Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 17:29, курсовая работа
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Кіріспе
Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
2. Кредиторлық қарыздар есебі
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
2.2 Берілген аванстар есебі
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
2.7 Салық міндеттемесінің есебі
2.8 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Дт: 3510 «Тауарлы-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін алынған аванстар» немесе
«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардың тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты.
Осы жоғарыда айтылғандармен қатар шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімсіз бағамдық айырмашылық пайда болған уақытта:
Дт: 7430 «Бағамдық айырмашылық бойынша шығындар» деп аталатын шот;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
№ | Операциялар мазмұны | Дт | Кт | Тип |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Еншілес, тәуелді
және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға
тиеп жіберілген тауарлар, негізгі құралдар,
материалдық емес активтер, материалдар,
көрсетілген қызметтер:
|
2120-2130 2120-2130 |
3010- Шоттардың тиістілері 3130 |
|
2 | Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешек борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті. | 1030 | 2120-2130 | |
3 | Ай соңында (аяғында)
еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғалардың берешек |
1270-2150 | 2120-2130 | |
4 | Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін жалға алушылардың берешек сомасы. | 2120-2130 | 6210 | |
5 | Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін есептелген пайыз (процент) сомасы. | 1270 | 6120 | |
6 | Алынған қарызға, кредитке есептелген пайыз сомасы | 1270 | 6120 | |
7 | Акция дивидендіне есептелген пайыз сомасы | 1270 | 6120 | |
8 | Есептелген дивиденд және пайыз ретіндегі борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті. | 1030 | 1270 |
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есптеледі:
1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы».
1280 «Есептелген пайыздар».
1250 «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы».
1280 «Өзге де дебиторлық борыштар».
Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.
«Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдары, материалдар тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпарттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барылқ тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты стып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардың түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салқық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатлыған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты
Кт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты немесе
Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты
Кт: 1280 «Басқадай несиелік борыштар мен аударымдар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
1280 «Есептелген пайыздар (проценттер)» шотында ұйымның шартта қаралған жалға берген неізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы, сондай-ақ салынған инвестициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Осыған байланысты «Есептелген пайыздар» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жазулар мына түрде жазылады:
Дт: 1280«Есептелген пайыздар» - деп аталатын шот,
Кт: 6120 «Акциялардың дивидендтері және пайыз түріндегі кірістер» деп аталатын шот түріндегі бухгалтерлік жазу жазылса,
Дт: 1030 «Ақшалар» шоттарының тиістілері,
Кт: 1280 «Есептелген пайыздар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
1250 «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы» деп аталатын шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпарттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға аванс ретінде (қарызға) қызметтегі іссапарлары үшін үшін және басқадай шығындар үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталатын сомалар есептелінеді.
Дт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы» шоты
Кт: 4420 «Алдағы кезеңдердің кірістері» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Дт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» шоты
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»;
7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары»;
8410 «Үстеме шығындар»;
деп
таталатын шоттардың
Кт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» түріндегі екі жақты жазу жазылады.
Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;
Кт: 1310 «Материалдар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;
Кт: 1210 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты,
Кт: 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Дт: 1280«Басқадай дебиторлық борыштар» шоты,
Кт: 6310 «Тоқталынған операциялардан болатын кірістер (зияндар)» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Сонымен
қатар «басқадай дебиторлық борыш»
шотында төленуге тиісті жал төлемдері
жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен
тыс ұйымдарға артық төленген
сомалар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге,
көлік ұйымдары мен басқа да заңды тұлғаларға
деген шағым талап сомалары, тауарлық-материалдық
қорлардың жетісеушлігі, өсімақылар, тағы
да басқалар есептеледі.
Басқадай дебиторлық борыш шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ | Операциялар мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттелетін шот | Тип |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Жұмысшылар мен қызметкерлерге қызметтегі іссапары және басқа да мақсаттар үшін кассадан берілген сомаларға | 2150 | 1010 | |
2 | Жұмысшылар мен қызметкерлерге берілген банк несиелері | 2150 | 3010 | |
3 | Жұмысшылар мен қызметкерлердің ұйымның кассасына бұрын аванс ретінде алған сомаларының жұмсалғаннан қалған артық сомасын төлегеніне | 1010 | 2150 | |
4 | Жұмысшылар мен қызметкерлерге аванс ретінде берліген соманың жұмсалғаннан қалған бөлігі оларға есептелген еңбекақы сомасынан ұсталды | 3430 | 2150 |
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
1620 «Алдағы кезең шығындары» деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Олардың қатарына жататындар:
Осы айтылғандармен қатар алдағы кезең шығындарына жаңа өндірісті дайындау және меңгеруге байланысты шғындар, кен өндіруші өнеркәсіпті пайдалануға дайындау жұмыстарының шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады.
«Сақтандыру полисі» шотында төленген сақтандыру полисінің сомасы есептеледі.
Информация о работе Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі