Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 16:28, реферат

Описание работы

Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.

Содержание

КІРІСПЕ
1.1. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар.
1.2. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде дамуы.
1.3. Қазіргі кездегі бухгалтерлік есептің мәні мен қағидаттары.
2.1. Бухгалтерлік есеп стандарттары және қаржылық есеп беру.
2.2. Бухгалтерлік есеп принциптері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік есеп қағидалары.DOC

— 105.50 Кб (Скачать)

      Бухгалтерлік  есептің континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы (концепциясы) кәсіпорынның жұмысына мемлекеттің  ықпал етуімен, араласуымен түсіндіріледі. Бұл бойынша сол елдегі қызмет атқаратын барлық ұйымдар мемлекет бекіткен шоттар жоспары және басқа да нормативті құжаттар бойынша жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі қолданылатын ақпараттық мәліметтері бұл континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы (концепциясы) бойынша салық органының және басқа да мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Дүние жүзінде бұл модельді қолдап отырған елдердің қатарына Австрияны, Германияны, Жапонияны және басқа да Еуропа елдерін жатқызуға болады.

      Америкалық  тұжырымдаманың (концепцияның) континенттік (еуропалық) тұжырымдамадан (концепциядан) өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі мәліметтері негізінен қаржы салымшылары мен несие берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда ұйымның салық жүйесі қаржылық есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін тауып отырады. Бүгінгі таңда бұл модельді Ақш, Канада, Ұлыбритания, Голландия, Австралия, Үндістан (Индия), Оңтүстік Африка Республикасы және басқа елдер қолданып отыр.

      Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ әрбір ел өзінің бухгалтерлік есебін континентальдық (еуропалық) немесе америкалық тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің еліміздегі ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсында континенттік (еуропалық) тұжырымдама(концепция) бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі күннің өзінде осы қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтсе де 1997 жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары Американдық (халықаралық) бухгалтерлік есеп стандарттарына барынша жақындатылып жасалынғандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады. Біріншіден-осы тұрғыдан, ал екіншіден-елдегі қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың қаржылық есеп берулері соңғы кездері қаржы салымшыларын (инвесторларды) ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуге негізделіп жасалып отыр.

          
 
 
 
 
 

2.2. Бухгалтерлік есеп принциптері.

          Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан-бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принциптері анықталған:

  • есептеу;
  • үздіксіз (ұдайы);
  • түсініктілік;
  • мәнділік;
  • маңыздылық;
  • сенімділік;
  • әділетті әрі тура көрсету;
  • бейтараптық;
  • сақтық;
  • толықтылық;
  • салыстырмалық;
  • дәйектілік.

      Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық  деп аталатын төрт принцип-бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.

      Түсініктілік  принципі 

      Бухгалтерлік  есептің ақпараттық мәліметтері  оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы  барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет. 
 

      Маңыздылық  принципі      

      Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуы мен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:

  • алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;
  • бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.

      Бухгалтерлік  ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық  аспектілер қолданылады.

  1. Уақытылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз

пайдаланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отырылуы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.

  1. Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі

жасалынған  болжаулардың нәтижесінде алынған  бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.

  1. Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар

немесе  оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.

      Сенімділік  принципі

    Берілген ақпараттық мәліметтерде  қате болмаса, сондай-

ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді  ақпарат болып табылады.

      Салыстырмалық принципі

    Қандай да бір кезеңнің бухгалтерлік  есеп мәліметтері (қаржылық есебі)  өткен уақыттардағы мәліметтермен  салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығымен мазмұндылығы арта түседі. 
 

      Сақтық  принципі

      Бухгалтерлік  есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді) және пайдаланушылар осы мәлімет  арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да әрбір әріптің және цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.

      Есептеу принципі  

      Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.

      Үздіксіз  принципі

      Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.

      Мәнділік  принципі

      Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың  қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын  жұмысына (қызметіне) баға беруіне көмек  тесуі керек.

      Бейтараптық принципі

      Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауы арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметтер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.  
 

      Әділетті  әрі тура көрсету  принципі 

      Кәсіпорынның  қаржылық қорытынды есебі осы  мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.

      Толықтылық  принципі

      Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық мәліметтер сенімді болуы үшін толық  болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.

      Дәйектілік  принципі

      Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңін басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.

      Есеп  қисап жұмысының мақсаты үкіметіміздің  экономикалық саясатымен анықталады. Әрбір қоғамның экономикалық теориясында  анықталған негізгі заңына сәйкес шешіледі. Яғни, қоғамның бір қалыпты жоспармен  дамуы, есеп – қисап көрсеткіші болмаса  іске асуы мүмкін емес. Себебі мемлекеттік даму бағыты есеп-қисап мәліметінің көрсеткіштерін негізге ала отырып жасалады. Онымен қатар мүмкіншілігін немесе орындалмау себебін экономикалық талдау арқылы анықтап отыратын да бухгалтерлік есеп.

      Осы орайда, бухгалтерлік есептің алдына мынадай нақты міндеттер қойылады.

      Бухгалтерлік  есептің басты міндеті – кәсіпорынның шаруашылық жоспарының орындалуын бақылау. Бұл мақсаттың орындалуы есеп – қисап жұмысының көрсеткіштерімен дәлелденеді. Себебі, барлық кәсіпорын  шаруашылығының нәтижесін есеп-қисап алады. Яғни, ол көрсеткіштер жоспардың орындалуы барысын көрсетеді.

      Осы орайда, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің, жоспарлау көрсеткіштермен салыстырып, оның орындалу дәрежесін анықтайды. Бұл мәліметтер кәсіпорын жұмысына басшылық ету үшін өте қажет.

      Бухгалтерлік  есептің міндеттерінің бірі мемлекеттік, қоғамдық және жекеменшіктің түгелдігін қорғау. Есеп-қисап жұмысында, мемлекет меншігі – ол халқымыздың қазынасы.

      Оның  молшылығы – еліміздің экономикалық қуатының деңгейін, әрбір кәсіпорын  шаруашылықтарын игеру мүмкіншіліктерінің шамасын көрсетеді.

      Мемлекет  меншігінің ішінде белгілі орын алатындары- өндіріс қоры, өндіріс құрал-жабдықтары, ақша қаражаттары, тұтыну тауарлары. Осы  көрсетілген мемлекет меншіктерінің  түгелдігін қорғауда бухгалтерлік есептің орны өте жоғары. Осы орайда, айта кететін бір жағдай материалдық жауапкершілік есебін тиянақты бір жүйеде жүргізу ерекше орын алады. Себебі материалдық жауапты адаммен (мекемемен) есеп-қисап уақытылы жүргізілмесе ол жағдай есеп-қисап жұмысының барлық нәтижесін жоққа шығарады.

      Бухгалтерлік  есептің тағы бір міндеті –  кәсіпорындар экономикасын, шаруашылық есептің түбегейлі нәтижесі көрсету.

      Түбегейлі қайта құру кезінде барлық кәсіпорындар толық шаруашылық есеппен өзін- өзі  қаржыландыруға көшуге тиісті. Шаруашылық есеп жоспарлар шаруашылықты жүргізу әдісі ретінде өндіріс тиімділігін арттыру үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасайтын принциптерге негізделген.

      Негізгі принциптер мыналар: 

1) қажетті  ресурстарды кәсіпорынға немесе  бірлестіктерге жарғылық устав арқылы анықтау;

2) шаруашылық  дербестік;

3) өндіріске  жұмсалған шығындарды оның нәтижелерімен  ақшалай түрінде жалғастыру;

4) өз  шығынын өзі өтеу және рентабельділік;

5) өндірістің  дамуына жұмысшылар ұжымын материалдық  жағынан мүдделі ету, экономикалық ынталандыру;

6) шаруашылық  қызметіне ақшалай өлшем арқылы  бағалау жасау.

      Осы айтылған шаруашылық есеп принциптерін негізге ала отырып, әрбір кәсіпорын-мақсаты  мен міндеттері жарғы арқылы белгіленген  дербес шаруашылық орны бола алады. Оның өз жоспары, тиянақты балансы және мемлекеттік банктерде өзінің есеп айырысу счеттары болады.

      Қорыта  келген де бухгалтерлік есептің шаруашылық есепті нығайту нәтижесін көтерудегі кәсіпорындарда негізгі қорды пайдалану, айналмалы қорлардың тиімділігі, өндіріс өнімін уақытылы, тиімді бөлініп сатылуын тиянақты есепке алу арқылы орындалады.

Информация о работе Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар