Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 13:14, реферат

Описание работы

Бухгалтерлік құжат – шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау .Құжаттардағы мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен қатар құжаттар субъектінің іс-әрекет оперативті басқару барысында кеңінен қолданылады .Құжаттар негізінде-материалдық және ақшалай құжаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т.б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды-кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

бух есеп.docx

— 43.79 Кб (Скачать)

 

                             

 

 

                                 

 

 

 

                                     2.4. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

       Құжаттың рәсімделуі мен мазмұнына  қатаң талаптар қойылады. Құжаттар  рәсімделетін шаруашылық операцияларына  сипаттама беретін көрсеткіштерді  көрсетуге тиіс. Бухгалтерлік құжаттама  мынадай негізгі талаптарға жпуап  беруі тиіс: дәл болу, яғни олардың  сипаты, сандық және ақшалай көрсеткіштері  бойынша нақты жүргізілген шаруашылық  операцияларына сәйкес келу: қарапайым  және айқын есеп аппаратының  қызметкерлеріне ғана емес, сондай-ақ  пайдаланушыларға (салық инспекциясының, банктердің қызметкерлеріне, менеджерлерге,  кәсіпкерлерге, құрылтайшыларға  және т.б.) түсінік болуы керек.  Мерзімінде рәсімделген және  есеп процесін автоматтандыру  жағдайында өңделуге бағытталған  болуы қажет. Есеп құжаттарында  көрініс тапқан бухгалтерлік  ақпарат сапалы және тиімді  болуға,яғни еңбек пен уақыттың  аз шығынымен қалыптасуға тиіс.    

 

                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            Қорытынды

       Нарықтық қатынастар жағдайында  құжаттарға жазылған кейбір маңызды  экономикалық ақпараттарды бәсекелестердің  пайдаланып кетпеуі үшін оны  құпия сақтау керек. Маңызы  жағынан аса жоғары дәрежедегі  ақпараттарды құпия сақтау үшін  құжаттар қозғалысының айрықшы  айналымын жасап, құжат жасаушы  міндетті адамдарды арнайы нұсқаудан  өткізіп, бұларды материалды жағынан  ынталандыру шаралары белгіленгені  жөн. Құжат жасауға байланысты  адамдар ақпараттардың ұрланып  немесе сатылып кетпеуін қамтамасыз  етуге міндетті. Ұйым бухгалтерлері  мен басшылары арасында жасалған  келісім-шартта осы ұйымның коммерциялық  жөнінде бухгалтерлерден жазба  түрде міндеттеме талап етіліп, құпия сақталатын құжаттар тізімін  белгілеу шаралары іске асырылып  отыруы керек.  Ұйымдардағы бухгалтерлік  есепті компъютерлік технологиямен  жүргізілуіне байланысты ақпараттар  құпиясын сақтау мақсатында компъютерге  басқалардың кірмеуі керек. Компъютерлік  ақпараттарға бөлек адамдардың  кірмеуі үшін арнайы кіліттер, парольдер (атқарушының дауыс  ерекшелігі, саусағының таңбасы)  қолданылуы керек. Ақпараттар  құпиясын сақтау барысында шаруашылық  операцияларын компъютерге енгізу  алдында бұларды арнайы шифрлармен  белгілеп, шығару кезінде шифрларды  жою керек. Сонымен ұйымдарда  жасалынатын құжаттардың коммерциялық  құпиясын сақтау үшін компъютерлік  арнайы бағдарлама құрылады. Мұндай  бағдарлама ұйым экономикасының  қауыпсіздігін қамтамасыз етеді.  Коммерциялық құпияның сақталуын  қамтамасыз ету шараларына ақпараттар  ағынын тексеру мен пайдаланушылардың  тізімін арнайы категория мен  уәкілдік етуші топтарға бөлу  керек. Ұйым басшысы мен бас  бухгалтері ақпараттар жүйесіне  кірушілер мен уәкілдік етушілердің  қыэметін тексеріп, қажет болған  жағдайда шектеу шараларын белгілейді. 

 

 

 

                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Қолданылған әдебиеттер

 

 1.  Әбдіғали Әбдіманапов

 Бухгалтерлік  және қаржылық есеп принциптері.

(халықаралық  стандарт)

 Алматы-2006

    

 2.С.Б. Баймұханова

 Ә.Ж. Балапанов.

 Бухгалтерлік есеп.

 Алматы-2001.

   

 3.Қ.К. Кеулімжаев

 Н.А. Құдайбергенов

 Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері.

 Алматы-2006 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру