Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:43, реферат
Салықтар – заң жүзінде мемлекетпен бекітілген біржақты реттілікте белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыздық және өтемсіздік сипаттағы бюджетке аударылатын ақшалай төлемдер (ҚР Салық кодексі, 10 бап).
Баға құрамына келесі салықтар кіреді:
- әлеуметтік;
- қосымша құн салығы;
- акциз.
Баға құрамындағы салықтар
Салықтар – заң
жүзінде мемлекетпен бекітілген
біржақты реттілікте белгілі бір мөлшерде,
қайтарымсыздық және өтемсіздік сипаттағы
бюджетке аударылатын ақшалай төлемдер
(ҚР Салық кодексі, 10 бап).
Баға құрамына келесі салықтар кіреді:
- әлеуметтік;
- қосымша құн салығы;
- акциз.
Әлеуметтік салық
– бұл қоғамдық қатынастардың
ерекше әлеуметтік-экономикалық немесе
мәдени аяларын дамытуға не материалдық
қолдауға бағытталған бюджетке төленетін
аударымдар. 1999 жылдан бастап әлеуметтік
салық Зейнетақы қорына, зейнетақы
төлеу бойынша Мемлекеттік
Әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі (ставкасы) 21% құрайды (Казақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың сәуір айындағы «Халыққа жолдауында» осы салық мөлшерлемесін 21-ден 13%-ға дейін төмендету шараларын Үкіметке тапсырды). Салықтың қызмет ету уақытында мөлшерлемелер өзгеріліп әр-түрлі төлеушілер үшін 26%-дан 65%-ға дейін сараланады.
Қосымша құн салығы өндіріс үдерісінде және тауарлар (жұмыстардың, қызметтердің) айналымында қосылатын, өнімді өткізу бойынша айналымнан алынатын құнның бір бөлігі және Қазақстан Республикасы аймағына тауарлардың импортталуы кезіндегі бюджетке аударылатын төлемдер ретінде сипатталады.
ҚҚС республика территориясында тұтынылған немесе пайдаланған тауарлар мен қызметтерге қатысты тұтынудағы жалпы салық болып табылады.
ҚҚС өндірілетін және көрсетілетін қызметтер құнының салығы болып табылады. Салық өнімді (тауарларды, қызметтерді) өндірудің және өткізудің барлық кезеңдерінде алынады. Нәтижесінде соңғы тұтынушы салықты толық төлейді, ал өнімді өндіруде және өткізуде төленген ҚҚС-ғы оларды төлеген субъектіге қайтарылуы мүмкін.
Салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге міндетті ҚҚС, өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін есептелген ҚҚС сомасы мен алынған тауарларға төленуге міндетті ҚҚС сомасының айырымымен анықталады. Осылайша, кәсіпорын тауарды сатқанда сол кәсіпорында қалыптасқан құнға салық қосып оны өтеп алады. Бұл сату бағасына қосылатын ҚҚС бөлігі мемлекеттік бюджетке аударылады. Сонымен, тауарлардың іс жүзіндегі айналымы салықтық төлемдермен тығыз байланысты, ал салықтың барлық ауыртпашылығы соңғы тұтынушыға жүктеледі.
Қандай да бір жеңілдіктер мен шегерімдер болмаған жағдайда косымша құн салығы табысы төмен тұлғаларды табысы жоғары тұлғалармен салыстырғанда табыстарынан жоғары пайыз төлеуге міндеттейді. Мәселен, бір айда табыстары 6000теңге және 36000 теңге құрайтын екі жанұя 1160 теңгеге ұқсас тауар сатып алады, ал ҚҚС 16% құрайды. Екі жанұя да бірдей жанама салық-160 теңге төлейді. Мұнда ҚҚС бірінші жанұяда-2,66%, ал екіншісінде-0,44% құрайды.
ҚҚС мөлшерлемесі 2001 жылдың 26 маусымында қабылданған Салық Кодексіне сәйкес 16%-ға тең (Казақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың сәуір айындағы «Халыққа жолдауында» осы салық мөлшерлемесін 16-ден 15%-ға дейін төмендету шараларын Үкіметке тапсырды). Экспорттық тауарлар айналымы бойынша (түрлі-түсті және қара металдар экспортын қоспағанда); Ұлттық Банкке асыл металдарды өткізуді (алтын, платина); халықаралық тасымалдаулармен байланысты қызметтер көрсету, жұмыс атқару нольдік мөлшерлемедегі ҚҚС-ғы салынады.
Акциздер бұқаралық тұтыну үшін өндірілетін және Қазақстанның территориясына енгізілетін тауарларға салынады. Акциздік тауарлар мен қызметтерге келесілер жатады:
1) спирттің барлық түрлері;
2) алкогольдік өнімдер;
3) темекі өнімдері;
4) бекіре және қызыл балық уылдырығы;
5) алтыннан, платинадан
немесе күмістен жасалған
6) бензин (авиациялықты санамағанда), дизельдік отын
7) жеңіл автокөліктер (мүгедектер үшін арналған қолмен жүргізілетін автокөліктерді санамағанда);
8) тапанша және газдық кару-жарақтар (билік органдарының қажеттіліктеріне арналғандардан басқалары)
9) газдік конденсатты қосқандағы шикі мұнай;
10) ойын бизнесі;
11) лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.
Тауардың бағасына екі салықтың енуі тауарды қымбаттады, тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне және шикізаттар мен материалдарды қымбаттатып өндірістің қиыншылыққа ұрынуына байланысты ұсыныстың төмендеуіне әкеледі.
Баға құрамындағы пайда
Өз өнімін бекітілген бағамен өткізе отырып, қандай да болмасын кәсіпорын тек қана өндіріс пен өткізу шығындарын өтеумен шектелмей, нарық жағдайында қызмет етуге мүмкіндік беретін пайда көлемін алуға тырысады. Пайда бағаның маңызды элементтеріне жатады.
Пайда – бекітілген бағамен тауарды өткізгеннен кейінгі алынатын табыс түрі.
Пайда көлемі өнімді бекітілген бағамен өткізуден кейінгі түскен табыспен, оны өндіруге және өткізуге кеткен шығындардың айырымымен анықталады.
Алынатын пайданың жалпы массасы, бір жағынан, сату көлемі мен баға деңгейіне, екінші жағынан – өндірістік шығындар деңгейі қоғамға қажетті шығындарға қаншалықты сәйкес келуіне тәуелді.
Салықтарды төлегеннен кейін таза пайда белгіленген арақатынаста жинақтау қорына және тұтыну қорына бөлінеді.
Жинақтау қоры есебінен кәсіпорын (фирма) кадрлерді дайындау және қайта дайындауды, инвестициялық жобаларды жүзеге асыра алады. Тұтыну қоры есебінен кәсіпорын жұмыскерлерге әлеуметтік төлемдердің жоғарлауын және де әлеуметтік аядағы мекемелерді қамтамасыз етуі мүмкін.
Сондықтан кәсіпорын (фирма) үшін керекті пайда шамасы оның даму қажеттілігімен анықталады және ұдайы өндірістің бірқалыпты үдерісін қамтамасыз етуші мүмкін төмен деңгейінен кем болмауы керек.
Мемлекетте кәсіпорындардың бюджет кірісіне оң әсер беретіндіктен оның пайдасының жоғарлауына мүдделі.
Нарықтық қатынастар жағдайында пайданың екі негізгі көзі бар.
Біріншісі – кәсіпорынның тауарды өндіріп, шығарудағы монопольдік жағдайы немесе оның ерекшелігі. Бұл көзді салыстырмалы түрде жоғары деңгейде қолдау, тауардың тұрақты жаңаруын жүзеге асыруды талап етеді. Мұнда мемлекеттің монополияға қарсы саясаты мен басқа кәсіпорындар тарапынан бәсекелестік сияқты қарсы күштер де ескерілуі қажет.
Екінші көзі өндірістік және кәсіпкерлік қызметпен байланысты. Оны қолдану тиімділігі сұранысты иеленуші тауарды (қызметті) дұрыс таңдауға, оның бәсеке қабілеттілігіне, өткізу көлеміне, өнім ассортименті мен шығын құрылымына тәуелді.
Пайда табу – кәсіпкерліктің кез-келген формасына түрткі болатын қозғаушы күш. Нарықтық экономика және бәсекелестік шартында, ең жоғары пайда алудың объективтік тенденциясы болады.
Алынған пайданы кеткен шығындармен салыстыру қажет. Бұл мақсаттар үшін салыстырмалы көрсеткіш – рентабельділік деңгейі қолданылады және ол пайданың өнімді өндіру мен өткізуге кеткен материалдық және еңбектік шығындар сомасына пайыздық қатынасы арқылы анықталады:
Pr
R = C х 100% , мұнда
P-рентабельділік;
Pr-пайда;
C-өзіндік құн.
Шығындарынан асатын пайдаға ие болған кәсіпорын рентабельді деп саналады. Егер әкімшілікті-командалық жағдайда, бюджет жәрдемақысы арқылы рентабельділігі төмен және рентабельді емес кәсіпорындардың қызмет етуі мүмкін болса, нарықтық жағдайда, мемлекет қолдайтын салалар мен өндірістерді санамағанда, олардың іс жүзінде болмауы мүмкін.
Нарық шартында рентабельділік
нормативтері тек монополист-кәсіпорындар
өнімдеріне бекітілуі мүмкін. Басқа
жағдайларда пайданың мөлшері тауар
өндірушілердің бәсекеқабілеттілігі
нәтижесінде нарықта
Әдетте, жасалған мәміленің көлемі ұлғайған сайын, оның құрамындағы пайда үлесі аз болады. Ғылым саласында шығындардың негізгі бөлігін еңбектік шығындар құрағандықтан оған ең төменгі рентабельділік деңгейі салынады. Сауда саласы материалдық қорларды құру қажеттілігімен байланысты болғандықтан, оның рентабельділік деңгейі жоғарырақ болады. Материалдық өндіріс аясында материалдық шығындар, еңбек және тозу шығындары және т.б. болғандықтан, оған рентабельділіктің ең жоғарғы деңгейі сәйкес келеді.
Баға құрамындағы өзіндік құн
Өзіндік құн – ол қызметті көрсету мен өнімді өндіру және өткізумен байланысты кәсіпорынға өндірістік және коммерциялық қызметті жүзеге асыруға қажетті өндірістік факторлар шығындарының ақшалай мәні.
Баға құрамындағы шығындар бағаның мүмкін төмен деңгейінің шегін белгілейді.
Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың) барлық шығындары екі түрге бөлінеді – тұрақты және өзгермелі. Тұрақты және өзгермелі шығындардың екеуіне де тиесілі аралас шығындар да бар.
Калькуляция - тауар (қызмет) бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорынның өндіріске және тауар (қызмет) бірлігін өткізуге кеткен шығындарының ақшалай формасын айқындайды.
Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша топтастыру негізінде оларды экономикалық элементтер бойынша жалпылау қағидасы жатыр. Мұнда өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты және басқарушылық сипаттағы шығындар ерекшеленеді.
Өндіріспен және өндірістік өзіндік құнды қалыптастырушы шығындарды есептеу 1996 жылы бекітілген Бухгалтерлік есеп стандарттарымен сәйкес жүзеге асырылады.
Өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге кеткен шығындар олардың экономикалық мазмұнымен сәйкес келесі элементтерге топтасады:
- материалдық шығындар;
- еңбек төлемі шығындары;
- сақтандыруға аударымдар;
- құралдардың тозуы;
- басқа да шығындар.
«Материалдық шығындар» элементінде шикізат пен негізгі материалдарға; сатып алынатын бұйымдарға, жартылай полуфабрикаттарға, қосалқы материалдарға, өндіріс қажет ететін отын және электрқуаттылығына кететін шығындар көрсетіледі.
Еңбек төлемі шығындары құрамына келесілерді жатқызады: еңбекақы, сый-ақы; ынталандыру және өтемдік төлемдер; натуралды төлем ақы ретінде берілетін өнім құны және т.б.
«Сақтандыру аударымдары» элементінде бюджетке аударылатын әлеуметтік салықтың көлемі көрсетіледі (21%).
«Құралдардың тозуы» элементінде негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтіруге кеткен амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі.
Басқа да шығындар құрамына табиғи азаю шегіндегі жетіспеген сома, өндіріс ақауы, құрал-жабдықтарға қызмет көрсету, тасымалдау шығындары, өзіндік құнның басқа элементтеріне жатпайтын өндірістік сипаттағы өндірістік емес шығындар жатады.
Элемент бойынша топтастыру негізінде еңбектік және материалдық ресурстар балансы құрылып, артықшылықтар немесе қамтамасыз етілмеу жағдайы байқалады. Фирма немесе кәсіпорын деңгейінде шығындардың мұндай топтасуы өндірістік қорларды жоспарлауға, кадрлік саясатты жасау үшін (қысқарту, қайта мамандандыру және т.б), еңбекақы қорының ұтымды пайдалануына, орташа жалақы деңгейін бақылауға, өндіріс қуаттылығының деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік құнына енбеген шығындар есептік кезеңдегі шығындар деп есептелінеді.
Калькуляциялану кезінде өнімнің өзіндік құнына ену әдісі бойынша шығындар тура және жанама болып топтасады.
Тура – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге қатысты шығындар.
Жанама (үстемелі) – жанама жолмен үлестірілетін басқарушылық сипаттағы шығындар және олар бір уақытта өнімнің бірнеше түрімен байланысты болады. Мәселен, өндірісті басқару мен ұйымдастыруға байланысты – жалпы әкімшілік шығындар; несие бойынша пайыздар төлемі; тауарлық-материалдық қорларды өткізу шығындары.
Кәсіпорын өз тауарларына (қызметтеріне) ең кем дегенде өндірістің барлық шығындарын өтей алатын бағаны белгілеуге тырысады.
Шығындар кәсіпорынның коммерциялық саясатына елеулі түрде әсер етуі мүмкін.
Шығындары төмен кәсіпорын кез-келген нарықта жоғары бәсекелестік басымдылыққа ие болады. Ол бәсекелестерге қарағанда төмен баға белгілей алады және бұл баға бойынша сезімталдарды тартатындықтан басқаларға қарағанда жоғары сату көлеміне ие болады.