Экспорт пен импорт салығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 12:37, доклад

Описание работы

Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

Работа содержит 1 файл

Экспорт пен импорт салығы.doc

— 30.50 Кб (Скачать)


Экспорт пен импорт салығы — сыртқы сауда бағасы мен ішкі республикалк баға деңгейлеріндегі айырмашылық нәтижесінде құралатын табысты мемлекет кірісіне алу нысаны. Ол ішкі нарықты экономикалық жағынан қорғауды мақсат етеді. Салық төлеушілер заңда белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушы ретінде тіркелген барлық заңды тұлғалар мен өзіңің қызметін заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыратын кәсіпкерлер Салық салу объектісі әкелінетін және әкетілетін тауарлардың келісімшарттық құны. Салық төлеуші тікелей ұлттық валютамен немесе еркін айырбасталымды валютамен тауардың келісімшарттық құнының пайызы есебімен есептейді. Кеден бақылауына дейін немесе оған көрсетілген сәтте төленеді. Төленген салық сомасы өндіріс шығынына жатқызылады.[

Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1 % болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.

 



Информация о работе Экспорт пен импорт салығы