Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 19:39, реферат
Бухгалтерлік есеп адамзаттың дамуымен бірге өте ерте кезде пайда болды. Бухгалтерлік есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп адамзаттың дамуымен бірге өте ерте кезде пайда болды. Бухгалтерлік есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.
Жалпы адамзат өмірінің, адамзат қоғамы өмірінің негізі – материалдық өндіріс процесі. Осы материалдық өндіріс процесі дамуының белгілі бір кезеңде оны сандық түрде көрсету қажеттілігі және мүмкіншілігі туындады. Шаруашылықты өлшемсіз (салмағы және саны), кірістер мен шығыстарды салыстырмай, біріншісінің екіншісінен асып түсуін болдырмай жүргізу мүмкін емес. Осы кезде есеп пайда болды және ол барлық уақытта материалдық өндіріс процесіне қызмет көрсетті, сонымен бірге жетілдіріліп отырды.
Алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде-ақ адамдарды өздерінің өмірін сақтап қалу және ұзарту үшін қанша тамақ табу керек екендігі толғандырып, есеп есте сақтау арқылы жүргізілсе, құл иеленушілік құрылыс кезінде ауыл шаруашылығындағы өнімдерді, қолөнер өнімдерін өндіру ұлғайып, есеп жүргізудің қажеттілігі туындады.
Ертедегі Египетте (ирригациялық) пирамида құрылысы жақсы дамыды. Құрылысты басқаратын терең білімді адамдармен бірге есеп жүргізетін мамандар да қажет болды. Арнайы мектептерде дайындалған мамандар (жазғыштар) әр түрлі қаттардың кіріс, шығысының есебін жүргізіп, белгілі бір мерзімге олардың қалдықтарын анықтай алатын болды. Египетте есеп жүргізуші кітап – ұзындығы 10-12 м болатын папирус лентасы болды. Ондағы мәліметтер ұзақ уақытта сақталды.
Қазіргі кезде кеңінен пайдаланылып жүрген көптеген әдістер мен тәсілдер ерте кездің өзінде-ақ (5-6 мың жыл бұрын) пайда болды. Біріншіден, шаруашылық құралдар тегіне қарай топтастырылды. Екіншіден, шаруашылық құралдары қозғалысының есебі жүргізілді. Үшіншіден, есеп бақылау жасау құралы ретінде пайдаланылды.
Есеп жүргізу деңгейі ертедегі Греция мен Римде де мейілінше жоғары болды. Себебі ертедегі гректер шығыс пен батыстағы ұлан ғайыр территорияда сауда-саттық жүргізген. Есеп жүргізу үшін олар да папирусты қолданған, бірақ ағымдағы жазуды орындау үшін тақтайдан жасалып, балауыз жағылған кестелер пайдаланылды.
Ертедегі римдіктер де бұл балауыз жағылған тақтай кестелерді бір-біріне кітап сияқты етіп байлап, оларды «Кодекстер» деп атады.
Орта ғасырларда Рим империясының есеп мамандарына инвентарлық кітап, кіріс-шығыс кітаптары белгілі болды. Олар қазіргі касса, кассир, кассалық жазу, шоттарды жабу, сальдоны (қалдықты) анықтау деген терминдерді білді.
Орта ғасырлардың аяғында бухгалтер деген термин Австрияда пайда болды. 1498 жылы Қасиетті Рим империясының императоры Максимилиан-I бірінші бухгалтер етіп Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехерді тағайындады. Осы оқиға жайлы Вена мемлекеттік мұражайында әлі күнге дейін сақтаулы император Максимилианның 1498 ж. 13 ақпанындағы бұйрығы куә. Осы уақытқа дейін мұны ақылы есеп жазбаларымен айналысатын «кезбе жазушылар» жүзеге асырып келді. Жоғарыда келтірілген күн «бухгалтер» және бухгалтерия ұғымының таралуының бастамасы болып саналады. Сол кезде бухгалтер мамандығына өте жоғары адамгершілік талаптар қойылатын. Кейбір елдерде бухгалетрдің адамгершілік қасиетіне қарап, оны қазіргі уақытқа дейін шіркеу қызметкерінен кейінгі екінші орынға қояды.
Осы кезеңнен бастап біздің ғылымның және кәсібіміздің атауы есеп регистрінің негізгі түрі – кітаппен байланысты болды.
Есептің жетілдірілуі ескі және жаңа италиялық екі жақты бухгалтерияның пайда болуына жағдай туғызды. Екі жақты жазудың өмірге келуі адамзат қоғамының өмірі эәне шығармашылығы үшін ауқаттылық жасаған меншік капиталының дамуына (мүмкіндік жасады) жол ашты. Екі жақты жазу жүйесі XIII-XIV ғғ. дүииеге келді, оны солтүстік Италияның сауда орталықтарында қолданған еді. Генуяның муниципалдық жазуларында табылған екі жақты жазудың жүйесі 1340 жылмен көрсетілген.
Одан ерте екі жақты жазу 1299-1300 жж, Францияда Шампань провинциясындағы фирмада анықталған.
Бухгалтерлік есеп туралы ғылым ретінде 1458 ж. Бенедетто Катрульи өзінің кітаптарында жазған.
Ескі италиялық бухгалтерияның негізгі ерекшеліктері – есеп жүргізуші екі кітапты: журналды және Бас кітапты болып көрсетілуі. Журналда хронологиялық жазулар жазылса, Бас кітапта топтастырылып жазылды. Кітаптың барлық парағы номерленді жіне бір парақтың жоғалуы кітаптың құнын айтарлықтай түсірді.
Бухгалтерлік есеп туралы бірінші кітапты 1494 жылы италиялық ғалым-математик Лука Пачоли жазды. Лука Пачоли алғаш рет бухгалтерлік есеп туралы білімді бір жүйеге келтірді. Оның осы «Арифметика, геометрия салалары, пропорциялар және қатынастар туралы ілім» деген кітабында «Шоттар және жазулар туралы трактаттар» деп аталатын бөлімінде екі жақты бухгалтерияны жүргізу әдісін көрсетеді. Онда Пачоли постулаты деген атауға ие болған екі негізгі ережесі жазылған:
Постулаттардың
мағынасы өте маңызды, өйткені олар
шын мәнінде кәсіпорындарды шаруашылық
өмірінің фактілерін қазір де тіркеу
үшін кеңінен қолданылатын жазбалардың
әмбебап сипатын нақты
Ал жаңа екі жақты бухгалтерияда синтетикалық және талдамалық (аналитикалық) шоттар пайда болды.
Ал есептің мемориалдық кассалық (немістік) нысаында журнал екі журналға бөлінеді: кассалық журнал және мемориал.
Кейін XIV ғ. ортасынан бастап есептің журналды жүйесі пайдаланылса, XX ғ. басында Бас журнал немесе америкалық нысаны пайдаланылатын болды. Ал XIX ғ. аяғында есептің шахматтық нысаны пайдаланылса, қазіргі кезде есептің автоматтандырылған нысаны пайдаланылады. Бұл нысан есептің процесті бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Қазіргі
кезде бухгалтерлік есепті автоматтандыру
жүйесінде ерекше орын алатын әмбебап
компьютерлік бағдарлама - «1С Бухгалтерия».
Бұл бағдарлама «карапайымнан күрделіге»
принципі бойынша құрылған. Оны қарапайым
операциялар үшін де, есеп регистрлерін,
Бас кітапты, жекелеген қорытынды есеп
нысандарын құру үшін де пайдалануға болады.
Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:
Бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезңіне екі жақты жазу әдісінің кеңінен таралуы тән болып табылады.
Екінші кезеңнің тарихи маңыздылығына келсек онда онда «есептеу» ғылымының басты бағыттары анықталған, ал бұдан кейін оның одан әрі дамуы сипат алды. Осы кезеңде есептеу нысандары бойынша жұмыстардың көптеген саласы шығады, есептеудің сан алуантеориялары туындайды: Францияда – заңдық, Италияда – материалистік, Германияда – камералдық .
Үшінші кезең, өз мәні бойынша, бухгалтерлік есептің ғылыми ілімдердің бір саласы ретінде қалыптасқан кезеңі болып саналады. Осы жылдары бухгалтерлік есептің бірқатар анықтамалары мен мақсаттары қалыптастырылды.
Есептеуге ғылыми анықтама беруге алғашқылардың бірі болып күш салған итальян мектебінің оқымыстылары саналады. Мәселен, Франческо Вилла (1801-1884) есептеу кітап жүргізу өнеріне қажет экономикалық және әкімшілік ілімдерден тұрады деп есептеді. Осы кезеңде әр түрлі ғалымдар айтқан бухгалтерлік есептің анықтамалары бухгалтерлік есепті тәжірибелік қызметтің нысандарының бірі деген көзқарастан бас тартуға мүмкіндік берді, оның ең басты мақсаты кәсіпорын меншігіндегі мүліктерге бақылау жасау болып табылады.
Бухгалтерлік есептің төрінші даму кезеңі сыртқы нарықтык орта жағдайында қазіргі бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының айқындалуымен сипатталады.
Есептің
ерекше маңыздылығын қуаттай отырып,
1946 ж. бухгалтерлердің халықаралық
конгресі француз ғалымы Ж.Б. Дюмарше
ұыснған күннен, таразыдан және Бернулли
қисығынан тұратын әрі «Ғылым, сенім, тәуелсіздік»
ұраны сызылған бухгалтерлердің елтаңбасын
бекітті. Онда көрсетілген күн бухгалтерлік
есептің шаруашылық қызметтің қаржысымен
сәулеленіп тұрағнын, таразы – балансты,
яғни тепе-теңдікті, ал Бернулли қисығы
бір кезде жасалған есеп мәңгі өмір сүреді
деген мағынаны білдіреді.
Ал XIX ғ. аяғында есептің шахматтық нысаны пайдаланылса, қазіргі кезде есептің автоматтандырылған нысаны пайдаланылады. Бұл нысан есептің процесті бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Қазіргі
кезде бухгалтерлік есепті автоматтандыру
жүйесінде ерекше орын алатын әмбебап
компьютерлік бағдарлама - «1С Бухгалтерия».
Бұл бағдарлама «карапайымнан күрделіге»
принципі бойынша құрылған. Оны
қарапайым операциялар үшін де, есеп
регистрлерін, Бас кітапты, жекелеген
қорытынды есеп нысандарын құру үшін де
пайдалануға болады.
Бухгалтерлік есеп – белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъект туралы қажылық ақпараттарды өлшеуді, өңдеуді және тапсыруды жүзеге асырушы жүйе. Бұл ақпараттар оларды пайдаланушыларға (тұтынушыларға) субъектінің шаруашылық қызметіне басқару жүргізудің альтернативтік вариантарын таңдау кезінде негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Америкалық ант беруші бухгалтерлер институтының мәлімдеуінше, бухгалтерлік есептің міндетті қызметі (функциясы) - басқару шешімдерін қабылдау мақсатына пайдалану үшін шаруашылық жүргізуші субъект туралы қаржылық сипаттағы сандық ақпараттарды дайындау.
Бухгалтерлік есеп субъектінің шаруашылық қызметі мен шешім қабылдаушы адамдардың арасын байланыстырушы сала ретінде қызмет атқарады. Ол:
1. Субъектінің шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді ары қарай пайдалану үшін оларды тіркеу жолымен өлшейді;
2. Керекті сәтке дейін сақтай отырып, мәліметтерді өңдейді, ал содан кейін олар пайдалы ақпараттарға айналу үшін қайта өңдейді
3. Қорытынды есеп беру арқылы ақпараттарды оларды пайдаланушылар шешім қабылдау үшін тапсырады.
Бухгалтерлік есеп пен шоттарды жүргізудің айырмашылығы – шоттарды жүргізу (орыс. – счетоводство, eng. - bookkeeping) – бухгалтерлік есепті жүргізу процесі, шаруашылық операциясын тіркеу және есептік құжаттарды сақтау құралы. Бұл үдеріс – бухгалтерлік есептің бір ғана бөлігі. Бухгалтерлік есепке жүйелер дизайны, смета құру, шығындарды талдау, аудиторлық тексеру, табыс салығын есептеу және жоспарлау кіргізіледі.
Бухгалтерлік есеп – басқару ақпараттық жүйенің қаржылық орталығы. Ол басқару аппаратында да, сыртқы пайдаланушыларда да кәсіпорынның шаруашылық қызметінің толық көрінісінің бар болуына мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері:
1.
Субъектіні, сонымен бірге басқа
да мүдделі тұлғаларды оның
шаруашылық қызметі туралы
2.
Субъектінің шаруашылық
Бухгалтерлік есепті зерттеу білім алуға және маңызды басқару шешімдерін қабылдай білуге мүмкіндік береді. Есептік ақпараттар кәсіпорын ішінде де, одан тыс жерде де ондай шешімдерді қабылдауға негіз болады. Ол үш бірдей міндетті қызметті (функцияны) – жоспарлауды, бақылауды, бағалауды – жүзеге асыру үшін басқару аппаратын сандық ақпараттармен қамтамасыз етеді.
1. Жоспарлау (planning) - іс әрекеттердің тәртібін, тұжырымдау процесі. Ол мақсаттың қойылуын, оған жету жолдарының іздестірілуін және ең жақсы алтернативтің таңдалуын қамтиды. Бұл сатыда бухгалтер кәсіпорында бар қаржылық альтернативтер туралы анық қорытынды есепті дайындап тапсыруға міндетті. Келешекке жоспар жасау үшін ақша қаражаттарына деген қажеттіліктер және болжамды таза табыс туралы ақпараттың маңызы зор.