Қазақстан Республикасындағы импорт пен экспорт

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:31, реферат

Описание работы

Экспортты мемлекеттік қолдау мәселелеріне тікелей арналған заңнамалық актілер болмады. 1991-98 жылдар бойы ел экспортының дамуы ішкі және сыртқы экономикалық сипаттың ықпалымен жүрді.(экономикалық дағдарыс, өнеркәсіптік өндірістің азаюымен сипатталатын, қазақстандық шикізат тауарларды шет елге бақылаусыз шығару және т.б.).

Работа содержит 1 файл

импорт пен экспорт.docx

— 28.12 Кб (Скачать)

   Қазақстан Республикасындағы импорт

                      пен экспорт.

 

Экспортты мемлекеттік қолдау мәселелеріне тікелей арналған заңнамалық актілер болмады. 1991-98 жылдар бойы ел экспортының дамуы ішкі және сыртқы экономикалық сипаттың ықпалымен жүрді.(экономикалық дағдарыс, өнеркәсіптік өндірістің азаюымен сипатталатын, қазақстандық шикізат тауарларды шет елге бақылаусыз шығару және т.б.).

Кейінгі жылдары сыртқы сауданы реттеу ырықтандыру бет алысымен сипатталады: экспорт үлесін жою, лизенциялы өнім тізімін қысқарту, лизенция алу тәртібін оңайлату және т.б.

Қазіргі уақытта мемлекеттік ішкі сауда саясаты бірінші кезекте, тарифтік емес реттеу мен кедендік-тарифтік реттеу әдісі арқылы жүзеге асады.

ҚР ішкі сауданы реттеудің заңдық тәртібі 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңмен және басқа нормативті әрі құқықтық актілермен қаралады. (2006 жылы 11 желтоқсан жағдайы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).

Оларға қатысты қолданылатын импорт пен экспорт мөлшерлемелердің кедендік баждары мен тауарлар тізімі «Қазақстан Республикасының ІЭҚ ТН кедендік тарифтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2007 жылы 28 желтоқсанда бекітілген.(2008 жылы 6 ақпандағы толықтырулармен).

Осы Қаулыға сәйкес кедендік баждардың келесідей мөлшерлеме түрлері қолданылады:

  • Адвалорлы — салық түсетін тауарлардың кедендік құнына пайыздық есептеулер;
  • Спецификалық — салық түсетін тауарлар бірлігіне белгіленген мөлшердегі есептеулер;
  • Аралас — кедендік салықтың екі аталған түрін үйлестіретін.

Тауарларды кодтау мен сипаттаудың үйлесімдірілген жүйесі туралы Халықаралық конвенцияға негізделген, 10 тауарлық номенклатура бойынша ІЭҚ жүзеге асырған кезде тауарлардың жіктелуі бекітілген.

Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекетпен сауда-саясаты қатынасын жүзеге асырған кезде, бажды төлеуден Қазақстанның босатқаны түрінде ұсынылған тарифтік переференция қарастырылған, Қазақстан Республикасының ұлттық перференциялық жүйесін қолданатын, баж ақысын төмендету немесе мейлінше аз дамыған және дамушы елдерден шығатын тауарларға қатысты квота бекіту.

Атап айтқанда, Қазақстанға мейлінше аз дамыған елдерден әкелінетін тауарлар кедендік баждардан босатылады, ал Қазақстанға дамыған елдерден әкелінетін тауарларға «Қазақстан Республикасының ІЭҚ ТН кедендік тарифтері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысындағы қосымшада көрсетілген, кедендік баждан 75 % мөлшерде кедендік баж ақысы қолданылады. .(2008 жылы 6 ақпандағы толықтырулармен).

ЕуразЭҚ елдер-мүшесі және еркін сауда аймағы туралы көп жақты Келісімге мүше ТМД елдерінен шетке шығарылатын және әкелінетін тауарлар, сонымен қатар кедендік баж, салық пен алымдар төлеуден босатылған. ІЭҚ басқа түрлерін реттеу ҚР басқа заңнамалық актілеріне негізделіп жүзеге асады.

Салық заңнамасы. Қазақстан аумағына тауарларды импорттау кезінде салық заңнамасына сәйкес, қосылған құнға салық түрінде бюджетке есептеулер қарастырылған. (ҚҚС). Салық түсетін импорт бойынша ҚҚС мөлшерлеме салық түсетін импорт мөлшерінен 13 % тең. Экспортқа қатысты, экспортқа тауарлардың жүзеге асуы бойынша, айналымға нөль ақысында салық түседі.

Валюталық реттеу. Валюталық реттеудің негізі «Валюталық реттеу мен валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және 2007 жыл 1 қаңтарында енгізілген (2006 жылдың 10 қазанынан бастап) Қазақстан Республикасындағы экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асырудың жаңа Тәртібімен қарастырылған.

Экспортты-импорттық валюталық бақылау тәсімі экспортшылар мен импортшылар үшін көптеген рәсімдерді оңайлатуды қарастырады, өйткені, жауапкершілікке тарту және төлқұжаттар келісімін рәсімдеу бойынша кедендік органдардың қызметтерін алып тастайды.

Төлқұжат келісімін рәсімдеу есептік сипат алады (өйткені төлқұжат келісімдері клиентке қызмет көрсететін банкте рәсімделеді), ал қосарланған шектеулер, мәселен мынандай, экспортталатын тауар тізімі, тіркеу куәлігі, лизенция болмаған жағдайда рәсімдеуден бас тарта алмайды.

Төлқұжат келісімінің өз қалыбы сондай-ақ оңайландырылған және ішкі экономикалық келісімге қатысушы мен келісім туралы азғана мәліметтерден тұрады.

Экспорттық-импорттық валюталық реттеу саласындағы өзгерістерге 2007 жылдың қаңтарынан өкілетті банкке экспорт немесе импорт бойынша келісім жөнінде ақша аудару-пайданың қайтып оралуына талаптардың өзгеруін жатқызуға болады. Егер бұрын пайданың қайтып оралуы бойынша талап 180 заңдық мерзімде қатаң белгіленген бекітумен байланысты болатын, ал қазір жаңа тәртіпке сәйкес, пайданың қайтып оралуы бойынша талаптар экспорт-импорт операциялар бойынша бекітілген келісім-шарттың мерзімімен анықталады.

Лицензиялау. Тауарды экспорттаған кездегі лицензиялаудың негізгі мақсаты тауардың шетке шығарылуын шектеу болып табылады, сату немесе сыртқы нарықта қолданылуы лизенциялау негізінде жүзеге асады, сонымен қоса егер осы тауарды өндіру мен жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңымен мемлекеттік монополияға жатады. Тауар экспортына лицензияны енгізу ішкі нарықты қорғау себебінен және шет елге қымбат тауарларды шығарумен байланысты шектеулер.

Импортталатын тауарларды лицензиялау өз алдыңа ішкі нарықты қорғау үшін сандық шектеуді қолданбай жекелеген тауар түрлерін шектеу және мемлекеттік қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатын қояды.

Экспорт пен импортты лицнзиялау сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы импорт пен экспорт тауарларды лицензиялау бойынша Тәртіппен реттеледі. Осы тәртіпке сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты негізінде жүзеге асатын экспортталып және импортталатын тауарлар тізімі, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар беретін лицензия негізінде жүзеге асатын экспортталып және импортталатын тауарлар тізімі анықталады. (лицензия беру туралы шешімге келісетін Қазақстан Республикасының министрліктері мен мекемелері).

Жекелеген тауарлардың экспорт немесе импортталуын жүзеге асыру үшін өкілетті орган жылына 1 күнтізбелік жыл мерзімінде әрбір жекелеген келісім бойынша лицензия береді. Мұның өзіңде келісім-шартта көрсетілген атаулар санына байланысты емес бір тауар түріне лицензия беріледі, Лицензияны алу лицензиялауға жататын шығарылатын және әкелінетін тауарлар санатының әрқайсысы үшін міндетті рәсімдеу болып табылады.

Бәсекені реттеу мен қорғау шараларын енгізу. Импортталатын тауарлар тарапынан қазақстандық өндірушілерді бәсекелестіктен қорғау мүмкіндігін ұсыну мақсатында қорғау шаралары Қазақстан Республикасының «Тауарлардың импортталуы кезінде ішкі нарықты қорғау шаралары туралы», «Демпингке қарсы шаралар жөнінде», «Субсидия мен өтем шаралары туралы» заңдарында қарастырылған. Жоғарыда аталған заңдарды жүзеге асыру үшін компенсациалы немесе демпингке қарсы қорғау шараларын енгізуді қарастыратын талқылауды өткізетін Тәртіп бекітілген. Аталған шараларды енгізуге орай талқылау рәсімдері қорғау шаралары бойынша Келісімге сәйкес келеді.

YI ГАТТ бапты қолдану бойынша Келісім және субсидия мен өтем шаралары бойынша Келісім.

Экспорттық бақылау. ҚР ұлттық мүддесін қорғау мақсатында ішкі сауда қызметін жүзеге асырғанда қорғаныс, әскери техника мен екі мәртелік тауарларға, құрал жабдық, технология, ғылыми-техникалық ақпарат пен қызметке қатысты, олардың өндірісімен және ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық мүддеде қолдануымен байланысты әрі жаппай қырып-жою қаруын таратпау тәртібін нығайтуға экспорттық бақылау жүйесі бар.

ҚР «Экспорттық бақылау жөніндегі» Заңымен экспорттық бақылауға жататын өнімдер түрлері анықталған.

Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің экспорт импорты лицензия беру негізінде жүзеге асады.

Техникалық реттеу. Техникалық бөгеттер бойынша БСҰ Келісіміне сәйкес стандарттау жүйесін реформалау шеңберінде «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы қабылданды, ол өнiмнiң, өндіріс үрдісіне міндетті талап қоятын, техникалық регламент көмегімен өнім сапасын және қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін, бағалау жүйесі мен стандарттауға сәйкес, техникалық регламентке қатысты құқықтық негiздерiн белгiлейдi.

Ұлттық стандарттар ерікті мәртебеге ие.

Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылу. Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуі бойынша жұмыс шеңберінде қазіргі қазақстандық заңнаманы БСҰ стандарттары мен талаптарына сәйкес үйлесімдендіру жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыс халықаралық тәжірибеде мойындалған рәсімдер мен стандарттар, тәртіпті ұлттық заңнама нормаларына енгізумен байланысты. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бүгінгі уақытта сауда қызметін реттеу саласындағы заңнама БСҰ келісімдеріне сәйкес толықтай келтірілген. (кедендік заңнама, лицензиялау, жағымсыз әсер ететін импорттан ішкі нарықты қорғау).


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы импорт пен экспорт