Бухгалтерлік шоттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 19:02, лекция

Описание работы

Бухгалтерлік есеп шоттары – ұйымның шаруашылық қызметі мен басқа да қызметі туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен қаражаттың, шаруашылық үдерістері мен міндеттемелерінің қозғалысын топтастыру, бақылау, есептеу және қорытындылау тәсілі. Бухгалтерлік есеп нысандарының арасындағы экономикалық байланыстардың екі жақты сипатына байланысты жүйелі ауыспалы айналымы және олардан туындайтын шаруашылық операциялар үдерісінде Бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты нысан болады

Работа содержит 1 файл

Копия Бухгалтерлік есеп шоттары.docx

— 14.81 Кб (Скачать)

     Бухгалтерлік есеп шоттары – ұйымның шаруашылық қызметі мен басқа да қызметі туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен қаражаттың, шаруашылық үдерістері мен міндеттемелерінің қозғалысын топтастыру, бақылау, есептеу және қорытындылау тәсілі. Бухгалтерлік есеп нысандарының арасындағы экономикалық байланыстардың екі жақты сипатына байланысты жүйелі ауыспалы айналымы және олардан туындайтын шаруашылық операциялар үдерісінде Бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты нысан болады. Шоттың сол жағы дебет, оң жағы кредит деп аталады. Деректері теңгерімде көрсетілетін шоттарды теңгерімдік шоттар дейді. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазбалар қалдықтарды (сальдо) көрсетуден басталады. Сальдо бастапқы сальдо (есепті кезеңнің – әдетте айдың басындағы шоттар бойынша жазылады) және ақырғы сальдо (бастапқы сальдоны және есепті кезеңнің соңындағы дебет пен кредит бойынша операциялардың қорытындысы ескеріле отырып шығарылады) болып келеді. Сальдо бухгалтерлік теңгерімде көрсетілетін шот жағына жазылады, яғни қаражат (теңгерім активі) – дебет бойынша, міндеттемелер (теңгерім пассиві) – кредит бойынша жазылады. Бухгалтерлік есеп шоттары қаражаттың есебіне арналған актив шот және міндеттемелер мен шаруашылық қаражаттың туындайтын көздерінің есебіне арналған пассив шот түрлеріне бөлінеді. Есеп нысанының көбеюін білдіретін операциялар шоттың бастапқы сальдо ескерілетін жағына, ал оның азаюы қарама-қарсы жағына жазылады. Актив бухгалтерлік есеп шоттарындағы дебет бойынша жазба көбеюді, ал пассив бухгалтерлік есеп шоттарында керісінше: кредит бойынша жазба – көбеюді, ал дебет бойынша жазба – азаюды білдіреді. Есепті кезеңдегі шаруашылық операциялар жазбаларының қорытындысы (сальдоны есептемегенде) шоттар бойынша айналымдар деп аталады. Олар дебеттік және кредиттік болады. Актив шоттардың ақырғы сальдосы бастапқы сальдоға дебеттік айналымның сомасын қосып, кредиттік айналымның сомасын шегеру жолымен шығарылады, пассив шоттардың сальдосы бастапқы сальдоға кредиттік айналымның сомасын қосып, дебеттік айналымның сомасын шегеру жолымен шығарылады. Шаруашылық операциялар Бухгалтерлік есеп шоттарында қосарлы жазба қағидасы бойынша көрсетіледі, бұл қағидаға сәйкес бір операция бірдей сомада бір шоттың дебеті бойынша, екінші шоттың кредиті бойынша көрсетіледі. Шаруашылық операцияларды қосарлы жазба қағидасы бойынша көрсету кезінде туындайтын бухгалтерлік есеп шоттары арасындағы өзара байланыс шоттардың корреспонденциясы (қосақталуы) деп аталады, ал өзара байланысқан шоттардың өзі корреспонденциялау (қосақталушы) шоттары деп аталады. Актив және пассив шоттармен қатар актив-пассив шоттар да болады, оларда дебет сальдосы да, кредит сальдосы да болуы мүмкін. Қосарлы жазба қағидасы теңгерімнен тысқары шоттарға қолданылмайды. Есептелетін нысандарды қорытындылау дәрежесіне қарай бухгалтерлік есеп шоттары жинақтамалы шоттарға [шаруашылық қаражатының тиісті түрлерін немесе қаражат көздерін ақша тұлғасында жинақтап (қорытындылап) көрсетуге арналған шоттар] және талдамалы шоттарға (қаражаттың немесе қаражат көздерінің нақты түрлерін егжей-тегжейлі көрсетуге арналған шоттар) бөлінеді. Талдамалы шоттардың аралық қорытындылануы үшін жинақтамалы шоттардың ішінде қосалқы шоттар ашылады. Бухгалтерлік есеп шоттары экономикалық мазмұнына, мақсатына және құрылымына қарай сыныпталады. Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын шоттардың жүйеленген тізбесін бухгалтерлік есеп шоттар жоспары деп аталады. Онда жинақтамалы шоттар мен қосалқы шоттардың атаулары мен кодтары, сондай-ақ оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық және шоттардың корреспонденциясы беріледі. Шоттардың барлық ұйымдар үшін бірегейлендірілген жоспарын елдің қаржы министрлігі бекітеді. Шоттардың бекітілген жоспары шегінде әрбір ұйым есеп саясатына сәйкес шоттардың жұмыс жоспарын қабылдайды және талдамалы шоттардың тізбесін әзірлейді. Бухгалтерлік есеп шоттары жүйесіндегі бухгалтерлік жазбаларды қорытындылау және тексеру жұмысы айналым тізімдемелерінің көмегімен жүргізіледі.

Информация о работе Бухгалтерлік шоттар