Бухгалтерлік есеп принциптері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 18:25, реферат

Описание работы

КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

Содержание

І. Кіріспе.
“Есептей алмаған, басқара алмайды”.
ІІ. Негізгі бөлім.
1)Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық
негізі.
2) Бухгалтерлік есептің принциптері.

ІІІ. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерл3к есеп принциптер3.doc

— 78.00 Кб (Скачать)
  • алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;
  • бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.

      Бухгалтерлік  ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.

  1. Уақытылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз

пайдаланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отырылуы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу  уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.

  1. Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі

жасалынған  болжаулардың нәтижесінде алынған  бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.

  1. Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар

немесе  оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.

      Сенімділік  принципі

    Берілген ақпараттық мәліметтерде  қате болмаса, сондай-

ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді  ақпарат болып табылады.

      Салыстырмалық принципі

    Қандай да бір кезеңнің бухгалтерлік  есеп мәліметтері (қаржылық есебі) өткен уақыттардағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығымен мазмұндылығы арта түседі.

      Сақтық  принципі

      Бухгалтерлік  есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді) және пайдаланушылар осы мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да әрбір әріптің және цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.

      Есептеу принципі  

      Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.

      Үздіксіз  принципі

      Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.

      Мәнділік  принципі

      Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың  қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын  жұмысына (қызметіне) баға беруіне көмек тесуі керек.

      Бейтараптық принципі

      Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала  бір шешімді қабылдауы арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім  қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметтер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.

      Әділетті әрі тура көрсету принципі 

      Кәсіпорынның  қаржылық қорытынды есебі осы  мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы  жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен  қамтамасыз етуі қажет.  
 

      Толықтылық  принципі

      Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық мәліметтер сенімді болуы үшін толық болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.

      Дәйектілік  принципі

      Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңін басынан соңына дейін  дәйекті түрде қолдануы қажет.

      Есеп  қисап жұмысының мақсаты үкіметіміздің  экономикалық саясатымен анықталады. Әрбір қоғамның экономикалық теориясында анықталған негізгі заңына сәйкес шешіледі. Яғни, қоғамның бір қалыпты жоспармен дамуы, есеп – қисап көрсеткіші болмаса іске асуы мүмкін емес. Себебі мемлекеттік даму бағыты есеп-қисап мәліметінің көрсеткіштерін негізге ала отырып жасалады. Онымен қатар мүмкіншілігін немесе орындалмау себебін экономикалық талдау арқылы анықтап отыратын да бухгалтерлік есеп.

      Осы орайда, бухгалтерлік есептің алдына мынадай нақты міндеттер қойылады.

      Бухгалтерлік  есептің басты міндеті – кәсіпорынның шаруашылық жоспарының орындалуын бақылау. Бұл мақсаттың орындалуы есеп – қисап жұмысының көрсеткіштерімен дәлелденеді. Себебі, барлық кәсіпорын шаруашылығының нәтижесін есеп-қисап алады. Яғни, ол көрсеткіштер жоспардың орындалуы барысын көрсетеді.

      Осы орайда, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің, жоспарлау көрсеткіштермен салыстырып, оның орындалу дәрежесін анықтайды. Бұл мәліметтер кәсіпорын жұмысына басшылық ету үшін өте қажет.

      Бухгалтерлік  есептің міндеттерінің бірі мемлекеттік, қоғамдық және жекеменшіктің түгелдігін қорғау. Есеп-қисап жұмысында, мемлекет меншігі – ол халқымыздың қазынасы.

      Оның  молшылығы – еліміздің экономикалық қуатының деңгейін, әрбір кәсіпорын  шаруашылықтарын игеру мүмкіншіліктерінің шамасын көрсетеді.

      Мемлекет  меншігінің ішінде белгілі орын алатындары- өндіріс қоры, өндіріс құрал-жабдықтары, ақша қаражаттары, тұтыну тауарлары. Осы көрсетілген мемлекет меншіктерінің түгелдігін қорғауда бухгалтерлік есептің орны өте жоғары. Осы орайда, айта кететін бір жағдай материалдық жауапкершілік есебін тиянақты бір жүйеде жүргізу ерекше орын алады. Себебі материалдық жауапты адаммен (мекемемен) есеп-қисап уақытылы жүргізілмесе ол жағдай есеп-қисап жұмысының барлық нәтижесін жоққа шығарады.

      Бухгалтерлік  есептің тағы бір міндеті –  кәсіпорындар экономикасын, шаруашылық есептің түбегейлі нәтижесі көрсету.

      Түбегейлі қайта құру кезінде барлық кәсіпорындар толық шаруашылық есеппен өзін- өзі  қаржыландыруға көшуге тиісті. Шаруашылық есеп жоспарлар шаруашылықты жүргізу  әдісі ретінде өндіріс тиімділігін  арттыру үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасайтын принциптерге негізделген.

      Негізгі принциптер мыналар: 

1) қажетті  ресурстарды кәсіпорынға немесе  бірлестіктерге жарғылық устав  арқылы анықтау;

2) шаруашылық  дербестік;

3) өндіріске  жұмсалған шығындарды оның нәтижелерімен  ақшалай түрінде жалғастыру;

4) өз  шығынын өзі өтеу және рентабельділік;

5) өндірістің  дамуына жұмысшылар ұжымын материалдық  жағынан мүдделі ету, экономикалық  ынталандыру;

6) шаруашылық  қызметіне ақшалай өлшем арқылы  бағалау жасау.

      Осы айтылған шаруашылық есеп принциптерін негізге ала отырып, әрбір кәсіпорын-мақсаты мен міндеттері жарғы арқылы белгіленген дербес шаруашылық орны бола алады. Оның өз жоспары, тиянақты балансы және мемлекеттік банктерде өзінің есеп айырысу счеттары болады.

      Қорытынды 

      Қорыта  келген де бухгалтерлік есептің шаруашылық есепті нығайту нәтижесін көтерудегі кәсіпорындарда негізгі қорды пайдалану, айналмалы қорлардың тиімділігі, өндіріс өнімін уақытылы, тиімді бөлініп сатылуын тиянақты есепке алу арқылы орындалады.

      Бухгалтерлік  есеп заңына сәйкес, бухгалтерлік аудит стандарттар талабына қарай үйлестіру қажет.

      Қазақстан Республикасында 1995 жылы 26 қаңтар айында №2732 Президентіміздің Указы бойынша  “Бухгалтерлік есеп” туралы заңына сәйкес, (1 қаңтар) 1997 жылдан бастап заң  ретінде іске қосылған “Бухгалтерлік счеттардың бас жоспары” бойынша еліміздегі бухгалтерлік есептің міндеттері анықталған.

      Олар:

1) кәсіпорындарды, заң тұлғаларын, барлық субьектілерді  тағы басқа жеке субьект шаруашылығы  туралы анық, толық мәліметтер  мен қамтамасыз ету;

2) мемлекетіміздің тексеруші, бақылаушы мекемелерінің субьекті шаруашылығында заңдылықты кәсіпкерлігін бақылау үшін қажет информациямен қамтамасыз ету.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер: 

  1. ҚР-ның  “Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі” туралы заңы. 24. 06. 2002.
  2. ҚР-ның Қаржы министрлігінің 18. 09. 2002 жылғы №438 бұйрығымен (ҚР Қаржы министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік шот жоспары.
  3. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003г.). – А. : Ержанов и К, 2003.
  4. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии.- А. : Центраудит- Казахстан 2002.
  5. Международные стандарты финансовой отчетности КМСФО/Пер. В.И. Тарусина/Ред. коллегия: А.С. Бакаев, Л.В. Горбатова, Т.Б. Крылов и др. – М., 1998.
  6. Баймұханова С. Б., Балапанова Ә. Ж. Бухгалтерлік есеп.-

    А. : Қазақ  университеті, 2002.

     7. Баймұханова С.Б. Бухгалтерский  учет хозяйствующих  

         субьектов. – А. : Ценные бумаги, 2002.              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Бухгалтерлік есеп принциптері