Бухгалтерлік баланс

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 11:48, реферат

Описание работы

«Баланс» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3
1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы..........................4
2. Бухгалтерлік баланстың түрлері.......................................................................8
3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы............................................................................................................10
Қорытынды.......................................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік баланс.doc

— 127.00 Кб (Скачать)
 
 
 

МАЗМҰНЫ  

Кіріспе ................................................................................................................3

1. Бухгалтерлік баланс  туралы түсінік  және оның құрылымы..........................4

2. Бухгалтерлік баланстың  түрлері.......................................................................8

3. Шаруашылық операцияларына  сәйкес баланс  баптарының өзгеріске  ұшырауы............................................................................................................10

Қорытынды.......................................................................................................12

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................13 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе  

   «Баланс» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады.

   Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві -деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратгы мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылган капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни осы ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады. Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына (мерзіміне) және қолданылу барысына қарай әр түрлі болып келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Бухгалтерлік баланс  туралы түсінік  және оның құрылымы  

   Субъектінің  қарамағындағы қаржылық ресурстары  мен өзіне қабылдаған  міндеттемелері туралы ақпараттарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдалануға ұдайы тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Ондай қорытынды есеп дәстүрлі түрде баланс деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жағдайын ақшалай өлшеммен белгілі бір мерзімге көрсетеді. Бухгалтерлік баланс дербес есеп жүргізген кез-келген шаруашылық жүргізуші субъектінің нақты бір уақыт сәтіндегі қаржылық жағдайды көрсетеді.

   Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай акпараттык мәліметтің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады.

    «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады.   Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві -деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратгы мәліметтер жазылады. Кәсіпорынның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған капитал деп екіге бөлінеді. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни осы ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады. Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы бар заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақтылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады.         Инвестордың кредитордан айырмашылығы — кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып, ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.

актив = меншікті капитал + міндеттеме

Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:

актив — міндеттеме = меншікті капитал

   Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақша қаражаттары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндетгемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның алдағы кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары көрсетіледі.

   Жоғарыда айтқандарымыз түсініктірек болу үшін үлгі ретінде  «Өтеген» фирмасының 2009 жылғы 1 қаңтарға жасалған бухгалтерлік балансын қарастырайық. 
 
 
 
 
 
 

«ӨТЕГЕН»фирмасының 2009 жылдың 1 қаңтарына  БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫ ( өлшем бірлігі  мың теңге) 

Активтері Сомасы Пассивтері Сомасы
1 2 3 4
Ұзақ  мерзімді активтер:   Меншікті  капитал:  
Материалдық емесактивтер: 2000,00   Жарғылық қор                50000,00  
Негізгі құралдар             27000,00   Резервтік қор                  5500,00  
Ұзақ  мерзімді қаржы салымы (инвестиция) 3000,00   Бөлінбеген  пайда немесе зиян                3500,00  
Ұзақ  мерзімді дебиторлық борыш                4500,00   Жиыны              59000,00  
Жиыны              36500,00      
Ағымдағы  активтер:   Ұзақ мерзімді міндеттемелер:  
Материалдық қор 3500,00   ұзақ мерзімді несие 9000,00  
Дайын өнімдер                 7000,00   Ұзақ мерзімді қарыз 2000,00  
Тауарлар                 2500,00   Жиыны 11000,00  
Аяқталмаған өндіріс               10000,00   Қысқа мерзімді міндеттемелер:  
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар                6500,00   Бюджетпен есеп айырысу 2500,00  
Қысқа мерзімді қаржы салымы (инвестиция)                 5000,00   Бюджеттен тыс  төлемдермен есеп айырысу              15000,00  
Алдағы  уақыт шығындары               1000,00   Жабдықтаушылармен есеп айырысу                7000,00  
Берілген аванс               1500,00   Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу 2000,00  
Ақша  қаражаттары               9500,00   Жиыны              13000,00  
Жиыны 46500,00   Барлығы              93000,00  
Барлығы             83000,00      

 

   Осы жоғарыда  келтірілген «ӨТЕГЕН» фирмасының  бухгалтерлік балансынан көретініміз  – бұл ұйымның активтері мен  пассивтері 83000,0 мың теңгеге тең. Мұндағы кәсіпорынның меншікті капиталы – 59000,0 мың теңгені, ал міндеттемелері – 24000,0 мың теңгені құрайды. Жоғарыда берілген теңдіктің орнына (формулаға) осы сандарды орналастыратын болсақ мына түрде болады. 

  Актив=меншікті капитал + міндеттеме

   83000000,0 = 59000000,0 + 24000000,0

 

  Біз бұл мысалымызда, яғни жоғарыда берілген бухгалтерлік баланста Қазақстан Республикасының заңдарына сай жасалған баланстың үлгісін қарастырдық. Кейбір Батыс елдерінде баланстағы тараулардың, баптардың орындары ауысып та келтірілуі мүмкін.

   Мысалы, кейбір елдерде ағымдағы активтер баланстың актив бөлімінің басында орналастырылатын болса, оның баптары өтімділіктеріне қарай кезекпен құрастырылады. Сонымен қатар кейбір баланста активтер мен міндеттемелер баланстың сол жағында көрсетіліп (орналастырылып), оң жағында тек қана кәсіпорынның меншікті капиталы көрсетіледі. Баланстың мұндай түріне мына теңдік негізделген:

актив - міндеттеме = меншікті капитал

   Бұл тендік бухгалтерлік баланста ұйым иесінің меншігін көрсетуге негізделген.

   Қорытынды  есеп құрамындағы бухгалтерлік  баланстың мәні өте жоғары. Осы  құжат арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайы жөнінде анық және бұрмаланбаған көрсеткіштер жинақталып, мұның өзі пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандырады. Баланс активтер, пассивтер және капитал қозғалысының есебін жүргізуші синтетикалық шоттардың қалдығынан туындайды. Бухгалтерлік есептің жекелеген шоттарынан (олардың саны жүзге жуық ) жинақталған ақпараттардың  барлығы пайдаланушылар үшін әрқашанда қажет бола бермейді. Сондықтан, бухгалтерлік баланс көрсеткіштерін оқып түсінудің  жолдарын жеңілдету үшін жекелеген  шоттарды топтастыру әдісі қолданылған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Бухгалтерлік баланстың  түрлері  

   Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына (мерзіміне) және қолданылу барысына қарай әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған уақытында жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болуы ықтимал.

 

  актив = меншікті капитал 

   Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі.

   Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдын басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы (айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдагы бухгалтерлік баланс болып есептеледі.

   Жылдық (қорытынды) баланс – есеп беру мерзіміндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттар көзі болып табылады. Ол есепті жылдың аяғында құрылады. Жылдық бухгалтерлік баланс негізінен есеп регистрлерінің, бас кітаптың мәліметтері негізінде құрылады.

   Жойылу балансы – шаруашылық жүргізуші субъект әртүрлі себептерге байланысты жойылған сәтте құрылатын баланс. Жойылу балансының кәдімгі баланстан негізгі айырмашылығы оның баптарының бағалануымен айқындалады. Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде, таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали Әбдіманапов өзінің «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» атты еңбегінде екі түрге бөледі және оның бірі ұйымның жабылуына байланысты, ал екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін құрастырылады деп жазған болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л.А. Крятова мен Х.Х. Эргашев өздерінін «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» атты еңбегінде жойылу балансы үш кезеңнен тұрады және оның біріншісі кәсіпорынның жабылуы алдында, екіншісі жабылуы барысында, ал үшіншісі осы кәсіпорын жұмысын тоқтатқаннан кейін жасалынады деп атап өткен.

   Брутто баланс – реттеуші баптар енгізілетін баланс. Реттеуші баптарға негізгі құралдардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизациясы және т.б. жатады.

   Нетто-баланс (немесе тазаланған баланс) – реттеуші баптар алынып тасталған баланс. Оны кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау кезінде пайдалану ыңғайлырақ.

   Ішкі баланс қаржылық талдау жасау, жоспарлау, басқару және кәсіпорын мен оның филиалдарының, құрылымдық бөлімдерінің шаруашылық қызметіне бақылау жасау үшін пайдаланылады.

   Сыртқы баланс сыртқы пайдаланушылар үшін құрылады.Сыртқы пайдаланушылар үшін ол ең басты ақпарат көзі болып табылады.Ондай баланстың мазмұны құрылымы және сыртқы пайдаланушыларға тапсырылу тәртібі заңмен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясатымен, пайдаланушылардың талабымен айқындалады. Баланс салық органдарына, банктерге, қор биржаларына тапсырылады, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы анықтамаларда басылады.

Информация о работе Бухгалтерлік баланс