Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 12:01, задача

Описание работы

Тапсырма 4
Орамның атқаратын қызметтерін атаңыз?
Тауарды орау жоғары сападағы тауар деген ұғымды қалыптастырады. Тауардың оралуы-оны салатын ыдысқа, қорапқа немесе орайтын затқа байланысты. Таурдың ішкі және сыртқы оралуы болады.
-ішкі оралуы дегеніміз тауардың салынған тікелей ыдысы, мысалы, әтірдің шишасы;
-сыртқы оралуы-тауарды қорғау үшін орайтын және тауарды тікелей қолдануға дайындау кезінде алынып тасталатын материал.

Работа содержит 1 файл

ерке.docx

— 14.06 Кб (Скачать)

Тапсырма 4

Орамның атқаратын қызметтерін атаңыз?

Тауарды орау жоғары сападағы тауар деген ұғымды қалыптастырады. Тауардың оралуы-оны салатын ыдысқа, қорапқа немесе орайтын затқа байланысты. Таурдың ішкі және сыртқы оралуы болады.

-ішкі оралуы дегеніміз  тауардың салынған тікелей ыдысы,  мысалы, әтірдің шишасы;

-сыртқы оралуы-тауарды  қорғау үшін орайтын және тауарды  тікелей қолдануға дайындау кезінде  алынып тасталатын материал.

Тауардың оралуы мынадай  қызметтерді атқарады:

  1. Тауардың бұзылуы мен бүлінуінен сақтайды;
  2. Тауарларды көлікпен тасымалдауды, тиеуді, және түсіруді жеңілдету үшін ұтымды бөлшектейді;
  3. Таурды сату үшін салмағы мен көлемін оңтайландыруды қамтамасыз ету;
  4. Жарнама жасау үшін қолданылады;
  5. Қоймаға тауарды жинап қоюды жеңілдетеді;

    Тауардың оралуына қойылатын талаптар:

    • Тауардың өзіндік түп нұсқасын және патентін қорғау;
    • Оралған ыдыстың  өзін басқа мұқтажға қолдану мүмкін;
    • Сатып алушыға эстетикалық әсер ету;
    • Орауға кеткен шығындардың неғұрлым төмен болуы;
    • Тауардың сапасын сақтау талаптарын орындау.
 

      Жаңа тауар  құру сатыларын сипаттаңыз?

      1. Идея жасау сатысы- жаңа тауар шығару мүмкіндіктерін үздіксіз ізденуден тұрады. Ол идеяларды фирма қызметкерлерінен, өткізу арналарынан, үкімет органдарынан және бәсекелестердің тауарларын салыстыру арқылы жинауға болады. Негізгі идея жинаудың үш әдісі бар: «ой шабуылы», тауарларды талдау, сауалдама арқылы.
      2. Өнімді бағалау сатысында-іріктеу арқылы жарамсыз идеяларды талдаудан тыс шығарады. Ол үшін «іріктеу тізімі» қолданылады. «Іріктеу тізімінің » бір шетінде жаңа тауардың маңызды қасиеттері көрсетіледі, ал екінші шетінде идея бойынша өндірілетін тауарларды салыстырады.
      3. Тұжырымдаманы тексеру сатысында- тұтынушыға өндірілетін тауар ұсынылады, сол арқылы оның затқа деген ниеті мен сатып алуға деген ынтасы анықталады.
      4. Экономикалық талдау сатысында-сұраныс болжанылады, шығындар мен пайда есептелінеді.
      5. Өнімді шығару сатысы- идея нақты іс қимылға айналдырылады.
      6. Байқау маркетингі сатысыдегеніміз өнімді бір немесе бірнеше таңдаған аймақта өткізіп отыру.
      7. Коммерцияға енгізу сатысы-тауар өміршеңдік кзеңінің енгізу фазасына сәйкес келеді.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп