың әрбір партиясына  ашылған, есеп картасында өндіріс
шеберлерімен жүзеге асырылады.
              Есеп картасында кесілетін материалдардың саны, бір дайындау партиясының мөлшері және осы партиядан алынуға тиісті дайындамалар  мен қалдықтар саны. Кесу жүзеге асырылған соң , есеп картасына  осы партияда дайындалған нақты дайындаманың саны және алынған қалдықтар жазылады. Кесу нәтижесін білу үшін нақты алынған  дайындама санын  және қалдықтарды  материалдардың  нормативтік шығындарымен салыстырылады, нақты жасалған дайындама санын шығын нормасына көбейту жолымен  анықтайды.Нормадан ауытқуды нақты материалдар шығындарын нормативпен салыстыру арқылы анықтайды. Ұқсас бақылау қалдықтарға да қатысты жүзеге асырылады.Әрбір материалдың түрі бойынша нормадан ауытқуды  жоғарыда айтылған  тәсілдермен анықтау мүмкін болмағанда, түгелдеу әсілі қолданылады.




                Оның мәні мынада:  нақты кезеңдік материалдық шығындарды  анықтау үшін жұмыс орындарындағы пайдаланылмаған материалдар қалдықтарына түгелдеу жүргізіледі.
              Нақты материалдық шығындарды – есепті кезең басындағы қалдыққа есепті кезең ішінде келіп түскендерді қосып, одан осы кезеңдегі  қоймаға қайтарылғандары эәне есепті кезең соңындағы қалдықты шегеріп анықтайды.
              Норма бойынша шығындарды – дайындалған бұйымдардың немесе шалафабрикаттардың санын шығын нормасына көбейту арқылы анықтайды. Ауытқу әрбір материалдар  түрлері  бойынша нақты шығындарды нормативпен салыстыру жолымен анықтылады.
              Өндіріске жұмсалған материалдарды шығындарға шығару, кәсіпорын басшысы бекіткен есеп беруге тиісті тұлғаның есебінің негізінде жүргізіледі.
Осы есептің және оған тіркелген бастапқы құжаттардың негізінде бухгалтер шығын бағыттары бойынша  материалдарды бөлу ведомасын жасайды..
               
                                         















                  2.2. Өндіріске қалдықтарының есебі және өндіріс
                      жұмысшыларының еңбекақысының есебі

              Шикізаттар мен материалдар  шығындарынан пайдаланылған қалдықтардың құны шығарылады.
              Қалдықтар дегеніміз- өнімдерді өндіру процесінде пайда болатын , өзінің талап етілетін  қасиетін толық немесе бөлшектеп жоғалтатын, соған байланысты шығынды көбейте отырып, пайдаланылатын немесе тікелей бағыт бойынша пайдаланылмайтын  шикізаттардың, материалдардың, шалафабрикаттардың, жылу өткізгіштердің және басқа да материалдардың ресурстар түрлерінің қалдықтары.
              Жинақтау және пайдалану мүмкіндігі бойынша қалдықтарды –қайтарылатын, кәсіпорынның өзінде қолданылатын немесе басқа жаққа сататын  және қайтарылмайтын болып бөлінеді.
              Бухгалтерлік есепте оларды пайдалану немесе сату мүмкін болатын бағамен бағаланған қайтарылатын қалдықтар ғана көрсетіледі.
              Қайтарылмайтын қалдықтар бағаланбайды. Қайтарылатын қалдықтардың саны оларды қоймаға  өткізетін накладнойлардың негізінде анықталады. Қайтарылатын қалдықтар өнім түрлері бойынша  тікелей есепке  алынуы мүмкін немесе қалдықтардың шығу нормасы бойынша шығарылған  бұйым түрлерінің арасында пропорциональды түрде бөлінеді.
              Қайтарылатын қалдықтарды шығу нормасы   бойынша пропорциональды бөліп-тарату есебі.
              «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» бабы бойынша өндіріс жұмысшыларының  негізгі және қосымша еңбекқылары есептеледі.
             


              Жұмысшылардың негізгі еңбекақысы өнімдерді дайындауымен тікелей байланысты болады.
              Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы кесімді баға бойынша есептелінеді, бастапқы құжаттардың негізінде белгілі бір  өнім түрлерінің өзіндік құнына енгізіледі. Бұл жағдайда,  егер шығынды тікелей апару мүмкін болмаған жағдайда, өндіріс  жұмысшыларының негізгі еңбекақысы өнім түрлерінің арасында өнімнің бір данасы белгіленген нормативтік ставка бойынша пропорциональды түрде бөлінеді. Ол үшін нақты шығарылған әрбір өнім түрлерінің көлемі үшін нормативтік  еңбекақы сомасы –шығарылған өнімнің бірлігіне белгіленген еңбеккақының  нормативтік мөлшерін шығарылған өнімнің нақты көлеміне көбейту арқылы есептелінеді. Сонан соң нақты есептелген жұмысшылардың негізгі еңбекақысы өнім түрлерінің арасында нақты шығарылған өнім үшін нормативтік еңбекақыға пропорциональды түрде бөліп тартылады.
                Көмекші операциялар бойынша және цехтардың қосымша жұмыстарына жұмыс істейтін , нақты өнімнің бір түрін дайындауға қатыспайтын , күнбе-күн төленетін өндіріс жұмысшыларының  негізгі еңбекақысы, сыйақы және басқа да төлемдер, шығарылған  өнім түрлерінің арасында жұмысшылардың тікелей еңбекақы сомасына пропорциональды түрде бөліп таратылады.
              Өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақысына өндірісте жұмыс істемеген уақытқа төленетін төлем жатады:
              -жұмысшылардың кезекті және қосымша демалысына төленетін ақы, кезекті демалысты пайдаланбағаны үшін төленетін өтемақы, баланы күтіп-бағу демалысына төленетін ақы, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындаумен байланысты уақытқа төленетін ақы, көп жылғы сіңірген еңбегі үшін төленетін төлем және т.б.
             



                Өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақысы негізінен бұйымдар мен тапсырыстар арасында өндіріс жұмысшыларының негізгі  еңбекақыы сомасына сәйкес бұйымға апара отырып, пропорциональды  түрде бөліп отырады.
              Бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі және қосымша еңбекақының есептелген сомаларының көрсетілуі, цехтар мен бөлімшелердің коды, өндіріс шығындарының  коды, негізгі және қосымша еңбекақы сомасы  және басқа да қажетті көрсеткіштер көрсетілген кестелер, ведомостар негізінде жүзеге асырылады.
              «Еңбекақыдан аударылатын сома» бабы бойынша өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбекақысынан белгіленген пайыз бойынша әлеуметтік қажеттілікке бөлінген сома көрсетіледі. Әлеуметтік қажеттілікке аударылған сома өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша  еңбекақы сомасынан белгіленген заңды пайыздық кестеге сәйкес нақты бір өлшем түрінің өзіндік құнына енгізілді.
                                         
                                         
                                           












                                          2.3. Үстеме шығындардың  есебі және
                                                          төлеудің ставкалары
 

              Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету және негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің түрлеріне , өндірістік процеске, сату көлеміне, сатып алатын топқа жатқызуға болмайды.
              Бір сөзбен айтқанда , үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар:  цехтағы басқару аппараты жұмысшыларына есептелген еңбекақы; негізгі материалдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы; үйлерді, ғимараттарды және жалпы өндірістік бағыттағы инвентарларды ұстау және жөндеу шығындары; өндіріік сипаттағы ойлап табушылыққа, зерттеуге, тәжірбие жасауға кеткен шығындар, еңбек қорғау бойынша шараларға және өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге байланысты басқа да цехтық шығындар.
              Нақты үстеме шығындардың құрамына ішкі себептер бойынша тұрып қалудан болған жоғалтулар, цехтарда материалдық құндылықтарды сақтау кезіндегі бүлінуден болған жоғалтулар, сонымен бірге басқа өндірістік емес шығындар және өндірістегі  жоғалтулар
              Үстеме шығындар,  әдетте, біршама  жалпы сипатқа ие болады кешенді сипаттағы шығыстар құрамында шығыннның барлық экономикалық элементтері көрсетіледі: екі және одан да көп бұйымдар шығаруда , бұл шығыстарды тікелей бұйымдарға  апару мүмкін емес, сондықтан олар бір жағынан  дайын өнімдердің және аяқталмаған өндірістердің арасында  жанама тәртіппен таратылады.Үстеме шығындарды өнімдердің құнына екі сатылы процедураны қолдану арқылы апаруға болады.




              Бірінші сатының мақсаты –барлық өндірістік шығындарды өндірістік шығын орталықтарыбойынша тарату. Бұл алғашқы саты екі мақсатты көздейді.
              Біріншіден,  шығын  орталықтары  бойынша жазылған шығындар, шығын дәрежесін бақылау және қызмет көрсету нәтижесін бағалау үшін пайдаланылады. Екіншіден, өндірістік шығын орталығымен шоғырланған шығыстар, қаржылық есеп талаптарына сай, босалқыларды бағалау бойынша өнімдерге таратылады.
              Екінші сатыда өнімдерге үстеме өндірістік шығыстарды тарату үшін негіз таңдалады. Бұл негіз шығындарды тарату базасы деп аталады.
              Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және өздерінің көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші
субъектінің есеп саясатында көрсетілуі мүмкін:
              -өндіріс жұмысшыларының орындаған нақты уақыты;
              -өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына пропорционалды;
              -тікелей материалдар шығыстарына пропорционалды;
              -цех құнына  пропорционалды немесе шикізат құны  шегерілген цехтың өзіндік құнына пропорционалды;
              -белгіленген шығындарды таратудың тұрақты коэфициенті бойынша;
              -басқа да тарату базалары бойынша
              Әрбір өндірістік шығын  орталықтары  үшін үстеме шығыстар ставкасы орталыққа бөлінгенжалпы шығындарды, шығындарды тарту базасының жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады. Өнімдерге үстеме шығындар, әрбір өнімге қажетті, үстеме шығындарды тарату базасының екінші сатысында алынған , әрбір орталықтағы үстеме шығыстар сиавкаларына көбейту жолымен таратылады.
             


              Кейбір компанияларда үстеме шығыстарды таратудың бірінші сатысынан бас тартады, олар шығын орталықтары бойынша таратылмайды. Оның орнына тұтас кәсіпорын үшін , Барлық өнімдерге таратылатын бірыңғай ставка енгізіледі. Бұл әдісті барлық бөлімшелердегі өндірілетін шығын  орталықтарының үстеме шығыстары болса пайдаланған жөн.
              Егер кәсіпорын өнімдердің көп ассортиментін шығаратын болса,  оның үстіне кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелеріндегі әрбір өнімге әр түрлі сағат жұмсалатын болса, онда шығыс орталықтары үшін үстеме шығыстарды таратудың жеке ставкалары белгіленуі қажет.
              Өндірістің және қызмет көрсетудің жеке шығын  орталықтары үшін
үстеме шығыстарды тарату ставкасын есептеу үшін қажетті шарттар:              
              І.Өндірістің және қызмет көрсетудің шығын орталықтары бойынша барлық жалпы зауыттық шығыстарды тарату қажет.
              Кейбір үстеме шығыстар тікелей өндірістік шығын   орталықтарына  апарытуы мүмкін. Бірақ кейбір үстеме шығыстар баптары,  көптеген бөлімшелердің мүддесінде жүзеге асырылатындықтан ,  нақты бір бөлімшенің шығынына   апарылуы мүмкін емес.Бұл баптар үшін үстеме шығыстарды таратудың  логикалық базасын белгілеу қажет.
              Мақсаты - әрбір бөлімшелердегі қажетті ресурстарды бағалауға мүмкіндік беретін әдісті таңдау керек.
                ІІ.Қызмет көрсету шығын   орталықтарындағы үстеме шығыстарды өндіріс шығын  орталықтарында  қайта тарату қажет.  Қызмет көрсететін бөлімшелер – осы немесе басқа әдістермен қамтамасыз ететін   бөлімшелер , мысалы, техникалық қызмет  көрсету қоймалары және бөлімдер. Олар өндіріс процесі дұрыс жүргізілуі үшін қажетті қызметті көрсетеді. Бірақ өндіріс өнімдеріне тікелей қатысы болмайды. 
             




              Сондықтан, олар арқылы өтетін қызмет көрсету бөлімдерінің шығыстарын өнімдерге апару мүмкін емес. Бұл шығындар нақты  өнімдерді шығаратын өндірістік бөлімшелерге апарылуы керек.
              ІІІ. Әрбір орталықтар үшін үстеме шығыстарды таратудың  сәйкес ставкасының есебі болуы тиіс. Уақыт есебіне және сандық көрсеткіштерге
негізделген шығындарды таратудың кең базасы болуы керек .
              Сандық көрсеткіштерге негізделген тарату базасын пайдалануда «өнімдер» шығын орталығының ресурстарын  олардың өндіріс көлеміне пропорционалды  болуын талап етеді.
             




















                            2.4. Негізі өндіріс жұмысшыларнының немесе
              станоктардың жұмыс уақытының цехтық жұмыс уақыты

              Үстеме шығындарды өнімдерге сәйкес ставка бойынша тарату. Бұл қортынды кезең- өндірістік бөлімшелер арқылы өтетін, өнімдер бойынша ставка қолданылады. Ол өндірістік  қызмет жөніндегі көрсеткіштердің және жылдық үстеме шығыстардың бағасы негізнде анықталады.
              Есептеу тәртібі есептеуге негізделген, өндірстік қызметтің нақты көрсеткіштерін емес, үстеме шығыстардың цехтың ставкасын есептеу үшін қолданылады.
              Үстеме шығындар ставкасының есебі, олардың кезең ішіндегі нақты көлемінің негізнде проблемалар туғызады, атап айтқанда, өнімдердің өзіндік құнының есебі есепті кезеңінің  аяғына дейін тоқтатылуы керек, үстеме шығыстар ставкасы алдын-ала есептелетін  болғандықтан, бірақ босалқыларды немесе пайданы болмаса сату бағасын белгілеу үшін ай сайынғы өнімдердің өзіндік құны жөніндегі жедел көрсеткіштер қажет. Егер өндіріс жөніндегі нақты көрсеткіштер немесе үстеме шығыстар үстеме шығыстардың нормативтік ставка есебі үшін пайдаланылған көрсеткіштерден айырмашылығы болса,  ондағы жетіспеушілік кезең шығындары ретінде қарастырылады.
                Үстеме шығындар есебі бухгалтерлік есептің жұмысшы шоттар жоспарында 8440 «Үстеме шығыстар» шотында есепке алынады:
8411- «Материалдар»
8412- «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы»
8413 –«Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар»
8414 –«Негізгі құралдарды жөндеу»




8415 –«Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтер  амортизациясы»
8416 –«Коммуналдық қызметтер»
8417 –«Жалгерлік төлем»
8418 –«Басқалар»
                8410 –«Үстеме шығыстар шоты есепті  кезеңнің соңында 8411-8418 шоттарындағы шығындарды жинақтауға арналған. Демек онда 8410 шот дебеттеледі, ал 8411-8418 шоттары кредиттелді.
              8411 «Материалдар» шотында шаруашылық қажеттілігіне жұмсалған  және т.б.Тәжірбиелерді, зерттеулерді, тексерулерді жүзеге асыруға қажетті материалдардың құны, еңбекті қорғау құралдарын құрастыру және оларды ұйымдастыру, жылытуға жұмсалған отынның құны мен басқа материалдық құндылықтардың есебі есептелінеді.
              8412 «Өндіріс жұмысшыларының  еңбекақысы» шотында негізгі және көмекші өндірістегі басқару аппараты мен басқа да персоналдардың негізгі  және қосымша еңбекақылары көрсетіледі.
              8413 «Еңбекақыдан  бөлінетін аударымдар» шотында негізгі және көмекші өндірістегі басқару аппараты  мен басқа да персоналдардың есептелген еңбекақысынан  бөлінетін аударымдар көрсетіледі.











 



                            Үстеме шығындарды өнімдерге тарату



ҮШ өндіріс бөлімшесі                                                        ҮШ цехтық ставка бойынша
бойынша таратылады                                                        өнімдерге таратылады




















              Бухгалтерлік есеп шоттарында материалдарды есептен шығаруды көрсетіңіз:

Шоттар корреспонденциясы

Операциялардың мазмұны

Дт

Кт

 

8110/1

1310/1

Өнім өндіруге шикізаттар мен материалдар жұмсалды

8110/2

1311

Өнім өндіруге сатып алынған шалафабрикаттар, құрастұрушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер жұмсалды.

8110/7

1312

Өндіріске технологиялық мақсаттар үшін отын жұмсалды

8110/3

1313

Өндіріске өнімдерді  ыдыстарға салу (орау) үшін материалдық    ыдыстық  материалдар жұмсалды.

8110

3310

Өндіріс шығындарына өндірістің  технологиялық процестермен байланысты ( судың, отынның , энергияның, будың, газдың, өндірістік қызметтердің және т.б. құны) басқа ұйымдардың қызметтерін апару

8110

8810

Көмекші өндіріс  цехтарында өндірілген, технологиялық мақсаттар үшін пайдаланылатын , будың, ыстық және суық судың,   электр энергиясының құндарын өндіріс шығындарына жатқызу

1310

8810

Пайдалануға және сатуға мүмкін болатын бағамен кіріске алынған , қайтарылатын қалдықтар.






                                                        ІІІ.Қорытынды

              Осы курстық жұмысымды қорытындылай келе              калькуляциялық баптары бойынша шығындардың өндірістік есебін жүргізу барысында


























                                          ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер.

              В.К.Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2003 жыл.

 

В.Л.Назарова «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» оқулық жалпы ред. Мамыров Н.К. , Алматы, Экономика 2005 жыл.

 

Қазақстан Ұттық энцеклопедиясы, Алматы 2006 жыл.

 

Қ.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмағалиева «кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы Экономика 2001 жыл.

 

Қазақстан Республикасның «Бухгалтерлік есеп беру және қаржылық есеп беру туралы» Заңы

 

Қазақстан Республикасның «Бухгалтерлік есеп беру және қаржылық есеп беру туралы» Заңына енгізілген толықтырулар.


 

13

 



Информация о работе Калькуляция баптары бойынша шыгындарды есептеу