Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 20:00, реферат
Тиімділіктің басты мәселесі - нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.
Еңбек ресурстарының қолданылуын талдау
Өндіріс тиімділігі - экономикалық категория. Ол - өндіргіш күштер мен өндірістік қарым - қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.
Тиімділіктің басты мәселесі - нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.
Тиімділік
- ұлғаймалы ұдайы өндірісті
Баға нарықтық экономика жағдайында әртүрлі тауарлар нарығының дамуына, солар арқылы жалпы қоғам көлемінде өндірістік ресурстар мен тауарларды бөлу арқылы қоғамдық өндірісті реттеуші рөлін атқарады. Мұндай жағдайда әрбір өндірістік ресурстың өзіне тән бағасы болады және ол тауарлық баға сияқты белгіленген ресурстың сұранымы мен ұсынымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Осы бағаның құрылымы белгілі болғандықтан, мейлінше аз шығын жұмсай отырып, көп өнім өндіру үшін, соған лайықты өндірістік үдерісті таңдау мүмкіндігі туады.
Жұмыс күшіне жоғары ақы төленген жағдайда өндіріс үдерісін техникалық жарақтандыру шаруашылықты оңтайлы жүргізуге ынталандырып, төмен болған жағдайда өндіріс үдерісінің еңбек сыйымдылығын уақытша тоқтатып қоюға ықпал ететіндіктен, өндірістік ресурстар бағасы тауар өндірушілерді арзан ресурстарды өндірістік үдеріске кеңінен қолдануға, ал қымбат ресурстарды үнемдеуге итермелейді. Бұл жағдайда тауардың бағасы қоғамда өндірістік ресурстарды бөлуге қалай әсер еткенін еске алады. Яғни бағаның калыптасуының нарықтық тетігі келешекте өндіріс тиімділігін арттырудың негізі болып табылмақ. Нарықтық бағаның қалыптасуы тетік көмегі арқылы өте тиімді шаруашылық шешімдерін жүзеге асыруға кең жол ашпақ .
Кейбір кәсіпорындар шегінде мұндай ыңғайлы тандауға иек арту ірі шаруашылық кешендерінде өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттырудың шешуші факторы болмақ. Екінші сөзбен айтар болсақ, ,барлық табиғи ресурстарды толығымен пайдаланып, оған толық көлемде қол жеткізген жағдайда ғана экономика қалыптаспақ.. Осындай жағдайда экономика мәселелерінің маңызы анықталынады. Өйткені ресурстардың жеткіліксіз мөлшерде болуы өндірістің толық көлемде тауар өндіру мүмкіндігін шектейді. Мұндағы ең басты мәселе - ең алдымен қандай тауарлар өндіру қажет, ал қандай түрлерінің қажет еместігін шешіп алған жөн. Осыған байланысты өндірістің экономикалық өсуі, барлық табиғи ресурстардың толық игерілуі, экономикалык тиімділік, бағаның тұрақты деңгейі, өндірушінің экономикалық еркіндігі, тауарды әділеттілікпен бөлісу сиякты негізгі экономикалық мақсаттар қалыптасады.
Аграрлық
саясаттың қазығы болып есептелінген
ірі кәсіпорындарға иек арту негізінде
дұрыс болатын. Мұндай өндіріс әсіресе
өнеркәсіп технологияларды қолданып жұмыс
істейтін мамандаңдырылған кәсіпорын
еңбек өнімділігін арттыру мен табиғи,
материалдық - техникалық еңбек ресурстарын
тиімді пайдаланудың үлкен мүмкіндіктеріне
ие болады. Бірақта ірі өндірісті абсолюттеу,
шағын және орта өндірісті, оның ішінде
шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды
елемеу республиканың ауыл шаруашылығына
нұқсан келтірері хақ .
Еңбек ресурстарының қолданылуын талдау