Бухгалтерский учет негизи жаксыгой

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2011 в 22:38, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп және аудит – ұйымның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге бизнес пен бухгалтерлік есепті таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты – экономика саласында кез- келген мамандыққа оқып жатқан студенттерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалай қолдану қажеттілігін және осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Бұл курс қаржылық есептің бастамасы, яғни бастапқы курсы болып табылады және де мұнда қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік есеп кезеңдеріне және аудит негіздеріне шолу жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

бух учет курсовой.doc

— 543.00 Кб (Скачать)
lign="justify">      Бейтараптық принцип - Ақпараттарды теріс түсініктен сақтауды талап етуі сапалық сипат.

      Берешектер  қарызының айналысы - Есепті кезең ішінде орташа есеппен берешектер қарызының неше рет айналысқа түсіп, ақшаға айналғандығын өлшеуші коэффициент. Таза сатылған соманы алынатын счеттағы таза соманың орташа жинағына бөлу арқылы есептеледі.

      Бизнес – Клиенттерге тауарларсату және қызметтер көрсету нәтижесінде бизнес иесіне қажетті табыс әкелуші бағамен сатушы экономикалық құрылым.

      Болашақ кезеңдердің шығындары - фирманың болашақ кезеңдерде өнім өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған ағымдағы шығыстары.

      Босалқылар  есебін жүргізудің үздіксіз есебі - Босалқыларды (тауарларды) сатып алу мен сату барысында бұлардың қалдығын тұрақты түрде үздіксіз қалдықтап отыру жүйесі.

      Бухгалтерлік  баланс - субъектінің белгілі бір күнге, әдетте есепті кезеңнің бас кезі мен аяқ кезіндегі қаржылық және шаруашылық ахуалын сыпаттайтын көрсеткіштердің жиынтығын білдіретін бухгалтерлік есептеменің негізгі құжаты.

      Белсенді  енжар шоттар шаруашылық субъектінің барлық активтері есепке алынғанын және активтерінің бар-жоғы, құрамы, орналасуы және қозғалысы көрсетілетін бухгалтерлік есептің шоттары.

      Бейматериалдық  активтер (БМ) - айналымнан тыс активтер тобы, олардың материалдық – заттың мазмұны жоқ, бірақ мынандай белгілері бар.

  1. Құны бар
  2. Мемлекет таныған құжаттармен қуатталған
  3. Табыс әкеледі және табыс алуға алғышарттар жасайды.
  4. Ұзақ мерзімді кезеңде (1жылдан астам) пайдаланады.        

      Вексель(нем. Wechsel-айырбас) - бағалы қағаз түрі, қатаң белгілерден нысандағы абстракты ақшалай міндеттеме.

      Вексельдер  мерзімі - Вексельдерді шығарған уақытпен бұларды жапқан уақыт арасын күнмен өтеу ұзақтығы.

      Географиялық  тұрғыдағы қорытынды - Географиялық кеңістіктерге таратылған қызметтер және компания қызметтерінің әр түрллігіне байланысты нәтижелерді көрсетуші қорытынды.

      ГААП (GAAP Generally Accepted Accounting Principles) - АҚШ-та бухгалтерлік есеп стандартының рөлін ақпаратын «бухгалтерлік есептің жалпы қабылдаған принциптері».

      Дебет – (лат. Debet – ол тиіс) -екі жақты кесте нысаны бар бухгалтерлік шаттың сол жақ бөлігі.

      Дебет қалдығы - белгілі бір кезеңде төлем мен қаражатың түсуі арақатынасының нәтижесі. Бұл жағдайда төлем сомасы түсім сомасынан артық , яғни берешекті көрсету.

      Деркезділік принципі - Егер, ақпараттар дер кезінде жасалынбай кешіктірілсе, онда орнықтылық принцип орындалмайды.

      Дивиденттер -Акционерлерге ақша қаражаттарын бөлу (активтерді).

      Дисконттеу  әдісі - Алынуға қойылған вексельдерді сату әдісі. Вексельдерді жабу сомасынан банк пайыздық соманы ұстап қалады.

      Есеп  саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, жүргізу және қаржы есеп-қисабын ашу тәсілдерінің, әдістерінің жиынтығы, ережелердің жиынтығы.

      Есеп  айырысу - ақшалай міндеттемелердің атқарылуы.

      Есепке  алынған шығындар - Есепке жатқызылған, тиісті счеттарға тіркеліп жазылмаған шығындар.

      Есепке  алынған табыстар - Қызмет көрсетуден немесе қойылған өнімдермен тауарлардан алынуға тиісті табыстар, алайда тиісті счеттарға тіркеліп жазылмаған табыстар.

      Еркін айналатын артықтылықты акциялар – Акция ұстаушылардың қалауына қарай артықшылықтағы акциялар қарапайым акцияларға айырбасталуы мүмкін.

      Жалпы табыс - фирманың өнімді, жұмысшыларды, қызметкерлерді өткізуден алатын ақшалай түрде есептелген жиынтық жылдық табысы.

      Жалақыдан ұстау - әкімшіліктің өкімімен немесе фирманың «Еңбекке ақы төлеу туралы ережесінде» бекітілген жағдайларда ұстау.

      Жарғылық  капитал құрылатын фирманың активтеріне құрылтайшылар салған салымдардың құны, қатысушы осы салымдар шегінде осы фирманың міндеттемелері бойынша жауап береді.

      Жария етілген құн – Номиналдық құны қойылмаған директорлар кеңесінің тағайындаған акциялар құны.

      Жеке  ұйым - Меншік иелерінен, несиелендірішілер мен клиенттерден жеке мағынада қаралатын бизнес.

      Жойылу  дивидендтері – бөлінбеген пайда сомасынан жоғары сомадағы дивидендтер. Корпорация өз қызметін қысқартқан немесе тоқтатқан жағдайда төленеді.

      Жою құны - негізгі құрал-жабдықты пайдалы қызмет мерзімінің аяғында жою кезінде істен шығыуына байланысты межелі шығынды шегеріп тастағанда пайда болатын босалқы бөлшектердің, сынықтың, қалдықтардың алдын-ала ойластырылатын, болжалды құны.

      Залал - субъектінің қаржы-өндірістік қызметі барысында экономикалық пайданың азаюына апарып соқтырған шығысы (қаржы, материалдық шығысы)

      Инвестициялар - процент немесе дивиденд түрінде табыс алу, капиталдың құнын көбейту арқылы немесе басқа да тәсілмен капиталды көбейту мақсатымен субъект иеленетін актив.

      Инвестициялық қызмет - Ұзақ мерзімді активтерді алу және сатудан тұратын және нарықтық құнды қағаздарды алу мен сатудан тұратын шаруашылық қызметтер.

      Күмәнді талаптар - өнімді өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету нәтижесінде туындаған және табыс алынған сәттен бастап екі жыл бойына қанағат-маған (салық салу мақсатында) талаптар немесе үмітсіз борыштар, бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін қуюу мерзімі бойына, яғни 3 жыл бойына талап етілмеген борыштар деп есептейді.

      Клиент – компаниялардың тауарларын немесе қызметтерін сатып алушы тұлғалар.

      Күрделі шығындар - Активтер счетында көрсетілген ұзақ мерзімді активтер құру немесе сатып алу шығындары.

      Консигнация - Тауар иесінің (консигнант) басқа компанияның (консигнаттар) қоймасына орналастырылған тауарлар.

      Коммерциялық  несие – Коммерциялық несие: Көтерме немесе бөлшек сауда жүргізу үшін сатып алушыларға берілген несие.

      Кредиторлық берешек – субъект уақытша тартқан ақшалай қаражат, ол шарт бойынша белгіленген мерзімде қайтаруға тиіс.

      Кумулятивтік  әдіс бухгалтерлік есепте негізгі құрал-жабдықтың өтеммін (амартизация) есептеудің үш әдісінің бірі.

      Қамтамасыз  етілген облигациялар – облтгация ұстаушыларға облигациялар құнын жабуға сенімділік беру түрінде компанияның белгілі бір активтері кепілдікке қойылды.

      Қамтамасыз  етілмеген облигациялар – Компанияның беделіне тән шығарылған облигациялар.

      Қаржылық  қорытынды есеп ескертпелері - Қаржылық қорытынды есеп мазмұнын түсіндіруші корпоративтік жылдық есептің қосымша тарауы.

      Қарапайым вексель - Қойылған талап бойынша немесе келесі уақытта белгілі бір соманы төлеу жөніндегі қабылданған міндеттеме.

      Қосылған  құнға салынатын  салық (ҚСС) - айналым салығының ерекше түрі, бюджеттің құралуының аса маңызды көздерінің бірі.

      Қызмет  мерзімі -  зат, нәрсе, негізгі құрал-жабдықтар өзінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қасиеті мен сапасын сақтайтын кезең.

      Құрылытайшылардан сатып алынған меншікті акциялар – Айналыстан алынбаған немесе сатылмаған артықшылықтағы немесе қарапайым акцияларды компанияның өзінің сатып алуы.

      Лизинг (ағыл. Leasing-жалгерлік) - қандайда болсын мүлік, әдетте негізгі құрал жабдық жөніндегі контракт.

      Лифо (ағыл. Аббревиатура lastin – fist – out) ТМҚ-ды соңғы түскен немесе дайындалған топтаманың бағасы бойынша құндық тұлғада есептеу әдісі, яғни соңынан сатып алынған бірліктер алдымен сатылады, сөйтіп тауарлар бірлігінің қолда бар босалқы қоры алғашқысынан басым тауарларынан тұрады.

      Лицензия  – формулаға, әдіске, әшекелушілікке т.б. әрекеттер жүргізуге иелік ету құқығы.

      Маңыздылық  принципі - Қаржылық қорытынды есептегі баптар мен оқиғалар қажетті сапада болады, егер қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылар маңыздылық танытса. Сондай-ақ, қаржылық қорытынды есептің сапалық сипаты деп те атайды.

      Материал  сиымдылығы - өнімнің бір өлшеміне шаққандағы есеппен жұмсалған материалдардың нормативтік шығыны.

      Меншікті  капитал - субъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтері.

      Меншікті  салмақ (тығыздық) - физикалық денелердің (қатты, сұйық, газ тәрізді денелердің) көлем бірлігінің салмағын (массасын) айқындайтын сапалық сипаттамасы   

      Міндеттемелер - шартпен ресімделген қатынастар, олар бойынша бір тұлға (борышқор) екінші тұлғаның (несиегердің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға болады.

      Нарықтық  құнды қағаздар - Қор биржаларына түсетін активті рынокта сатылатын құнды қағаздар.

        Негізгі құрал-жабдықтар қызметінің нормативтік мерзімі – жабдық , үймерет, ғимарат, автокөлік т.б. жұмысқа жарамайтын сақтайтын, ал субъект өтелімді белгіленген нормалар бойынша есептеп отыратын уақыт кезеңі.

      Негізгі капитал - субъектінің заттай да, ақшалай-да бүкіл капиталын ақшалай тұлғада сипаттайтын көрсеткіш.

      Негізгі құрал - жабдық - материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес саладада (әлеуметтік мәдени сала ) ұзақ уақыт бойынша (жылдан астам уақыт) жұмыс істейтін материалдық активтер.

      Несие үлесі - Талап етілген соманы коммерциялық банкпен алдын-ала жасалған келісімге сай алып отыру.

      Объективтілік принципі - Жауапты тұлғаның интеллектуалды тазалығы мен алаламаушылық әділ қасиеті.

      Облигациялар – Инвестициялаушы ортадан корпорацияның алған ұзақ мерзімді займдарын (қарыздары) растаушы құнды қағаздар.

      Облигациялық сертификат – Облигациялар ұстаушы жаққа компанияның қарыз екендігін дәлелдейтін құжат.

      Облигациялар  бойынша келісу – Облигация ұстаушылардың артықшылығын шектеу жөніндегі құқық жөнінде жасалған қосымша келісім.

      Облигациялар  шығару – Бір уақытта шығарылған облигациялардың жалпы саны.

      Оперативтік есеп - бухгалтерлік есептен гөрі неғұрлым тез және егжей-тегжейлі есеп.

      Операциялық жалдау - Қысқа мерзімге жалға алу немесе жал келісімі бұзылуы мүмкін жалдау. Жалдауға байланысты тәуекелшілік жағдайлары жалға алушы жақта болады. Жал төлемі жалдау шығындары сапасында есептелінеді.

      Операциялық қызмет - Бизнес атқару мен басқару барысындағы басшының қабылдайтын шешімі.

      Операциялық шығындар - Өнімнің өзіндік құнынан тыс шаруашылық қызметін жүргізу шығындары.

      Операциялық цикл - Тауарлар сатып алу, сату, сондай-ақ сатудан түскен ақшаны есепке алу жөніндегі операциялар циклы (сериясы).

      Орташа  құнмен өлшеу тәсілі - Есепті кезең ішінде сатуға арналған барлық тауарлардың орташа құнын есептеу арқылы босалқылар бағасын анықтау тәсілі.

      Орнықтылық  принципі - Қабылданатын шешімге тікелей әсер етуші негізгі сапалық сипат.

      Өтімділік - субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік).

Информация о работе Бухгалтерский учет негизи жаксыгой