Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 11:20, реферат
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Кіріспе
1. Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары
2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен есебі
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
2.2 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері
3.Қазақстан Респулликасының кәсіпорындарындағы инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Инвестиция саясаты
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
1. Инвестициялық
қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму
тарихы
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары
2. Кәсіпорынның инвестициялық
саясаты мен есебі
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
2.2 Инвестицияның түрлері мен есептеу
әдістері
3.Қазақстан Респулликасының
кәсіпорындарындағы инвестициялық қызметті
қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер
және жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
Кіріспе
Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін
заңды категория, олар халыққа қажетті
тауар өндірумен айналысады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған
қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге
асырады, реконструкцияға әрекет етуші
ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта
жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық
және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын
шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен
өз капиталың салушы адам. Ал, Инвестор
- бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа
біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің
аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны
қаржыландырудағы делдал.
Бұл екі ұғым осы курстық жұмыстың ұғымдарының
субъектілері болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып
жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік
– экономикалық дамуымыздың негізгі алғы
шартына айналып, еліміздегі реформаларды
табысты іске асырудың басты себебі болып
отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық
экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады.
Сондықтан да кәсіпорындар үшін де инвестиция
негізгі қажеттілік болып табылады.
Алайда инвестиция қажеттілік ретінде
қолайлы стратегия мен тактиканы талап
етеді.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты олардың
таңдаған инвестициялық стратегиясының
бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау
стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық
қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін
тұлғалайды.
1.ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Ивестицияның пайда
болуы және даму тарихы
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының
арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық
қызметтің неғұрлым белсенді және ірі
ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды
ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды
тарту олардың инвестициялық ресурстар
трансформациялануы өндірісті дамыту
үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша
туындайтын экономикалық қатынастар табылады.
Қазіргі уақытта инвестициялық процессті
қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа
келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың
дамуының басты проблемаларының бірі
болып табылады. Тиімді инвестициялық
тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік
өндірісті қалпына келтіру және сапаны
қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар
мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты
экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде
банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар
инвестициялық процесті ұйымдастыру және
жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына
мақсатты теориялар және тәжірибелік
түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан
инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет
ету мөлшері және оларға банктердің қатысу
тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған
қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге
асырады, реконструкцияға әрекет етуші
ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта
жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық
және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын
шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің
бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың
алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау.
Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың
бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға
бөлінеді.
"Инвестиция" деген сөз латынның
"инвест" (салу) дегенінен шыққан.
Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен
және қайда салады деген сұрақтарға жауап
туады. Капиталды салады, оның көптеген
түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің
қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың
миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың
жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен
қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің
денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция
жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны
ірі және ақша ғана болуы емес салудан
кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы
ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық
запастармен сауда жасау және басқадай
толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында
кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері,
объектілері, ақша қаражаттар технологиялар,
машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер,
несиелер, басқа да мүліктік құқықтық
интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды
салып және инвестицияларды жүзеге асыру
бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы
бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең
алдымен бизнестің материалдық бөлігіне
жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және
орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат
құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының
материалдық бөлігі негізгі және айналым
қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның
бәрін "нағыз капитал" терминіне
қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар
кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және
халық.
Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды және
жеке тұлғалар,бұлар коммерциялық тәуекелділікке
қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге
және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде,
көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны
тәуекелділіктің аз болуы; инвестор –
бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы
делдал.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен
өз капиталың салушы адам.
Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген
тәуекелділікке баруға дайын адам.
Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке
баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда,
кіріс.Кірісті қаржыны бизнестің материалдық
бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ
белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының
әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық-
саудагерлік іс -әрекеттермен ғана шұғылданып,
негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері
де болады. Ондайлар бәсекелестерінен
қалыпқояды, ал мұның өзі нарықтықдаму
жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды
аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы
және республика экономикасын тұрақтандыру
үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар
ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің
басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну
тауарларымен молайту және экспорттық
әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді
пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді
қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері
жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны
да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз
етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың
қорлары болып табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін
қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1)шетелдік инвесторлардың қызметімен
байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау:
жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға,
кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге
рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып
табылады.
2)елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі
басымды салық жеңілдіктерін және басқа
жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер,
инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық
шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген
амортизация.
3)жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану
құқығын
қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға
субсидиялар беру;
4)пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін
немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын
беру.[17; 448-456 бет]
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге
ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық
экономика да біздің қоғамға инвестиция
ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде
әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына
айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге
келген шетелдік инвесторлар мұнай мен
газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім.
Қазіргі уақытта да инвестицияның басым
бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды.
Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат
саласындағы атқарып жатқан іргелі істері
елімізге шетелдік инвестицияның көптеп
келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің
ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы
реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла
бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына
мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі
кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан
астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел
инвестициясы тартылды. Сараптамалық
бағалау бойынша Орталық Азияға келген
тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын
Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік
банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге
өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық
"Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі
Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың
жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл
Қаржы министірлігіне төмен пайызбен,
біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік
береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық
банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды.
Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика
мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ,
бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты,
саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы
мен реформалардың біз қалаған бағытта
дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып
шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты
жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік
банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық
қайта құру және даму банкі, Ислам даму
банкі, Азия даму банкі секілді беделді
халықаралық қаржы институттарымен, басқа
да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті
үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен
бірге Қазақстан Республикасы бүгінде
дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық
ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне
қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген.
Осыған сәйкес республика халықаралық
қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан
туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық
операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті
төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету
керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның
халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион
АҚШ доллары көлеміне жеткен.
1.2 Инвестицияның
қызметі мен операциялары
Инвестициялық қызмет бұл– инвестицияларды
салып және инвестицияларды жүзеге асыру
бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып
жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік
– экономикалық дамуымыздың негізгі алғы
шартына айналып, еліміздегі реформаларды
табысты іске асырудың басты себебі болып
отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық
экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады. Инвестициялық жобаларды
іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын
тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса
жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды
еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге,
сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне
мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп
жатқан инвестициялық процесті экономикалық
пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне
жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз
керек. Осыған орай, инвестициялық іс -
әрекетті талдауда оның тиімділігіне
экономикалық шаралармен бірдей әсер
ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің
маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық
іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге
болады. Экономикалық құрылым мынадай
элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің
нәтижесінен тұрады:
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму
қорын құру.
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары
тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың
басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін
есептеуі керек.
1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі
2. "Замазкалау" принципі.
Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция
жүргіз. Шешімді қабылдап алғаннан кейін,
инвестицияны іске асыру барысында ол
еркіндікті енді оған бармау алмастырады,
Мәселен, қандай станокты сатып алуға,
не жалға алуға немесе өзің өндіргің келеді
де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша
кредит аласың, оны қандай мерзімге және
қанша проценттік мөлшерде алуға шешім
жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың
бәрін жасап болғаннан кейін, қайтадан
қайту оңайға түспейді, өте қыйын болады.
Бұл станокты көп жыл бойына пайдалану
керек болады, алған кредит үшін проценттерді
төлеу керек болады. Сөйтіп, сылап-бітеу
процесінен шыға алмай, байланасың да
қаласың, өйткені иңвестициялық жоба күшіне
еніп алғаннан кейін еркін қимыл-әрекеттерге
баруың шектеулі болып қалады.
Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге
баруың мүлдем тиылды деуге болмайды.
Әрине, сатып алған станокті қайтадан
сатып жіберуге де болады немесе акциялардан
да құтылуға болады да, "дезинвестирование"
деп аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе
осыны жүргізеді. Қатені кейінге қалдырудан
гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ
қатені тузеу үшін уақыт та кетеді, ақша
да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік
туады, іскер серіктестермен байланыс
үзіледі.
Мысалға, әлгі сатып алынған станокты
алсақ, оны 1 жыл бойы пайдаланып келеген.
Конъюнктура өзгеріп кетті де, енді оны
пайдалануға мүмкіндік болмай қалды, оны
10 жыл бойы пайдаланбақ болған. Осы 10 жылға
есептеліп кредит алып, әкеліп беруші
және сатып алушылармен келісіп, амортизацияны
да есептеп, тиісті ұзақ мерзімді келісім
шарттарды жасап қойған. Дезинвестирование
жүргізуге шешім қабылдап, қателіктерді
жөндеуге бару керек болады, бірақ қателіктерді
жөндеуге ештене төлемейтін болды. Кредит
үшін (10 жыл) төлеу керек, әкеліп берушіге
шартты бұзғаны үшін айып пүл төлеу керек,
өйткені ол станоктың жетіспей қалған
бөлшектерін әкеліп берген болатын, олар
да 10 жыл бойы тиімді келісім бойынша пайда
алатынына сенген болатын. Өнімді сатып
алушыларға да 10 жыл бойы беріп тұру жөнінде
шартқа отырғандықтан, оларға да төлеу
керек. Өткізуші ұйымдарға да осы тәртіп
бойынша төлеу керек. Мұнан да сорақы жағдай,
жабдықтарды қайтадан сатқан кезде туады.
Мұны рынокте әлі қалай сата алады? Қандай
бағаға? Диллер саудалық-делдалдық үшін
қанша алады?
Сөйтіп, қатені түзеу үшін қететін шығындар
түгелімен кәсіпорын қалтасынан шығады.
Осындай батпаққа батқаннан шығу өте қиын
болады. Ал, егер осында "байланып қалу"
бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша
болғанда не болады? Капиталды сіңіру
саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік
серіктестіктер де мықтылар болады да,
қатені түзеу үшін көп шығынға бататының
анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық
жобаны іске қоспас бұрын, алдын-ала оның
тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100
беделді фирмалар ақыл бергенімен, қате
жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың
аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз
болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары тиісті
шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар
өздерінің жоспарларын жөндеуде өте икемді
болулары қажет, конъюнктураның уақытша
өзгеруіне және басқадай фактордарды
көре біліп, тиімді істерді бастай алулары
қажет.
3. Күрделі қаржыны салуда материалдық
және тиімділіктерді бағалау үйлесімділік
принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты
бар:
1)Шығындар мен шығарудың салыстырмалы
бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек
қана құндылық, ақшалай таддау.
Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі
тек қана тиімділіктің ақшалай бағалануы
жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр.Әсіресе,
мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз
кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады.
Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық
есептеумен толықтыру керек болады.
2)Тиімділіктің ақшалай және техникалық
белгілерінің үйлесімділігі. Бұл тәсіл
сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық
жобаға салынған технологияға көп жағдай
байланысты. Өндірістік күш-қарқынның
артуының өзі тікелей технологияға қарай
болады да, осыдан барып, инвестициялық
мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.
3)Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі
техникалық тәсіл. Бұл бизнестегі нарықтық
бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның
қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында
басты орында болмай тұр.
4. Үйренушілік шығындар принципі.
Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа
инвестицяялық ортаға үйренуге байланысты
болған барлық шығындар. Бұларды қайта
құрудан және кадрларды қайта даярлаудан
жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа
жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура
өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру
керек болады.
Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен
бірдей деп есептелінеді.
Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі
шешім мен оны іс жүзінде асыру, орнын
толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық
«лаг» бола береді. Бірден үйренушілік
болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің
өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар
керек, жаңа технология, кадрларды қайта
даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда,
тездету үшін төлеу керек. Мысалы, жаңа
заводты қайта салу керек болады, оны жарты
жыл ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны
"алтынмен" тең болып кетеді.
Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік
шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды
орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды.
Бірақ нарықтық конъюнктура өзгерді де,
енді технологияны қайтадан өзгертіп,
оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту
керектігі туады.
Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз
келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік
шығындарды керек етеді (тура және жанамалық).
Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды
қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып,
жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге
жұмыс істемеген уақыттары үшін төлеу
керек (тиісті қысқартулар операцияларды),
ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына
айыппұл төлеу.
Мұнан туындайтын қорытынды :үйренушілік
шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді
сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға
өндіріске қажетті шикізат, материалдар,
технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан
жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша
капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді.
Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын,
үйренушілік шығынына да іркілмей бара
беретін боласыз.
Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып,
ең бастысы көп уақыт осылай тұра берсе,
сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ
, бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін
тәжірибе толық көрсетіп берді.
5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.
Мультипликаторлық принцип салалардың
өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл
дегенің, мәселен, автомобильге деген
сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық
істеріне керек тауарларға да сұранымды
арттырады: металдар, пластмасса, резина
және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын
білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді
есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады.
Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде
машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі
болса, машина жасаудың технологиялық
байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан
(басқа салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың
мультипликациялық күшті әсерін есептеп
шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға
пластмаса шығарады делік.
Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын
білесіз. Мультипликатор арқылы салалар
арасында байланыстылықты анық көрсетіп,
оны сан жағынан да білдіреді.[2; 67]
Күш беруші саланың мультипликатор арқылы
нәтижесі әр түрлі және әр түрлі уақытта
болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл
шаруашылық техникасы болса, онда мультипликатор
және технологияны жақсы білуіңіз арқылы
толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін,
кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін
есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда
мұны да есептеу қажет болады.
Мультипликатордың күш әсерінің азаюы
сіздің кәсіпорны саласының басқа саладағы
- генераторлық сұраным мен кірісінен
біртіндеп алыстай беруіне қарай болады.
Кейіннен мультипликатордың күш әсері
уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды.
Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда
болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан
түзеуге тура келеді. Өйткенірынок үнемі
қозғалыста болып түрады.
6.Q - принципі
"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы
бағалау мен актив құнын нағыз қалпына
келтіру арасындағы өзара тәуелділік.
Бұл тәуелділіктің көрсеткіш - қатынасы
:
Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы)
/бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу)
күнделікті шығындары.
Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда
инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен
болған сайын, одан әрі тиімді болады).
Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының,
оны салудағы күнделікті құнына қарағанда,
артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады,
өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға
кететін шығындардан ол үйдің рыноктік
бағасының артық болуы.
Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным
бағасы мен ұсыным бағасының өз ара қатынастарына
байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын
(фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға
есептегенде:
Q ═ фирманың барлық биржалық құны /оның
материалдық бөліктерін орнына келтіру
шығындары.
Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу
деңгейінің аз болуы, мемлекеттік реттеушіліктің
көп болуына қарай туады.[16;138-144]
2. Кәсіпорынның инвестициялық
саясаты мен есебі
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық
саясаты
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты олардың
таңдаған инвестициялық стратегиясының
бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау
стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық
қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін
тұлғалайды.
Инвестициялық саясатты әзірлеу барысында
мақсатқа сай, келесі белгілерді сақтау
керек.
Коммерциялық тәуекелдіктің
Мемлекеттік капиталдық салымдарды қаржыландырудағы
шығындар қарастырылады.
Мемлекеттік бюджетте-егер де олар сәйкес
федералдық мақсатты бағдарламаға кеткен
шығыстардың бөлігі болса.
Қазақстан Республикасының субъектілер
бюджетінде егерде сәйкес аймақтық мақсатты
бағдарламаға кеткен шығындар болса.
Мемлекеттік бюджет шоттарынан қаржыланатын
инвестициялық жобаларды әзірлеу, қарастыру
және бекіту сияқты федералдық мақсатты,
бағдарлама мемлекеттік бюджеттің орындалу
есебін көһрсету барысында, бюджеттік
несиелердің өтелу есептері де көрсетіледі.
Бюджетті орындайтын органдар берілген
бюджеттен нестелер жөнінде реестр жүргізеді.
Егер капиталдық салымдар кәсіпорындар
мен корпорациялардың меншік құралдарының
негізінде жүзеге асатын болса, құрылыс
жөніндегі серіктестер қаржылық салымдардың
қаржыландыру шартын және тәртібін анықтайды.
Қазіргі кезде құрылыс салушы кәсіпорындар
өз бетінше инвестициялық бағдарламаларды
жасайды және өткізу үшін қажетті материалдық
және қаржылық ресурстарды үлестіреді.
Кәсіпорынның инвестициялық бюджеті директивті
құжат болып табылмайды, керісінше капиталдық
салымдарды қаржыландыру көздерінің стратегиясын
белгілейді.
Жобаны өткізудің қаржылық жоспары
бизнес-жоспардың басты бөлігі болып табылады.
Ақша ағымдары ағымдағы инвестициялық
және қаржылық қызметтер арқылы анықталады.
Қызметтердің әрбір түрі бойынша есептер
кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының
жыныстануы мен сальдо түсімінің белгіленуімен
анықталады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін
әзірлеу барысында жобаларды өткізумен
байланысты мүмкін болатын тәуекелділіктерді
мақсатты бағалау керек.
2.2 Инвестицияның
түрлері мен есептеу әдістері
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді:
венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік
түрде болады. [Қосымша А]
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік
күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын
термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен
жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция.
Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде.
Венчурлық капитал өзара байланыстары
жоқ жобаларға салынады да,салынатын қаржының
тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның
клиенттердің акцияларының бір бөлігін
сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп,
оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен
жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен
салу жаңа технологияны енгізген ұсақ
инновациялық фирмаларды қаржыландыру
қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға
әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді:
қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол
сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық
деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық
субъектісіне табыс алу үшін және осы
шаруашылық субъектісінің басқару органдарына
қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық
капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін
құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар
мен басқадай активтерді сатып алу болады.
Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық
құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны
болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық
мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы.
Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі
немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар:акциялар,
облигациялар, жыйнақ және депозиттік
сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру
полистер және басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы.
Бұлзейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір
аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс
әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен
сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын
қаржы.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы
қоры қарыздықміндеттемелер шығарады
да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан
болып қалған шығындарын жабуға пайдалана
алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз
қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа
ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін
зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай
қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары
өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру
полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге
ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[2;184]
Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік
жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық
төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның
тиімділігін қалай анықтауға болады?Сұрақтан
сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің
болмағаны ма?
Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс
пайдалану тек оны банкке салып, процент
алу ғана.Осыдан келіп, ең бірінші ережеге
айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі
қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға
және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан
таза пайданы (салықты шығарып тастағанда)
көбірек алғанда.
Инвестициялық шешімге барғанда, онымен
біргеинфляцияны да есепке алу қажет.
Егер, біз жыл аяғында пайданы100.000 теңге
көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы
болатынинфляция қарқынын 10% деп есептесек,
онда нағыз пайда 90мың теңге ғана болады.
Егер инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық
өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл
аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10%
инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті
(15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.
Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық
объектісін салуға 500 мың теңге салатын
болдыңыз. Егер инфляциядеңгейінің болжамы
жылына 8% болады делінгенде, онда сізді
салған инвестицияңыздың тиімді болуы
мына жағдайларға байланысты болады. Егер
жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда,
яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Ондамұндай
әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны
сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау
тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса,
қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.
Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы
салымының басындағы көлемін жобадан
түскен пайда есебінен орнына келтіруге
қажетті кезең.
Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда
яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі,
оған қаржылық шығынды, проценттерді және
амортизацияны қосқандағы.
Пайданың жай нормасына негіз болатыны
пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл
бойынша бір жыл бойына пайдаланылған
пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға
қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік
туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының
көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына
байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:
1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы
инвестициялық шығынға жатқызылған пайда;
2) Таза пайда + жалпы инвестициялық шығынға
жатқызылған амортизация.
Пайданың жай нормасының кемшіліктері
болады:
а) негізге алатын белгілі бір жылды табу
қыйын болады;
б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік
болғанжылдарды есепке алмайды.
Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада
- жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың
базалық сомасының қалай өсетінін есептеп
шығамыз.
Мұндай есептің тәжірибелік мәні: егер
өсу процентін өзгерте алмасаңыз, онда
келешек кірістің көлеміне қажетті болатын
базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы
салынған салым сомасы сізге оңай болмаса,
онда сіз жылма-жылға кірістің процентін
көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше
нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген,
өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.
Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық
сома да, процент те сізге байланысты емес.
Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін
барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз
жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант
бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге
керекті уақытта жете алмасаңыз, онда
бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек
те, инвестицияны басқа біреуіне салу
керек болады.
Мына мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық
сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің
кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу
үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті
өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе
береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін
қанша уақыт керек болады, егер осы соманы
басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін
15% кредитке берсек?
Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен
байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды
күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру
мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі
қиындай түседі.
Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын
есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау,
түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның
іске асуындағы экономикалық тиімділікті
уақытша өзгерістерді есептей отырып,
бағалау керек.Бұл операция шығындарды
дисконттау деп атайды да, мұны әдетте
бірнеше бара-бар варианттарға жасайды,
яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір
уақытқа келтіру процесі.
Дисконттаудың негізі болатыны қандай
да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі
күнінде де объективті пайдалылығы төмен
болады, егер осы соманы айналысқа салып
кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан
соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып
қана қоймай, ол өсе береді.
Дисконттау арқылы қазіргі соманың ақшалық
эквивалентін келешектегі алынатын сомадан
анықтауға мүмкіндік болады. Ол үшін, келешектегі
күткен соманы, күрделі процент ережесі
бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа
азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені
10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір
жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге
х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені
х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100
000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және
тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды
инвестициялауды, одан алынған табыспен
қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс
алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді
қосу" деп айтады да, оны мына формуламен
көрсетеді:
КС = БСх(п + г), мұндағы -
КС - келешектегі ақша сомасы (келешек
құн);
БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;
г - процент төлемі немесе табыс нормасы;
п - табысты қосып есептейтін жылдар саны.
Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді
білу арқылы, осы формула бойынша, осы
ақша сомасының қазіргі кездегі құнын
анықтауға болады, алдыңғыдан шығатын.[17;168]
Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін
керек және қандай пайда келтіреді? Ірі
инвестициядан алғашқы табысты ең кем
дегенде үш-бес жылда ғана алуға болады.
Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған
Қазақстандағы инвестиция инвесторлар
үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар
қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі.
Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі
келетін компанияларға Қазақстан керек.
Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын
қажет.
Бірінші кезекте, шетел инвестициялары
бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін
берік валюта әкеледі.
Екіншісі және шетел инвестициясымен
ере келетіндерің ең маңыздысы - технология
мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған
жұмысшылар жақсы жұмыс істейді де, жоғары
жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың
бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар.
Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне
және шағын бизнестің қанат жаюына өріс
ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса
да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін
нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің
жобасындағы бірінші оқиға болған темекі
комбинатын Филип Морис компаниясының
қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол
әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.
Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан экономикасының
қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.
3.Қазақстан Респулликасының
кәсіпорындарындағы инвестициялық қызметті
қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер
және жетілдіру жолдары
Эконамиканың дамуында жақсы қалыптасқан
ол инвестициялық саясат. Экономикадағы
бағаны ырықтандыру және қайта құру саясатының
арқасында пайда болған 136 аса ірі және
орташа тауар өндірушілердің біріктіретін
индустриялық базаның маңызы зор.
Мәселен, жаңашылдықты пайдалану мақсатында
көптеген ірі жоба іске қосылған. Оның
ішінде: "Алкан Пэкеджинг" жауапкершілігі
шектеулі серіктес (ЖШС), "Райымбек Агро"
ЖШС, "САФ" әйнек компаниясы, "Вимпек"
спирт зауыты, "Ерка" ЖШС, СПаккумулятор
зауыты, "Эфекс Карағанда" Жабық акционерлік
қоғам (ЖАҚ), Ақ жол" ЖШС, "Шамалған
спирт" ЖШС, "Зеленый дом" ЖШС. "Алтын
нан' ЖШС, "Кнауф Гипс Капшағай" ЖШС,
″Қазақстан қағазы" ЖАҚ бәсекеге төтеп
беретін ыңғайда толық қуатында жұмыс
істеуде. Айталық, қазіргі кезде қайта
өндеу кәсіпорындары шығарған өнімнің
көлемі ғасыр басындағы мөлшерден еселеп
артып отыр.
Сондай-ақ жеміс-жидек өндейтін 20 цех пен
зауыт, 5 кант зауыты, 29 сүт өндірісі, 25
шарап зауыты, 12 құс фабрикасы, жугеріні
калибрлейтін 5 өндіріс орны, тағы баска
да кәсіпорындар оны өндіру бағытында
толық қайтарымен жұмыс істеуде. Сол сияқты
Казақстан Рсспубликасының Индустриялық-иновациялық
даму стратегиясы бойынша облыстың кластерлік
өнімдер өндіру жөніндегі ізденістері
де қуантарлық. Бұл тұрғыда көкөніс, жеміс-жидек,
шарап, темекі, сут және құс етін қайта
өндеу мақсатындағы жұмыстар нақгы нәтиже
беруде.
Ұлан-байтақ аймаққа орналасқан облыс
байлығын тізіп айта берсек, ұзақ-сонар
әңгімеге арқау болары анық. Өйткені, өсу
көкжиегі сәт сайын кеңейген көптеген
басқа да салалар аз емес. Соның бірі балық
кәсіпшілігі, балық зауыты, кұрылыс материалдарын
өндіру, шағын өзендерде энергетикалық
нысандар салу аралығы олардың куатты
энергетикалық кешеңдерге баламалық қабілетін
күшейту, ірі караның және үй кұстарының
еті мен ішек-қарын, тағы басқа мүшелерін
қайта өндеу және бұқтыру, сүт, қант, сусын,
ұн, кондитерлік бұйымдарды қайта өңдеу
кәсіпорындарын барынша көбейту де күн
тәртібінен, уақыт ауанынан түспейтін
мәселе.
Ауыл шаруашылығы дегенде, тіл ұшына алдымен
ірі қара, жылқы және кұс, жүгері, қант
қызылшасы, майбұршақ, темекі, картоп пен
көкөніс өсіру және сүт пен жұмыртқа, жүн
өндіру кәсіптері оралады. Өйткені, аграрлық
кешенде көпсалалы, тұрақты 4 жылда орта
есеппен жыл сайын 455,3 мың тонна көкөніс
өсірілгені осының дәлелі. Айталық, Еңбекшіқазақ
ауданында қуаттылығы 20 тонна табиғи шырын
шығаратын ″Ақжол" ЖШС іске қосылды.
Ал "Фуд Мастер Компания" ЖШС "Пике"
сауда маркісімен табиғи жеміс-жидек және
көкөніс шырындары шығарылуда. Сол сияқты
Текелі қаласындағы "Зеленый дом"
ЖШС ұзақ мерзім сақтауға шыдас беретін
сапалы өнімдері де мол сұранысқа ие.
Облыстың жеміс-жидек өсірудегі тәжірибесі
мол. Жеміс ағаштарының, жалпы көлемі 17,2
мың гектарды, оның ішінде күзімдік алқалардың
өзі 4,5 мың гектарды алып жатыр. Соңғы жылдары
алманың ежелг ″Апорт'" сортын қалпына
келтіру қолға алынды. Сондықтан, Алматы
облысының өз атынаа лайық дүниежүзіне
даңқы жайылатын кезі де алыс емес екендігіне
сенім мол. Бұл бағытта, Қарасай, Жамбыл,
Іле, Еңбекшіказақ, Талғар аудандарындағы
бағбандар еңбегі үлгі, етуге тұрарлық.[22;24-26]
Жүзім шаруашылығын дамытуда да жақсы
істер бар. 4,5 мың гектарға жуық алқапты
осы жеміс ағашынан жасалатын сапалы жүзім
шарабы ауыл шаруашылығының тиімді буындарының
қатарына жатады.
Облыстағы қаржылық саланы дамытудың
тағы бір көзі — туризм. Табиғат таңғажайыпоблыстарымыздың
тау-тасы, өзен-көлі, таза ауасы кімді болса
да тамсандырмай қоймайды. Өйткені шөл
дала мен мәңгі қарлы шындары бар 5 климатық
аймақтың өзіндік ерекшеліктерін айтып
жеткізу мүмкін емес. Ежелден бері Талгиз,
Алмалық, Құйған, Қойлық, тағы басқа атақты
елді мекендері болған байсын өлкеде қазір
Алматы, Алакөл мемлекеттік қорықтары
мен Іле Алатауы, "Алтынемел" табиғи
парктері бар. Шынында да бір кездері көршілес
Қытайдан шыққан Жібек жолымен Жетісу
арқылы Түркия және Еуропа елдерін шарлауға
мүмкіндік беретін киелі жерімізде тарихи
орындар қаншама десеңізші.
Облыс Қытай мен Орталық Азия республикаларының,
Ресей мен Қырғыстанның және Тәжікстанның
арасындағы қолайлы көлік дәлізі ретінде
де үлкен маңызға ие. Достық темір жол
бекеті және Қорғас автокөлік жолдары
арқылы Қытайға және одан әрі әлемнің
басқа да елдеріне қазақстандық тауарлар
экспортка еш кедергісіз шығарылады. Көліктік
логистикалық қызмет көрсетулер кластерін
дамытудың аясында Алматы қаласының "Достық''
бекетінін; жол желілерінде ірі көліктік-логистикалық
орталықтар кұру көзделіп отыр.
Инвестиция салымдар құрылысқа жұмсалған
қаржының үлсс салмағы басым 61,2 пайыз.
Жаңарту және техникалық қайта жарақтау
жалпы инвестиция көлемінің 28 пайызын
құрайды.
Қазақстанның интеллектуалдық және рухаи
потенциалдығын негізі болып саналатын
білім жүйесі туралы қазіргі заманның
талабына сай жалпы ұлттық жоспар қабылдап,
әртүрлі тәжірибелерді тоқтатып, оларды
реттейтін уақыт жеткен сияқты. Толыққанды
білім жүйесіне мүмкіншілік беретін экономикалық
- ұйымдастыру тетіктерін жетілліру - мемлекет
алдында тұрған үлкен міндет. Бұл мәселеде
бюджеттің әлеуметтік салаға үлесін көтеріп
қана коймай, бюджеттен тыс қаржылаидыру
мүмкіншіліктерін жетілдіру қажет. Осы
орайда инвестицияның орны ерекше. Еліміздегі
үлкен-үлкен коммерциялық компанияларды
бұл мәссле бойынша жоспарлары болып олардың
жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан бақыланып
отырылуы керек. Мұндай оңтайлы процесті
одан әрі дамыту үшін Қазақстан экономикасындағы
шынайы жағдайды сараптап, инвестициялық
процестін даму стратегиясын жасау кажет.
Ең бастысы, бұл стратегия алдымен салаға
инвестиция жүмсаумен жене шаруашылық
инвестициясынан түсетін кайтарым мен
ерекшеленуі керек. Инвестициялық іс-әрекет
әлеуметтік факторларды ескере отырып
реттелінбесе онда ол жалпы дағдарысқа
апаратын негзігі себептердің біреуі
болып табылады. Сондықтан да экономиканы,
соның ішінде инвестицяны әлеуметтік
тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік
және экономикалық" кұрылымдарды қатар
қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана
дағдарыстан ептеп құтылуға болады. [Қосымша
Д]
Әрине, экономикалық және әлеуметтік тиімділіктерді,
дегенімен де олардың нақты қырларын айқындап,
нәтижелерін қадағалап отыру қажет. Сонда
ғана инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық
саланың құрамдас бөлігі ретінде өз міндеттерін
атқарып отырады.[22;18-19]
ҚОРЫТЫНДЫ
Инвестициялық саясатты жүзеге асыру
арқылы кәсіпорын иновациялық жетістіктерге
жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ
мерзімді қаржыландырудың бірден бір
қайнар көзі болып табылатын инвестициялар,
лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады.
Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық
саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы
бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен
күнге өз мәресіне жетуде.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім:
Кез-келген істі бастау үшін міндетті
түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың
көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың
амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы
банктердің, қаржылық институттардың,
кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді
қаржыландыру көздерінің басқарылуын
жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін
кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру
шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың
ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры
қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады?
Олардың әдістері мен бағыттары қандай?
Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ
шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының
жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі
мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері
негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік
алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді
құруға дамыған елдердің банктерді белсенді
қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық
банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен,
бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.
Екінші бөлімде мен кәсіпорындағы инвестиция
туралы саясатты сараладым. Инвестиция
есебін анықтадым.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ