Бухгалтерлік есеп және аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 14:00, лекция

Описание работы

Рыноктық экономика экономикалық кадрларды даярлау жүйесіне жаңа талаптар қояды, талаптарды жоғарылатады. Мамандарды даярлау процесі рыноктың заңдары мен талаптарына сай келетін пәндер бойынша білімдерді игеруді талап етеді.
Бухгалтерлік есеп және аудит – жоғары оқу орындарындағы экономикалық мамандықтардағы студенттерге арналған негізгі курс болып табылады және бұл жалпылама қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттары мен қаржылық есеп берудің негізінде экономикалық мамандықтағы студенттерге бухгалтерлік есеп негізінде білімін тереңдету үшін қажет.

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 16.28 Кб (Скачать)

Кіріспе 

 

Рыноктық экономика экономикалық кадрларды даярлау жүйесіне жаңа талаптар қояды, талаптарды жоғарылатады. Мамандарды даярлау процесі рыноктың заңдары мен талаптарына сай  келетін пәндер бойынша білімдерді игеруді талап етеді.

Бухгалтерлік есеп және аудит  – жоғары оқу орындарындағы экономикалық мамандықтардағы студенттерге арналған негізгі курс болып табылады  және бұл жалпылама қабылданған  бухгалтерлік есеп стандарттары мен  қаржылық есеп берудің негізінде  экономикалық мамандықтағы студенттерге бухгалтерлік есеп негізінде білімін  тереңдету үшін қажет.

Жоғары оқу орындарында  білім ала отырып бухгалтерлік есеп және аудит негіздерін толық түсіну үшін студенттер жеке кәсіпорындардың  және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының тәжірибелерін үйреніп, мемлекеттік  тексеру, салықтық және аудиторлық ұйымдармен тығыз байланыста болуы қажет.

Курсты игеру барысында  бухгалтерлік есеп және аудиттегі негізгі  ұғымдар, жіктемелер, топтастырулар, объектілері, әдістері мен міндеттері қарастырылады.

Лекциялық курс бухгалтерлік есеп және аудиттің   машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық  семинарлар, практикалық тапсырмалар  түрінде өтетін семинар сабақтардың  негізі болып табылады.

Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге  мүмкіншілік береді және қосымша тренинг та болады.

Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі  және компьютерлік тестілер қазіргі экрономикалық білім  беру талаптарына сай келеді.

Семинарды белсенді түрде  өткізу тәжірибесі  теориялық және практикалық материалдарды тексеруге  үлкен мүмкіндіктер береді.

«Бухгалтерлік есеп және аудит»  пәні кәсіпорындарды  басқару жүйесінде  бухгалтерлік есеп пен аудиторлық тексерудің маңызы мен орнын оқып үйретуді қамтамасыз етеді.

Мақсаттары:

§ кәсіпорынды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің ролі, оның негіздерін оқып-үйрену;

§  бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары мен тұжырымдамаларын  меңгеру;

§  бухгалтерлік баланс, шоттар жүйесін, екі жақты жазу жүйесін, құжаттау мен түгендеуді оқып – үйрену;

§  қаржылық есеп беру нәтижесін анықтау;

§  аудиторлық тексерудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын дұрыс анықтауды үйрету;

§  бухгалтерлік есеп принциптерін;

§  экономикалық ақпарат жүйесіндегі шаруашылық субъектісінің мәні және ролін;

§  негізгі есеп регистрлерін;

§  бухгалтерлік есеп пәні мен әдістерінің мазмұны, оның объектілері мен міндеттерін;

§  бухгалтерлік баланстың мазмұны, құрылымы және шаруашылық операциялары әсерінен ондағы өзгерістерді;

§  бухгалтерлік баланс шоттарының түрлері мен құрылымын, олардың баланспен өзара байланысын;

§  Бас шоттар жоспары және оның жіктелуін;

§  бухгалтерлік есеп беру негіздерін;

§  бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негіздерін;

§  аудиттің мәні мен мазмұнын;

§  аудиторлық қызмет және оның объектілерін;

§  аудиттің ревизия және сот-бухгалтерлік экспертизадан ерекшелігін;

§  аудиторлық бақылаудың түрлері, әдістері мен тәсілдерін;

§  аудиторлар мен клиенттердің өзара жауапкершілігін;

§  аудиторлар көрсететін қызмет түрлерін;

§  Қазақстандық аудит стандарттары және ҚР аудиторларының этика кодесін оқып үйренуі тиіс.

«Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша  оқу-әдістемелік кешені ----- беттен тұрады. Оқу-әдістемелік  кешенінің құрамына төмендегілер енеді:

-         силлабус (пән бағдарламасы);

-         лекциялар жинағы;

-         практикалық сабаққа арналған тапсырмалар (кейс, есептер);

-         тест сұрақтары;

-         слайдтар;

-         глоссарии;

-         қолданылатын әдебиеттер тізімі.


Информация о работе Бухгалтерлік есеп және аудит