Экономикалық талдау түрлерінің жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 10:20, реферат

Описание работы

Ќаржылық талдаудың мақсаты – анықталған нәтижелер негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру, оны жақсарту бойынша ұсыныстар жасау. Ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Ішкі қаржылық талдау қалыптасқан қаржылық жағдайдың себептерін терең талдап, оны жақсарту бойынша шаралар белгілейді. Ал сыртқы қаржылық талдаудыњ міндеті сыртқы ақпарат пайдаланушыларқызығушылығымен анықталады.

Работа содержит 1 файл

Экономикалық талдау түрлерінің жіктелуі (2).docx

— 35.69 Кб (Скачать)

                                                       Экономикалық  талдау түрлерінің жіктелуі

Жіктелу белгісі

Талдау түрлері

Функционалдық бағыты

- Қаржылық

- Басқарушылық

- Әлеуметтік-экономикалық

- Экономикалық-статистикалық

- Экономикалық-экологиялық

- Маркетингтік

- Инвестициялық

- Функционалдық

Салалық белгісі

- Салалық

- Салааралық

Қамтитын уақыты

- Перспективалық   

*Ұзақ мерзімді

*Қысқа мерзімді

- Ретроперспективалық 

*Оперативті

*Жедел

Зерттеу әдістемесі

- Сандық

- Сапалық

- Экспресс-талдау

- Маржиналдық

- Экономикалық-математикалық

- Фундаментальды

- Ситуациялық

Талдау субъектісі

- Ішкі

- Сыртқы 

Бағдарлама мазмұны 

- Кешенді

- Тақырыптық 

Қамту ауқымы

 

Аймақтық белгісі

- Фирмаішілік(ішінара)

- Фирмааралық(жалпылай)

- ішкішаруашылық

- шаруааралық


 

Атауы

Артықшылығы

Кемшілігі

ФУНКЦИОНАЛДЫ БАҒЫТЫ БОЙЫНША

   

Қаржылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ќаржылық талдаудың мақсаты  – анықталған нәтижелер негізінде  кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру, оны жақсарту бойынша ұсыныстар жасау. Ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Ішкі қаржылық талдау қалыптасқан қаржылық жағдайдың себептерін терең талдап, оны жақсарту бойынша шаралар белгілейді. Ал сыртқы қаржылық талдаудыњ міндеті сыртқы ақпарат пайдаланушыларқызығушылығымен анықталады.

•қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;           

•активтер мен олардың қалыптасу  көздері арасындағы сәйкестікті, оларды тара-тудағы рационалды және пайдаланудағы  тиімділікті зерттеу;                        

•айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндетте-мелермен арақатынасын анықтау;                                                                        

•қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;                                                                     

•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;                     

•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш 

және қорлар есебі;                                                                                                                            

•баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу  қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;                                                                                                                                 

• кәсіпорын табыстылығын бағалау;                                                                                       

• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың  дең-гейінің өзгеруіне әсер етуші  факторларды есептеп шығару;                                                                                                         

• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін  анықтау;                                                               

• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзім-ді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.                  

 

 

 

Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан

бастаған жөн және оған мыналар  жатады:                                                                                        

•кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;                                                                                                           • кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық ди-намикасын талдау;                                                                                                                                    

•кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының  абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;         

• баланс өтімділігін талдау;                                                                                                                      

•кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  және   несие қабілеттілігін талдау.

Жаңа қаржылық есептің маңызды  ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық  көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы  болып табылады.                                                                                                                             

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау  кәсіпорынға оның қызметі жөнінде  көптеген параметрлерді сырттан  бекітетін орталықтандырылған әкімшілік  си-патты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп оты-ратын  нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұм-тылатын  кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен так-тикасын жасауға  қызмет етеді

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін  қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға  бола-ды: 

1) көлденең талдау;                                                                                                                 

2) тікелей талдау;                                                                                                                     

3) трендтік талдау;                                                                                                               

4) салыстырмалы талдау;                                                                                                      

5) факторлық талдау;                                                                                                                   

6) қаржылық коэффициенттер әдісі.                                                                   

Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңі-мен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.                                                                                                                 

Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құ-рылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қоры-тынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік бере-ді.

Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есеп-теуге негізделеді.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирма-лардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есе-бінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.                                                                                                              

Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттел-меген тәсілдері көмегімен талдау.

Басқарушылық талдау

 

Басқарушылық есептің мақсаты  – меншік иелері мен кәсіпорын  басшылығын тиімді басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін қажетті сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету        Басқарушылық(ішкі)

 талдаудың ақпараттық базасы ретінде кәсіпорын қызметі туралы барлық ақпарат саналады: өндірістің   техникалық жарамдылығы туралы ақпарат, нормативті жєне жоспарлы ақпарат, оперативті, бухгалтерлік жєне статистикалық есеп мәліметтері, сыртқы қаржылық есеп, барлық ішкі есеп жүйесі, басқа да ақпараттар, оның ішінде мамандар пікірі, жиналыстар шешімі, т.б.

   Басқарушылық талдаудың мәліметтері кәсіпорынның бәсеке саясатының негізгі сұрақтарын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады, оны басқару ақпараты өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру мен пайда сомасын максималдау механизмін дайындау үшін пайдаланады

 

 Басқарушылық талдау тек ішкі бола алады. Тек осы талдау түрі ғана кәсіпорындағы нақты жағдайға баға бере алады, тек өндірілген және сатылған өнімнің өзіндік құнының құрылымын ңана емес, жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын, коммерциялық және басқару шығындарының құрамын оқуға мүмкіндік береді.

   Басқарушылық есеп мемлекетпен реттелмейді, оны ұйымдастыру мен оның әдістерін кәсіпорын басшысы анықтайды.Осы себептерге байланысты басқарушылық талдаудың нәтижелері жарияланбайды,коммерциялық құпия болып саналады.

Әлеуметтік-экономикалық талдау

Әлеуметтік-экономикалық талдау –  әлеуметтік және экономикалық үрдістердің байланыстарын, олардың шаруашылық қызметі нәтижесіне әсерін қарастырады.

Талдаудың бұл түрін жүзеге асыру  экономикалық, әлеуметтік мазмұндағы жұмыссыздық мәелесін шешуге, қылмытық деңгейді төмендетуге бағытталған.

Экономикалық-статистикалық талдау

Экономикалық-статистикалық талдау – статистикалық органдар жаппай қоғамдық құбылыстардың сипатын  кәсіпорын, сала, аймақ деңгейінде оқу  үшін жүргізетін талдау.

Бұл талдау айнымалыларды ауыстырып  отыру арқылы минималды шығын  алуға жеткізетін қадам. Бұл жерде  функционалдық құндылықты талдау мен  пайда алуға жұмсалатын шығын  есебін ескеру маңызды.

Экономикалық-экологиялық талдау

Экономикалық-экологиялық талдау – табиғатты қорғау органдары, кәсіпорынның экономикалық бөлімі қоршаған ортаны сақтаумен байланысты экологиялық  және экономикалық үрдістердің барысын  зерттеу мақсатымен жүргізу үшін қолданылады.

Экологиялық проблемалардың алдын  алу ережелерін ұтымды әрі жедел  түрде ұсыну жолдарын іздейді, болжайды, бағалайды. Олар пайда болған жағдайда оларды шешу ережелерін ұсынуы шарт.

Маркетингтік талдау

Маркетингтік талдау – кәсіпорынның маркетингтік бөлімі кәсіпорынның әрекет етуінің сыртқы ортасын (шикізат  пен дайын өнімді өткізу нарығы, өнімнің бәсеке қабілеттілігі, сұраныс  пен ұсыныс, тәуекел, баға саясаты, маркетинг  стратегиясы) зерттеу үшін жүргізетін талдауы.

   Маркетингтік талдауда да, тұтынушыпар мен бәсекелестерді талдау болуы қажет. Тұтынушыларды талдау тұтынушылардың сұранымын, нарықтың потенциалды сегменттері мен сатып алу процесінің сипатын анықтауы керек. Ол үшін жобаны жасаушы нарықты мұқият зерттеп, оған әсер ететін институционалды шектеулер мен нарық құрылымының шеңберінде негізгі бәсекелестерін талдау керек

Маркетинггік талдау нәтижесінің негізінде маркетингтік жоспар құрылады. Ол жоспарда өнімді әзірлеу стратегиясы, баға белгілеу, тауардың нарыққа жылжуы мен өтуі анықталуы тиіс. Бұл «аралас маркетинг» элементтері тұтасқа бірігіп, нарықта өнімге неғұрлым бәсекеге ыңғайлы жағдай жасауы керек. Маркетингтік жоспар фирманың басқа да шығаратын өнімдерінің бар болуын және фирма қызметінің ұйымдастырушылық, қаржылық, өндірістік және жабдықтау аспектілерін есепке алу керек. Маркетингтік жоспар шеңберінде мүмкіндігінше бәсекелестерінің әрекеттерін және оның осы жоспардың орындалу мүмкіндігіне тигізетін әсерін болжау керек

Инвестициялық талдау

Инвестициялық талдау – инвестициялық  жобалар мен шешімдердің экономикалық тиімділігін негіздеу үшін жүргізілетін талдау

   Инвестициялық жоба реурстардың  негізгі қорларының көлемін арттыруға,  олардың техникалық жаңаруына  бағытталған. Көбіне инвестициялық  жобалар ұзақ мерзімді болады.

 Әрбір нәтижелік көрсеткіш сан алуан факторлардан тәуелді. Нәтижелік көрсеткіш деңгейіне факторлардың әсері терең зерттелген сайын, талдау нәтижесі де нақты болады. Осы себепті шаруашылық қызметін талдаудың маңызды әдістемелік сұрағы – экономикалық құбылыстардың деңгейіне факторлардың әсерін оқу мен анықтау болып табылады. Факторларды терең, әрі жан-жақты зерттеусіз қызмет нәтижесі туралы негізделген қорытындылар жасап, өндірістік резервтерді анықтап, басқарушылық шешімдерін қабылдау мүмкін емес.

Функционалдық талдау

Функционалдық талдау функцияларды, тізбектерді, т.б. математикалық объектілерді шексіз өлшемді кеңістіктің элементтері (нүктелері) ретінде қарастырады. Функциялар мен тізбектерді осы тұрғыдан зерттеу нәтижесінде геометриялық бейнелер мен геометриялық терминологияны пайдалануға мүмкіндік жасалды. Осыған байланысты классикалық талдаудың көптеген ұғымдарын мәні бір немесе бірнеше функцияның берілуіне тәуелді шамалармен ауыстыруға, функциялардың Фурье қатарына жіктелуінің геометриялық теориясын құруға, т.б. болады. Мысалы, функцияларды Фурье қатарына жіктеу есебі векторды өзара үш перпендикуляр бағытта жіктеу есебіне ұқсас болып шықты. Функционалдық талдаудың дамуы дифференциалдық теңдеулер мен интегралдық теңдеулер теориясының дамуына күшті әсер етті. Сөйтіп, шексіз өлшемді кеңістіктегі мұндай теңдеулер мен операторлар арасында байланыс бары анықталды. Атап айтқанда, сызықтық дифференциалдық теңдеулер теориясы мен сызықтық интегралдық теңдеулер теориясы 3 өлшемді кеңістіктегі сызықтық түрлендірулер теориясының шексіз өлшемді аналогы (ұқ-састығы) болып шықты. Функционалдық талдау математикада, физикада, химияда, әсіресе, кванттық механика мен кванттық химияда кеңінен қолданылады.

Ресурстар өның өнімдеріне сұраныс  бар салалар мен кәсіпорындарға түседі. Нарықтық жүйе пайдасы жоқ  салалар мен шаруашылық субъектілерін сирек кездесетін ресурстардан айырады. Шаруашылық субъектілері тауарларды оны өткізуден пайда түсіп турған уақытқа, осы тауарларға сұраныс қаныққанға дейін өндіреді. Қанша және қандай тауарларды өндіру, қандай бағамен оларды сату, капиталды қайда салу сұраныс және ұсыныс механизімімен, пайда нормасымен, акция бағамымен, валютамен, несие пайызымен анықталады.

 

Өндіріс көлемінің өсу  және өнімді өткізу екпіні, сапаның  жоғарылауы шығындардың, түсімнің және рентабельділіктің көлеміне тікелей  әсер етеді. Шаруашылық субъектілердің іс-әрекеті аз шығынмен жоғары сапалы өнімді көбірек шығару және сатуға бағытталуы қажет. Сондықтан өндіріс көлемі мен өнімді өткізуді талдаудың маңызы зор.

 

САЛАЛЫҚ БЕЛГІСІ БОЙЫНША

Салалық талдау

 

 

 

Салалық (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, құрылыс, сауда, т.б.), яғни жеке саланың  ерекшелігін ескеретін талдау.

 

 

 

Зерттелетін кәсіпорын көрсеткіштерін сала бойынша орташа көрсеткіштермен, ұқсас кәсіпорындар жетістіктерімен  салыстыру кәсіпорынның басқа шаруашылық субъектілері арасындағы рейтингін анықтау үшін, кәсіпорынның даму деңгейіне объективті баға беру үшін қажет.

Салааралық талдау

Салааралық (экономикалық талдау теориясы), яғни талдаудың ортақ теориялық  және әдістемелік негізі

 

ҚАМТИТЫН УАҚЫТЫ БОЙЫНША

 

Перспективалық   

*Ұзақ мерзімді

*Қысқа мерзімді

 

 

 

Алдын-ала талдау (перспективалық) – шаруашылық іс-әрекеттерін жүргізбестен бұрын, жоспарлар мен басқару  шешімдерін негіздеу үшін жүргізіледі.

Перспективалық талдау уақытына байланысты қысқа жєне ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Қысқа мерзімді талдау бір жылға  дейінгі мерзімді , ал ұзақ  мерзімді талдау – бір жылдан ұзақ мерзімді қамтиды. Қысқа мерзімді талдау кєсіпорынның тактикалық, ол ұзақ мерзімді - стратегиялық саясатын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бұл жерде екінші түрінің маңызы зор, себебі егер кәсіпорынның стратегиялық дамуы дұрыс айқындалса, тактикалық шешімдер қабылдау жеңіл болады.

 

 

 

Перспективалық және ретроперспективалық  талдаулар бір-бірімен тығыз байланысты. Ретроперспективалық талдаусыз  перспективалық талдау жүргізу мүмкін емес. Өткен кезеңдерде қол жеткізілген  жетістіктерді талдау кәсіпорын  қызметінің тенденциясын, заңдылықтарын, пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтауға  мүмкіндік береді. Ал олар болашақта  экономикалық көрсеткіштер деңгейін негіздеу үшін қажет.

Ретроперспективалық

*Оперативті

*Жедел

Кейінгі талдау (ретроперспективалық, тарихи) – кәсіпорын қызметінің нәтижесіне баға беру үшін жүргізіледі

Өз кезегінде ретроперспективалық  талдау оперативті жєне қорытынды талдау болып бөлінеді. Оперативті талдау шаруашылық іс-әрекеті жүзеге асырылғаннан кейін немесе қысқа уақыт аралығында нақты жағдай өзгергеннен кейін  бірден жүргізіледі. Оның мақсаты –  кемшіліктерді жылдам анықтап, оны  өзгертуге ықпал ету.

Қорытынды талдау есепті мерзім үшін (ай, тоқсан, жыл) жүргізіледі. Оның  құндылығы талдаудың есепті мәліметтерге сүйеніп кешенді және жан-жақты  жүргізілуінде.

Бұл жекелеген себептердің қорытынды көрсеткіштерге тигізетін әсерін зерттеудің детерминттік(анықтау) немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау. Факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктесе тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктірсе кері болуы мүмкін.

ОБЬЕКТІЛЕРДІЗЕРТТЕУ ӘДІСІ БОЙЫНША:

     Сандық талдау

 

 

 

 

Сандық талдау (факторлық) – бұл  экономикалық құбылыстардың түрлі факторлар әсерінен өзгерісін сандық анықтау әдістемесі.

Өсім көрсеткіштерін инфляция деңгейімен, депозиттер бойынша пайыздық үстеме мөлшерімен, басқа кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыру негізінде кәсіпорын стратегиясы бағаланып, жіктеледі. Егер жалпы табыстың өсімі пайыздық ставкалардан жоғары болса, онда шаруашылық қызметі өсу стратегиясына сәйкес келеді. Егер жалпы табыстың өсімі пайыздық ставкалардан төмен, бірақ инфляция деңгейінен жоғары болса, онда шектеулі өсу стратегиясы орын алады. Ал егер табыс өспесе не табыстың өсімі инфляция деңгейінен төмен болса, онда төмендеу стратегиясы орын алады.

 

Сапалық талдау

Сапалық талдау – бұл зерттелетін  құбылыстар мен үрдістердің салыстырмалы сапалық сипаттамалары мен сараптамалық бағалауларға негізделген зерттеу  әдістемесі

 

Экспресс-талдау

Экспресс-талдау – белгілі бір  экономикалық құбылыстарға тән ерекше белгілерге негізделе отырып, кәсіпорын  экономикасына баға беру әдістемесі.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың  тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын  өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар  шығындарының норма-сының өсуі, еңбек  өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа  да ресурстардың мөл-шерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша  қаржы қара-жаттарының қажеттілігіне  себепші болады.

Маржиналдық талдау

- Маржиналдық талдау – бұл  сату көлемі, өзіндік құн мен  пайда арасындағы себеп-салдарлық  байланысқа негізделіп және шығындарды  тұрақты мен айнымалыға бөле  отырып, бизнестегі басқарушылық  шешімдердің тиімділігін бағалау  мен негіздеу әдістемесі.

Ресурс шығындарының (материал, шикізат, энергия, т.б.) бекітілген нормаларымен салыстыру. Мұндай талдау өндіріс процесінде ресурстардың артық не үнемді пайдаланылғанын  анықтау үшін, оларды пайдалану тиімділігін  бағалау үшін және ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы өндіріс көлемін  арттыру мен өнімнің өзіндік  құнын төмендету резервтерін  анықтау үшін қажет

Экономикалық-математикалық талдау

Экономикалық-математикалық талдау – бұл экономикалық-математикалық  үлгілеу негізінде қолда бар  ресурстарды барынша ұтымды пайдалану  жолымен экономикалық  міндеттердің оңтайлы нұсқасын анықтау әдістемесі.

 

Фундаментальдік талдау

Фундаментальдік талдау – бұл зерттелетін  құбылыстың мәнін күрделі математикалық  не басқа есептеулер көмегімен терең, кешенді зерттеу әдістемесі

Кәсіпорын қызметінің қар-жылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлем-дерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарасты-рылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәй-кестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады

 

 

 

 

 

Ситуациялық талдау

Ситуациялық талдау – кезінде ұйым маркетингтік мүмкіншіліктер мен мәселелерді  анықтайды. Ситуациялық талдау екі  жалпы сұраққа жауап береді: фирманың қазіргі кездегі жағдайы қандай және ол қандай бағытта қозғалады? Осы  мақсатта қоршаған ортаны зерттейді, мүмкіншіліктерді іздейді, ұйымның сол мүмкіншіліктерді пайдалану қабілеттерін бағалайды, ұйымның әлді және әлсіз жақтарын анықтайды, бәсекелестердің іс - әрекеттерін  салыстырады және оларды бағалайды. Егерде ситуациялық талдау ұйымның  әлсіз жақтары басым екенін көрсетсе, онда шығарып жатқан тауар топтарын тоқтату керек.

Бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сапасының төмендеуіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығаруына және өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын, қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп түрі болып табылады.

ТАЛДАУ СУБЬЕКТІСІ БОЙЫНША

Ішкі талдау

Ішкі талдау – бұл кәсіпорынның өз ішінде өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтерді шұғыл, қысқа  және ұзақ мерзімді басқару үшін жүргізілетін талдау.

Ішкі талдаудың ақпараттық базасы ретінде кәсіпорын қызметі  туралы барлық ақпарат саналады: өндірістің техникалық жарамдылығы туралы ақпарат, нормативті жєне жоспарлы ақпарат, оперативті, бухгалтерлік жєне статистикалық есеп мәліметтері, сыртқы қаржылық есеп, барлық ішкі есеп жүйесі, басқа да ақпараттар, оның ішінде мамандар пікірі, жиналыстар шешімі, т.б

 

Сыртқы талдау

Сыртқы талдау жарияланатын есептік  мәліметтерге, яғни кәсіпорын қызметінің шектеулі бөлігін ғана сипаттайтын  мәліметтерге негізделеді

Сыртқы талдау – қаржылық және статистикалық есеп беру мәліметтері  негізінде банктер, қаржы органдары, акционерлар мен инвесторлар  жүргізетін талдау.

 

БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ БОЙЫНША

Кешенді талдау

 

 

Кешенді талдау - кәсіпорын  қызметіне толық, жан-жақты жүргізілген  талдау.

 

Тақырыптық талдау

Тақырыптық талдау – нақты сәтте  ең басты мәселе болып табылатын  қызмет аясын жеке талдау.

 

АЙМАҚТЫҚ БЕЛГІСІ БОЙЫНША

Фирмаішілік талдау

 

 

 

 

Фирмаішілік талдау – тек зерттелетін кәсіпорын мен оның құрылымдық бірліктерінің қызметін талдау

 

Фирмааралық талдау

Фирмааралық талдау – екі не одан көп кәсіпорындардың қызмет нәтижелерін  салыстыра отырып талдау.

 


Информация о работе Экономикалық талдау түрлерінің жіктелуі