Бухгалтерлік балансы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 14:26, реферат

Описание работы

Баланстық жалпылау әдісі бухгалтерлік есепте бухгалтерлік баланс болып табылады. Ол ең алғаш ХҮ ғасырдың бірінші жартысында шаруашылық тәжірибеде қолданылған. Бухгалтерлік баланс өндірісте шаруашылық құралдарды екі жақты кескіндейді: бір жағынан құрамы мен үлестірілуі, ал екінші жағынан бағытталған мақсатының шығуы мен қалыптасуы. Баланстық жалпылау арқылы құралдар топтастырылып қаржылық салыстыруда бірыңғай болдады. Қаражаттардың жағдайын көрсету үшін бухгалтерлік баланс белгілі уақытқа құрастырылады: апталық, айлық, кварталдық, жылдық.

Содержание

Кіріспе
І. Бухгалтерлік баланс құрылымы және мазмұны.
1.Активтер және актив бөлімдері.
2. Пассивтер және пассив бөлімдері.
ІІ. Бухгалтерлік баланстағы өзгерістер.
1. Актив бөліміндегі өзгеріс.
2. Пассив бөліміндегі өзгеріс
3.Актив бөлімі мен Пассив бөлімінің көбеюі.
4.Актив бөлімі мен Пассив бөлімінің азаюы.
ІІІ. ҚР заңнамасындағы қаржылық есептілік элементтері.
Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік баланс.doc

— 80.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ  МИНИСТРЛІГІ 

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті 
 
 
 
 

Реферат 

Тақырып: Бухгалтерлік баланс. 
 
 
 
 

                                                                            Орындаған: Аширова Нұрлыгүл

                                                                                        «Есеп және аудит»

                                                                                                      1курс 2жылдық

                                                                                                      Кешкі бөлім 
 
 

Алматы  2010 жыл 
 

Жоспар

Кіріспе

І. Бухгалтерлік баланс құрылымы және мазмұны.

1.Активтер  және актив бөлімдері.

2. Пассивтер және  пассив бөлімдері.

ІІ. Бухгалтерлік баланстағы өзгерістер.

1. Актив бөліміндегі өзгеріс.

2. Пассив бөліміндегі  өзгеріс

3.Актив  бөлімі мен Пассив  бөлімінің көбеюі.

4.Актив  бөлімі мен Пассив  бөлімінің азаюы.

ІІІ. ҚР  заңнамасындағы қаржылық есептілік элементтері.

Қорытынды. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Баланстық жалпылау әдісі бухгалтерлік есепте бухгалтерлік баланс болып табылады. Ол ең алғаш ХҮ ғасырдың бірінші жартысында шаруашылық тәжірибеде қолданылған. Бухгалтерлік баланс өндірісте шаруашылық құралдарды екі жақты кескіндейді: бір жағынан құрамы мен үлестірілуі, ал екінші жағынан бағытталған мақсатының шығуы мен қалыптасуы. Баланстық жалпылау арқылы құралдар топтастырылып қаржылық салыстыруда бірыңғай болдады. Қаражаттардың жағдайын көрсету үшін бухгалтерлік баланс белгілі уақытқа құрастырылады: апталық, айлық, кварталдық, жылдық.

      Бухгалтерлік  есепте «баланс» термині екі түсінік  береді. Біріншіден – бухгалтерлік есеп әдістерінің бір элементі. Екіншіден- бухгалтерлік баланс – есеп беру таблицасы, белгілі бір ұйымның шаруашылық операцияларының үлестірілу жағдайын көрсететін, белгілі бір кезеңге құрылған бухгалтерлік есептеу әдісінің бір формасы болып табылады. Осы қатынас баланстық әдістің негізінде салынған. Ол төмендегі екі жақты тәсіл арқылы іске асырылады: актив (сол жағы) және пассивтен (оң жағы) тұратын кестеден құрастырылады. Активке есептің объектілері (шаруашылық құралдар), ал пассивте – олардың сатып алыну немесе пайда болу көздері жазылады. Активтің жиынтығы пассивтің жиынтығына тең болуы тиіс. Бұл жиынтықтардың мөлшері «валюта балансы» деп, аталады. Бұл кесте кәсіпорынның өз құрылтайшылары, салық инспекциясы және тағы басқалардың алдында есеп беру үлгісі болып саналады, өйткені ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын қорытындылаған түрде көрсетеді.

Балан белгіленген мерзімге, әдеттегінше, есепке қойылатын талаптармен белгіленген тоқсанның басына құрастырылады.

Баланс  белгіленген мерзімге шаруашылық құралдар мен олардың көздерінің жағдайын көрсетеді. Олар үнемі өзгеріп, қозғалыстарда  болып тұрады. Және ол қозғалыс қосарлы  жазудың жәрдемімен бухгалтерлік шоттарда белгіленеді.  

      Баланс -  екі жақты кесте, сол жағы- Актив, оң жағы- Пассив.  

Актив = Міндеттеме + Капитал. 

Бухгалтерлік  баланстың Активі 2 бөлімнен тұрады:

1- ші бөлімінде Қысқа мерзімді активтер. Оларға: а) ақша қаражаттары (кассадағы нақты ақша, банктегі ағымдағы шоттағы ақша), б) қорлар (материалдар, шикізаттар, отын, дайын өнім, тауарлар, аяқталмаған өндіріс), в) қысқа мерзімді дебеторлық берешектер (сатып алушылар, есеп беруге тиісті тұлғалар, жалға берушілердің жал төлемі т.б), г) қаржылық инвестициялар.

Бұл бөлімде  кәсіпорынның бір өндірістік циклі  бойы ғана қолданылатын шаруашылық құралдардың, яғни айналымдағы құралдардың жағдайы бейнеленеді.

2- бөлімінде бір жылдан аса ұзақ мерзімде қолданылатын шаруашылық құралдар көрсетіледі.

Ұзақ  мерзімді активтер: а) негізгі құралдар (ғимараттар, құрылыстар, құрал- жабдықтар: тігін машиналар, офис құрал жабдықтары, жиһаз, компьютер, транспорт ), б) материалдық емес активтер (МВМ бағдарламасы, 1С бағдарламасы т.б), в) ұзақ мерзімді дебеторлық берешектер (сатып алушылар, жал берешектері), г) ұзақ мерзімді салымдар.

Баланстың Пассивінің бөлімдері:

1. Қысқа  мерзімді міндетемелер (қысқа мерзімді  банк несиелері, жабдықтаушымен  есеп айырысу, еңбек ақы бойынша  есеп айырысу, салықтар, зейнетақы  төлемі, әлеуметтік сақтандыру төлемдері,  жал төлемі т.б). Бұлар бір жылға  дейінгі міндеттемелер.

2. Ұзақ  мерзімді міндеттемелер-   бір жылдан артық міндеттемелер (ұзақ мерзімді банк несиелері, ссуда, басқа кәсіпорындарының қарыздары),

3. Капитал (жарғылық капитал, резервтік капитал, төленбеген капитал, бөлінбеген пайда және жабылмаған зиян). 

Бухгалтерлік  балансты кесте түрінде көрсететін болсақ 
 

Актив сумма Пассив сумма
І. Қысқа мерзімді актив   І.Қысқа  мерзімді міндетемелер  
Ақша  қаражаттары   Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер  
Қысқа мерзімді қаражатты инвестициялар   Салық бойынша  міндеттемелер  
Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер   Басқа да міндеттемелер  және ерікті төлемдер  
Қорлар   Қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар  
Ағымды  салық активтер   Қысқа мерзімді бағалық міндеттемелер  
Сатылымдағы ұзақ мерзімді активтер   Басқа да қысқа  мерзімді міндеттемелер  
Басқа да қысқа мерзімді активтер   Қысқа мерзімді міндеттемелер қорытындысы  
Қысқа мерзімді активтер қорытындысы   ІІ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер  
ІІ. Ұзақ мерзімді активтер   Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер   
Ұзақ  мерзімді қаржылық инветициялар   Ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар  
Ұзақ  мерзімді дебиторлық берешектер   Ұзақ мерзімді бағалық міндеттемелер  
Инвестициялық мүлік   Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер  
Негізгі құралдар   Ұзақ мерзімді міндеттемелер қорытындысы  
Биологиялық активтер   ІІІ. Капитал  
Бағалы  активтер   Жарғылық капитал  
Материалдық емес активтер   Төленбеген  капитал  
Басқа да ұзақ мерзімді активтер   Сатып алынған  өзіндік құралдар  
Ұзақ  мерзімді активтер қорытындысы   Резервтік каптиал  
    Бөлінбеген  пайда және жабылмаған зиян  
    Эмиссиялық  кіріс  
    Каптиал қорытындысы  
Баланс   Баланс  
 

Актив = Пассив 

болуы тиіс, сонда ғана баланс дұрыс жүргізілген  болады. 
 

Бухгалтерлік  баланстың Актив бөлімі мен Пассив бөлімі тең болады, бірақ баланста 4 түрлі өзгерістер болады.

Баланстағы өзгерістер келесі топтарға бөлінеді:

  1. Өзгеріс тек қана Активте 1 статья кемиді , 1 статья көбейеді, баланс жиынтығы өзгермейді, Пассив бөлімі өзгермейді. Мысалы, кассадағы ақша есеп айырылысу шотына аударылады.
 
  1. Өзгеріс тек  қана Пассивте 1 статья кемиді , 1 статья көбейеді, баланс жиынтығы өзгермейді, Актив бөлімі өзгермейді. Мысалы, бөлңнбеген пайда резервтік капиталға аударылады.
 
  1. Өзгеріс Актив  пен Пассивті көбейтеді. Бірдей суммаға, баланс жиынтығы сол суммаға көбейеді.
 
  1. Өзгеріс Актив  пен Пассивті азайтады. Бірдей суммаға, баланс жиынтығы сол суммаға азаяды.
 

ҚР  заңнамасындағы қаржылық есептілік элементтері

13- бап. 1. Активтер, міндеттемелер және каптиал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады.

      Активтер  – дара кәсіпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда аул күтілетін ресурстер.

      Міндеттеме- дара кәсіпкердің немесе ұйымның  өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндетті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып ұалуына әкеп соғады.

      Капитал- дара кәсіпкердің немесе ұйымның  активтеріндегі барлық міндеттемелер  шегеріліп тасталғаннан кейінгі  үлес.

2. Кірістер мен шығыстар пайда табу мен зиян туралы есепте қызметнәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады.

      Кірістер- есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немес міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюяны әкеп соғады.

      Шығыстар- есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе аэаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капитадың азаюына ікеп соғады.

      Қорыта  айтқанда, бухгалтерлік баланс бухгалтерлік есептегі ең тиімді және ең маңызды әдіс. Бухгалтерлік ақпарат беруде  (салық комитеттеріне, мемлекеттік құзырлы орындарға және т.б) бірден бір маңыздылық туғызады.   
 
 
 
 

Информация о работе Бухгалтерлік балансы