Бухгалтерлік түгендеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 21:33, контрольная работа

Описание работы

Бұл жазба жұмыста бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі – түгендеу қарастырылған. Қазіргі таңда түгендеудің маңызы зор болып келеді, себебі ол ұйымның мүлкінің сақталуын, қаржылық тәртіптерді ұстануын, операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрініс табуын қадағалаудың бірден бір тәсілі болып табылады.

Түгендеу бухгалтерлік есептің түп негізінде жатыр, сондықтан бухгалтерлің жұмысын түгендеусіз елестету мүмкін емес.

Содержание

КІРІСПЕ ..............................................................................................................

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ....................................................................................................
Түгендеу түсінігі дәне түгендеу принципі ................................................
Түгендеу түрлері мен олардың сипаттамалары ........................................
Түгендеу жүргізу тәртібі және мерзімдері................................................

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік түгендеу реферат [www.topreferat.com].doc

— 159.00 Кб (Скачать)
 

      Жоғарыда  көрсетілген барлық жұмыстарды атқару бойынша орташа немесе күтілу мерзімін анықтау үшін 3 бағалауды ерекше көрсеткен қажет: Тmin – минималды; Твв – ең ықтимал; Тmax – максималды ұзақтылық мына формула бойынша: 

Тс=(Tmin + Tвв + Tmax)/n 

      Жұмыстың  қосынды ұзақтығының (оқиғаның басы мен аяғына дейін) максималды мәнін  анықтайтын жол есептеледі және осы  жолдан тыс жұмыстарына ресурстар (уақыт резервтері) анықталады. 

     Түгендеуді  жүргізудің жалпыға белгіленген мерзімдері 1.3-кестеде көрсетілген . Түгендеу бақылаудың ең маңызды әдістемелік тәсілдерінің бірі болып табылатындықтан, ол тек қажетті жағдайларда ғана жүргізілуі тиіс. Жаңа меншік нысандарының пайда болуы мен кәсіпорындар қызметіндегі дербестіктің артуына байланысты бұл жағдай өзекті болып келеді. Көптеген субъектілер түгендеуді өткізумен байланысты шығындарды есептей келе, түгендеуді жиі өткізуден бас тартады. Олар жасалған ішкі ережелерге және «есеп беру жылындағы түгендеулер саны, өткізу күндері, оларды өткізу барысындағы мүлік пен міндеттемелер тізімі өз бетінше белгіленеді» деп көрсетілген 24-бухгалтерлік есеп стандартына сүйенеді. 

Кесте-1.3

Түгендеу  өткізу мерзімдері және олардың нәтижелерін  көрсететін құжаттар 

Түгендеу объектілері Ұсынылған өткізу мерзімі Нәтижелер көрсетілуі тиіс құжат
Негізгі құралдар Жылдық бухгалтерлік есеп жасау алдында 3 жылда кемінде бір рет, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес Негізгі құралдарды түгендеу тізімі
Ақша  қаражаттары, ақшалай құжаттар, құндылықтар мен қатаң есептілік бланктері Әр айда кемінде  бір рет Ақша қаражаттарын түгендеу актісі
Тауарлы-материал-дық құндылықтар (шикізат, материал-дар, қорлар) Жылдық бухгалтерлік есептілікті жасау алдында жылда  кемінде бір рет, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес Тауарларды, материал-дарды, ыдыстарды, ақша қаражаттарын түгендеу тізімі
Қойма мен базадағы тауарлар:
  • Сатылмайтын
  • Сатылатын
 
 
Жылына  кемінде бір рет

Жылына  кемінде екі рет

Жауапкершілік сақтауға алынған (тапсырылған) тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу тізімі. Түгендеу жарлығы.
Дүкендердегі  және басқа да бөлшек сауда кәсіпорында-рындағы, тауарлар мен ыдыс, соның ішінде кітап дүкендерінде Жылына кемінде  бір рет 

Жылына  кемінде екі рет

Тауарларды, материалдар-ды, ыдыстарды, ақша қаражаттарын түгендеу тізімі
Қоймалардағы дайын өнім Жылдық бухгалтерлік есептілікті жасау алдында жылда  кемінде бір рет, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес Дайын өнім қалдығын түгендеу тізімі
Өндірілген  меншік-ті жартылай фабри-каттар және/немесе аяқталмаған өндіріс Жылдық есептіліктер мен баланстарды жасау алдында, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес. Әкімшілікпен және жергілікті басқару органдарымен бекітілген мерзімде кезеңді түрде Аяқталмаған өндіріс және жартылай фабрикаттардың қалдықтарын түгендеу тізімі
Банктермен  есеп айырысу (есеп айы-рысу және басқа да шоттарды, несие-лер, бюджеттен алынған қаражат-тар бойынша, т.б.) Банктерден  шот көшірмесі келген сайын, ал банкке инкассоға берілген есеп айырысу  құжаттары бойынша әр айдың 1-ші жұлдызында Банктермен  есеп айырысудың түгендеу тізімі
Бюджетке  және бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша есеп айырысу Тоқсанында  кемінде бір рет Бюджетке және бюджеттік емес ұйымдарға төлем  бойынша есеп айырысу-дың түгендеу актісі
Филиалдармен, өн-дірістік бірлестік-термен (дербес ба-лансқа бөлініп шы-ғарылған шаруашы-лық, бірлескен қыз-мет түрлері және оларға теңестіріл-ген басқалар) және есеп айырысу Әр айдың  1-ші жұлдызы Филиалдармен  және т.б. есеп айырысу бойынша түгендеу актісі
Дебиторлар  мен кредиторлармен есеп айырысу Жылына кем  дегенде екі рет Дебиторлармен және/немесе кредиторлар-мен есеп айырысу бойынша түгендеу актісі
Аяқталмаған капи-талды жөндеуді қоса болашақ кезең шығындары Жылына кем  дегенде бір рет Болашақ кезең  шығындарын түгендеу актісі
Инвестициялар немесе түрлі қаражат салымдары Жылдық бухгалтерлік есептілікті жасау алдында жылда  кемінде бір рет, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес Инвестициялар немесе түрлі қаражат салымдары  бойынша түгендеу тізімі
Кітапханалық  қорлар Жылдық бухгалтерлік есептілікті жасау алдында 5 жылда кемінде бір рет, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес Кітапханалық  қорларды түгендеу тізімі
Мұнай және мұнай өнімдері Айына кемінде  бір рет Мұнай және мұнай  өнімдерін түгендеу актісі
Бағалы  металдар мен алмаздар Жылына кем  дегенде екі рет Бағалы металдарды, асыл тастарды, табиғи алмаз-дарды және олардан жасал-ған бұйымдарды түгендеу актісі
Жас мал  мен борда-қылаудағы мал, құстар, үй қоянда-ры, аралар және т.б. Тоқсанына кем  дегенде бір рет Жас мал мен басқаларды түгендеу актісі (қажет бол-ғанда түгендеу тізімдемесі)
Баланстың қалған баптары Есеп беру жылынан  кейін-гі айдың 1-ші жұлдызында Мақсатына қарай  акт немесе түгендеу тізімі

Информация о работе Бухгалтерлік түгендеу