Есеп беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2012 в 12:07, реферат

Описание работы

Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады.

Содержание

КІРІСПЕ---------------------------------------------------------------------------------------3

І. КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ-------------------------------------------5

1.1 Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары және олардың қаржысын ұйымдастыру-------------------------------------------------------------------5
1.2 Кәсіпорындардың өзін - өзі қаржыландырудың сипаты мен мәні----9
1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер-------------------13

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ТАЛДАУ---------------------------------------------------------15
2.1 Кәсіпорындардың қызметін қаржыландырудың ерекшеліктері------23
2.2 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары-28



ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------------30
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------------------------------------------32
ҚОСЫМША--------------------------------------------------------------------------------33

Работа содержит 1 файл

Есеп беру..doc

— 145.00 Кб (Скачать)

    •   экономикалық дамуды зерттеу;

    •  жалпы   халық   шаруашылығы   саласының  жұмыс істеуін   және   жекелеген   кәсіпорындарды  (фирмаларды) зерттеу;

    •  экономикалық  саясаттың  негізгі  принциптерін  алдын ала әзірлеу.

    Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп ғана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбек қорларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.

    Өндіріс, кәсіпорынның барлық жұмыс қызметін сипаттау және түсіндіру — «Кәсіпорын экономикасы» пәнін зерделеу болып  табылады. Өндірістік қызметтердің заңдылығын түсіну негізінде нақтылы өңдірістік мақсаттарды іске асыруда шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік туады.

    Кәсіпорын экономикасының даму негізінде қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару —  бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.

    Қазіргі кезде кәсіпорынның мәртебесі, оны  құрудың тәртібі мен жойылуы, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.

    «Кәсіпорын  экономикасы» бағамын зерделеуде, оның негізгі міндетін тұжырымдау қажет. Олар анықталатын екі ережемен еріксіз  қабылданады және оның мәні мынада:

    •   кәсіпорын   меншік   нысанына   және   салалық   құрамында   болуына  қарамастан  бірінші  буыны  халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады,   ақырғы   соңында   кәсіпорынның   тиімді жұмыс    істеу    деңгейі    жалпы    халық    шаруашылығының   даму   деңгейі   мен   халықтың   әл-ауқатының деңгейіне байланысты болады;

    •  нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылық тетігін  жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына   жаңа   нысандар   енгізуді,   атап   айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес-жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. қажет етеді. Осыған  сәйкес  пәннің  негізгі   мақсаты   мына   төмендегілерден тұрады:

    • кәсіпорындарда әрекет ететін шаруашылық тетіктерінің негізгі элементтерін қарау;

    •   алдын   ала   анықтайтын   нарықтық   экономиканың талаптарына   сай   шаруашылық   жүргізудің   жаңа нысандары мен әдістерін кеңінен енгізу;

    •   меншіктің   әр   түрлі   нысандарындағы   кәсіпорын экономикасы   мен   ұйымдастырудың   ерекшеліктерін зерделеу;

    Кәсіпорын экономикасы және басқа да экономикалық ғылымдармен байланысты.

    Қайбір  кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы зкономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан — өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс Сонымен ол шаруашылық процесін  ретіндегі қарайды.

    Кәсіпорын экономикасы микро- және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын зкономкалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Микроэкономика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін талай тағайындайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, т.б. зерделейді Ол кәсіпкерлік қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің ұйымдық нысаны және құқықтың негізі, фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жұмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.

    Микроэкономикалық талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы  және өндірісті ұйымдастыруды зерттеу

болып табылады.

    Макроэкономика — бұл экономиканы бірыңғай тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық процестерін қалыптастыруды зерттейді. Мұнда сұраныс - белгілі баға бойынша тұтынушылар сатып алудағы дайын тауар саны, ал ұсыныс — бұл тауарды және қызмет көрсетуді жеткізу.

    Макроэкономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді, үкіметтің бюджет саясатының ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы дамытуға ықпалын, инфляцияны, жұмыссыздық деңгейін және т.б. талдайды.

    Макроэкономикалық талдау деңгейі жалпы экономика бойынша немесе олардың құрамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерделей отырып, макроэкономика экономика кұрылымының жалпы көрінісін және халық шаруашылығының салалар арасындағы  өзара  қатынастарын  көрсетуге өзінің алдына мақсат етіп қояды.

    Әр  елдің ұлттық экономикасы макроэкономика деп аталады. Қазақтың макроэкономикасы аралас экономика болып табылады. Аралас экономикада экономикалық механизмдер кеңінен пайдаланылады, себебі мемлекеттік емес кәсіпорындарды макродәрежеде басқару қажеттілігі және микродеңгейде ұйымдастыру және басқару рөлінің өзгеруі экономикалық механизмін кеңінен пайдалануды талап етеді. Өйткені, аралас экономикада өндірістің өнім көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, қандай және қайда қызмет көрсету қажеттілігін рынок анықтайды.

    Сонымен, кәсіпорын экономикасы дербес экономикалық пән болып табылады, пәннің мән-мағынасын зерделеу кәсіпорынның іс-әрекетін, әзірлеу процесін және шаруашылық шешімдерін қабылдау.

    Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді.

    2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша  республикадағы 372 мыңнан астам шағын  кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс істейтіндері  — 329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік  саласында жұмыспен қамтылғандардың саны — 1,4 млн. адамды құрайды.

    Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін  төлем 33,7 млрд. теңге құраса, 2000 жылы — 45,9 млрд. теңгеге жетті.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан  Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті  дамыту мен қолдаудың 2001—2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»  бекітілді. Оның басты мақсаты шағын  кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады. 

    Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айкындалған  және олар мыналар:

    • халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
    • қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;
    • шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
    • шағын   кәсіпкерлікті   ақиқаттық   қамтамасыз   ету /жүйесін   жетілдіру   және   дамыту   арқылы   шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің  тұрақтьг  қызметі  үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.

    Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы  — бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бүгін қол жеткізуде    істерін   ұнататындьқтары   және   бұған   бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.

    Сонымен,  жоғарыда  баяндалғандай  экономиканың  жаңа  жағдайындағы  рынокқа  өтуінде  шағын  кәсіпорындар «жанама»   өнім   ретінде   болмайды.   Олар   еліміздің  ажырамайтын  саяси-экономикалық жүйенің  бөлігі  болып  табылады.   Біріншіден,   нарықтық   қатынастардың   тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар   жүйесінде   тартылады;   екіншіден,   рыноктық жағдайда  олар  қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең  мамандандыруда   іске  асыруды   және  өндірісті   тармақтанған корпорацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық   тиімділігінің  болуы   мүмкін  емес.  Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді   өсуіне   үлкен   ықпал   етеді;   үшіншіден,   шағын кәсіпорындар   рөлінің   өзгеруі   орта   және   ірі   кәсіпорындардың қызмет етуіне көмек болады. 

    2.2 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары

  Ұзақ мерзімді және экономиканы дамытудың көптеген өзекті мәселелерін шешуге бағытталған құжат – ол «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2030 жылдарға арналған стратегиясы». Ол Елбасының 2003 ж. 17 маусымдағы №1096 Жарлығымен бекітілген. Бұл стратегияны әзірлеумен алғашқыда Индустрия және сауда министрлігі шұғылданды, кейіннен оны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Индустрия және сауда, Білім және ғылым, Көлік және коммуникация, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы министрлігімен, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттік пен, Ұлттық Банкпен бірлесе отыра әзірледі. Бұл стратегияның мақсаты – шикізаттық бағыттан кетуге жағдай тудыратын экономика салаларын диверсификациялау жолымен елдің орнықты дамуына жету, ұзақ мерзімді тұрғыда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайды дайындау. Алға қойған міндеттердің кейбірін атап өтсек; олар, өңдеуші өнеркәсіпте жылдық орташа өсу қарқынын 8-8,4 пайыз көлемінде қамтамасыз ету; еңбек өнімділігін 2015ж. 2000 ж-мен салыстырғанда кемінде 3 есеге өсіру және ІЖӨ -нің энергиялық қамтамдылығын екі есеге азайту.

        Стратегияны жүзеге асыру үшін  инвестиция түріндегі шығынның көлемі жылына 1,2 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде, мемлекеттік шығын жылына 260 млн. АҚШ доллары мөлшерінде болады деп болжамдалуда.

     2015 ж. дейінгі Қазақстан экономикасының  Индустриалды – инновациялық  даму стратегиясының мақсаттары  мен міндеттеріне  сәйкес  экономиканың шикізаттық емес  секторындағы, әсіресе өндіру өнеркәсібіндегі жаңғырту жолында  туындайтын  бірінші және басты  қиындық – бұл негізгі  капиталдағы инвестициялардың тапшылығы.

        Қазақстан экономикасындағы  инвестициялық   ресурстар аз әрі көп, сондықтан капитал рыногындағы жағдайды  қысқаша түрде «молшылық кезіндегі тапшылық» деп сипаттауға болады. Ішкі жалпы көлемдегі қорлар кез келген  елдегі  инвестициялық ресурстардың негізгі көзі  болып табылатындығы белгілі. Қазақстанда олардың мөлшері  әзірше ІЖӨ 24 % артпайды,  бұл - әлемдік рыноктың қолайлы  конъюнктурасында. Оңтүстік Шығыс азия елдеріндегі экономиканың жедел  өсуі үшін бөлінген қорлардың мөлшері  ІЖӨ 32 – ден 47 % дейін жетеді. Егер теңгерімді  экономикада қорлардың  мөлшері  жинақтардың мөлшеріне тең болуы керек болса, бірқалыпты жеделдетілген қарқын болғанда да,  яғни 5 – 6 % болғанда, бұның экономика  өсуін қамтамасыз  ету үшін жеткіліксіз екендігі өзінен - өзі түсінікті де. Елде қорлардың мөлшері ІЖӨ 33 – 35 % шегіндегі болуы керек.

          Бірақ шикізат секторының кірістеріне  әртүрлі  жеңілдіктер мен преференциялар  беру арқылы, трансфертті және  демпингті экспорт бағаларын  қолдана отырып, ҚҚС кері қайтару  есебімен роялти төлеумен, т.б.  қатар салықтар салынады. Оның  үстіне Қазақстан аз мөлшерде   жол берілмейтін ренталы төлемдерді  бюджетке алады. Мысалы, мұнай компанияларының үстеме  пайдасына  24 % ставкалы  салық салынады, ал  көптеген  елдерде 80 % дейін,  ал жекелеген  елдерді үстеме пайданың  тіпті 90% дейін мемлекеттік бюджеттің пайдасына алынады. Шынында, шикізат секторының кірістерінің бір бөлігі негізгі  капиталдың инвестицияларына, бірақ негізінен тура  сол шикізат секторын  дамытуға  түрлендіріледі. 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

    Сонымен, курстық жұмыста  бірлескен кәсіпорындардың  қаржысын ұйымдастыру  мәселелері қаралды. Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, фирмалардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерімен қаржы службалары жүзеге асырады.

Информация о работе Есеп беру