Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 19:01, реферат
«Директ-костинг» идеясы бүгінде шығындар мен қаржылық нәтеже бойынша бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарында көрсетілген. Бұл шығын стандартына сәйкес есеп беру периодының ұзақтығына тәуелді және кәсіпорынды басқарумен байланыстыруды бұйымның өзіндік құнына қоспауға, ал кәсіпорынның жиынтық табысын жабуға болады.
1) Математикалық әдіс (теңдік әдісі). Критикалық нүктені табу үшін Өндірістің жалпы шығыны (толықөзіндік құн), өткізу көлемі және қызметтен табыс арасындағы байланысты көрсететін теңдеуді қолданамыз:
DN=V0+C+D0
Мұндағы:
DN - өнімді сатудан түскен пайда;
V0 – айнымалы шығынның жалпы сомасы;
C-тұрақты шығындар;
D0-негізгі қызметтен табыс;
Егер сатудан түскен пайданы p*q, жалпы айнымалы шығын сомасын V0*q деп алсақ, онда мынадай теңдеу шығады:
P*q=C+V+q+D0
p- өнімнің бірлігінің бағасы
q – сатылған бірлік саны
V - өнімнің
бірлігіне кеткен айнымалы
Осы теңдеуден кәсіпорынның негізгі қызметінен түскен пайданың келесі формуласын шығарамыз:
D0=DN-V0-C
Ал өнімді сатудан түскен таза пайда тең:
DT=q*p-q*V-C
Өнімнің зиясыздық көлемі сатудан түскен пайда мен тұрақты және айнымалы сомасы теңдігі кезінде табылады. Басқаша айтқанда негізгі қызметтің табысы нөлге тең:
D0-DN-V0-C=0 ; DN=V0+C+0 ; DN=V0+C
Бұл теңдеу келесі көрсеткіштерді есептеудің негізі болып табылады:
p*q=C+V*q ; p*q-V*q=C; q(p-V)=C
q=C/p-V
2. Өнімді сатқандағы критикалық түсім:
q=C/p-v ; q*p=(C/p-v)*p =C*p/p-v; DN=C*p/p(1-v/p);
DN=C/(p-v/p) DN=(C/dM)/p DN=C*p/dM
Мұндағы dM - өнімнің бірлігінен түскен маржиналдық табыс
Тұрақты шығындардың критикалық нүктесі:
DN=V+C
Бұдан: C=DN-V=p*q-v*q=q(p-v)
C=q*dM
3. Өткізудің критикалық бағасы. Өткізудің бағасы өткізуден түскен табыс көлемі, тұрақты шығын және айнымалы шығын деңгейінен есептеледі:
DN=C+V немесе p*q=C+v*q , осыдан
P=C+v+q/q=c/q+v+q/q=C/q+v=dM+v
4. Өткізуден түскен пайдаға минималды маржиналды табыстың пайыздық деңгейі. Егер тұрақты щшығын және өнімді өткізуден түскен пайда деңгейі бар болса, түсімге пайызбен минималды маржиналды табыс мына формула бойынша анықталады:
DM% DM=(C/DN)*100%
2) Графикалық әдіс. Жалпы, айнымалы және тұрақты шығындардың өнімді өткізуден түскен пайдасымен байланысын, маржиналдық табыс және негізгі қызметтен түскен пайданың арасындағы байланысты көру үшін графикалық әдіс қолданылады. Координаттың вертикаль бойымен (У) өзіндік құн және өткізуден түскен түсім, горизонталь бойымен (Х) – натуралды өнім көлемі көрсетілген.
Тұрақты шығынды жүргізу үшін А нүктесін белгілейміз, ол горизонтальды оське параллель болады. Түсім сызыын салу О нүктесінен ДNнүктесіне дейін сызық жүргіземіз. Ал тұрақты шығындар сызығын салу үшін Б нүктесі бойымен абциссаға параллель түзу жүргіземіз.Графикалық әдіске сәйкес табыс пен пайда арасындағы байланыс 6-суреттен көрініс тапты.
Өткізуден түскен түсім және өзіндік құн қиылысқан К нүктесі зиянсыздық нүктесі болып табылады.Критикалық нүктенің сол жағы зиян аймағы, ал оң жағы табыс аймағы болып саналады.
Сурет-6. Өндірісітің зиянсыздық нүктесін анықтау графигі
3) Маржиналдық табыс әдісі. Зиянсыздық
нүктесі маржиналдық табыс
P=CE+V
Мұндағы CE – тұрақты шығындар
p-v=CE, dM=CE
Маржиналдық
қор рентабельдігі пайыз
Маржиналдық қор =ақша бірлігінің маржиналдық қоры/ түсімнің жалпы сомасы. Ал кәсіпорынның зиянсыздық нүктесі келесі формула арқылы анықталады:
K=C:(R-VI)/pI=C-pI/dM
«Директ-костинг» жүйесі негізінде басқару шешімін қабылдау келесі сатылардан тұрады:
- Төменгі сату бағасымен қосымша тапсырыс алу туралы шешімді негіздеу. Бұндай шешім қабылдау өндірістің төмендеу жағдайында пайда болады. Сондықтан басқарушы алдында төмен бағамен тапсырыс алу керек пе деген сұрақ тұрады. Басқа жағдайда ол тапсырыс қабылдаудан бас тартады. Егер кәсіпорын өндірісі төмендеп, нарықта бәсекелестердің көбеюіне байланысты тапсырыс қабылданады. Шешім қабылдар алдында баға мен тұрақты шығынға есептелетін айнымалы шығынды салыстыру қажет. Сонғысы өндіріс көлемінің өзгеруімен белгілі бір масштабтық базада өзгермейді. Сондықтанда келісім шарт жасау олардың өсуіне әкелмейді.
- Шығарылған өнім құрылымын оптимизациялау. «Директ-костинг» жүйесінен алынған ақпарат басқару шешімін қабылдауға әсер етеді. Оның ішінде зиянсыздықты талдау нәтежесінде шығарылған өнімнің ассортимаентін жоспарлауға үлкен үлес қосады, себебі, негізгі өндірісте үлкен пайда әкелетін өнімнің түрлерінің үлесіе көбейту болып табылады. Банкротқа ұшырау қауіпсіздігін кәсіпорын әкімшілігі өзінің өндірістік бағдарламасын тек табысты көп әкелетін бір түріне ғана жүктемейді, ол нарықтық конъюктураның өзгеруне байланысты. Мысалы, «Алатау» сыра сортына сұраныстың төмендеуіне байланысты сату көлемі азаяды, басқа «Наурыз» сортына баға тұрақты. Сыра заводы оны сол технологиялық құралдар өндіретін «Наурыз» сортына ауыстыра алады.
- « Өндіру немесе сатып алу» мәселесінің шешімін таңдау. «Директ-костинг» жүйесін қажетті шикізат, бөлшек, басқа да компоненттерді сатыа алу немесе өзінде өндіру мәселесін шешуге қолданады. Мысалы, құралдарды жөндеу үшін қажетті бөлшек керек. Оларды өздерінде өндіргенде өнімнің бірлігінің айнымалы шығыны 240 теңге, жылдық тұрақты шығындар 20000 теңге. Ал осы керек бөлшекті сырттан шексіз көлемде 250 теңгеден алуға болады. Қай шешім тиімдірек: өзінде өндіру немесе сыртқы жабдықтаушыдан сатып алу? Дұрыс шешім қабылдау үшін зиянсыздықты талдау әдісін қолдану қажет. Бөлшекті сатып алу тең:
CT=p*q
Өзінде бөлшекті жасаудың толық өзіндік құнына тұрақты және айнымалы шығындар кіреді. Жоғарыдағы формуланы қолдана отырып, бөлшекті өзінде өндіру немесе сатып алу қажеттілігін анықтаймыз.
p*q=C+v*q
250q=20000+240q
10q=20000
q=200
Есеп жылдық қажеттілік 200 бірлік болса, бөлшекті өндіру өзіндік құнға сәйкес келетінін көрсетеді. 200 –ден көп бөлшек керек болса, өзінде өндірген тиімді, ал аз болса – сатып алған жөн. Соңғы шешім қабылдау үшін өндірістік күш, өнім сапасы, көлем т.б. факторларды ескеру керек.
- Ресурстар шектеулі болған жағдайда өнім ассортиментін анықтау. Қысқа мерзімдік жоспарда өнімге деген сұраныс өндірістік күштен асып кетеді. Бұл жағдайда өнім көлемін ұлғайтуға қандай ресурс кедергі болатынын табу керек. Оларға материалдар, еңбек және қаржы ресурстары жатады. Бұл факторлар шектеулі болып табылады. Өнім ассортиментін қалыптастыру үшін ресурстар жетіспейтін өнімнің бірлігі беретін маржиналды табысты анықтау қажет. Әртүрлі сорттың өндірісінде қолданылатын еңбек ресурстары және құралдар бойынша негізгі қызметтен табыс көлемін максималдау шарты қамтамасыз етіледі. Бірақ бұл жағдайда маржиналды табысты адам-сағат , машина-сағатқа есептеу керек.
- Қысқа мерзімді капитал салымдарын жасау шешімін қабылдау. «Директ-костинг» жүйесінде айнымалы және тұрақты деп бөлінетін шығындар туралы ақпаратты қолдану нәтежесінде қысқа мерзімді инвестиция жасауды таңдауға болады. Қысқа мерзімді инвестиция тек қысқа мерзімде жүзеге асырылады. Мысалы, кәсіаорын жетекшісі жаңа құралдар сатып алуды шешті. Қандай құрал германиялық немесе голландиялық па деген сұрақ ашық қалады. Германиялық құралды сатып алғанда есеп беру кезеңінде тұрақты шығындар 200 мың тг және өнім бірлігіне 300 тг айнымалы шығыннан келсе, голландиялық құралдан тұрақты шығындар – 350 мың тг, айнамалы – 225 тг бірлік үшін. Зиянсыздықты талдау әдісі арқылы өндірістің критикалық нүктесін табамыз.
200000+300q=350000+225q
300q-225q=350000-200000
75q=150000;
q= 2000 бірлік.
Қабылданатын шешім өнім көлеміне тәуелді. Жоспарланған өнім көлемі 2000 бірліктен аз болса, онда германиялық құралға инвестиция салу керек. Көлем 2000 бірліктен көп болса, онда голландиялық құралды сатып алуға болады.
Информация о работе «Директ-костинг» жүйесінің теориялық негізі