Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:31, реферат
Бұл шығармашылық жұмыста бухгалтерлік есептің негізгі құрауыштардың бірі –дайын өнімнің мәні, есептелуі, ұйымдастылуы және аудиті қарастырылған. Жұмыстың негізгі мақсаты – дайын өнім мен оны есептеу, түгендеу тәсілдері туралы мәлімет беру.
1.1 Кіріспе.
1.2 Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі.
1.3 Дайын өнімді есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру.
1.4 Дайын өнім аудиті.
1.5 Қорытынды.
Өндірістік іс-қызметте бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану анықталғанда рұксатнамалар бақылау материалы ретінде пайдаланылады. Олардың мәліметтері шот-фактураларда жапсырмада (ярлыктарда) және басқа ілеспе құжаттарда көрсетілген, тасып шығарылған құндылықтардың іс жүзіндегі санымен, ассортиментімен, сапасымен және құнымен салыстырылады. Тауарлық-материалдық қорлардың сақталуын бақылауға кәсіпорынның тексеру жүргізуінің мезгілін, толықтығын және дұрыстығын тексеру кіреді.
Сарапшылық іс-тәжірибені талдау шикізат пен материалдарды ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналар) өңдеу жағдайында есептік мәліметтерді бұрмалаудың негізгі тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мыналар да оған қосылады:
есеп мәліметтерін машинаграммада кірісті төмендету немесе шығысты тым көтермелеу жолымен бұрмалау;
бастапқы құжаттарға код беру процесінде қасақана қателер мен жалған құжат жасау;
шикізат пен материалдар есебін бұрын өндеуден өткен немесе жалған құжаттардың мәліметтерін ЭЕМ-ға енгізу жолымен бұрмалау;
бастапқы құжаттарда шифрлар мен номенклатуралық нөмірлерді бұрмалау;
есеп мәліметтерін бастапқы құжаттардан көшіру сәтіндегі бұрмалаулар.
Ақпаратты машиналық мәліметтерді көшіріп таратуда жіберелген қателерді анықтағанда хранологиялық жазбалардың есеп регистрлері болып табылатын, машинаграммалар шығарылатын бастапқы құжаттарды тексеру ұсынылады. Материалдарды ЭЕМ-да есептеу кезінде ықтимал ұрлықтарды дәлелдейтін белгілер мыналар:
ЭЕМ-ға өңдеуге жіберелген бастапқы құжаттарда түзетулердің болуы мен талап етілетін деректемелердіңжоқтығы;
машинограммалардағы түзетулер;
бақылау машинограммаларда дебиттік және кредиттік айналымдар жиынтығының үйлеспеуі;
кұжаттар мен машинограммалар ішіндегі қарама-қайшылықтардың болуы.
Аудит барысында аудиторлардың барлық іс-әрекеттері аудиторлық тексерістің басты мақсатына бағытталған – шаруашылық субъектінің бухгалтериялық есептілігінің шынайы болуының объективті пікірінің қалыптасуына. Осы пікір аудиторлық қорытындының мазмұнын құрайды.
Аудиторлық қорытынды – бұл барлық заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және сот органдары үшін құқықтық статусы бар құжат. Аудиторлық ұйымдардың (аудитордың) қорытындысы Қазақстан Республикасының процессуалды заңнамасына сәйкес тағайындалған әкспертизаға теңестіріледі.
Аудиторлық ұйым аудиторлық қорытындыны тек шаруашылық субъектіге келісілген данада және мерзімде табыс етуге міндетті.
Кіріспе бөлімі жеке қызмет жасайтын аудитор немесе аудиторлық ұйым
жөнінде барлық қажетті мәліметтер жазылады.
Сараптама бөлімінде аудиторлық фирманың шаруашылық субъектіге ішкі бақылау жағдайы, шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есеп және есептілігі, сонымен қатар шаруашылық-қаржылық операциялар жасағанда шаруашылық субъектінің заңды сақтау жөніндегі есебінен тұрады.
Аудиторлық қорытындыға шаруашылық субектісінің бухгалтерлік есептілігі қосымша ретінде болуы қажет.
Аудитолық қорытындының әр парағына аудитордың қолы қойылады және жеке мөрімен расталады.
1.5 Қорытынды
Сонымен, әрбір кәсіпорын өзінің өндіріс процесінің нәтижесінде өнім алады. Өнім жартылай фабрикат, дайын өнім және өнеркәсіптік жұмыс ретінде көрініс табады. Осының ішінде дайын өнім - жалпы экономикалық пайдасы мол өнеркәсіптік өнім құрамының басты элементі болып табылады.
Дайын өнім қозғалысын есептеу мен ұйымдастырудың алғышарты – номенклатураны жобалау. Номенклатура – нақты бір өнім түрінің қолданыстағы белгілену жүйесіне сай өлшем бірлігі бар жүйелі тізімі.
Дайын өнім аудитінің басты міндеті – есептеу мен тексеруді дұрыс ұйымдастыру, дайын өнім қозғалысы туралы нақты мәлімет алу, объекттердің нормаға сай болуын қамтамасыз ету. Дайын өнім аудиті жүргізу толықтығына қарай: кешенді, функционалды, локальді болып бөлінеді.
Функционалды аудит дегеніміз әр түрлі деңгейдегі процесс, цикл бойынша басқару функциясын атқарылуын бақылау.
Функционалды аудит кезінде өнім сақтайтын жерлердің қолдануға жарамдылығын, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, өлшеу шаруашылығының жүргізілуін қарастырады. Тексеру соңында аудиторлық қорытынды – барлық мекемелер үшін бірдей құқықтық статусы бар, екі бөлімнен (кіріспе және сараптама) тұратын аудитордың қолы мен мөрімен расталған құжат беріледі.
Пайдаланылған әдебиет: