Қазақстан Республикасының
авариялық-құтқару қызметі
Авариялық-құтқару қызметі - негізін
өзіне құрылымдық жағынан авариялық-құтқару
жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды
орындайтын атқарушы-құтқарушыларды,
кіші, орта және жоғары құрамдағы
осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды
және осы жұмысты техникалық
жағынан қамтамасыз ететін көмекші
қызметтерді қамтитын авариялық-құтқару
құрамалары, оның ішінде аэромобильді
отрядтар құрайтын, қызмет міндеттері
жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген,
төтенше жағдайлардың алдын алу
және оларды жою жөніндегі
міндеттерді шешуге арналған
басқару органдарының, күштер мен
құралдардың жиынтығы;
авариялық-құтқару құрамасы - негізін
арнаулы техникамен, жабдықтармен,
жарақтармен, аспаптармен, материалдармен
жарақтандырылған және кинологиялық
қызметпен қамтамасыз етілген
құтқарушылар бөлімшелері құрайтын,
құтқару жұмыстары мен шұғыл
жұмыстарды жүргізуге арналған
дербес немесе авариялық-құтқару
қызметінің құрамына енетін құрылым;
құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар
аймағында адамдарды, материалдық
және мәдени құндылықтарды құтқару,
қоршаған ортаны қорғау, төтенше
жағдайларды оқшаулау және соларға
тән қауіпті факторлардың ықпалын
жою немесе мүмкін болатын
ең төменгі деңгейге дейін
жеткізу жөніндегі іс-әрекеттер;
төтенше жағдайларды жою кезіндегі
шұғыл жұмыстар - құтқару жұмыстарын
жан-жақты қамтамасыз ету, төтенше
жағдайларда зардап шеккен халыққа
медициналық және басқа да
көмек түрлерін көрсету, адамдардың
өмірі мен денсаулығын сақтау,
олардың жұмыс қабілетін қолдау
үшін қажетті жағдайлар жасау
жөніндегі қызмет;
құтқарушы - құтқару жұмыстары
мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге
арнайы даярлық пен аттестаттаудан
(қайта аттестаттаудан) өткен азамат;
құтқарушылардың мәртебесі - құтқарушылардың
Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген құқықтары мен міндеттерінің
жиынтығы;
авариялық-құтқару құралдары - техникалық,
ғылыми-техникалық және зияткерлік
өнім, оның ішінде байланыс пен
басқарудың арнайы құралдары,
құтқару жұмыстары мен шұғыл
жұмыстар технологиясы бойынша
техника, жабдықтар, жарақтар, мүлік
пен материалдар, әдістемелік,
бейне-кино-фотоматериалдар, сондай-ақ
электронды есептеу машиналарына
арналған бағдарламалық деректер
базасы және құтқару жұмыстары
мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге
арналған өзге де құралдар;
төтенше жағдайды жою басшысы
- төтенше жағдайды жою кезінде
жұмыстар жүргізуді басқаратын
немесе өкілеттігіне төтенше
жағдайларды жою жатқызылып, орталық
немесе жергілікті атқарушы орган
тағайындаған басты өкімші және
жауапты адам;
әскерилендірілген авариялық-құтқару
бөлімі - қауіпті өндірістік объектілерге
тәулік бойы қызмет көрсетуге
арналған, дара басшылық принциптерімен
әрекет етіп, соны басшылыққа
алатын және қауіптілігі жоғары
жағдайда, құтқарушылардың денсаулығы
мен өмірі үшін жол беруге
болатын шектегі тәуекелмен авариялық-құтқару
жұмыстарын атқаратын мамандандырылған
ұйым;
Авариялық-құтқару
қызметi мен құрамалары
қызметiнiң
негiзгi принциптерi
Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары
қызметiнiң негiзгi принциптерi мыналар
болып табылады:
төтенше жағдайлар туындаған
кезде адамдардың өмiрiн құтқару
мен олардың денсаулығын сақтау,
қоршаған ортаны қорғау мiндеттерiнiң
басымдығын көздейтiн iзгiлiк пен
қайырымдылық;
төтенше жағдайларды жою жөнiндегi
құтқару жұмыстары мен шұғыл
жұмыстарды жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына
дара басшылық;
құтқару жұмыстары мен шұғыл
жұмыстарды жүргiзу кезiнде өзiн-өзi
ақтайтын тәуекелдiлiк және қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету;
төтенше жағдайлардың туындауы
және оларды жою кезiнде адамдарды
құтқару және көшiру жөнiндегi
құтқару жұмыстары мен шұғыл
жұмыстар;
адамдарды құтқаруға және төтенше
жағдайларды жоюға әзiрлiктi қамтамасыз
ету жөнiндегi профилактикалық жұмыстар;
кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру және
авариялық құтқару қызметi мен
құрамаларының басқару органдарын,
күштерi мен құралдарын төтенше
жағдайлар аймақтарына баруға
және құтқару жұмыстары мен
шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы
әзiрлiкте ұстау;
құтқару жұмыстары мен шұғыл
жұмыстарды жүргiзуге қызмет көрсетiлетiн
объектiлер мен аумақтардың даярлығын
бақылау;
қызмет көрсетiлетiн объектiлер
мен аумақтарда құтқару жұмыстары
мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу
болып табылады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу
мен оны жоюдың бiрыңғай мемлекеттiк
жүйесiнiң күштерi болып табылатын
авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына
мемлекет барынша қолдау көрсетедi,
бұл үшiн:
авариялық-құўтқару қызметi мен құрамалары
үшiн жеңiлдiктер жүйесiн белгiлейдi;
ұйымдарда, өздерi құратын ерiктi
авариялық-құтқару құрамаларын даярлауға
жәрдем көрсетедi, сондай-ақ құтқарушылар
даярлау бағдарламасы бойынша
оқып-үйренуге тiлек бiлдiрген
азаматтарды даярлауға жәрдемдеседi;
құтқарушыларды құқықтық және
әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шаралар
жүйесiн қарастырады;
халықты және аумақтарды төтенше
жағдайлардан қорғау мүддесiн
негiзге ала отырып, авариялық-құтқару
қызметi мен құрамаларына қаржы
жағынан қолдау көрсетедi.
Кәсiби авариялық-құтқару қызметi
мен құрамаларының қызметi ерекше
сипатта болады, аталған қызмет
пен құрамалардың басшылары берген
бұйрықтар мен өкiмдердi олардың
барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз
орындауын көздейдi. Бұл талаптар
ерiктi авариялық-құтқару құрамалары
төтенше жағдайды жоюға тартылған
кезден бастап оларға да қойылады.
Кәсiби
авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары
объектiлер мен аумақтарға қызмет
көрсету жөнiндегi өз жұмысын шарттық
негiзде iске асыра алады.
Кәсiби авариялық-құтқару қызметi
мен құрамаларының төтенше жағдайды
жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге
дайындығы өз өкiлеттiгi шегiнде
уәкілетті орган iске асыратын
аттестаттау және тұрақты тексерулер
барысында тексерiледi.
Кәсiби авариялық-құтқару қызметi
мен құрамаларының тұрақты дайындығы
олардың құрамын кәсiби даярлау
және қайта даярлау бойынша
жүйелi сабақтар мен арнайы
жаттықтыру жиындарын өткiзу арқылы
қамтамасыз етiледi.
Кәсiби авариялық-құтқару қызметi
мен құрамалары жедел көлiгi
дыбыс шығару, жарық беру белгiлерi
бар арнаулы құрылғылармен, сондай-ақ
белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы,
сәулелi таңбалармен мiндеттi түрде
жабдықталады.
Ерiктi авариялық-құтқару құрамалары
құрылған объектiлердiң басшылары
құтқарушыларды авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргiзудiң арнайы
дағдыларына оқытып-үйрету жөнiнде
тұрақты сабақтар өткiзедi және
оларды бұл үшiн арнаулы киiм-кешекпен
қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасында
авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары:
тұрақты штат негiзiнде - кәсiби
авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары,
оның iшiнде әскерилендiрiлген тау-кен
құтқару, атқыламаға қарсы, газдан
құтқару, өртке қарсы, суда
құтқару, жедел-құтқару, медициналық
және төтенше жағдайлар саласындағы
басқа да мамандандырылған бөлiмдер
мен бөлiмшелер;
ерiктiлiк негiзiнде - ерiктi авариялық-құтқару
құрамалары, оның iшiнде ерiктi тау-кен
құтқару, атқыламаға қарсы, газдан
құтқару, өртке қарсы және суда
құтқару құрамалары құрылады.
Кәсiби авариялық-құтқару қызметi
мен құрамалары:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
шешiмi бойынша - республикалық
(оның iшiнде республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындар) және аумақтық;
ұйымдар басшылығының тарапынан
- объектiлiк (қызметiн жүзеге асыру
үшiн өз авариялық-құтқару қызметi
мен құрылымдары мiндеттi түрде
болуы Қазақстан Республикасы
заңдарымен және өзге де нормативтiк
құқықтық актiлермен көзделген
ұйымдарда) болып құрылады.
Ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын
өз қызметкерлерiнен жасақталған
ұйымдар құрады.
Ерекше қажет жағдайда Қазақстан
Республикасы Президентінің шешімі
бойынша ТЖ кезінде құтқару
және басқа жедел жұмыстар
жүргізу үшін белгіленген тәртіпте
Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлігі, Ішкі істер министрлігі,
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
бөлімшелері мен әскери бөлімдері
жұмылдырылуы мүмкін.