Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 12:26, курсовая работа
Есеп жұмысының ауқымына қарай басшы:
Бағынышты құрылым ретінде бас бухгалтер басшылық жасайтын бухгалтерлік қзымет құрады;
Штатқа бас бухгалтер қызметін кіргізеді.
Бухгалтерлік есепті жүргізуді келісімшарттық негізде мамандандырылған бухгалтерлік фирма немесе бухгалтерлік маманға береді.
Бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізеді.
Кіріспе:............................................................................................................. 3-4
I-Tарау. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
негіздері мен жалпы принциптері............................................................. 5-11
I.1. Бухгалтерлердің атқаратын міндеті және бухгалтерия құрылымы...12-17..
I.2. Бухгалтерлік есепті жүргізу үлгілері....................................................18-21
II-Тарау. Бухгалтерлік есеп саясаты............................................................22-23
II.1. Бухгалтерлік есеп саясатындағы ресми қабылданған принциптер...23-27
II.2. Бухгалтерлік қызметтегі құжаттау мен есептік регистрлер...............28-30
III.Қорытынды:............................................................................................30-32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:.................................................................33.
Мазмұны:
Кіріспе:......................
I-Tарау. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті
ұйымдастырудың
негіздері мен жалпы принциптері...................
I.1. Бухгалтерлердің атқаратын міндеті
және бухгалтерия құрылымы...12-17..
I.2. Бухгалтерлік есепті жүргізу үлгілері......................
II-Тарау. Бухгалтерлік есеп саясаты.......................
II.1. Бухгалтерлік есеп саясатындағы ресми
қабылданған принциптер...23-27
II.2. Бухгалтерлік қызметтегі құжаттау
мен есептік регистрлер...............28-30
III.Қорытынды:................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:.......................
Кәсіпорында бухгалтерлік
есепті ұйымдастырудың мақсаты тұтынушыларды
қажетті ақпараттармен қамтамасыз
ететіндей есеп жүйесін құру.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырып, шаруашылық
операцияларын орындау кезіндегі заңдылықты
сақтауға кәсіпорын басшысы жауап береді,
ол бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі
үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға,
бас бухгалтердің есепке қажетті құжаттар
толтырып, деректер беруге қатысты талаптарын
кәсіпорынның барлық бөлімшелері мен
қызметтерінің, қызметкерлерінің орындалуын
қамтамасыз етуге міндетті.
Субъект басшысы бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есеп беру жүйесін ұйымдастыруға
жауапты. Қайсы бір жағдайда қаржылық
есепті жасауға немесе есеп жұмысын жүргізуге
жекелеген адамға өкілеттік берілетініне
немесе жауапкершілік жүктелетініне қарамастан,
нақ осы басшы бухгалтерлік есепті заңға
сәйкес жүргізілуіне және қаржылық есептің
мұқият жасалынып, субъектінің қаржылық
жағдайы туралы дұрыс та шынайы ақпарат
беруге жауап береді. Басшының міндетіне
сондайақ ұйымдық саясатты, субъектінің
ішкі бақылау жұмыстарын тәртіпке салу
кіреді.
Нарық жағдайында есеп жүргізумен есеп
алу әртүрлі міндеттер атқарады. Бір қатар
жағдайларда бухгалтерлік терминологияға
«эккаунтинг» ұғымның кіргізілуі кездейсоқтық
емес, ол орыс тіліне бухгалтерлік есеп
ретінде аударылса да, мәнісінде одан
әлде қайда кең ұғымды береді. Бұрынғы
ұғымнан басты өзгешілігі бухгалтерлік
жәй ғана есеп жүргізуші немесе бақылаушы
болудан қалып барады. Бухгалтер басшылық
шешім қабылдайтын адамға айналуда, ол
сол шешімдердің субъектінің қаржылық
жағдайы мен бәсекеге төзімділігіне қарай
ықпал ететінін, демек капиталдың қаржы
рыногынан бұрын әрі қалай ағылатынын
білуі керек. Сол үшін бухгалтерге қаржы
рыногына қандай деректер керек екені
және олар қандай формада берілу қажеттігін
түсіну керек. Сондықтан субъекті мен
нарық арасындағы ақпараттық байланыс
жүйесіне негізі қаланған принциптерді
білуі қажет. Ал мұндай жағдай бухгалтерияға
техникалық қызметкерлер қыжеттігін жоққа
шығара алмайды. Ол- есеп жүргізуші. Оның
міндетібухгалтерлік деректерді тікелей
тіркеп отыру. Осының бәрі бухгалтер мен
есеп жүргізушінің міндеттерін бөлуді
керек етеді.
Есеп жұмысының ауқымына қарай басшы:
Бухгалтерлік
есеп жүргізу қызметі бас
Тұтынушылардың (пайдаланушылардың) талаптіліктеріне
қарай бухгалтерлік есеп өндірістік және
қаржылық есеп болып бөлінеді.
Өндірістік есеп міндетіне өнімнің (жұмыстың,
қызметтің) өзіндік құны туралы деректер
жинастырып, өңдеу жатады. Бұл ақпарат
субъектісінің коммерциялық құпиясы болып
табылады және тиісті басшы қызметкерлердің
ішкі пайдалануына арналған. Өндіріске
шығарылған шығын мен өткізілген өнім
(жұмыс, қызмет) туралы неғұрлым тиімді
де жедел ақпарат жинау үшін субъект өзінің
жеке меншік бухгалтерлік есеп жүйесін
құрады, ол сол субъектінің ерекшеліктеріне
анағұрлым сәйкес келеді. Субъектінің
басшылық құрамы үшін оның қызметіне қатысты
кезкелген ақпарат маңызды. Ол есеп объектісіне
жататынжатпайтынына, сан бойынша бағалауға
келетінкелмейтініне қарамайды. Ішкі
басшылықты ұйымдастыру үшін өндіріс
шығындары мен алынған пайда туралы ақпаратты
қандай неғұрлым тиімді жолмен жинастырып,
өңдеуді субъект жеке өзі шешуге тиіс.
Қаржылық есеп міндетіне өндірістік есеп
деректерін өңдеп, оларды қаржылық есеп
түрінде қорытындылау жатады. Бұны жоғарғы
басшы қызметкерлері пайдаланады, сондайақ
сырттағы мүдделі тұтынушыларға беріледі.
Бухгалтерлік есепті өндірістік және
қаржылық есепке бөлу нарық жағдайындағы
есептің маңызды бір сипаттамасы болып
табылады. Бұл субъект міндетті түрде
өндірістік бухгалтерия мен қаржылық
бухгалтерия құруға тиіс деген сөз емес.
Бұл жердегі маңыздысы сол: ақпарат қандай
мақсат үшін жинастырылады және ол кімге
арналған.
Осыған сәйкес бухгалтерлік есептің міндеттері:
басшыны субъект қызметінің дұрыс қаржылық
есебін жасауға қажетті, сондай ақ субъектінің
өзі үшін де пайдалы, субъекті істерін
бөлуге мүдделі инвесторларды, несие берушілерді,
қызметкерлер мен жабдықтаушыларды, сатып
алушылар, мемлекеттік және басқа да органдарды
толық та мәнді ақпаратармен қамтамасыз
ету болып табылады.
Жарлықта айтылған негізгі ережелерге
сәйкес жасалған қаржылық есеп сыртқы
ақпарат пайдаланушылар үшін де пайдалы.
Потенциалды инвесторлар белгілі бір
субъектіге инвестиция қосудың пайдазиянын
білу үшін қаржылық есепті зерттеп біледі.
«Бухгалтерлік
есеп принциптері» курсын оқып–үйрену
экономистердің, бухгалтерлердің, аудиттердің,
қаржыгерлердің, банкирлердің кәсіби
дайындығы мен іскерлік сапаларын қалыптастыру
үшін аса маңызды. Бұл пән бухгалтерлік
есептің теориялық іргетасының бір бөлігі
болып табылады, оны танып–білмейінше
осынау мейілінше күрделі курсты игеріп,
ұғыну мүмкін емес.
«Бухгалтерлік есеп принциптері» курсын
оқып–үйренудегі негізгі міндеттер мыналар:
Информация о работе Бухгалтерлердің атқаратын міндеті және бухгалтерия құрылымы