Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 18:00, реферат

Описание работы

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел . Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болу жолында

Работа содержит 1 файл

Реферат.doc

— 114.00 Кб (Скачать)

Реферат

Тақырыбы: Халықаралық  қаржылық есеп стандарттарын қолдану  кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері  

Қазақстан бүгінгі  таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел . Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болу жолында [1].

Еліміздегі үрдіс  пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы  ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын ролі зор.

Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі  құралдарды есепке алу проблемасы қолданыстағы негізгі құралдарға амортизацияның толық саласы есептелген болса, бұл жағдайда қаржы есептілігінің дұрыстығына оның салдарының әсерін ескере қарау керек.

Ал негізгі бөлімінде  негізгі құралдар есебін талдауға және негізгі құрал есебін жетілдіру  жолдарына арнадық. Жетілдіру жолында  негізгі құралдың жақсаруына жағдай жасайтын ұсыныстарды ұсындық.

Кәсіпорында негізгі  құралдардың есебі №16 ХҚЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі  құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін  анықтайды.

Негізгі құрал-жабдықтардың құны бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, және қалдық  болады.

Бастапқы тарихи құны - негізгі құралды сатып алуға  немесе салуға кеткен нақты өндіріс  шығындарынан, соған қоса өтелмеген  салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып  алу кезінде төленген, баж салығы), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады [9].

Негізгі құралдардың  бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша  салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін [10].

Ағымды құн —  бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн —  бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған  тозу сомасын алып тастағандағы негізгі  құралдардың бастапқы немесе ағымдық  құны.

Сату құны — бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың тараптардын негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

Жою құны — тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі  құралдарды жою кезінде пайдалану  мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық кұндылықтардың құны.

Негізгі құралдардың  нақты бар-жоғын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау  мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып оқтын-оқтын негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.

Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгелдеу жүргізіледі.

Негізгі құралдарды қайта бағалау 16 ХКЕС сәйкес, негізгі құралдың бастапқы құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі, содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады. Әрекет етіп тұрған нормативтік актілерге сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъектілер заңмен ұштастырылған негізгі құралдардың индексациялауының ережесі мен тәртібі туралы дербес шешім қабылдай алады. Қайта бағалаудың барысында негізгі құралдардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты ағымдағы (нарықтық) құны мен тозу дәрежесі туралы дәл және толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында өте маңызды роль атқарады. Және ол негізгі құралдарды белсенді түрде жаңартуға қажетті инвестициялық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Негізгі құралдарды қайта бағалау техникалық дамуын есепке ала отырып, амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заман талабына сай ұдайы өңдірісті жетілдіруге қажетті жағдайларды жасап, негізгі құралдарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады [2].

Әділ баға: нарыктағы  бағасы бойынша немесе дисконтталған  құн бойынша есептелінуі мүмкін.

Дисконтталған құн  бойынша есептеген кезде ад1л  багасын өте аз деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын есіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін қолданады.

Нарықтық экономика  өрістеуіне байланысты қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттарға біртіндеп көшіріліп келеді.

Негізгі құралдар есебі  бойынша неғұрлым жиі қойылатын  сұрақтар – бұлар негізгі құралдарды активтердің топтары бойынша  топтапстыру, жою құнын анықтау  туралы және негізгі құралдарды әділ құны бойынша бағалауды кімнің жүргізуі тиіс, яғни ХҚЕС – на көшу кезінде осы мәселелердің қалай шешілетінін қарастырайық. Негізгі құралдардың анықтамасы екі стандартта да сай келеді, ал негізгі құралдарды сыныптар бойынша топтастырған кезде 16-ХБЕС-да: ғимараттар, беріліс құрылғылары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар топтарының жоқ екенін көріп отырмыз.

16-ХБЕС-ның 9-тармағында: «Осы стандарт тану бірлігін, яғни негізгі құрал объектісін  ненің құрайтынын нұсқамайды. Осыған  байланысты ұйым тұрған нақты жағдайларға тану критерийлерін қолдану кәсіби тұжырымдауды талап етеді» делінген. Осы топтарды не істеу керек екенін шешу үшін бұл топтардың құнына ненің кіретінін еске түсіріп көрелік.

Ғимараттарға мақсаты  еңбек құралдарын өзгертумен байланысты қандай да бір техникалық функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасау болып табылатын инженерлік-құрылыс объектілері жатады. Инвентарлық объекті болып оны бір тұтасты құрайтын барлық қондырғыларымен бірге әрбір жеке ғимарат саналады. Мысалы, жылу станцияларына қызмет көрсететін ғимараттар ( түтіп құбырлары, жүктемені азайтушы қондырғылар кірме есік эстакадалары), темір жолдар, дамбалар, бөгендер, қоршаулар және т.б.

Беріліс құрылғыларына оның көмегімен электрлік, жылулық немесе механикалық энергия қозғалтқыш-машиналардан жұмысшы машиналарға беру, сондай-ақ сұйық және газ тектес заттарды бір инвентарлық объектіден басқасына беру жүргізілетін құрылғылар жатады, мысалы, электр берілісінің әуелік желілері, құбыр өткізгіштер және т.б. Электр желілері бойынша инвентарлық объектілер, мысалы, электр станциясының бөлу құрылғысынан қабылдайтын ішкі станциялардың бөлу құрылғыларына дейінгі желілері болып табылады. Инвентарлық объектінің құамына мыналар кіреді: әуе желілерінің тіректері мен іргетастары, өткізгіштер, ілінбелі изо-ляторлар, қорғаныстың барлық заттары, клеммалар және басқа бекіткіш материалда, сонда-ақ үлкен өзендерден барлық өту жолдары мен басқа заттар.

Өндірістік құрал-сайманға және керек-жарақтарға жұмыс кезінде  өндірістік операцияларды жеңілдететін өндірістік мақсаттағы заттар еңбекті қорғауға ықпал ететін; сұйық және төгілгіш заттарды сақтауға арналған сыйымдылықтар; сауда шкафтары мен стеллаждары; инвентарлық ыдыстар; жұмыс машиналарын жатқызыла алмайтын техникалық заттар [19].

Негізгі құралдардың  осы тобында ескерілетін инвентарлық  ыдысқа ыдыс ретінде ұзақ уақыт пайдаланылатын және өндірістік сипатпен үздіксіз байланысты өндіріске қызмет көрсетуші заттар; материалдарды жинау және уақытша  сақтау, өнімді кәсіпорын ішінде жылжыту үшін қажетті және сауда ыдысы болып табылмайтын контейнерлер немесе заттар жатады. Өндірістік қажеттілік тобы бойынша инвентарлық объекті дербес мағынасы бар және қандай да бір басқа инвентарлық бөлігі болып табылмайтын заттар ғана бола алады:

жиһаз және инженерлік жабдықтың құрылысы салынатын элементтері.

офис жабдығы жаңа топтар болып табылмайды, олар 6-ҚБЕС бойынша «Шаруашылық құрал-саймандар» тобына кірген еді.

16-ХБЕС-да көрсетілген  «жиһаз және инженерлік жабдықтың  құрылысы сапынатын элементтері; офис жабдығы» топтары 6-ҚБЕС-да қолданылып жүрген «шаруашылық құрал-саймандары» тобынан «шығып қалды», яғни ешқандай жаңасы жоқ, бурын болған топ бұзылды. Ал жоғарыда көрсетілген үш топты өз анықтамалары бойынша басқа топтардың құрамына жатқызуға болмайды. Бұл топтар салық топтарының құрамында және негізгі құралдар топтарын жіктеушіде аталғаң демек, олар кәсіпорынның есеп саясатында да болуға тиіс. Арнаулы әдебиетте өндірістің ерекшелігіне қарай жою құны 0.1%-тен 0,5%-ке дейін болады деп жазылады. Кәсіпорынның есеп саясатында жою құнының мөлшерін қалай анықтау керек? Ол үшін кәсіпорында соңғы 2-3 жылда негізгі құрал объектілерінің есептен шығарылуына талдау жасау және есептен шығарылатын объектілердің құнынан нақты орташа процент алынған қосалқы сынықтарды, қалдықтарды және жою шығындарын,

Іс жүзінде активтің жою құны көбінесе елеусіз болады. Ондайда бұл фактіні есеп саясатында былайша көрсету қажет: «Активтің  жою құнының елеусіз болуына  байланысты амортизацияланатын құнды  есептеу кезінде ескерілмейді және нөлге теңестіріледі»[3.

Егер кәсіпорын  өзінің есеп саясаты ретінде әділ құны бойынша есепке алу әдісін таңдап алса, оларды танығаннан кейін негізгі  құралдарды сарапшылар анықтау керек.

16-ХБЕС-ның 32-тармағында  былай делінген «Жер учаскелерінің  және үйлердің әділ құны, әдетте, бағалау жолымен нарықтық индикаторлардың негізінде анықталады, оны көбінесе кәсіби бағалаушылар жүргізеді. Машиналар мен жабдықтардың әділ құны болып бағалау жолымен анықталатын нарықтық құны саналады» Туындайтын сұрақ- кәсіпорын қайта бағалауды өзі жүргізе ала ма, әйткені 16-ХБЕС-да машиналар мен жабдықтардың құнын бағалауды кімнің жүргізетіні тікелей айтылмаған ғой? Теория жүзінде, бәлкім, мүмкін болар, бірақ іс жүзінде болмайды. Оның себебі мынадай.

Материалдық активтерді бағалау әдістемерін білу қажет. Оны қысқаша былай айтуға болады: материалдық активтерді бағалау кезінде әдетте дәстүрлі үш тәсілі - нарықтық, шығындық және табыстық тәсілдері қолданылады. Нарықтық (салыстырмалы) тәсіл кезінде объекті құнын есептеуге өзінің тұтыныстық қасиеттері бойынша жақын объектілермен жасалған мәмілелердің бағасы негіздеме болады. Егер осындай меншікті сату бойынша статистика жеткілікті болса, онда осы әдісті пайдалану қажет.

Шығындық тәсіл  кезінде құн көрсеткіші ретінде  объектінің тұтыныстық қасиетін алмастыруға қажетті шығындар көлемі пайдаланылады, яғни объектіні бағалау үшін мақсаты мен сапасы бойынша ұқсас басқасын салу немесе сатып алу құнынан көп болмайтын соманы төлемеу үшін қажет. Шығындық тәсіл бұрынғы қаржылық салымдарға негізделеді және өндірісті дамыту келешектерін айқындамайды. Бизнестің болашағы болмауы және оны дамытуға жұмсалған шығындарды нарықты жете бағаламайтын жағдайы болуы мүмкік. Табыстық тәсіл мөлшері өзгертілмеген болып саналатын табысты капиталдандыруды, сондай-ақ күтіліп отырған болашаққа табыстың ағынының ағымдағы құнын анықтауды көздейді. Бұл тәсіл сатып алынатын бизнестен болашақта пайда табуды күту қағидатына негізделеді. Табыстық тәсіл кезінде ақша қаражаттарының ағынын дисконттау әдісінің қолданылуы да мумкін[21].

Көріп отырғанымыздай, үш тәсілден басқа олардың қандай жағдайларда пайдаланылатынын білу керек. Сондықтан мүлікті өз бетіңізше бағалауға тырыспай, ол үшін осы саладағы бағалаушы мамандарды тарту керек.       

 Бухгалтерлік  стандарттар тұрғысынан қаржы есептілігінде жарамды және шаруашылық қызметінде пайдаланатын негізгі құралдардың баланстық құнының болмауын дұрыс деп санауға болмайды. Егер бухгалтерлік есеп реформаланға дейін мұндай жағайларға жол беріліп келген болса, бухгалтерлік есеп стандарттарын қабылдағаннан кейін нақты алғанда мұндай оқиғалар оларды тіпті қаралмаған.

Қаржы есептілігінің  халықаралық стандартында мұндай аутқулар тікелей қаралмаған. Егер олар іргелі сипатта болса, ХҚЕС бойынша қаржы  есептілігіне түзету енгізілуін қажет  етеді.

Қолданыстағы негізгі құралдарға амартизацияның толық сомасы есептелген болса, бұл жағдайды қаржы есептілігінің дұрыстығына оның салдарларының әсерін ескерте қарау керек. Амортизация калькуляторға, принтерлерге, телефон апараттарына және тағы толтырылып толық есептелінген жағдай бір басқа да тозу негізгі құралдар объектілеріне толық есептелінген жағдай бір басқа.     Бірінші жағдайда бұл қаржы есептілігі үшін елеусіз екені түсінікті, екінші жағдайда, аталған негізгі құралдар өндіріске тікелей қатысатынын ескерсек, ондай ауытқулар өнімнің өзіндік құнның қалыптастыруына түрде ықпал етуі мүмкін. Нәтиже - өнімнің өзіндік құнын бұрмалауы және, тиісінше, кіріс пен шығыс туралы есеп деректерінің дәлме –дәл болмауы[4.

Информация о работе Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері