Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 19:49, реферат
Бухгалтерлік есеп адамзаттың дамуымен бірге өте ерте кезде пайда болды. Бухгалтерлік есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.
1. Субъектіні,
сонымен бірге басқа да
2. Субъектінің
шаруашылық қызметін жүзеге
Бухгалтерлік есепті зерттеу білім алуға және маңызды басқару шешімдерін қабылдай білуге мүмкіндік береді. Есептік ақпараттар кәсіпорын ішінде де, одан тыс жерде де ондай шешімдерді қабылдауға негіз болады. Ол үш бірдей міндетті қызметті (функцияны) – жоспарлауды, бақылауды, бағалауды – жүзеге асыру үшін басқару аппаратын сандық ақпараттармен қамтамасыз етеді.
1. Жоспарлау (planning) - іс әрекеттердің тәртібін, тұжырымдау процесі. Ол мақсаттың қойылуын, оған жету жолдарының іздестірілуін және ең жақсы алтернативтің таңдалуын қамтиды. Бұл сатыда бухгалтер кәсіпорында бар қаржылық альтернативтер туралы анық қорытынды есепті дайындап тапсыруға міндетті. Келешекке жоспар жасау үшін ақша қаражаттарына деген қажеттіліктер және болжамды таза табыс туралы ақпараттың маңызы зор.
2. Бақылау (control) – жоспардың орындалуын қадағалау процесі. Бұл сатыда бухгалтер нақты шығындар мен табыстардың жоспармен салыстыруынан тұратын ақпараттарды дайындауға тиісті.
3. Бағалау (evaluation) – барлық қабылданған шешімдер жүйесін, оларды жақсарту мақсатында зерттеу процесі. Бұл кезеңде бағалау ақпараты жылдық және басқадай қаржылық қорытынды есептерде бухгалтерлік ақпараттардың негізінде көрсетіледі.