Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 08:46, курсовая работа
Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуінен бірлі шаруашылық ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І Бөлім. Несие жүйесі..............................................................................................4
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.........................................4
Несиелеу объектілері мен субъектілері......................................................8
ІІ Бөлім. Несие түрлері.........................................................................................11
2.1 Банктік несие және оның экономикалық мағынасы................................11
2.2 Банктік несие беру процесі және несиені қайтару кезеңі ......................13
2.3. Несиелік механизм және несиелік процесс ............................................18
ІІІ Бөлім. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары.22
3.1. Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері .............................................24
Қорытынды............................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................29
Банктер басшылығы өз активтерінің сапасына, жаңа несиелерді беруге несиелеу технологиясына (құжаттар, контрактілер, қамтамасыз ету), заем алушылардың несие шарттарын сақтауына және т.б. бақылау жасап отырады.
Ұзақ мерзімді несиелеу де даму үстінде. Коммерциялық банктердің қаражаттарды тарту бойынша пассивтік операциялары да өзгеріске ұшырайды. Оларды үкімет белсенді қолдауда. Мұны 1993 жылы енгізілген салымдардың әр түрі бойынша банктік пайыз үшін максималды шектерді алып тастау бойынша 80 – жылдары АҚШ-тағы бейреттеу процесін көруге болады. Бұл банктердің депозиттік базасының нығайтылуына мүмкіндік береді, себебі олар талап етуге дейінгі салымдар бойынша да пайыздарды белгілей алатын болды, ал бұл жаңа клиенттерді тартуға жағдай жасады.
Нәтижесінде тартылған қаражаттар құрылымы күрт өзгерді: егер 1950 жылы АҚШ коммерциялық банктері балансының пассивтік құрылымында банктік шоттардағы қалдықтар 70% -дан артық болып, мерзімді жинақ салымдары тек 24-26% құраса, 80-жылдары соңғылары 60%-дан артық үлесін құрады.
Банктердің
пассивтік операцияларының
Банктік операциялардың
дамуында ерекше рөлді ақпарат пен
коммуникацияның қазіргі
Банк жүйесі дамуындағы маңызды құбылыс ретінде несиелік мекемелердің “көтерме” операциялардан “бөлшек” операцияларға өтуін атап көрсетуге болады, бұл олардың клиенттері шеңберінің кеңейюіне әкеледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін банктер сақтық танытып, тек таңдаулы, “ерекше сенімді” клиенттерге ғана қызмет көрсететін, ал қазір ірі банктер өз стратегиясын өзгертті. Олар кәсіпкерліктің барлық сферасына белсендік түрде араласумен қатар, шағын бизнесті де қамти отырып, жаппай клиентураға, соның ішінде тұрғындардың тұрмысы төмен топтарына да бағдарлануда. Бұл қазіргі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді.
Сондықтан кейінгі кезең нарықтық қатынастарды дамыған елдер экономикасындағы өндірістің шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады, бұл, өз кезегіне банктік капиталдың шоғырлануымен орталықтануына , аталған процестің жаңа формаларының пайда болуына, ел ішіндегі және әлемдік қаржы нарықтарында да күшті позицияларға ие – банк – алпауыттар тобының жедел өсуіне әкеп соқтырады. Мұндай банк – алпауыттар ең алдымен Жапония, Германия, Кананда; АҚШ пен араб әлемінде пайда болды, мұнда олардың активтері 100 млрд. АҚШ долларынан көп соманы құрайды.
Бұл тек дамыған
нарықты экономикалы елдердегі
қазіргі несие жүйесін
3.1. Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері
Несиелеу жүйесі несиелік процесті ұйымдастыруды және несиелеу принциптеріне сай оны реттеуді анықтайтын элементтер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Қазіргі несиелеу жүйесінің құрылымдық элементтеріне мыналарды жатады:
Қайта құру кезеңіне дейінгі несиелеу
жүйесінің элементтері
Қазіргі несиелеу жүйесінде шаруашылық ұйымдардың меншікті және заемдық қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын заемдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапгершілікті болуға жүктейді. Мұнда заемдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауардай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде заемға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта айтылады.
Шаруашылық айналыстағы
Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурстарына негізделеді. Бүгінгі жағдайдың бұрынғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы – ол уақытта несиелік мекемелер өздеріне жоғарыдан берілген несиелік ресурстармен ғана жұмыс жасаған болатын. Шынында да төменгі банктермен жинақталатын барлық ресурстар КСРО Мемлекеттік банкі басқармасында орталықтандырылған түрде жинақталып, қайтадан сол орындарға несиелеу лимиті түрінде қайта беріліп отырған. Сондай несиелеу шегінде, сол немесе басқа аумақтың клиенттерін несиелеген. Банк бөлімшелерінің ол уақыттарда қаражат жинақтауға деген ешқандай да мүдделері болмаған және олардың активтері пассивтерінен тәуелсіз болған. Қазіргі несиелеу жүйесі басқа негізде құрылған, яғни берілетін несиелердің көлемі толығымен банктердің тартылған қаражаттарына байланысты. Бұл берілетін несиелердің ауқымының, сонымен қатар несиелік мекемеде қалыптасқан пайда мөлшерін көрсетеді.
Қазіргі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельдігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның: “арзанға сатып алып, қымбатқа сату” принципі орын алады. Бұл әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.
Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты ғана емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдерді аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.
Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі, бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі болып табылады. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені апуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жасалмады, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болды.
Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз ету қағидалары, сол сияқты несиенің ақылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар, олардың бірқатарының мазмұны өзгерген. Бұдан бірнеше жылдар бұрын жақсы және жаман жұмыс істейтін кәсіпорындар категориялары өмір сүріп, несиелеуде дифферинцирленген режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгініг таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақтында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ коммерциялық банк, қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.
Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалық құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі, олардың уақытылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады.
Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей бршама сенімді формаларға кепіл құқы (оның ішінде ипотека, заклад, бағалы қағаздар кепілдігі), кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді.
Жалпы кәсіпорынды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды.
Қорытынды
Көп жағдайда қазіргі заманғы жағдайда банктер несиелік ресурстарды пайдалану әдісіне бағытталады. Бұл әдіс экономикалық факторларға сүйенді және, біріншіден, коммерциялық тұрғыдан банктердің, екіншіден, клиенттердің және тұтас халық шаруашылығының пайдасынан құралады.
Болашақта банктердің коммерциялық несиелеу жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері болып:
1. Ссуда беру кезінде техникалық емес, экономикалық критерийлерге бағыттау, ал нәтижесінде – мемлекеттің барлық банктік мекемелеріне ортақ критериі болатын, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы қажеттіліктеріне бағыттау.
Іс-жүзінде бұл кәсіпорынның қоғамның сапасы халықаралық стандарттарға жауап беретін өнім өндіріп, өткізуіне кететін шығындарға несиелеу жүргізіп жатқанын білдіреді. өнімді өткізу кезіндегі қиыншылықтар тауардың сапасының төмен болуынан емес, тұтынушыда қаржы-қаражаттың уақытша тапшылығынан болуы маңызды.
Егер ұзақ мерзімді несиелеу туралы айтатын болсақ, онда үлкен дәрежеде қоғамдық прогреске жауап беретін қоғамның және жеке мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру жағынан алып қарағанда, жақын болашақта өзінің зор үлесін тигізе алатын инвестициялық әрекеттері несиелеуді алады.
Мұндай әсерлі бағыттың қолданыс мысалы болып (біріншіден қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру) Жапония мен ФРГ-ның соғыстан кейінгі тәжірибесі болып табылады. Ол кезде банктер мен өнеркәсіп компаниялары басты мақсаты етіп коммерциялық сипаттамасын емес, қоғамдық қажеттіліктерді қояды, бірақта қоғамдық қажеттіліктермен бірге өзінің пайдасын да ұмытпады. өнім түрінің қажеттілігінде индикатор қызметін халық сұранысы ғана емес, кәсіпорындар мен ұйымдардың сұранысы атқарады. Сұраныс көлемі өнімнің белгілі түріне берілген тапсырыс және заңды тұлғалардың қызмет көрсетуінен, жасалған шаруашылық келісімдермен анықталады.
Нарық жағдайында сұраныс көлемін өлшеудің бір түрі – баға динамикасы болып табылады: бағаның өсуі – сұраныстың өсуін, ал кемуі, керісінше, – төмендеуін білдіреді. Сондай-ақ қоғам қажеттіліктерінің индикаторы болып қоғамның тауарға және қызмет көрсетуге қажеттілігінің өзгеруіне жауап беретін және белгілі дәрежеде компанияның пайдасын көрсететін белгілі бір компанияның акция курсы болып табылады.
Тек қана сұраныс пен соңғы тұтынушының қажетті игіліктерін сұранысқа ие өнімді өндірумен байланысты шаруашылық несиелеуге бағытталған несиелеу бөлек несие емес, қоғам игіліктеріне сәйкес келеді. Сол кезде ғана шаруашылық пен коммерциялық банктік жұмыс жағдайында өзінше тәуелсіз шаруашылық есептегі кәсіпорын ретіндегі банктердің мақсаттары бір-біріне сәйкес келеді. Бұл несиенің қайтарылымына кепіл болып, клиенттің болашақ төлеу қабілетін және банк пайдасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
2. Ауданаралық
бәсеке мен қайта реттеу