Экономиканы және халықты несиелендірудің операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 09:55, курсовая работа

Описание работы

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3
I. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.
1.1 Коммерциялық банктердің жіктелуі.....................................................4
1.2 Коммерциялық банктердің қызметі......................................................5
1.3 Коммерциялық банктердің операциялары .........................................9
II.
2.1 Коммерциялық банктердің операциялары...........................................14
2.2 Банктердің пассивтік операциялары.....................................................14
2.3 Банктердің активтік операциялары.......................................................20
III. Экономиканы және халықты несиелендірудің операциялары
3.1 Экономиканы және халықты несиелендіру.........................................25
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу.............26
3.3 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі...........................29
Қорытынды...................................................................................................31
Пайдаланған әдебиеттер.......................

Работа содержит 1 файл

КоммерциялықБанк.doc

— 150.00 Кб (Скачать)

                                          Жоспары:

  

      Кіріспе..........................................................................................................3

     I. Коммерциялық банктің ұйымдастыру  құрылымы.

    1.1 Коммерциялық  банктердің жіктелуі.....................................................4

    1.2 Коммерциялық  банктердің қызметі......................................................5

    1.3 Коммерциялық  банктердің операциялары .........................................9

    II.

    2.1 Коммерциялық банктердің операциялары...........................................14

    2.2 Банктердің  пассивтік операциялары.....................................................14

      2.3 Банктердің активтік операциялары.......................................................20

     III. Экономиканы және халықты несиелендірудің  операциялары

     3.1 Экономиканы және халықты несиелендіру.........................................25

     3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру  және жүргізу.............26

     3.3 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі...........................29

      Қорытынды...................................................................................................31

     Пайдаланған әдебиеттер............................................................................... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                             Кіріспе

   Несиелік  жүйенің төменгі буыны халық  шаруашылығына тікелей қызмет  көрсететін және коммециялық  негізінде кең көлемді қаржылық  қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.

   «Коммерциялық  банк» термині банк ісінің  ертеректегі даму кезеңінде, банктердің  сауда, тауар айырбасы  операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

    Коммерциялық  банктер өз клиенттерінің ақшаларын  сақтауға қолайлы әр түрлі  депозиттерді ұсынады, бұл бір  жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

    Қазіргі  коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. 

I. Коммерциялық  банктің ұйымдастыру құрылымы

1.1 Коммерциялық банктердің жіктелуі

       Қазіргі коммерциялық банктер  – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,  сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

       Коммерциялық банктер мынадай  белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
  • мемлекеттік;
  • акционерлік;
  • жеке;
  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
  • аралас (шетел капиталының қатысуымен).
  1. Операцияларының түрлеріне қарай:

-    әмбебап,  яғни экономиканың барлық салаларына  бірдей және кең                                                       

     көлемді  банктік қызмет көрсететін банктер;

    -  маманданған, яғни бір ғана  салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне  қарай:

- халықаралық;

- мемлкетаралық;

- ұлттық;

- аймақтық;

4. Салалық белгісіне  қарай:

- өнеркәсіптік  банктер;

- сауда банктері;

- ауыл шаруашылық  банктері;

- құрылыс банктері;

- басқа.;

5.Филиалдар санына  қарай:

- филиалсыз;

- көп филиалды.

      Акционерлік банктердің жарғылық  капиталы шығаратын акцияларын  сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

     Жай  акция-оның иелеріне сол қоғамды  басқару ісіне араласуына, оның  пайдасына қарай дивидент алып  отыруға құқық береді. Ал артықшылығы  бар акция-оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.

       Егер де банк жауапкершілігі  шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді. 

1.2 Коммерциялық банктердің қызметі

      Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.

      Банктің қйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсықдандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңес мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.

      Банктің ұйымдастьрылу құрылымы  басты екі әдіспен анықталады  – банктің басқарылу құрылымы  және оның функционалдық бөлімшелері  мен қызметтерінің құрылымы.

      Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.

     Коммерциялық  банктің басқару құрылымына оның  жарғылық қорының қалай құрылуы  немесе оның торабының даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.

     Басқарманың  негізгі қызметтері:

  1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-әрекеттер бағдарламасы, түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетіледі. Ол мынадай жағдайларды қамтиды:
  • банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететін клиенттер категорияларына бағытталады;
  • алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
  • банктің филиалдары мен өкілеттігін ашу туралы сұрақтар;
  • маркетинг әдістері және жаңа банктік несие мен қызметтерді тұтынушыларға ұсыныс;
  • өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
  • нарықта банктің бәсекелестік қстанымын нығайту шаралары;
  • пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатын тарифтерді белгілеу саясаты;
  • банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардың біліктілігін және тағы басқа арттыру бағдарламасы.

      Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты  туралы жазбаша меморандум жасалмайды. Филиалсыз банктер үшін саясаттың  принципін құру, филиалы бар ірі банктерге қарағанда оңай болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер үшін жергілікті жағдайларды ескеру ерекшеліктері орын алады.

  1. Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк-күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
  2. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитеттер

     құрылады: әкімшілік, есеп-қарыздық, ревизиялық.

  1. Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
  2. Банк қызметің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін талқылайды.

       Басқарма мүшелеріөздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңға бағынбағандары үшін жауапты.

      Сонымен, кеңес коммерциялық банктегі  акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады.

      Кеңес тәжірибелік операцияларға  жетекшілік жасау және жүзеге  асыру үшін банкті басқаратын  құрылым құрады. Операцияларды басқару  ресурстары жинақтау қызметтеріне  және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.

      Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктіңқызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Бпнктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.

Акционерлік банктерді  басқару құрылымы 1 суретте берілген.  
 

Несиелік

комитет

Акционерлердің 

жалпы

жиналысы

Ревизиялық

комиссия

 
 
 

            Бақылау кеңесі

                    

            Басқарма
 
            Басқарма

            төрағасы

            Төраға

            орынбасарлары

 
            Департаменттер,

            бөлімдер

 
            Басқару

            бөлімдері

Қызметтер
 
 
 

Коммерциялық  банктің басқару құрылымы. 

      Акционерлік коммерциялық банктің  ең жоғарғы органы акционерлердің  жалпы жиналысы болып табылады.

      Акционерлердің жалпы жиналысы  жылына біррет шақырылып отырады.  Бұл жиналыста мынадай міндеттер  шешіледі: 
    - банктің жарғысына өзгерістер енгізу;

- банктің жарғылық капиталын өзгерту;

Информация о работе Экономиканы және халықты несиелендірудің операциялары