Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 08:13, реферат
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Кіріспе
11Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы.
12Бухгалтерияда тауарлар мен ыдыстардың аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Нарықтық
экономиканың қай
саласында да өндірістік
запастар кәсіпорынның
айналым активтерінің
құрамды бөлігі болып
табылады. Олардың
өндіріс шығындарындағы
үлес салмағы түрлеріне,
түсу көздеріне, бағалау
әдістеріне байланысты.
Агроөнеркәсіп кешенін
ұйымдастыруда өндірістік
шығындардың маңызды
элементі болып материалды
шығындар болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың
қызметі барысында өздерінің
дайын бұйымдары, сату
үшін сатып алған тауарлары,
сатып алған тауарлары,
сатып алған бірақ әзірге
ұйымға келіп түспеген
тауарлары, аяқталмаған
өндіріс, басқаларға
көрсеткен қызметтері,
сондай-ақ жұмыстарды
орындау және қызметтерді
көрсету барысында пайдалануға
арналған қосалқы бөлшектері,
отындары, ыдыс және
ыдыстық материалдары,
жартылай фабрикаттары
және басқа да материалдары
сол ұйымның тауарлық-материалдық
қоры түріндегі ағымдағы
активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан
айырмашылығы, өндіріс
құралдары шаруашылық
үдерісіне ұзақ уақыт
қатысып, өздерінің
табиғи пішінін сақтай
отырып өндірілетін
өнімге өз құнының бір
бөлігін қосып отыратын
болса, еңбек заттары
өндірісте пайдаланылған
кезде өздерінің бастапқы
құнын түгелдей өндірілетін
өнімге ауыстырады.
Шығарылатын өнімнің,
атқарылатын
жұмыстың өзіндік
құнынан тұрады.
Сонымен қатар
еңбек заттары өндірістік
қор болып табылады.
1.
Тауарлы –материалдық
қорлардың ұғымы,
классификациясы.
Тауарларды өндіру мен
жеткізуде бір қалыптылық
жоқ жағдайында
үзіліссіз сауданы
қамтамасыз ету
үшін сауда мекемелері
мен кәсіпорында қажетті
тауар қорлары болуы
қажет.
13.11.96
жылғы № 3 бухгалтерлік
есеп жөніндегі Ұлттық
комиссияның қаулысымен
бекітілген 7 «Тауарлы
– материалдық қорлар
есебі» бухгалтерлік
есеп стандартына, 28.01.2003
жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің
бұйрығымен бекітілген
өзгерістер мен толықтыруларға
сәйкес, тауарлы – материалдық
қорлар – бұл:
1. Шикіза қатары,
материалдар,
сатып алатын
жартылай
фабрикаттар және құрамдық
заттар, конструкциялар
мен тетіктер, отын,
ыдыс ыдыстық заттар,
қосалқы бөлшектер,
өндірісті пайдалануға
немесе тұрмыстар мен
қызметтер үшін пайдалануға
арнарған өзге материалдар;
2.Аяқталмаған өндіріс,
жұмыстар, қызметтер
орындау;
3. Ұйымдардың қызметі
барысында сатуға
арналған
дайын
өнімдер мен тауарлдар
түріндегі активтер.
Соған сәйкес тауарлы
– материалдық қорлардың
келесідей топтарды
бөліп көрсететін, олардың
экономикалық жіктеуі
материалдардың есебін
дұрыс ұйымдастырудың
маңызды жағдайларының
бірі болып болып табылады:
II. Шикізаттар мен материалдар -
өнімнің материалдық
негізін құрайды. Осыған
орай, негізінен, ауылшаруашылығы
мен өндіруші өнеркәсіп
өнімін – шикізат деп,
ал өндеуші өнеркәсіп
өнімін – материалдар
деп атайды. Өнеркәсіптің
кейбір салаларында
шикізат және материалдар
негізгі және көмекші
болып бөлінеді, дегенмен,
бұлай бөлу, шартты болып
саналмайды, өйткені
ол өнімдердің әр түріне
материалдардың сол
бір түрін қолдану санына,
технологиялық процесстің
сипатына қатысты болады.
Мысалға, наубайхана
өндірісінде негізгі
шикізат және материалдарға
ұн, тұз, ашытқы және
су жатқызылады. Көмекші
шикізат және материалдар
өнімдердің сапасын
жақсартуға әсерін тигізеді,
олар белгілі бір тұтыну
қасиеттерін береді.(қант,
сүт, хош иіс)
III. Сатып алынатын жартылай
фабрикаттар - өндеудің
белгілі бір сатысынан
өткен, бірақ әлі де
дайын өнім блып саналмайтын
шикізат және материалдар.
Яғни, материалдық негізін
құрайды.
IV. Отын - өндірістегі
өзінің тағайындалу
және пайдалану жағдайлары
бойынша энергетикалық,
технологиялық, двигательдік (жанар,
тағар май) және шаруашылық
мұқтаждықтары үшін (ғимараттар
мен үй жылытулары үшін)
отын болып бөлінеді.
V. Ыдыс және ыдыстық
заттар – бұл әртүрлі
материалдар мен дайын
өнімдерді орау, буып-түю,
тасымалдау және сақтау
үшін пайдаланатын заттар.
VI. Қосалқы бөлшектер
машиналар мен құрал
жабдықтардың тозған
бөлшектерін жөндеу
және ауыстыру үшін
қызмет етеді.
VII. Өзге де материалдар
өзіне аталмыш ұйымда
материалдар, отын немесе
қосалқы бөлшектер ретінде,
пайдалана алатын, негізгі
құралдардың шығарылып
тасталуынан алынған
материалдарды, өндіріс
қалдықтарын, түзетуге
келмейтін ақшаларды
енгізеді.
VIII. Басқа жаққа қайта
өңдеуге берілген материалдар
– бұл сырт ұйымдардың
өңдеуіне тартылған
және одан кейін одан
алынған өнімдердің
өзіндік құнына қосылатын
материалдар.
IX. Құрылыс материалдары
– құрылыс салушы ұйымдар
есепке алынатын, құрылыс
бөлшектерін жасау,
ғимараттар мен құрылыстардың
бөліктерін және конструкцияларын
бөлу және көтеру үшін
тікелей құрылыс және
монтаж жэұмыстары процесінде
пайдаланатын материалдарды,
сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары
үшін қажетті өзге де
тауарлы-материалдық
қорларды білдіреді.Өндірістік
қорлар есебін дұрыс
ұйымдастыру үшін оларды
негізді бағалай білудің
үлкен маңызы бар.
2.Бухгалтерияда тауарлар мен ыдыстардың аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыру
Материалдардың бухгалтерияда аналитикалық есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсарылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолдануда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында материалдардың талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келді. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр номенклатуралық номеріне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуна жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы мен шығыс етілуінің қорытындысы шығарылып, олар материалдардың айналым тізімдемесіне жазылады. Сөйтіп, бухгатериядағы карточкаларда қоймадағы карточкаларда жазылған деректер қайталанады.
Айырмашылығы: Қоймадағы карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкада сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықта да бухгалтерияда карточкалар мен айналым тізімдемелерін толтыру кейде кешігіп отырады. Осыған байланысты сандық карточкалардың орнына кейінгі кезде сандық, сорттық, сомалық айналым тізімдемесін пайдаланатын болды. Есептің бұл әдәсән қолданған кезден бастап кәсіпорындардың бухгалтерияларында сорттық, сандық, бағалық карточкасын пайдаланбайтын болды. Шығыс етілген материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта тікелей жинақталып қалдығы шығарылады. Ай біткеннен кейін 10-15 күн ішінде материалдардың айналымы мен қалдығы сорттық, сандық, сомалық айналым тізімдемесіне жазылады. Бұл әдісті пайдаланған бухгалтерлердің жұмысы сәл жеңілдегенімен кемшіліктер де кездесіп отырады. Ол кемшілікке ұйымдағы материалдардың сандық есебінің бухгалтери мен қоймада қатар жүргізілуін жатқызуға болады. Материалдардың бұл екі есебі көбіне бірөбірімен еш байланыссыз жүргізілетін. Материалдардың есебін одан әрі жетілдіру негізінде оперативтік-бухгалтерлік әдісі пайда болады. Бұл әдіс бойынша материалдардың есебі тек қоймалық сорттық, сандық есеп карточкаларында жүргізіледі. Оперативтік-бухгалтерлік есептеу әдісін қолдану үшін міндетті түрде керек жағдайлардың бірі есептеу жұмысына жоспарлы есептеу бағасын енгізу қажеттілігі болып табылады. Материалдардың ағымдағы, яғни аналитикалық есебі осы бағамен жүргізіледі. Материалдард синтеттикалық шотта нақтылы өзіндік құнымен есептелінеді. Материалдардың есебін оперативтік-бухгалтерлік тәсілмен жүргізуге жоғарыда аталған қоймадағы материалдардың қалдығын есептеу үшін жүргізілетін үлгілі түрі М-20 тізідемесі пайдаланылады. Бұл тізімдемеде әр қойма бойынша бөлек және бір жылға ашылады. Ай соңында қойма меңгерушісі осы тізімдемеге қоймадағы карточкалардан материалдардың тексерілген, келесі айдың басына қалған сандық қалдығын көшіріп жазады. Кей жағдайларда кәсіпорынның қоймасы цех немесе бөлімшеден алыс жерде орналасқан жағдайда тізімдемеге материалдарды қалдығын көшіріп жазу бухгалтерия қызметкерлеріне немесе есептеу операторына жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда материалдарға жауапкер адам олардың қалдықтарының тізімдемеге дұрыс көшірілуін тексеріп шығып, қол қояды. Егер есепті ай бойы кәсіпорында материалдар кіріске алынбаған және шығыс етілмеген болмаса онда олардың бұрынғы қалдық саны мен сомасы жаңа айға көшіріліп жазылады. Материалдар қалдығының қоймалық карточкаларынан үлгілі түрі М-20 түрлі тізімдемеге дұрыс толтырылуын бухгалтерия қызметкері міндетті түрде тексеріп қол қояды. Ай сайын үлгілі түрі М-20 санды тізімдемесінде көрсетілген материалдар қалдығы олардың жоспарлы бағасына көбейтіліп, материалдардың есептеу топтары және синтетикалық шоттары бойынша сомалары есептеліп жазылады. Жоғарыда айтылғандай бухгалтерияда материалдардың сомалық есебін синтетикалық шоттар бойынша олардың ішінде әрбір қоймадағы материалдардың топтары бойынша бөлек жүргізіледі. Сонымен қатар кәсіпорында материалдардың кіріске алынғандары мен шығыс етілгендердің сомасын тапқаннан кейін оларды материалдардың әрбір есептеу топтары ббойынша біріктіріп және ол сомалардың жиынтығын материалдардың кіріс-шығысымен қатар қалдығын есептейтін тізімдемеге көшіріп жазады. Бұл тізімдеме екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде кіріске алынған материалдардың жиынтық өзіндік құны жайлы деректер көрсетіледі. Сонымен қатар бұл бөлімде кіріске алынған материалдардың нақтылы өзіндік құны мен есептеу бағасымен есептелген құнның арасындағы ауытқу мөлшері көрсетіледі.
Екінші бөлімде әрбір қойма мен материалдарға жауапты тұлғалар юойынша материалдардың қозғалысы (айдың басындағы және айдың аяғындағы қалдығы, кірісі мен шығысы) тиісті шоттар бойынша көрсетіледі.
Қорлардың синтетикалық есебі
Материалдық босалқы қордың барлық түрін есепке алу үшін 13- бөлімшеде 1300 «Босалқылар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді:
1310 «Шикізаттар мен материалдар» - бұл шотта өндіріс процесіне қолдануға арналған шикізаттар мен материалдар есепке алынады. 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар», 1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Өңдеуге берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары»;
1320 «Дайын өнімдер» - бұл шотта өз өндірісінде өндіріліп сатуға дайын тұрған өнімдер есебі жүргізіледі.
1330 «Тауарлар» - бұл шотта басқа жақтан сатып алынған және қайтадан сату үшін сақталатын тауарлардың қозғалысымен байланысты операциялар есебін жүргізумен байланысты операциялардың есебін жүргізуге арналған
1340 «Аяқталмаған өндіріс» - бұл шотта аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады. Бұл шот транзиттік шот - бір күндік шот деп аталады.
1350 «Басқалай босалқылар» - бұл шотт жоғарда аталған шоттарда көрініс таппаған қорлар есепке алынады.
1360
«Босалқыларды есептен
шығару резерві».
– бұл тауарлы
материалдық
қорлардың
өзіндік құндарын
олардың таза
сату құнына
дейін азайтуға
байланысты құрылған
резервтердің есебі
жүргізіледі.
1310 «Шикізаттар
мен материалдар» шотында
шығарылған өнімнің
негізін салатын немесе
өнімді жасап шығаруда
оның компоненті болып
табылатын қажет шикізаттар
мен материалдарын есепке
алады. Бұл жерде сондай-ақ
өнімді шығаруға қатысатын
немесе шаруашылық,
технологиялық және
өндіріс процесіне септігін
тигізетін көмекші материалдар
да есепке алынады.
1311 «Сатып алынған жартылай
фабрикаттар және құрастырушы
бұйымдар» шотында сатып
алынған жартылай фабрикаттар
және өндірілген өнімді
құрастыру үшін алынған
дайын құрастырушы бұйымдар
және жинауға немесе
өңдеуге кеткен шығындар
есепке алынады.
1312 «Отын» мұнай өнімдері,
қатты және басқа да
отын түрлері есепке
алынады.
1313 «Ыдыс және ыдыстық
заттар» ыдыстың барлық
түрі (цистернаны, бочкілерді,
флягтарды қоспағанда)
және ыдысты жөндеуге
арналған материалдар
есепке алынады.
1314 «Қосалқы бөлшектер»
жөндеуге және машинаның
тозған бөлшектерін
айырбастауға (бөлшектер,
агрегаттар, аккумуляторлар,
дөңгелектер т.б.) аранлған
қосалқы бөлшектер есепке
алынады.
1315 «Өзге материалдар»
өндіріс қалдықтары,
жөнделмейтін ақау бөлшектер,
негізгі құралды жою
барысында алынған материалдар
және т.б. алынады.
1316 «Өңдеуге берілген
материалдар» шотында
сыртқа өңдеуге берілген
материалдардың және
өңдеуден алынған бұйымның
өзіндік құнға енгізілгені
есепке алынады.
1317 «Құрылыс материалдары»
құрылыс бөлшектерін,
монтаждау жұмысын және
құрылыс процесінде
тікелей пайдаланатын
құрылыс материалдарын
есепке алады.
Әрбір шаруашылық жүргізуші
субъектілер қажеттігінше
әрбір шоттар бойынша
субшоттар және материалдық
есебі бойынша аналитикалық
шоттар аша алады.
Мысалы, «Шығыс» ААҚ
аяқ киімді өндіру үшін,
сары ЦЛ терісін жабдықтаушыға
тапсырыс берген, оның 1
дм2 90 теңге (ҚҚС-мен)
тұрады. Келісім шарт
жасасқаннан соң, «Шығыс»
ААҚ-на тапсырыс берген
материалы келіп түскен.
Барлық келіп түскен
терінің мөлшері 35555,6
дм2 құраған, ал оның
сомасы 3200004 теңге болған.
Тасымалдау шығыны 800000
теңге және түсіру шығыны (Түсірушәлердәі
жалақысы – 300000 және
әлеуметтік – 56700-(300000-300000*10%*21%)=
Біз бұл мысалда алынған
терінің өзіндік құны 4545324
теңге немесе 1 дм2-ты 127,84
теңге құраған:
- сатып алу бағасы – 2758624
теңге (ҚҚС қоспағанда);
- көлік-дайындау шығындары
(КДШ) – 1156700 теңге (800000+356700);
- сақтау шығындары – 630000
теңге «сақтау шығыны
өзіндік құнға енгізілуі
мүмкін, егер олар қойманың
тұрған жеріне дейін
жеткізіп берсе ғана).
Алынған материалдар
нақты өзіндік құны
бойынша бухгалтерлік
есепке кірістеледі (127,84
теңге бойынша). Содан
соң олар сатуға немесе
өндіріске босатуға
не нақты өзіндік құны
бойынша, не сатылатын
таза құны бойынша босатылуы
мүмкін. Тек осындай
өнімді басқа кәсіпорны 90
теңгеден емес, онық
бір дм2 75 теңгеден сатқан,
сондықтан «Шығыс» ААҚ-на
да сол бағадан сатуына
тура келген. Енді біз
осы операциялар бойынша
жасалатын шоттар корреспонденциясын
қарастырып көрейік.
Қорлар бойынша шоттардың корреспонденциясы
Рет № | Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Шоттардың корреспонденциясы | |
дебет | кредит | ||
1 | 2 | 4 | 5 |
1 | Жабдықтаушыдан
сары тері алынды:
материалдардың
құнына ҚҚС-ның сомасына |
1310 1410 |
3310 3310 |
2 | Тасымалдау
шығындары өтелді Сақтау шығыстары төленді |
4240
4240 |
1030
1030 |
3 | Сары
теріні алумен байланысты
шығыстары материалдық
құнына қосылды:
тасымалдау
шығысы артып-түсіру
бойынша кеткен шығыстары сақтау шығыстары |
1310 1310 1310 |
4240 3350,3140 4240 |
4 | Жабдықтаушының қарызын өтеуге бұрындары берілген авансы зачет жасалды | 3310 |
2910 |
5 | Таза сатылған құнына дейін материалдардың құны есптен шығарылды. Өзіндік құны 4545324 теңге болған. Таза сатылған құны 2300447(355555,6*64,7) теңге құраған (ҚҚС қоспағанда). Материалдардың өзіндік құны оларды алумен байланысты шығыстарын қоспағанда 2758624 теңге құраған. Таза сатылған құны мен материалдардың өзіндік құнының арасындағы айырмасы 458177 теғге құраған (2758624-2300447). | 7450 |
1310 |
Қорытынды
Өндіріс процесіне
еңбек құралдарымен
қатар өндірістік босалқы
қорлары еңбек заттары
ретінде қатысады. Еңбек
құралдарынан айырмашылығы
еңбек заттары өндіріс
процесіне бір-ақ рет
қатысады және олардың
құны өндірілетін өнімнің
материалдық негізін
құрай отырып, өнімнің
өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы-материалдық
босалқылар келесідей
активтер турінде болады:
өндірісте пайдалануға
немесе жұмыстар мен
қызметтерді орындауға
арналған шикізаттар,
материалдар, сатып
алынған жартылай шикізаттар
және құратсырушы бұйымдар,отын,
ыдыс және ыдыстықты
материалдар, қосалқы
бөлшектер және басқа
да материалдар; аяқталмаған
өндіріс; субъект қызметі
барысында стуға шығарылған
дайын өнім, тауарлары.
Материалдық құндылықтарды
есепке алудың мынадай
негізгі міндеттер тұрады:
босалқыларды дер кезінде
және толығымен есепке
алу, сақтау орындарындағы
жағдайын қадағалау;
босалқылардың қозғалысы
бойынша барлық операцияларды
толық және дер кезінде
құжаттау; ішкі ресурстарды
жұмылдыру мақсатында
субъектіге қажет емес
материалдық босалқыларды
сату, сақталатын орындардағы
құндылықтардың қалдықтары
мен қозғалысы туралы
дәл мәліметтерді алу.
Өндіріс барысындағы
функционалдық (қызметтік)
ролі мен мақсаты бойынша
барлық материалдық
босалқылар негізгі
және көмекші болып
бөлінеді.
Негізгілер –
дайындалатын өнімнің
заттай материалдық
негізін (нан пісіргенде
ұн( құрайтын материалдар,
көмекші матеиалдар
өндірілетін өнімнің
өзіндік құнына кіргенімен
негізгі материалдар
сияқты оның заттай
негізін құрай алмайды.
Өнімге қажетті қасиеттерді
беру үшін (сырлар,лак,
желім) көмекші материалдар
негізгі материалдарға
қосымша пайдаланылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Назарова В.Л «Шаруашылық субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, Экономика 2005 жыл
2. Кеулимжаев К.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы 2006 жыл
3.
№2 Халықаралық қаржылық
есеп стандарты. www.google.kz
Жоспар
Кіріспе
11Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы.