Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 19:37, отчет по практике
Шаруашлықы қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі құрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және кәсіпорынның қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, инвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.
Бухгалтерлік басқару есебі - шаруашылық және қаржылық іс – әрекетпен шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.
Шаруашлықы қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі құрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және кәсіпорынның қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, инвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.
Нарықты экономика кезінде бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларды екі топқа бөлуге болады:
1. Ұйымды басқаратын ішкі, яғни есепті жүзеге асыратын кәсіпорын құрамындағы пайдаланушылар;
2. Сыртқы, ұйымды басқаратындар, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін пайдаланушылар.
Ішкі пайдаланушылар – жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау кезінде есептік ақпаратты барлық денгейде қолданатынректорлар кеңесі, менеджерлер, басшылар және бөлімше мамандары болатын әкімшілік.
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар - тікелей және жанама қаржылық мүддесі бар басқа жақтағы сыртқоры пайдаланушылар. Олар ұйымның басқару қызметкерлері дайындалуы мен ұсынылуы үшін жауапкершілік көтеретін ұйымның қаржылық бухгалтерлік есебінен есептік ақпарат алады.
Сонымен қатар, басқару есебі әдетті бухгалтерлік есептен мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға арналмағандығымен, ішкі «қолданыс» үшін екендігімен айрықшаланады. Басқару есебінің мақсаты - басшының дұрыс шешім қабылдауына көмектесу. Басқару есебі – жоспарлау, бақылау, шешім қабылдау сияқты түйінді салада менеджерлерге көмектесу мақсатымен қаржылық ақпарат беру, басқаруды ақпараттық қолдау жүйесінен басқа ештеңе емес.
Сонымен, басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс – әрекеттің қорытындыларын, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр-түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.
Басқарушылық бақылау жүйесін ұйымдастыруда сегменттік жоспарлау - құрылымдық бөлімшелер үшін смета (бюджеттердің) Әзірлеу қалыптасу негізі болып қызмет етеді. Басқаша айтсақ сегменттік жоспарлау басқарушылық бақылауды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігінің бipi болып табы¬лады. Басқа екі құрамдас бөлiгi болып сегменттік есеп пен сегменттік есеп берушілік шығады.
Лимиттеу - қор мен шығындар мөлшері жүйесіне нeгізделген материалдық шығындарды бақылаудың бірінші дәрежесі. Лимит - технологиялық құжаттамамен белгіленген және ендірудің нақтылы ассортиментіне негізделіп, әpбip өндірістік бағдарламасымен жоспарланған өнім арналған ресурстарды жұмсау мөлшері.
Лимиттеу жүйесі - цехқа материалдар босату лимиті есебінен ғана емес, есептік және бақылау операцияларынан да құралуы тиic. Сондықтан басқару есебінде лимиттеуге материалдық шығыстарды қалыптастыруға белсенді әсер етуге мүмкіндік беретін оперативті ақпарат рөлін береді.
Талдау - басқару eceбi тәсілінің бұл элементі арнайы ерекшеліктеріне қарай ic жүзінде оның барлық құрамдастарымен өзара әрекеттеседі. Талдауға барлық кәсіпорынның да, жеке бөлімшелердің де, экономикалық көрсеткіштермен көрсетілген өндірістік қызметі тартылады.
Бағалау - шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процеci; қойылған мақсатқа (кepi байланыс) жету анықталады; ауытқу себептepi: жоспарлау кемшіліктері; оперативті шешімдер санын көбейтуге әкелген ic-қимылдың қолайсыз жақтары; бақылау жүйесінің басқару талаптарына сәйкесіздігі; қате мақсатты таңдау айқындалады.
Тәсілдің барлық элементтері бip-бipнен алшақ емес, басқару міндеттерін шешуге бағытталған ішкі шаруашылық байланыстарын ұйымдастыру жүйесінде әрекет етеді.
Басқару есебінің мәні – объектілер мен мәлімдемелердің өндірісті басқарудың толық процесіндегі жиынтығы.
Басқару есебінің объектілері – ұйымның шаруашылық қызметінің шығындары мен қорытындылары; баға белгілеу, бюджеттеу мен ішкі есептілік.
Басқару есебінің міндетті мыналар болып табылады: есеп, жоспарлау, бақылау, ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің шығындары мен нәтижелері туралы мәліметтерін талдау мен бағалау; қажетті басқару шешімдерін шұғыл қабылдау үшін ақпарат ұсыну.
Талдауды өңдеу үшін басқарушы есептік және ақпараттық жүйеде жиналатын мәліметтер мынандай талаптарға сай болуы тиіс: атаулылық, оперативтілік, дер кезінде, айқын сенімділік, релеванттық, пайдылылық, мерзімінен бұрын, талмалылығы, түсініктілік, икемділік, бастамашылдық, үнемділік, жүйелі түсу.[3]
3.http://refkaz.com/load/