Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:18, доклад
Дайын өнім - ол кәсіпорынның негізгі және көмекші цехтарында сату үшін өндірген өнімдері. Дайын өнім ол барлық технологиялық кезеңдерден өтіп, техникалық бақылау қызметімен қабылданып және қоймаға тапсырылған өнім саналады. Өнімнің өндірістен қоймаға тапсырылуы акт және жүкқұжат арқылы жасалады.
Дайын өнім туралы түсінік және оның есебін жүргізудің міндеттері
Дайын өнім - ол кәсіпорынның негізгі және көмекші цехтарында сату үшін өндірген өнімдері. Дайын өнім ол барлық технологиялық кезеңдерден өтіп, техникалық бақылау қызметімен қабылданып және қоймаға тапсырылған өнім саналады. Өнімнің өндірістен қоймаға тапсырылуы акт және жүкқұжат арқылы жасалады.
Дайын өнімдер белгіленген стандарттар мен техникалық шарттарда қойылған талаптарға сай, сапасын және жинақталымын растайтын паспортпен, сертификатпен, басқа да құжаттармен жабдықталған болуы шарт.
Дайын өнім сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен шаруашылық субъектілер арасында алдын-ала жасалған келісімдер, жабдықтау шарттары негізінде белгіленген көлемде өнімнің сұрыптары, атаулары, түрлері бойынша өндіріледі. Бұдан басқа жағдайларда да өнім өндіруші қоймадағы дайын өнімдерді оны пайдаланушылардың сұранысына қарай сата алады.
Кәсіпорындар да өнім өндіруді жабдықтау шарттарына сәйкес сату мақсатында өндіруге ерекше мән беріледі. Өйткені мұндай өнімдерден түсетін пайда нақты және тұрақты болады, кәсіпорын экономикасына елеулі пайда әкеледі.
Дайын өнімді сатудан түсетін пайда ай сайын өнімнің сату бағасы мен оның толық өзіндік құнының айырмасы түрінде анықталады. Сатылған өнімге, оның құнының төленген-төленбегендігіне қарамастан жөнелтілген өнім, орындалған жұмыстар жатады.
Кәсіпорындарда дайын өнім және оны жөнелту мен сатудың бухгалтерлік есебін жүргізу ерекше орын алады, өйткені ол кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштеріне әсерін тигізеді.
Дайын өнімнің есебін жүргізудің міндеттеріне мыналар кіреді:
- дайын өнімнің шығарылуын, қоймадағы қорлардың жағдайы мен олардың сақталуына ұдайы бақылау жасау;
- сатып алушылармен есеп
айырысуларды ұйымдастыру,
- жабдықтау шарттарының сатылған өнімдердің көлемі мен сұрыптары бойынша жоспарының орындалуын қадағалау;
- өнімдерді өндіруге және
өткізуге кеткен шығындарды
Бұл міндеттерді орындау ұйым жұмысының бірқалыпта болуына, өткізу және қойма шаруашылығын дұрыс ұйымдастырылуына, шаруашылық операцияларын мерзімінде құжатпен ресімделуіне байланысты.
Дайын өнімді бағалау және оның номенклатурасы
Дайын өнімнің нақты құнын тек қана есепті кезең аяқталған соң анықтауға болады.
Есепті кезең ішінде дайын өнімдер ұдайы қозғалыста болатындықтан, ағымдағы есеп үшін өнімді бағалауды шартты түрде есептік баға бойынша жүргізу қажет. Есептік баға ретінде тұрақты бағалар, өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны және басқалай бағалаулар қолданылады.
Есептік кезең аяқталған соң, есептік бағалар ауытқу сомасы мен ауытқу пайызын есептеу жолымен өнімнің нақты өзіндік құнына жеткізіледі. Сомалар мен пайыздың ауытқулары айбасындағы өнімнің қалдығы мен оның ай бойы түсулерінің негізінде анықталады. Ауытқуларды есептеу арқылы өнімнің өзіндік құнын және ай соңындағы қоймадағы қалдығын анықтауға болады.
Мысалы:
1. Қоймадағы дайын өнімнің жоспарлы өзіндік құнының
- ай басындағы қалдығы – 784000 теңге;
- ауытқу сомасы- 31360 тенге
2. Есепті кезеңде өндірілген өнімнің жоспарлы өзіндік құны-1321600 тенге;
- ауытқу сомасы- 52304 тенге.
3. Ай бойы сатылғаны: 1120000
Ауытқу пайызы =Ауытқу сомасы х100 - = 4%
Қалдық+жоспарлы өзіндік құн
( 31360+52304)х100=
!784000+1321300)
Жөнелтілген өнім бойынша ауытқу сомасы
44800( 1120000х4/100)
Бұйымдардың номенклатурасы – бұл дайын бұйымдарды бір-бірінен айыруға мүмкіндік жасау үшін белгісі, сұрыптары , атаулары ( маркасы,артикулы,тобы,фасоны) бойынша жіктелген тізілімі. Тауарлар номенклатурасы диспетчерлік қызметте бұйымның шығарылу кестесінің орындалуын бақылау үшін,цехтарда қоймаға өткізілетін өнімнің сұрыптары бойынша іріктелуін қадағалау үшін, маркетинг бөлімінде жабдықтрау шарттарының орындалуын қадағалау үшін, бухгалтерияда талдамаы есеп жүргізу және есептемелер мен деректер құрастыру үшін пайдаланылады.
Дайын өнімнің синтетикалық есебі № 1320 « Дайын өнім» шотында жүргізіледі. Бұл активті шот. Дебет бойынша қоймаға тапсырылған өнім көрсетіледі, кредиті бойынша өндірістік өзіндік құны бойынша сату үшін №7110 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотына шығыс етіледі.
Дайын өнімнің аналитикалық есебі жеке атаулары бойынша есепті бағалар бойынша жүргізіледі. Өнімге есепті бағалар немесе басқа да бағалар қою субъектінің қаржылық жылға қабылдаған есеп саясатында белгіленеді.
Өнімді жөнелту барысында сатып алушыға есепті құжаттарды ұсынылғаннан кейін өнім өткізілген деп саналады және соған сәйкес бухгалтерлік жазбалар жасалады.
Өнімнің ауытқу сомасын
8010 1320
Дт
Нақты шығыны ДӨ есепті бағасы ДӨ есепті бағасы Нақты өзіндік құн
----------------------
Есепті бағадан ауытқуы
------------------------------
Жиынтығы: накты Нақты өзіндік құн
шығыны бойынша
7010
ДТ Өткізілген ДӨ өзіндік құны
Нақты өндірістік
өзіндік құн мен
коммерциялық
шығындар
Информация о работе Дайын өнім туралы түсінік және оның есебін жүргізудің міндеттері