Ел экономикасының қазіргі өсу кезеңіндегі мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы сауданың рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:48, реферат

Описание работы

Қоғамдық өнімнің тауар түрінде сатып алу-сату немесе тауарлық-ақшалай айырбас арқылы өндіріс саласынан шығу сәтінен бастап тұтыну саласына өткен кезге дейінгі барлық қозғалысы тауар оралымы болып табылады. Тауарлық-ақшалай айырбас негізіндегі өндіріс пен тұтыну аралығындағы экономикалық байланыс тауар оралымының жеке нысаны мен түрі ретінде сауданың ел экономикасының жеке дара саласы болуы объективті қажеттілік пен мақсатқа сәйкестіктен туындайды.

Работа содержит 1 файл

Ел экономикасының қазіргі өсу кезеңіндегі мемлекетіміздің әлеуметтік.doc

— 52.00 Кб (Скачать)


Ел экономикасының қазіргі өсу кезеңіндегі мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы сауданың рөлі

              Қоғамдық өнімнің тауар түрінде сатып алу-сату немесе тауарлық-ақшалай айырбас арқылы өндіріс саласынан шығу сәтінен бастап тұтыну саласына өткен кезге дейінгі барлық қозғалысы тауар оралымы болып табылады. Тауарлық-ақшалай айырбас негізіндегі өндіріс пен тұтыну аралығындағы экономикалық байланыс тауар оралымының жеке нысаны мен түрі ретінде сауданың ел экономикасының жеке дара саласы болуы объективті қажеттілік пен мақсатқа сәйкестіктен туындайды.

              Сауда тауарлар оралымының маңызды түрлерінің бірі ретінде тауар өндірушілер мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасында, тауарлық ұсыныстар мен сатып алушылар сұраныстарының арасындағы делдалдық қызмет көрсетеді және ішкі базардағы халық тұтынатын тауарлар оралымының барлық сатыларын қамтиды. Сауда жүйесін ұйымдастыру түрлеріне сәйкес халық тұтынатын тауарлар саудасы: көтерме сауда және бөлшек сауда болып бөлінеді. Олар тұтыну заттарының тауарлық оралым жүйесінің бірлігімен өзара байланысты. Бірақ айта кету керек, көтерме және бөлшек сауда тауарлық оралым жүйесін тауарлардың өндіріс саласынан тұтыну саласына қозғалу жүйесінің әртүрлі сатысында жүргізгендіктен, олардың көрсететін қызметтері, нақты мақсаттары мен міндеттері және тауар қозғалысын ұйымдастырудағы рөлі әр түрлі.

              Көтерме сауда тауарларды ірі партиялармен өндірістік тұтынуға, өңдеуге немесе келешекте халыққа сату үшін үзіліссіз жеткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Көтерме сауданың объективті қажеттілігі көп жағдайда өндірістік кәсіпорындарының тұтыну орындарынан алыс орналасуы, тауар өндірудің бір бағыттылығы мен мерзімділігінен туындайды, сондай-ақ еліміздің жекелеген аудандарының табиғи-климаттық және көліктік жағдайларына байланысты тауарлар өндіріс орындарынан тікелей тұтыну саласына түсуі мүмкін емес. Сондықтан көтерме сауда өндірілген халық тұтынатын тауарларды өндіріс орындарынан тұтыну аудандарына жеткізетін барлық күрделі жүйені ұйымдастыруға арналған.

              Бөлшек сауда тауарларды жеке тұтыну мақсатында тікелей халыққа қолма-қол есептесу арқылы немесе басқа тұтынушыларға шағын көтерме оралым ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы сату жүргізеді, сонымен тауарлар біржолата сатылып, сатып алу мен сату актілері нәтижелерінде олар оралым саласынан тұтыну саласына түседі.

              Сауда ел экономикасының тіршілікке қажетті салаларының бірі болып, халықпен, олардың халық тұтынатын әр түрлі сапалы тауарларға деген материалдық және мәдениеттік қажеттілігін қанағаттандырумен күнделікті және өте тығыз байланыста. Сондықтан ол барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. Сауданың бұл рөлі халық тұтынатын тауарларды өндірістен тұтынушыларға жеткізу туралы өзінің негізгі, ең маңызды міндеттерін орындауда көрінеді.

Бұл міндеттерін орындау үшін сауда ел экономикасының көптеген салаларымен бірлесіп қызмет етуі керек, себебі оның тауарлық ресурстары жеңіл, тамақ, ет-сүт, балық және тағы басқа өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылық өнімдерінен құралады. Өнеркәсіппен қарым-қатынас жасау барысында сауда тауарларды жеткізіп тұруға тапсырыс пен мәлімдеме беру және көтерме жәрменкелерде жасалған сауда мекемелері мен өнеркәсіпорындары арасында шаруашылық келісім-шарттары арқылы өндірісті өркендетуге, тауарлардың сапасын жақсарту мен олардың түр-түрін ұлғайтуға белсенді ықпал жасайды.

              Өндіріске ықпал жасай отырып, сауда тұтынушыларға ең қажетті жоғарғы сападағы тауарларды кең ассортиментте сатып, олардың әр түрлі, әсерлі өсіп келе жатқан төлеу қабілеттілігі бар сұранысын қанағаттандыру мен халықтың материалдық және мәдениеттілік өмір деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызады.

              Ең маңызды міндетін – тауарларды өндірістен тұтынушыларға жеткізу-орындау үшін сауда тауарларды сатып алу, тасымалдау, сақтау, өңдеу, сұрыптау, буып-түю және сатумен байланысты саудалық-ұйымдастыру, өндірістік және басқа да шаруашылық операцияларын орындайды.

              Тауарларды өндірістен тұтынушыларға (сатып алушыларға) жеткізу барысында сауда арқылы екі біршама дербес және уақыт кеңістікте тауарлық-ақшалай айырбастың табиғи-заттай және ақшалай түріндегі бір-бірінен бөлек екі акт жасалады: тауарларды сатып алу (А-Т), бұл сауда мекемелерінің тауар өндірушілерден оларды сатып алуды көрсетеді; және тауарларды тұтынушыларға сату (Т-А). Бұл актіні жүргізу негізінде құнның ақшалай түрінен тауарлық және қайта ақшалай түріне (А-Т-А) ауысуы болады және халық тұтынатын тауарларды өндіруге жұмсалған қаржылардың оралымының үрдісі аяқталады.

              Өндіріс пен тұтыну арасында делдалдық қызмет көрсете отырып, сауда халық тұтынатын тауарларды сатып алушыларға (тұтынушыларға) жеткізіп, оларға қажетті қызмет көрсетіп және тауарлық-ақшалай айырбас жасап қана қоймай, сондай-ақ өндіріске ықпал жасайды, оған тұтынушылар үшін қажетті сапалы тауарлар шығаруға түрткі болады, тауарлық ұсыныс пен төлем қабілеттілігі сатып алушылық сұраныстың қалыптасуына белсенді қатынасады және оларды нарықтық келісімге әкеледі.

              Сауданың жұмыс істеуінен халық тұтынатын тауарлар шығаратын өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларының табысты дамуы тікелей, ал олар үшін шикізаттар, материалдар, жабдықтар, электр-қуаты, отындар және т.б. жеткізіп тұратын салалар жанама байланыста. Егер саудаға түскен тауарлар тұтынушылардың төлей аларлық сұранысына сәйкес келсе және оларды жеткізу және сату жақсы ұйымдастырылса, онда тауар шығарушы мен сауда өздерінің тауарларды шығару мен айналымына кеткен қоғамдық қажетті шығындарының кідіріссіз ақшалай орнын толтырады да, сатылған тауарлардың құнына кірген таза табыс алады. Нәтижесінде өндіріс пен сауданың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа тауарларды шығаруды қайта бастауға және базаларды әртүрлі тауарлармен толтырудың экономикалық негіздері жасалады.

              Мемлекетке халықтың қажеттілігі олардың ақшалай табыстарына сәйкес қанағаттандырылуы және қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін шығындарының орнын толтыру қажет. Халықтың сұранысын бағалай және жинай отырып, тауарларды сату мен тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыра отырып, сауда халық тұтынатын тауарларды шығаратын экономика салаларының үдемелі дамуы мен халықтың қажеттілігін жақсы қанағаттандыруды экономикалық ынталандыру үшін мемлекеттің қолындағы ең белсенді экономикалық құралы болады.

              Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын орындауда сауданың рөлі тағы да оның елдің ақша айналымы және қаржы жүйесімен тікелей өзара байланысымен анықталады.

              Ұлттық экономикасының қазіргі даму кезеңінде ақшаның үлкен ынталандыру мазмұны бар, ол еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеу және мемлекетіміздің басқа да әлеуметтік-экономикалық міндеттерін орындау үшін пайдаланылады, осыған байланысты ақша айналымының тұрақтылығы мен оның қалыпты қызмет істеуін қамтамасыз етудің әділдік қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттерді орындауда саудаға маңызды рөл жүктеледі, себебі сол арқылы елдің банкіне айналымға шығарылған барлық салт ақшаның 90 пайызы дерлік қайтып оралады.

              Бұдан шығатыны, елдің ақша оралымының жылдамдығы, негізінен, сауда мекемелері мен кәсіпорындарының жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан сауда мекемелері өз қызметтерін неғұрлым жақсы ұйымдастырса және базардың төлей аларлық сұранысын терең зерттесе, неғұрлым сауда кәсіпорындарындағы тауарлық қорлар талапқа сай келсе, соғұрлым тауар оралымының жылдамдығы жоғары және тауар сату көлемі (бөлшек тауар оралымы) үлкен және соғұрлым елдің ақша оралымы қарқынды және тұрақты.

              Мемлекетіміздің қаржылық тұрақтылығы үшін де сауданың маңызы зор. Тауарларды сату нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосылған құн салығы мен акциздер тауар бағасының элементтері ретінде әрбір сатып алу-сату операцияларынан есептеліп алынып, тікелей түседі. Сондықтан бұл салықтардың сомасы көп жағдайда тауарлар оралымының жылдамдығына байланысты.

              Сонымен, сауда халық тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды сала ретінде халықтың әл-ауқатын арттыру мен еліміздің ақша-қаржы жүйелерін нығайту туралы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын орындауда ерекше рөл атқарады.

              Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан халық тұтынатын тауарлар саудасы үш түрде дамиды: мемлекеттік, кооперативтік және колхоз саудасы. Бұл өндіріс құрал жабдықтарына екі қоғамдық меншік (мемлекеттік және колхоз-кооперативтік) және шаруалар мен фермерлер қожалығы, жұмысшылар мен қызметкерлер, жеке көмекші шаруашылығынан алынған артық ауыл шаруашылығы өнімдері бар ауыл тұрғындарының жеке меншіктің болғанынан туындайды.

              Жоспарлы экономикалық жағдайында елдің бөлшек тауар оралымының жалпы көлемінде мемлекеттік сауданың үлесі 70 пайыз шамасын құрады және басымдылық жағдайда болды.

              Кейінгі жылдарда жүргізілген ел экономикасын реформалау және нарықтық қатынасқа көшу сауда саласына өте қатты әсерін тигізеді.

              Сөйтіп, сауда кәсіпорындарын сату және жекешелендіру арқылы мемлекет иелігінен алу, жеке дербес сауда кәсіпорындары (дүкендер, дүңгіршіктер, ларектер) арқылы кәсіпкерліктің қайта дамуы басталды, сауданы басқарудың ұйымдастырулық құрылымы бұзылды – облыстық, қалалық, аудандық сауда басқармалары, жұмысшы жабдықтау бөлімі, көтерме сауда орындары және т.б. жойылды. Нәтижесінде мемлекеттік сауданың рөлі шұғыл түсіп кетті. Ірі сауда мекемелері мен кәсіпорындары (көтерме сауда орындары, бөлшек сауда бірлестігі және т.б.) капиталында 51 пайыздан астам мемлекеттің үлесі бар акционерлік қоғам түрінде жұмыс істейді. Жекелеген мемлекеттік өнеркәсіп кәсіпорындарының фирмалық дүкендері бар.

              Осылай бола тұра, нарықтық экономикасы дамыған елдерге тән басымдылық орынды жеке меншік сауда алды, онымен жеке дербес сауда кәсіпорындары (дүкендер, дүңгіршіктер, ларектер, т.б.) арқылы жекелеген адамдар, шаруалар мен фермерлер қожалығы және басқа де еңбек ұйымдары шұғылданады.

              Сауданың негізгі шаруашылық орны – сауда мекемелері (кәсіпорындары).

              Сауда мекемелері (кәсіпорындары) болып халық тұтынатын тауарларды сатып алу, тасымалдау, сақтау және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға құқы бар дербес шаруашылық орны саналады.

              Сауда саласын реформалау нәтижесінде әр алуан ұйымдастыру-құқықтық нысандағы нарықтық экономикаға пара-пар сауда кәсіпорындары пайда болды: жеке (дербес) кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (қоғам), өндіріс және тұтыну кооперативтері, бірлескен кәсіпорындар және т.б., бұлар үшін сауда шаруашылық қызметтерінің бір түрі болып саналады (негізгі емес).

              Барлық кәсіпорындар бөлшек саудамен қалай шұғылданса, көтерме саудамен де солай шұғылдана алады және өздерінің сауда-қаржылық қызметтерін отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағыттауға міндетті.

              Ауылдық жерлерде негізгі сауда жасайтын жүйенің жетекші саласы сауда болатын ауылдық тұтынушылар кооперациясы болып саналады. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» Заңына сәйкес қаладағы әртүрлі сауда түрлеріне бәсекелестік болып ауылдық тұтыну кооперациясының дамуын шектеу алынып тасталды. Үлкен қалаларда, облыс орталықтарында сауданың дамуының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы өнімдерінің алғашқы, сондай-ақ қайта өндіру түрінде сату. Селолық тұтыну кооперациясының өнеркәсіп кәсіпорындарында жасалған ауыл шеберлерінің өнімдерінің (жүннен жасалған байпақтар, пима, тоқыма бұйымдар, үй жиһаздары, құрылыс материалдары және т.б.) саудасын өрістету үшін үлкен мүмкіндіктері бар.

              Сауданың негізгі қызметін (сату үшін сатып алу) орындау үшін қалада қалай болса, ауылда да солай, мекемелерде (кәсіпорындарда) басқаруды жақсарту, олардың шаруашылық қызметтерінің тиімділігі мен бәсекелестік қабілеттілігін арттыруды ынталандыру, тауар оралымын өсіру, тауар айналысын жылдамдату және сауда мекемелерінің (кәсіпорындардың) шығындарын азайту үшін барлық батыл шараларды қолдану қажет.

 

             

             

             

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.        Толпаков Ж. С. Бухгалтерский учет: учебник для вузов – Қараганды, АО «Карагандинская Полиграфия», 2004.

2.        Толпаков Ж. С. Саудадағы тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу – Қарағанды, 2002.

3.        Толпаков Ж. С. Саудадағы шығындарды есепке алу – Қарағанды, 1999 

 

7

 



Информация о работе Ел экономикасының қазіргі өсу кезеңіндегі мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы сауданың рөлі