Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 21:41, статья
Бухгалтерлік баланс (французша balanсе — таразы) — шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелік кезеңнің (айдың, тоқсанның, жылдың) басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық жай-күйін ақшалай түрінде жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты. Өзара байланысты екі жақты кесте нысанында әзірленетін
Бухгалтерлік баланс (французша balanсе — таразы) — шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелік кезеңнің (айдың, тоқсанның, жылдың) басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық жай-күйін ақшалай түрінде жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты. Өзара байланысты екі жақты кесте нысанында әзірленетін
Бухгалтерлік баланстың сол жағы (актив) шаруашылық құрал-жабдықтарының құрамы мен орналасуын, оң жағы (пассив) солардың құралу көздері мен нысаналы мақсатын көрсетеді. Актив пен пассив қорытындылары бір-бірімен тепе-тең болады. Бухгалтерлік баланс мүліктің, міндеттемелердің нақты түріне, мүліктің құралу көзіне сай келетін баптарға бөлінеді. Баптар экономикалық мазмұнына қарай топтарға не бөлімдерге біріктіріледі. Баланстың әрбір жолының (бабының) реттік нөмірі болады, бұл әр бапты табуға және оған сілтеме жасауға мүмкіндік береді. Баланс кестесінің активі мен пассивіндегі әр баптың тұсында сомаларды көрсететін ашық орындар қарастырылған. Оларға заңды тұлғаның есеп беріп отырған кезеңнің басындағы (әдетте жыл басындағы) және аяғындағы сол бапқа қатысты қаражатының (құрамы мен көздері бойынша) қалдықтары жазылады.
Бухгалтерлік баланс — қаржылық жағдайды талдаудың басты құралы. Талдау жасау арқылы сол заңды тұлғаның төлем қабілеттілігі, алған несиелерді қайтару мүмкіндігі анықталады. Бухгалтерлік баланстың кіріспелік, мерзімдік (ағымдағы), жылдық, жиынтық, т.б. түрлері болады.
Баланс қаржылық қорытынды есеп жасап, мұның көрсеткіштерімен экономикалық талдауды іске асыру үшін жасалынады. Яғни ұйымдардың активті қаражаттары мен қор көздері арасындағы дәлдікті анықтау баланс жасау арқылы көрсетіледі.
Бухгалтерлік баланс құру кесте жасаудан басталады. Кестенің сол жағын актив, ал оң жағын пассив деп атайды. Баланстың активі мен пассивіндегі жинақтың бірдей сомада болуы балансқа тән нышан. Баланс екі жақты кесте деп қарау тәжірибеден туындаған әдіс.
Талдаудың алты түрі бар, оның ішінде көлденең және тікелей талдау бар. Осылар балансты екі түрлі әдіспен жасалып, бірі-бірінен ажырамайды, өйткені мақсаты балансты талдау болып табылады.
Және баланс пен оны талдаудың басқа да қыр-сырлары берілген жұмыста қарастырылған.
Сондай-ақ дипломдық жұмыста бухгалтерлік баланс «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мысалында жан-жақты толық талданған.