Еңбекақы және оны төлеудің бастапқы есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 18:49, реферат

Описание работы

Жұмысшылар мен ұймның арасындағы еңбек қатынастарын рәсімдейтін құжаттар жүйесі бар. Нақты істелінген жұмыс уақытының есебі жұмыс уақытын есептеу табелінде жүргізіледі. Табельдік есеп негізінен жұмысшылардың, қызметкерлердің жұмысқа уақытында келуін және жұмыс аяқталуы бойынша уақытында кетуін бақылауды қамтамсыз ету керек, сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс уақытында бар болуын бақылау керек.

Работа содержит 1 файл

Еңбекақы және оны төлеудің бастапқы есебі.doc

— 55.00 Кб (Скачать)


1.      Еңбекақы және оны төлеудің бастапқы есебі.

Жұмысшылар мен ұймның арасындағы еңбек қатынастарын рәсімдейтін құжаттар жүйесі бар. Нақты істелінген жұмыс уақытының есебі жұмыс уақытын есептеу табелінде жүргізіледі. Табельдік есеп негізінен жұмысшылардың, қызметкерлердің жұмысқа уақытында келуін және жұмыс аяқталуы бойынша уақытында кетуін бақылауды қамтамсыз ету керек, сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс уақытында бар болуын бақылау керек. Табельдік есеп орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жүйеде жүргізілуі мүмкін.

Келісімді еңбекақымен жұмыс істейтін жұмысшылар үшін жұмыс уақытын есептеу табеліне қосымша істелеінген жұмыстарды немесе өндірген өнімдерін куәландыратын бастапқы құжаттар рәсімделеді: келісімді жұмысқа нарядтар; бригаданың өндіруі туралы рапорттар; орындалған операцияның маршруттық парақтары немесе басқа да ұқсас құжаттар.

2.      Еңбекақының  аналитикалық және синтетикалық есебі.

Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі, еңбекақы төлеу бойынша есептеулер тіркелетін әрбір тұлғаға ашылатын жеке шоттарда жүргізіледі.Жеке шот бөлек әрбір күнтізбелік жыл сайын ашылады.

Еңбекақы есебін 3350 шотында жүргізеді - «еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер» 3350 шоты пассивті, есеп айырысу шоттар тобына кіреді. Бұл шотта әрбір еңбекақы түрі бойынша жұмысшылар мен есеп айырысу жағдайы көрінеді.

              Кредиті бойынша еңбекақы аударымы көрсетіледі, ал дебеті бойынша еңбекақыға аударылған сомадан ұстап қалулар көрінеді.Бұл шоттың сальдосы сәйкесінше кредиттік, ұйымның жұмыскерлерге еңбекақы бойынша міндеттемесін, қарызын көрсетеді.

              Бұл шоттың кредиті бойынша ұйымның қызметкерлерінің және персоналының еңбекақы сомасы аударылады және мына шоттар дебеттеледі:

2930 «күрделі құрылыс»- күрделі құрылыспен айналысатын және  қызмет көрсететін жұмысшылардың еңбекақы сомасы;

7110 «тауарларды сату шығындары» - тауарларды, өнімдерді жұмыстарды сатумен айналысатын персоналға аударылған еңбекақы сомасы;

7210 «әкімшілік шығындары» - әкімшілік басқару персоналының еңбекақы сомасы;

8102 «еңбекақы шығындары» - негізгі өндіріс жұмысшыларына аударылған еңбекақы сомасы;

8302 «еңбекақы шығындары» - көмекші өндірістегі жұмысшыларға аударылған еңбекақы сомасы;

8402 «еңбекақы шығындары» - цехтағы персоналға аударылған еңбекақы сомасы;

Еңбекақыны есептеу бойынша негізгі біріккен құжат болып есеп ведомосты болып саналады. Оны құрау үшін төмендегі бастапқы құжаттар қажет:

-         Жұмыс уақытын есептеу табелі;

-         Уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша жәрдемақыға және қосымша еңбекақы сомасына, жеке қосымша төленімдерге анықтамалар;

-         Еңбекақыдан ұстап қалулар мен әртүрлі шегерімдерге жұмысшылардың өтініштері мен орындау парақтары;

-         Берілген аванстарға шығыс кассалық ордері немесе төлем ведомості.

Ұйым жұмысшылары өздерінің еңбекақыларын төлем ведомості арқылы алады. Төлем ведомостында еңбекақыны берумен байланысты көрсеткіштер көрсетіледі: табельдік номер, аты-жөні, берілетін сомасы, алу жөніндегі қолхат. Жабылған төлем ведомості және берілмеген еңбекақы тіркемесі кассир мен бухгалтарияның есеп айырысу бөліміне беріледі. Ведомості тексергеннен кейін бухгалтер берілген еңбекақы сомасына шығыс кассалық ордерін рәсімдеп, толтырып оны есептілікті құрау үшін кассаға береді.

              Депоненттелген сомалардың есебі депоненттелген сомаларды есептеу Кітабында жүргізіледі.Үш жыл өткеннен кейін сұрауын таппаған сомалар сатудан тыс операциялардан табыс ретінде баланстық табыстың құрамына апарылады.

3.      Еңбекақыдан аударымдар мен ұсталымдардың есебі.

Заңнамаға сәйкес жұмыс берушілер жұмысшылардың еңбекақысынан төмендегілерді ұстап қалады: жинақтамалы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы, атқарушы парақтары бойынша сомалары, сонымен қатар жұмысшының жазбаша өтініші бойынша ұсталымдар, немесе жұмыс берушінің тарапынан болатын жұмысшының жұмсамаған авансын қайтару, келтірілген зиянды өтеу ұсталымдары.

 

              Жинақтамалы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдары.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысшының есептелген табысынан төмендегідей ұсталымдар жүргізіледі:

1.      Жұмыс берушімен берілген материалдық әлеуметтік жағдайлар және басқа да материалдық пайдамен берілген табыстарды қоса алғанда, ұйымның әрбір жұмысшысынан 75000 есе минималды еңбекақы көлемінен артпайтын айлық табыстан 10% көлемінде жинақтамалы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдары ұсталынып, аударылады.(«Қ.Р зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-1, 20.06.97 ж Заңының 22-1 бабы).

Келесі төлемдерден міндетті зейнетақы аударымдары ұсталынбайды:

-жұмысшының денсаулығына немесе оның еңбек міндеттемесін орындаумен болған келтірілген зақымдарын, зияндарын өтеуге бағытталған төлемдер;

- салық жылы бойында 50 есе айлық есептік көрсеткіш шегінде, құжатпен куәландырылған баланың тууына, жерлеуге, медициналық қызметтерді төлеу үшін бірыңғай төлемдер (косметологиялық қызметтен басқа);

- өндірістік қызметпен байланысты қызметкердің мамандығы бойынша оқыту және еңбек өтілін жоғарылатуға арналған жұмыс берушінің шығындары;

- Қ.Р Заңнамасымен бекітілген мөлшердегі жүктілік бойынша әлеуметтік жәрдемақылар;

- 1999 жылдың 15 наурызындағы №2 245 Қазақстан республикасы Үкіметімен бекітілген Қаулысы бойынша жинақтамалы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын есептеу, ұстап қалу және аудару ережелерімен қарастырылған өзге де төлемдер.

Міндетті зейнетақы аударымдары зейнетақы келісім шарты бойынша қолма-қолсыз төлемдер жолымен зейнетақы қорына аударылады.

Міндетті зейнетақы аударымдарын есептеу және ұстап қалу Дт 3350 шоты және Кт 3220 «Зейнетақы аударымы бойынша міндеттемелер» шоты бойынша жүргізіледі; Міндетті зейнетақы аударымын төлеу Дт 3220 шоты және Кт1030 шоты бойынша жүргізіледі.

 

Жеке табыс салығын ұстап қалу.

Ұйымның әрбір жұмысшысының салық салынатын табысынан жеке табыс салығы есептеліп аударылады.

Салық жылы бойындағы әрбір ай үшін төлем көзінен ұсталатын жұмысшының табысын анықтауда шегерімге төмендегілер жатады:

1.      Табысты есептеу айына Қазақстан Республикасының Заңнамалық Актімен белгіленген минималды еңбекақы көлеміндегі сома;

2.      Жинақтау зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдары;

3.      Өзінің пайдасына алып келетін ерікті зейнетақы аударымдары;

4.      Жинақтау, сақтандыру келісімшарты бойынша жеке тұлғаның өзінің пайдасына алып келетін сақтандыру сыйақылары;

5.      Тұрғын үй құрылыс, жинақтау банклеріндегі Қазақстан Республикасының Резидент жеке тұлғамен алынған қарыздары бойынша пайыздарды, сыйақыларды жабуға бағытталған сомалар.

Жарты айдан төмен жұмыс істеген жұмысшының төлем көзінен ұсталынатын табысын анықтау барысында минималды еңбекақы көлеміндегі шегерім жүргізілмейді.

Жеке табыс салығын аудару мен төлеуге байланысты операциялар 3120 шотында «Жеке табыс салығы» жүргізіледі.

Жұмысшыдан жеке табыс салығын ұстап қалу мына бухалтерлік жазумен көрсетіледі.

                         Дт 3350             Кт 3120

Бюджетке жеке табыс салығын аудару:

                         Дт 3120             Кт 1030

 

Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар.

Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдардың жоғарғы аталған салықтардан өзгешелігі жеке жұмысшыдан емес, ал заңды тұлғадан ұсталынады. Заңды тұлғаның шығындарына жұмысшыларға берілетін материалдық, әлеуметтік жағдайлар түрінде алынған табысты қоса алғанда ақшалай және табиғи түрде төленетін жұмысшының табысы жатады.

Әлеуметтік салық салынатын және әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде жұмыс берушінің жұмысшыға табыс түріндегі төлейтін шығындары ретінде танылады. Әлеуметтік салық салынатын объектісі болып табылмайтын жұмыс берушінің жұмысшыға берген төлемдері салық кодексінің 1444 бабының 1,3,6,8,10,11,14-17,22-1,23,25-29,31-34,39 тарауларында көрсетілген.

Әлеуметтік салық қазақстан Республикасының салық кодексінің 317 бабында көрсетілген қойылымдары бойынша есептеледі.Әлеуметтік салықты есептеу салық жылына әлеуметтік салық салынатын объектісіне салық қойылымдарын қолдану арқылы және Қ.Р Заңнамалық актісіне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасына азайту арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік салықты есептеу Мемлекеттік өкілеттік органмен белгіленген ретпен ай сайын өспелі нәтижемен жүргізледі. Әлеуметтік салықты төлеумен және оны есептеумен байланысты операциялар 3150 «Әлеуметтік салық» шотында көрінеді.

Әлеуметтік салықты есептеу төмендегідей бухгалтерлік жазу бойынша көрінеді:

Дт 7210            Кт 3150 - Әкімшілік басқару персоналының жұысшылары бойынша әлеуметтік салық салынатын табыстардан әлеуметтік салық ұсталынды;

Дт 7110                         Кт 3150 - Тауарларды ,жұмыстарды, қызметтерді сатумен айналысатын жұмысшылар бойынша әлеуметтік салық салынатын табыстардан әлеуметтік салық ұсталынды;

Дт 8103                Кт 3150  -   Ұйымда өндірістік процеспен айналысатын жұмысшылар бойынша  әлеуметтік салық салынатын табыстардан әлеуметтік салық ұсталынды;

Дт 8403               Кт 3150 – Ұйымда өндірістік процеске қызмет көрсететін жұмысшылар бойынша әлеуметтік салық салынатын табыстардан әлеуметтік салық ұсталынды.

Әлеуметтік салықты бюджетке төлеуде Дт 3150       Кт 1030 – Әлеуметтік салық сомасы ағымдағы шоттан бюджетке аударылды.

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары үшін Қорға төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар қойылымы әлеуметтік аударымдар объектісінен 3 % көлемінде белгіленді. Әлеуметтік аударымдар мен салық салынатын базасы - ұйым жұмысшыларының міндетті зейнетақы аударымдар сомасына азайтылған табысы болып саналады.

Әлеуметтік аударымдарды төлеуші болып Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеуді және есептеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші болып табылады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын өспелі нәтижемен жүргізіледі және мұнда әлеуметтік аударымдар үшін алынатын айлық табыс он еселенген минималды еңбекақы көлемінен аспау тиіс.

Әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдарды есептеу және төлеумен байланысты шаруашылық операциялар 3210 «әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер» шотында көрінеді.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу және оны бюджетке аудару төмендегідей шоттар корреспонденциясында көрінеді:

Дт 7210 – Кт 3210 – әкімшілік басқару персоналының жұмысшылары бойынша әлеуметтік аударымдар алынатын табыстан әлеуметтік аударымдар ұсталынды.

Дт 7110 – Кт 3210 – тауарларды сатумен айналысатын жұмысшылар бойынша әлеуметтік аударымдар алынатын табыстан әлеуметтік аударымдар ұсталынды.

Дт 8103  - Кт 3210 – ұйымның өндірістік процесінде жұмыс істейтін жұмысшалар бойынша әлеуметтік аударымдар алынатын табыстан әлеуметтік аударымдар ұсталынды.

Дт 8303 – Кт 3210 – ұйымның өндірістік процесіне қызмет көрсететін жұмысшылар бойынша әлеуметтік аударымдар алынатын табыстан әлеуметтік аударымдар ұсталынды.

Әлеуметтік сақтандыру Қорына әлеуметтік аударымдарды төлеуде  төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалынады:

Дт 3210 – Кт 1030.

Атқарушы құжаттар бойынша ұсталынымдар. Соттың шешімі немесе  нотариалдық органдардың атқарушы жазуларымен тұрақты сипатта болатын қызметкердің еңбекақысынан, зейнетақысынан, сыйлықақысынан бұлжымас сипаттағы ұсталымдар. Егер алимент төлеуге тиісті тұлғаға алимент төлеу бойынша бірнеше атқарушы парақтар келетін болса, онда барлық төлемдердің сомасы жалақының немесе басқа да табыстың 50 % аспауы тиіс. Келген атқарушы құжаттар арнайы тіркемеде тіркелуі керек және бухгалтерияда әрбір алимент төлеушіге жеке субшот жүргізу керек.

 



Информация о работе Еңбекақы және оны төлеудің бастапқы есебі