Бухгалтерлік есептеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 18:27, реферат

Описание работы

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәлімелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Содержание

Кіріспе
І. Ақша қаражаттары қозғалысының ішкі бақылауды ұйымдастыру
1.1. Касса есебі.
1.2. Есеп айырылысу есебі.
1.3. Ақша қаражатының есебін бақылау және түгендеу.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

типа бухучееет.doc

— 63.00 Кб (Скачать)

Акт ұйым кассасында тұрған ақшалай құжаттардың, ақшалай бар-жоғын түгендеу нәтижелерін көрсету үшін қолданылады. Коммисия ұйым кассасындағы тұрған ақшалай құжаттарды, барлық ақшаны түгел қайтадан есептеу жолымен ақшаның бар болуын тексереді. Акт екі дана болып жасалады түгендеу, коммисиясы мен материалдарға жауапты адам қол қояды. Бір данасы ұйым бухгалтериясында беріледі, екіншісі материалдық жауапкершілікті адамда қалады. Түгендеу басталғанға дейін ақша, ақшалай қаражаттардың сақталуы үшін жауап беретін материалдарға жауапты адамнан қолхат алынады. Қолхат форманың тақырыптық бөлігіне кірген. Материалдарға жауапкер адам құжаттарды тапсырған материалдарға жауапты (қолма-қол ақшаны, ақшалай қаражаттарды тапсырған материалдарға жауапты адамға, ақшаны, ақшалай қаражаттарды қабылдаған материалдарға жауапты адамға және бухгалтерияға).

 

 

 

 

 

Қорытынды

              Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

              «Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп» 4 бухгалтерлік есеп стандартында ақшалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол ақша ретінде белгіленген. Ақшалай қаражат қозғалысы – олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы. Кассадағы ақшалай қаражаттарды сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген. Кәсіпорындар өздерінің есеп шоттарынан қолма-қол ақша алады, онда талап етілетін соманың тағайындалуын (еңбекақы төлеуге, жәрдемақыға және шаруашылық шығындарына және т.б.) Қолма-қол ақша алу үшін субъект банкке алдын ала талап етілген сомаға тапсырыс жолдайды.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.      Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп. А., 2005ж.

2.      Байболатова Н. Бухгалтерлік есеп. А., 2003ж.

3.      Мыржақыпова С.Г. Банктегі бухгалтерлік есеп. А., 2004ж.



Информация о работе Бухгалтерлік есептеу