Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 23:14, реферат
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Салық туралы түсінік
2. Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
3. Еншілес серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
4. Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
5. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
6. Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
7. Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
6. Басқа да кредиторлық
қарыздар мен есептелген
Жалдық міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер
есебі «Жалдық міндеттеме» деп аталатын
шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен
пассивті есеп айырысу шоты болып табылады.
Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның
негізг құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге
жалға алған үшін жалға беруші кәсіпорынға
қарызы көрініс табады. Ал «Жалдық міндеттеме»
деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі
құралдарды жалға беруші кәсіпорынға
жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі
көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп
әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек
жүргізіледі.
Төленуге тиісті сыйақы есебі
Алынған несие, жалдық келісімшарт және
шығарылған бағалы қағздар бойынша төленуге
тиісті пайыздардың есебі «Төленуге тиісті
сыйақы» деп аталатын шотта жүргізіледі.
Төлеуге тиісті пайыздардың барлық түрлерін
есептеген кезде:
Д-т: «Есептелінген сыйақы бойынша шығындар»
шоты.
К-т: «Төленуге тиісті сыйақы» шоты түріндегі
бухгалтерлік жазуы жазылады.
Есеп айырысу шотынан есептелген пайыздар
сомасы төленген кезде:
Д-т: «Төленуге тиісті сыйақы шоты»;
К-т: «Ақашалар» деп аталатын шот түрінде
екі жақты жазу жазылады.
Жинақтаушы зейнетақы
қорымен есеп айырысудың есебі
Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі
«Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу»
деп аталатын шотта жүргізіледі. Меншік
нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар
мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік
айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша
жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы
қорына жарналар аударып тұруға міндетті.
Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде
жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар
өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның
лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайларына
айыппұлдар салынуы мүмкін.
Жарналар белгілі бір кәсіпорынның ережелерімен,
жарғыларымен және қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік
актілермен белгіленген еңбеақының барлық
түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған
демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан
кездегі берілетін жәрдемақыға, материалдық
көмек ретінде берілетін жәрдемақыларғ
және зейнетақы қорына, сақтық жарналарын
өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы
қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралынұсқауда,
белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.
Зейнетақы бойынша жарналар сомасы есептелген
уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында
мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Д-т: «Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша
есеп айырысу» деп аталатын шоты.
К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен
есеп айырысу» деп аталатын шот.
Ал бұл есептелген жарналар қорға аударған
уақытта:
Д-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз қорымен
есеп айырысу деп аталатын шот;
К-т: «Ақша қаражаттары» шоты түріндегі
бухгалтерлік жазу жазылуы тиіс.
Кәсіпорынның «Зейетақы қорымен қамтамасыз
ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын
шоттың қалдығында ұйымның зейнетақы
қорына аударым қаражаттарын уақтылы
төлемегі үшін есептелген өсім сомасы
көрсетіледі. Уақтылы зейнетақықорына
аударылмаған жарна үшін есептелген өсім
сомасына бухгалтерияда мына жазу жазылады:
Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп
аталатын шоты;
К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен
есеп айырысу» деп аталатын шот.
К-т: «Ақшалар» шоты түріндегі бухгалтерлік
жазу жазылады.
Зейнетақы қорына төленетін жарналар
жұмысшылар мен қызметкерге есептелген
еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп
ұсталғанға дейін олардың табыстарының
барлық түрлерінен 10% (он пайыз) мөлшерінде
ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды
ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде
аудрулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-нан
кеш қалмауы керек.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусым
айының үшінде шыққан нөмірі 4-1 санды «Мемлекеттік
емес ерікті зейнетақы қорлары туралы»
заңына сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы
жоқ тұлғалар ерікті қосымша зейнетақымен
қамтамасыз етілуге құқығы бар. Мемлекеттік
емес ерікті зейнетақы қоры – бұл банктік
емес қаржылық мекеме болып табылатын
және жабық акционерлік қоғам түрінде
құрылып, заңды және жеке тұлғалардан
ерікті зейнетақы жарналарын тарту және
тартылған қаражаттарды инвестициялап,
қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет
жүргізетін заңды тұлға болып табылады.
Әрбір жеке тұлға өзінің еңбеақысынан
ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын
өзі қалаған қорға салуына құқы бар. Жинақталған
зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру
Қазақстан Респібликасының Ұлттық банк
мекемесі белгілеген тәртіпке сәйкес
жүргізіледі.