Қазақстан Республикасындағы салық түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 23:37, реферат

Описание работы

Кіріспе
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасы

Содержание

Кіріспе

I Қазақстан Республикасының салық жүйесі

1.1 Салық мәні,мазмұны және элементтері

1.2 Жалпы мемлекеттік салық түрлері
1.3 Жергілікті салықтар мен алымдар.
1.4 Төлемақының түрлері.
II.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат салык турлери.docx

— 45.91 Кб (Скачать)

  2001 жылы 12 маусымда Қазақстан   Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

    Қазақстан   Республикасының Салық кодексіне  сәйкес салықтың 9 түрі бар.2005 жылы  акциз салығын қосымша ретінде  экспортталатын шикі мұнайға,  газ конденсатына рента салығы  қосылды.

   Салықтың түрлері:

   1.Корпорациялық табыс  салығы.

   2.Жеке табыс салығы.

   3.Қосылған құн  салығы.

   4.Акциздер.

   4.1. Экспортталатын  шикі мұнайға, газ конденсатына  рента салығы.

   5.Жер қойнауын  пайдаланушылардың салықтары мен  арнайы төлемдері.

   6.Әлеуметтік салық.

   7.Жер салығы.

   8.Көлік салығы.

   9.Мүлік салығы.

 

     Алым дегеніміз-белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.

  Сонымен қатар алым-анықталған  құқықтық мәртебені бергені үшін  төлем болып саналады.

   2002 жылы алымның  13 түрі болды. 2003 жылдан бастап  «елтаңбалық алым» алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер  енгізілді, яғни: «жылжымалы мүлік  кепілін мемлекеттік тіркегені  үшін алым» және «кеменің немесе  жасалып жатқан кеменің ипотекасын  мемелекеттік тіркеу үшін» және  туындылар мен сабақтас құқықтар  обьектілерін пайдалануға лицензиялық  шарттарды мемлекеттік тіркеу  үшін алымдары қосылды.

 Алымдардың  түрлері:

   1.Заңды тұлғалардың  мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   2.Жеке  кәсіпкерлерді  мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   3.Жылжымайтын мүлікке  құқықтарды және олармен жасалған  мәмілелерді мемлекеттік тіркегені  үшін алым.    

   3.1. Жылжымалы мүлік  кепілін мемлекеттік тіркегені  үшін алым(2005 жылдың 1қаңтардан)

   4.Радиоэлектрондық  құралдарды және жиілігі жоғары  құрылғыларды мемлекеттік тіркегені  үшін алым.

   5.Механикалық көлік  құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік  тіркегені үшін алым.

   6.Теңіз,өзен кемелері  мен шағын көлемді кемелерді  мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   6.1.Кеменің немесе  жасалып жатқан кеменің ипотекасын  мемлекеттік тіркеу үшін алым (2005 жылдың 1 қаңтардан)

   7.Азаматтық әуе  кемелерін мемлекеттік тіркегені  үшін алым.

   8.Дәрі-дәрмек құралдарын  мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   8.1.Туындылар мен  сабақтас құқықтар обьектілеріне  құқықтарды,туындылар мен сабақтас  құқықтар обьектілерін пайдалануға  лизензиялық шарттарды мемлекеттік  тіркеу үшін алым(2006 жылы 1 қаңтардан)

   9.Автокөлік құралдарының  Қазақстан Республикасының аумағы  арқылы жүру алымы.

  10.Аукционардан алынатын  алым.

  11.Жекелеген қызмет  түрлерімен айналысу құқығы үшін  лицензиялық алым.

  12.Телевизия және радио  хабарларын тарату ұйымдарына  радиожиілік спектрін пайдалануға  рұқсат бергені алым.

 

       Төлемақы-белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.

   Төлемақының 9 түрі  бар.2005 жылы төлемақыға өзгеріс  енгізілді. Радиожиілік спектрін  пайдаланғаны үшін төлемақыға  қосымша ретінде «қалааралық  және халықаралық телефон байланысын  бергені үшін төлемақы» төлейді.

Төлемақының түрлері:

  1.Жер учаскілерін  пайдаланғаны үшін төлемақы.

  2.Жер бетінде көзердің  су ресурстарын пайдаланғаны  үшін төлемақы.

   3.Қоршаған ортаны  ластағаны үшін төлемақы.

   4.Жануарлар дүниесін  пайдаланғаны үшін төлемақы.

   5.Орманды пайдаланғаны  үшін төлемақы.

   6.Ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарды пайдаланғаны  үшін төлемақы.

   7.Радиожиілік спектрін  пайдаланғаны үшін төлемақы.

   7.1.Қалааралық және  халықаралық телефон байланысын  бергені үшін төлемақы (2005 жылдың 1қаңтардан)

    8.Кеме жүретін  су  жолдарын пайдаланғаны үшін  төлемақы.

    9.Сыртқы жарнаманы  орналастырғаны үшін төлемақы.

 

     Мемлекеттік баж дегеніміз-уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

      Баж салығы-алып келінген,сыртқа шығарылатын,сондай-ақ транзитті тауарлар,бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар.                                    

 

      «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

     1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде  тұңғыш салық жүйесі жұмыс  істей бастады. Ол «Қазақстан  Республикасындағы салық жүйесі  туралы» заңға негізделді. Бұл  заң   салық жүйесін құрудың  қағидаттарын, салықтар мен алымдардың  түрлерін, олардың бюджетке түсу  тәртібін белгілеген алғашқы  құжат аді. Осы заңға сәйкес  Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың  1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік  салық, 18 жергілікті салықтар мен  алымдар енгізілді.

     Қазақстан  Республикасының Үкімеі 1995 жылдың  басында салық реформасының ұзақ  мерзімді тұжырымдамасын қабылдап,онда  еліміздің салық жүйесі мен  салық заңнамасын бірте-бірте  халықаралық салық салу қағидаттарына  сәйкестендіру көзделді. Осыған  байланысты Салық және бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдер туралы 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы  Президентінің заң күші бар  жарлығы шықты. Енді бұрынғы  42 салықтар мен алымдар едәуір  қыстартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы  Президентінің бұл жарлығы Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы ғ440-1 заңына сәйкес заң  мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында  Президент жарлықтарымен және  Қазақстан Республикасының заңдарымен  бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар  енгізілді.Салықтардың,оларды төлеушілердің,  салықтарды алу әдістерінің, салық  жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан  салық жүйелерінің әжептәуір  күрделі үлгілері болуы мүмкін. Барлық өркениетті елдерде салықтардың  бүкіл жиынтығы әр түрл қағидаттар  бойынша жіктеледі:

   -салық салу обьектілері  бойынша;

   -салықты алатын  және салықтан жиналған сомаға  билік жасайтын органға қарай;

   -пайдалану тәртібі  бойынша;

   -обьектінің экономикалық  белгісі бойынша.

     Салықтарды салу обьектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.

     Тура салықтар-салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі.                                                                                                          Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй,жер,кәсіп,ақшалай капитал,және т.с.с.) салынады.                                                                                                                             Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

    Жанама салықтар-бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық,  акциздер жатады. Жанама слықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі,экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

     Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті салықтарды ажыратады.

    Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді.

    Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландырады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады.

    Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы,знйнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).

   Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады.       Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен қызметтер көрсету тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

 Салық салу обьектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады:кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

   Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу обьектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы,мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.

   Мағлұмдамада салық төлеушілердің табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді,шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен,корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер  салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызына дейін береді.

   Жеке табыс салығы  бойынша мағлұмдаманы мынадай  салық төлеушілер:

  *төлем көзінен салық  салынбайиын табыстары барлар;

  *тұрғын үй салу  мен осындай құрылыс үшін құрылыс  материалдарын сатып алуды іске  асырғандар;

   *Қазақстан Республикасының  шегінен тыс жерлерден табыстар  алатын жеке тұлғалар.

   *Қазақстан Республикасының  шегінен тыс жерлердегі шетел  банктеріндегі шоттрада ақшасы  бар жеке тұлғалар;

    *Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  туралы заңнамалық актілеріне  сәйкес мағлұмдамада беру жөнінде  міндеттеме жүктелген адамдар;

    *Қазақстан Республикасының  Парламентінің депутаттары,судьялар  табыс етеді.

  Әскери қызметшілер  мен ішкі істер органдарының  қызметкерлері жеке табыс салығы  бойынша мағлұмдаманы уәкілетті  мемлекеттік орган белгілеген  тәртіппен ұсынады.

  Салық төлеушіден  салық мағлұмдамасын табыс етудің  белгіленген мерзіміне дейін  жазбаша өтініш алған жағдайда  уәкілетті мемлекеттік орган  салық мағлұмдамасын табыс ету  мерзімін екі айдан аспайтын  мерзімге ұзартуға құқылы. Бірақ  салық мағлұмдамасын тапсыру  мерзімін өзгертпейді.

    Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның,мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп,ұстайды.

    Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін тастайтын құжат.

  Салықтық есептің  екі әдісі қолданылады:кассалық  және есептеу әдісі.

    Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау,қызмет көрсету,мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.

   Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытында қарамастан жұмысты орындау,қызмет көрсету,тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған.Төлеушілер үшін оның кемшілігі-салық төлемдері жеткізіліп тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс,бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.

  Қазақстан Республикасының  салық жүйесі салықтардың,алымдардың  және баждардың түрлерін, салық  қатынастарын реттейтін құқықтық  нормаларды және салық службасының  органдарын кірістіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қорытынды

  Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экоеомиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.

     Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

    Салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құрү және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

        Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

  • мемлекеттің саалық жүйесінің қалыптасуы;
  • салық салу саламсында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
  • арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
  • салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

   Салық жүйесі де  өз алдына сала болып қалыптасуы  үшін, біршама қиындықтарды бастан  кешіре отырып, көптеген өзгерістер  мен толықтырулар жасалынып, қазіргі  кезде тұрақты жүйеге түсті.  Қазақстан Республикасынығ салық  жүйесі реформалаудың үш кезеңінен  өтті.

Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:

    1. Қосылған құнға  салынатын салық.

    2.Пайдаға салынатын  салық.

    3.Акциздер.

    4.Бағалы қағаздармен  жасалатын операциялардан алынатын  салық.

    5.Экспорт пен  импортқа салынатын салық.

    6.Кеден тарифі  және баж салығы.

    7.Пайдалы қазбаларды  геологиялық барлау және геологиялық  іздестіру жұмыстарына  байланысты  шығындарды өтеуге жұмсалатын  алым.

    8.Тіркелген (ренталық) төлемдер.

    9.Транспорт құралдарына  салынатын салық.

    10.Автотранспорт  құралдарын сатып алуға салынатын  салық.

    11.Автотранспорт  құралдарының Қазақстан Республикасына  келіп кіргені үшін төленетін  ақы.

     12.Заңды ұйымдардың  мүлкіне салынатын салық.

     13.Қазақстан   Республикасы азаматтарынан, шетел  азаматтарынан және азаматтығы  жоқ адамдардан алынатын табыс  салығы.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық түрлері