Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 16:58, курсовая работа
Бірнеше ұйымдардың есептік қызметін жүргізу. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» көмегімен бірнеше ұйымдардың шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуге болады. Сонымен бірге жалпыға бірдей ақпараттық базаны бірнеше ұйымдардың-заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу үшін «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» қолдануға мүмкіндік береді. Егер лоардың шаруашылық қызметі өзара берік байланысқан болса, онда ол өте ыңғайлы: жалпыға бірдей тауар тізімдерін, контрагенттерді (іскерлік серіктестер), жұмыскерлерді, қоймаларды (сақтау орындарын) және т.б қолдануға болады, ал міндетті есептілікті бөлек қалыптастыру керек. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» үшін салықтың әр түріне байланысты салық төлеушілерді анықтауға жұмыс істеу мүмкіншілігі бар.