Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 08:16, реферат
Инвестициялық кор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен және тартылған каражаттың есебіне бағалы кағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша каражаттарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын занды түлғаны білдіреді. Кдзақстанда ол акционерлік қоғам формасында қүрылады, кез келген занды жэне жеке түлға оның акционері бола алады.
Инвестициялық қорлар мен бюджетпен есеп айырысудың ревизиясы.
«Инвестиция» ұғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің механизмін білдіреді. Бүл мәселені шешу үшін тиісті қаржы институттары қүрылады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады.
Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында жэне акша каражаттарын тартудың есебінен әрі осы акша каражаттарын әртараптандыруды ескере отырып, бағалы қағаздарга кейін инвестициялаудың есебінен қауіпті азайту мақсатында жүмыс істейді. Бүл қорлардың маңызы жоғары, өйткені ол өз қолына түпкі есебінде өндірістің дамуына жүмсалатын үсақ салымшылардың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ бүл қорлар инвесторлар үшін ақша каражаттарын салудың көздері болып табылады. Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады жэне т.б.
Инвестициялық кор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен және тартылған каражаттың есебіне бағалы кағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша каражаттарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын занды түлғаны білдіреді. Кдзақстанда ол акционерлік қоғам формасында қүрылады, кез келген занды жэне жеке түлға оның акционері бола алады.
Бүл қорлардың барлық қызметі әр түрлі бағалы кағаздарға инвестициялық салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфельді қалыптастыруға негізделеді. Олар бүдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды. Қор негізінен ұсақ, жеке инвесторлардың есебінен акцияларды айналымға шығару арқылы акша каражаттарын тартады. Қор түскен қаражатқа кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады және өз салымшыларын акция бойынша белгілі бір табыспен қамтамасыз етеді.
Инвестициялык қор өз қызметінде нақты қағидаларды басшылықка алады:
• инвестициялық салымдарды әртараптандыру;
• бағалы қағаздармен аса қауіпті операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;
• бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;
• жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу. Инвестициялык кор өндіріспен және сауда-саттықпен
айналыспайды (бағалы кағаздар мен қаржылық қүралдардан озге), кез келген кепілдік түрін бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ кастодианның, тіркеушінің және бірлес-кен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акция-ларын сатып алмайды; 6 айдан коп болмайтын мерзімге банк-терден карыз қаражатын тартады, бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, карызды кез келген тәсілмен береді, сонымен бірге опциондықжәне фьючерстік шарт мәмілелерімен, маржа, «ықшамдап сату» мәмілелерімен айналысады.
Инвестициялық қордың
ұйымдық құрьшымын былайша
Кез келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының қүзы-реттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынадай мәселелерді шешеді:
• инвестициялық қордың типін кдйта құру (өзгерту) туралы;
• инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толық-тыруларды енгізу туралы;
• багалы қағаздар портфелшің басқарушысымен, сондай-ақ тіркеушілері және кастодиандармен келісімшартқа отыру (бекіту) туралы.
Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Баскар-маның занда қарастырылган күзьгреттілігінен өзге де өз қүзырет-тілігі болады, мысалы, ол бүқаралық ақпарат қүралдарында баскарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді үдайы жариялап отырады. Басқарманың мүшелері лауазымды түлғалардың, осы қорды баскаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тыйым салынған).
Инвестициялык қордың басқарушысы — бағалы кагаздардың портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті орындайтын жэне инвестициялык кормен бекітілген келісімшарттың негізінде әрекет ететін занды түлға. Мүндагы міндетті шарт — тиісті лицензияның болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөніндегі келісімшартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялык кормен бекіте алады, алайда бүл арада инвестициялык декларацияның мазмүны эр түрлі болуы керек.
Инвестициялык қордың қызметі Кдзакстан Республикасы-ның қолданысындағы зандар жиі бүрмаланған жағдайда, басқа-рушының лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып алуға қабілетсіз болғанда тоқтатылады.
Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері
Қазақстан Республикасының зандары инвестициялык қорлардың белгілі бір типтерін анықтап береді.
Екі негізгі типі: өзара қор жэне инвестициялык компания бөліп көрсетіледі.
Өзара кор барлық тілек білдіруші инвесторлардың каража-тын тартатын және өздері айналыска шыгарған акцияны өз акционерлерінен сатып алуга міндеттеме кабылдаған ашық инвестициялык кор болып табылады. Олар қосымша эмиссияны жүзеге асыру қажет болған жағдайда жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз акцияны шектеусіз мөлшерде шығара алады. Ол (өзара кор) артықшылығы бар акцияны шыгармайды. Сонымен катар өзара қор былайша сипатталады: оның акциялары үйымдастырьшмаған нарықта айналыска түседі, акцияға бағаны күн сайын белгілеп отыру міндеттемесі заңмен анықталған
Инвестициялык компания — бүл осы қордың қүрылтай-шылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бір-неше занды жэне жеке түлғалардың каражатын тартатын жабық инвестициялык кор. Өз акционерлерінің айналыска шығарған акцияларын сатып алуға міндетті болмайды, ал оның жарғылық капиталы жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз қосым-ша акцияларды шығару арқылы көбейтілмейді немесе акциялар-дың бір бөлігін өтеу арқылы кемітілмейді. Инвестициялык компанияның акциялары қор биржаларында айналыска түседі. Компанияның күн сайын акция бағасын белгілейтін міндеттемесі болмайды, артықшылығы бар акцияны шығаруга құқығы бар.
Үлестік (шартты) және акционерлік (корпорациялық) инвестициялык қорлары бөліп көрсетіледі.
Үлестік инвестициялык кор (шартты) былайша бөлінеді:
• ашык — пайды 2 аптада ең аз дегенде 1 мәрте сатып алады;
• жабык — жарнашының (пайшы) пайда (үлесті) сатып алуға құқығы болмайды;
• интервалды — пайды жылына ең аз дегенде 1 мәрте сатып алуы керек.
Оның жарғылық капиталы қүрылтайшылардың (үлескер-лердің) салым қаражатының үлестерінен қүралады. Оның басқа қызмет түрлерін атқаруға қүқығы болмайды, бағалы қағаздар үйымдастырылған нарықка түспейді.
Сонымен қатар акционерлік қор акцияларды айналыска шығару жолымен жарғылық қорды калыптастырады.
Инвесторлық қордың акционерлік формасының артықшы-лығы мынада: нарықта пайға қарағанда акцияны сату оңай, қордың акционері жай АҚ-дагы секілді акцияны сатып алуды талап ете алады. Акционерлік инвестициялык қордың негізгі сипаттамасы мынада: ол баска қызмет түрлерін жүзеге асыр-майды жэне жай акциядан өзге каржылық күраладарды шығар-майды. Қордың бағалы қағаздары үйымдастырылған нарықга айналыска түспейді, ал жарғылық қор акциялардан қүралады.
Қор инвестициялык стратегиясының сипатына карай шартты түрде мына санаттарға бөлінуі мүмкін:
1. Бағамдарының тәуекелі шектеулі бағалы қағаздарға капи-талды инвестициялаушы.
2. Бағалы қағаздар бағамының тәуекелі шектеулі жоғары болған жағдайда табыстың өсіміне бағдарланушы.
3. Каржылық активтерді әртараптандырушы.
4. Акша нарығының пайыздық мөлшерлемесін капитал-дандыруға маманданушы.
Бірінші санатка көбінесе жергілікті аткарушы органдардың мемлекеттік инвестициясын және тәуекелі томен бағалы қагаз-дарға жаткызылған мемлекеттік емес облигацияларды сатып алатын үжымдық инвестиция мекемесі жатады.
Екінші топқа үзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыра-тын қорлар кіреді. Олар акцияның базасында пайда болған бағалы қағаздарды, айырбасталатын облигацияны жэне акцияны сатып алады. Мүндай компанияның клиенттеріне қауіпі жоғары болатынына қарамастан өз акцияларының ең аз дегенде бір бөлігін орналастыруға келісімін берген түлгалар жатады.
Үшіншісіне әр түрлі бағалы қағаздарга үзақ мерзімді қаражат салымдарын диверсификациялайтын қорлар жатады, өйткені бүл капиталдан айырылып қалудың қауіпін азайтатын сенімді әдіс болып табылады. Мүндай инвестициялык стратегияны жүргізу үшін үлкен капиталга ие болу керек.
Төртінші топ акша нарыгының пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданған қорларды қамтиды. Олар өте қьісқа мерзімді инвестицияларды жүзеге асырады, тіпті бір күн-дік мәмілелермен де айналысады. Сол себепті де капиталдан айырылып қалудың қауіпі аз болады. Портфельдік инвестицияның құрылымы мен мүндай инвестициялык корлардың клиентурасы әр түрлі — банк депозиті бойынша табыспен салыстырғанда өз акшаларына ең жоғары пайызды алғысы келетін жеке түлғалар мен фирмалар.
Әрбір елдегі инвестициялык қорлардың қызметі қор нары-ғының ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Көптеген елдердің портфельдік инвестициясының күрамында акциялар емес, облигациялар мен қыскд мерзімді бағалы қағаздар басымдылықтарға ие.
Нарыктық экономикасы
дамыған мемлекеттерде көбінесе акция,
мемлекеттік облигация, қысқа мерзімді
бағалы қагаздар жэне т.б. секілді акцияның
белгілі бір типтерін басқаратын маманданған
инвестициялык қорлар көптеп кездеседі.
Мысалы,ипотека қоры, корпорация облигациясының
қоры, ұзақ мерзімді муниципалдық бағалы
кагаздар қоры, қаражатын кәсіпорын акциясына
салатын өсім қоры, опциондық табыс қоры
кездеседі. Өздерінің бағалы қағаздар
портфелінің тұрақгылығын қамта-масыз
ету үшін олар эмитенттің бағалы кағаздарына
салым ақшаны аз салады немесе шектейді.
Қауіптің деңгейін осылай-ша азайтады.
Өнеркәсіп компаниясының акциясына қаражат
салынар кезде оның салалық әртараптандыруы
(жан-жақтылы-ғы) жүзеге асырылады.
Информация о работе Инвестициялық қорлар мен бюджетпен есеп айырысудың ревизиясы