Қазақстан Республикасың Ұлттық банкінің бақылау функциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 10:44, реферат

Описание работы

Мен өзімнің курстық жұмысымда жоспарда берілген негізгі бөлімдердің тақырыптарын ашуға тырысамын. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы, оның негізгі мақсаты неде, қандай міндеттері, функциялары және құқықтары бар екенің жазамын.
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Содержание

Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3

I. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы жалпы ақпарат

1.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы ережелері ._ _ _ _ _ _ _ _4

1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттері,
мақсаты, функциялары және құқықтары. _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _5

II. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрылымы.

2.1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы және органдары.
Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8

2.2. Ұлттық Банкінің капиталы және резерві _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13

2.3. Ұлттық Банкінің өкілдері, ұйымдары және филиалдары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _15

Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _17

Қолданылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _18

Қосымшалар_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасың Ұлттық банкінің бақылау функциясы.doc

— 139.50 Кб (Скачать)

10) Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған  қаржылық есептiлігін қарау және  бекiту кіреді. 
           Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне кiретiн кез келген мәселенi қарауға әрi шешiм қабылдауға құқылы. 
     Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының отырыстары қажеттiгiне орай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Басқарма отырыстары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жүргiзедi. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының отырыстары демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда, кез келген күнi және тәулiктiң кез келген уақытында өткiзiлуi мүмкiн. Басқарма отырыстары өткiзiлетiн орынды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам белгiлейдi. 
      Басқарма отырыстары қажеттiгiне орай бiрнеше күн бойы өткiзiлуi (жалғасуы) мүмкiн. Мұндай жағдайда Басқарма отырыстары соңғы күнi шешiм қабылданған күн болып саналады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам, не Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрi аса шұғыл және маңызды мәселелердi талқылау үшiн Басқарманың кезектен тыс отырыстарын өткiзудi талап етуге құқылы. 
      Басқарма отырысына нақты мәселе бойынша қатыса алатын адамдар тобын (Басқарма мүшелерiнен басқа) Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы айқындайды. 
      Басқарма шешiмi арасында Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам болуға тиiстi Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi сауалнама арқылы да қабылдануы мүмкiн. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Басқарма шешiмiн өзiнiң қарсылықтарымен бiрге қайталап талқылау және дауысқа салу үшiн бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма жалпы санының үштен екiсiне тең дауыспен бұрын қабылданған шешiмдi бекiтсе, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды. 
      Басқарманың жекелеген мүшелерiнiң тұрақты жұмыс орны Қазақстанның Ұлттық Банкi орталық аппаратының орналасқан жерiне сәйкес келмейтiнiн ескере отырып, сондай-ақ Басқарманың кейбiр мүшелерi қызметтiк iссапарларда болу немесе өзге де дәлелдi себептермен болмаған жағдайларда талқыланатын мәселелердi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы олармен телефон не басқа да байланыс құралдарын пайдалана отырып сөйлесу арқылы келiсе алады. Қабылданған шешiм бойынша олардың кейiннен өз көзқарастарын растауы Басқарма қаулысына қол қою кезiнде ресiмделедi. 
      Басқарма өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды. 
      Басқарма мүшелерiнiң Басқарма отырысы талқыланатын мәселе бойынша Басқарма отырысы басталғанға дейiн жазбаша бiлдiрiлген және осы отырыс басталғанға дейiн шешiмiн таппаған, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының, не оның орнын басатын адамның шешiмi жөнiнде түбегейлi келiспеушiлiктерi болған жағдайда, Басқарма отырысында хаттама жүргiзiледi. Мұндай жағдайда Басқарма отырысы хатшысының жұмысын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының кез келген мүшесiне немесе Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өзге де қызметкерiне жүктеуі мүмкiн. 
      Басқарма отырысына енгiзiлетiн мәселелер бойынша материалдар қаулыны шығаруға (ресiмдеуге) тiкелей жауап беретiн, оларды алдын ала қарау үшiн Басқарма мүшелерiне Басқарма отырысы басталғанға дейiн он күннен кешiктiрмей жiберетiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлiмшесiне берiледi. Басқарма Төрағасы материалдарды алдын ала қарауға неғұрлым қысқа мерзiм белгiлеуге құқылы. 
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының жұмыс тәртiбi оның регламентiмен айқындалады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiн оралымды басқару органы болып табылады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы мен Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретiне кiретiн мәселелердi қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзырындағы мәселелер жөнiнде шешiм қабылдайды. 
      Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң отырысы қажеттiгiне қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң отырысын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, оның орнындағы адам жүргiзедi. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң отырыстары демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда, кез келген күнi және тәулiктiң кез келген уақытында өткiзiлуi мүмкiн. Директорлар кеңесiнiң отырысы өтетiн орынды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы не оның орнындағы адам айқындайды. 
      Директорлар кеңесiнiң отырысы қажеттiгiне қарай бiрнеше күн бойы өткiзiлуi (жалғасуы) мүмкiн. Мұндай жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi отырысының соңғы күнi шешiм қабылданған күн болып саналады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы не оның орнындағы адам, не Директорлар кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрi неғұрлым шұғыл және маңызды мәселелердi талқылау үшiн Директорлар кеңесiнiң кезектен тыс отырысын шақыруды талап етуге құқылы. 
      Директорлар кеңесiнiң отырысына нақты мәселе бойынша қатысатын адамдар тобын (Директорлар кеңесi мүшелерiнен басқа) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы айқындайды. 
      Директорлар кеңесiнiң шешiмдерi отырыста да, сол сияқты сауалнама арқылы да қабылданады. Шешiмдер отырыста Директорлар кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi, оның iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орнындағы адам болуға тиiстi жағдайда Директорлар кеңесiнiң қатысып отырған мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады. Сауалнама арқылы қаралатын мәселелер жөнiндегi шешiм Директорлар кеңесi құрамының жалпы саны дауысының үштен екiсiмен қабылданады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Директорлар кеңесiнiң шешiмiн қайта талқылау және дауысқа салу үшiн өзiнiң қарсылықтарымен бiрге бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Директорлар кеңесi қабылданған шешiмдi жалпы дауыс санының үштен екiсiмен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды. Кейбiр мәселелердiң жедел шешiлу қажеттiгiн ескере отырып, жекелеген жағдайда шешiм сауалнама арқылы қабылданады, ал Директорлар кеңесiнiң кейбiр мүшелерi қызмет бабымен iссапарда жүрген немесе олар басқа да дәлелдi себептермен болмай қалған жағдайларда, талқыланатын мәселелердi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының олармен телефон немесе басқа байланыс құралдарын пайдаланып сөйлесу арқылы келiсуi мүмкiн. Қабылданған шешiм бойынша олардың өз көзқарасын кейiннен растауы Директорлар кеңесiнiң қаулысына қол қоюмен ресiмделедi, ал оларда түбегейлi келiспеушiлiктер болған жағдайда, қаулыға ескерту түрiнде ресiмделедi. 
      Директорлар кеңесi өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша қаулы қабылдайды. 
      Директорлар кеңесiнiң отырысында талқыланатын мәселе бойынша Директорлар кеңесiнiң мүшелерi түбегейлi келiспеушiлiктер білдiрсе, олар оны Директорлар кеңесiнiң отырысы басталғанға дейiн жазбаша бiлдiрген және осы отырыс басталғанға дейiн қайтарып алмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының не оның орнындағы адамның шешiмiмен Директорлар кеңесiнiң отырысында хаттама жүргiзiледi. Мұндай жағдайда Директорлар кеңесi отырысы хатшысының қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы не оның орнындағы адам Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң кез келген мүшесiне немесе Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өзге қызметкерiне жүктей алады. 
      Директорлар кеңесiнiң отырысына енгiзiлетiн мәселелер жөнiндегi материалдар Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаулының шығарылуына (ресiмделуiне) тiкелей жауап беретiн бөлiмшесiне тапсырылады, ол мұны алдын ала қарау үшiн Директорлар кеңесiнiң отырысы басталардан кемiнде бес күн бұрын Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне жолдайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы материалдарды алдын ала қараудың барынша қысқа мерзiмiн белгiлеуге құқылы. 
      Директорлар кеңесiнiң жұмыс тәртiбi оның регламентiмен айқындалады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының айрықша құзыретiне жатпайтын кез келген өзге мәселенi қарауға және шешiм қабылдауға құқылы. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi Парламент Сенатының келiсуiмен 6 жыл мерзiмге тағайындайды. 
      Төраға Қазақстанның Ұлттық Банкiнiң атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржылық, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қатынастарда сенiмхатсыз Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан өкiлдiк етедi. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы орнынан түсу туралы өзiнiң жазбаша өтiнiшiн Қазақстан Республикасының Президентiне екi ай бұрын берiп, орнынан түсуге құқылы. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын қызметтен Қазақстан Республикасының Президентi босатады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты. 
     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы үшiн осы Ережеде айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша жедел және атқарушы-өкiмдiк шешiмдер қабылдау өкiлеттiктерiне ие. 
           Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы (не Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес қаралуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы шешiм қабылдайды. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатпайтын кез келген мәселе бойынша шешiм қабылдауға, сондай-ақ өз құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi шешудi өзiнiң орынбасарларына, Қазақстан Ұлттық Банкi орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнiң, филиалдарының және өкiлдiктерiнiң басшыларына тапсыруға құқылы. 
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының және оның орынбасарларының жеке жалақыларының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасын тағайындау мерзiмiне қарамастан 6 жыл мерзiмге тағайындайды. 
      Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi, өз құзыретi шегiнде құжаттарға қол қояды және сотта және басқа ұйымдарда iстерi қаралған кезде, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi қызметкерлерiнiң қатысуы үшiн сенiмхат бередi. 
      Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметтен босатады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасымен келiсiлген жазбаша өтiнiшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынып, қызметтен кете алады. Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және өздерiне бөлiнген қызметтiк мiндеттерi негiзiнде мәселелер қарайды және шешiм қабылдайды. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiнiң басшылары өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi бекiтетiн осы бөлiмшелер туралы ережелер негiзiнде жүзеге асырады. 
 
 
 
 

2.2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң капиталы және резервтерi       
 

   Қазақстан Ұлттық Банкiнiң капиталы және резервтері жарғылық және резервтiк капиталдардан, қайта бағалау шоттарынан, арнайы провизиялардан (резервтерден), сондай-ақ жалпы провизиялардан (резервтерден) тұрады. 
         Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылындағы бөлiнбеген таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстерi мен шығыстары (алтынвалюта активтерiн қайта бағалау шоттарына жатқызылған, пайда болған iске асырылмаған кiрiс сомасын қоспағанда) арасындағы айырма ретінде айқындалады. 
        Банктiк активтер бойынша жасалған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына және алтынвалюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылған кiрiс сомасына азайтылған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылындағы бөлiнбеген таза кiрiсi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды ұлғайтуға жiберiледi. 
        Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiткеннен кейiн бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi бiр қаржы жылына мәулетпен мемлекеттiк бюджетке аударылады. 
       Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда барлық бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқаруында қалады және жарғылық капитал мөлшерiне жеткенге дейiн резервтiк капиталды толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылындағы шығындарды өтеу үшiн резервтiк капитал қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны жабылмаған шығын Қазақстан Ұлттық Банкiне бiр қаржы жылына мәулетпен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен толық көлемде өтеледi. 
       Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi және бөлiнбеген таза кiрiстен шегерiмдер арқылы кемiнде 20 миллиард қазақстандық теңге мөлшерiнде түзiледi. 
      Қазақстанның Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi айқындаған тәртiппен иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын дербес жүзеге асырады. 
      Резервтік капитал жарғылық капиталдан кем емес мөлшерде қалыптасады, бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен толықтырылады және Қазақстан Ұлттық Банкiнің Басқармасы белгілеген тәртiппен жүргiзiлетiн операциялар бойынша шығасыны өтеу мен шығындардың орнын толтыруға ғана арналады. 
      Қазақстанның Ұлттық Банкi шығыстары есебiнен кредиттердi, депозиттердi, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезiндегi шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және басқа да активтердi қоса алғанда, оның iшiнде аяқталмаған құрылыс көлемi, күмәндi және үмiтсiз талаптар, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң монетарлық емес қызметi бойынша басқа да талаптар және әлеуметтiк сипаттағы төлемдер бойынша арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен - банк активтерi бойынша жалпы провизиялар (резервтер) түзiледi. 
      Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан жұмсалмаған кiрiстi есепке алуға арналған. Негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi құрал-жабдықтарын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi қазақстандық теңгенiң iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жасалған және пайдаланылады әрi мыналардан тұрады: 
      1) тазартылған алтын; 
      2) Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақталатын валюта құндылықтары; 
      3) шетел валютасындағы жай және аударым вексельдерi; 
      4) шетел үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген бағалы қағаздар; 
      5) осындай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз еткен жағдайда шетел валютасымен деноминацияланған басқа да сыртқы активтер. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалатын мақсаттарға пайдаланылады. 
      Қазақстанның Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және оларды орналастыруды айқындайды. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалаудағы өзгерiстердiң салдары болып табылатын алтынвалюта активтерi бойынша бағамдық айырма олар пайда болған есептiк кезеңдегi iске асырылмаған кiрiстердiң немесе шығыстардың есебiне жатқызылады. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес есептелген iске асырылған кiрiс немесе шығыс сомасы есептiк кезеңдегi кiрiстер мен шығыстардың тиiстi шоттарына жiберiледi. Қаржы жылын аяқтау нәтижелерi бойынша iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстар қайта бағалаудың тиiстi шоттарына жатқызылады. Алтынвалюта активтерiнiң түрлерi бойынша қайта бағалау шоттарында қалдық болмаған жағдайда пайда болған терiс бағамдық айырма есептi кезеңнiң шығыстарына жатқызылады. Алтынвалюта активтерiн қайта бағалаудан түскен iске асырылған кiрістер толық көлемде резервтiк қорды ұлғайтуға жiберiледi. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi алтынвалюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталымдылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажетті деңгейде ұстап тұруға тиiс. 
 
 
 
 
 
 
 

2.3. Ұлттық  Банкікің өкілдері, ұйымдары және  филиалдары. 

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары (бұдан  әрi - филиал) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен  ашылады, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  тiкелей бағыну схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылымына кiредi, оған есеп бередi және өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi олар үшiн айқындаған өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады. 
      Филиалдың Қазақстанның Ұлттық Банкi бекiткен құрылымына сәйкес филиалдың құрамына бөлiмдер мен басқа да бөлiмшелер кiруi мүмкiн, олардың өкiлеттiктерi мен құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ережеде айқындалады. 
      Филиал өз қызметiнде жергiлiктi мемлекеттiк билiк органдарынан тәуелсiз және мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша оған ондай жауапкершiлiктi Қазақстан Ұлттық Банкi жүктеген жағдайларды қоспағанда, жауапкершiлiк атқармайды. Қазақстан Ұлттық Банкi филиалдардың мiндеттемелерi үшiн жауапкершiлiк атқарады. 
     Филиал өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, нормативтiк құқықтық актiлерiн, Басқарма мен Директорлар кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiн, осы Ереженi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ереженi басшылыққа алады. 
      Филиалды ашу және жабу тәртiбi, қызметiнiң мiндеттерi мен функциялары, филиал органының құзыретi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ережемен айқындалады. 
      Филиалдың қызметiне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) оның директоры жүзеге асырады. Филиалдың директоры өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бас сенiмхаты негiзiнде жүзеге асырады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлдiктерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде ашылады, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бiртұтас орталықтандырылған құрылымына кiредi және Қазақстан Ұлттық Банкi олар үшiн айқындаған өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мүддесiн қорғайды және өкiлдiк етедi. 
      Өкiлдiктердi ашу, жабу тәртiбi, олардың өкiлеттiктерi және құқықтық мәртебесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлдiктерi туралы ережеде айқындалады. 

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары (бұдан әрi - ұйымдар) заңды тұлғалар болып табылады, республикалық мемлекеттік кәсiпорын нысанында құрылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге жатады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдарын құру, қызметiн тоқтату және құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi қабылдайды. 
      Ұйымның жарғысын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi бекiтедi. 
      Қазақстанның Ұлттық Банкi өзi құратын ұйымдарға қатысы бойынша уәкiлеттi орган, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органы ретiнде танылады. 
      Ұйымдарды және олардың органдарын құру, қайта құру, тарату тәртiбi мен қызметiнiң мәнi мен мақсаттары, құқықтық мәртебесi мен жарғылық құзыретi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, олардың жарғыларында, осы Ережеде және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.     

  Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне жылдық есептi ұсынады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын түзу үшiн бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық бухгалтерлiк балансын және кiрiстерi мен шығыстары туралы есебiн келiсiлген мерзiмде ұсынады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi негізiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметін тексеруді, оның ішiнде қаржылық есептілікке аудиттi құрылтайшылар құрамына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердiң орталық банкiнiң аудитiн жүргізу тәжiрибесi бар аудиторлық ұйым кiретiн аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң және оның ұйымдарының қызметін тексерудi тек қана Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмi немесе тапсырмасы бойынша кез келген мемлекеттік орган жүзеге асырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды. 

      Мен берілген курстық жұмысымның кіріспесін және жоспарда берілген негізгі бөлімдеріндердің тақырыптарын толық аштым деп  ойлаймын.

       Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан  Республикасының тиiстi Заңын қабылдау  арқылы таратылуы мүмкiн. Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi заңда көрсетiлген құқықтық мұрагерiне берiледi. 
       Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапкершiлiк атқарады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының), заңды және жеке тұлғалардың арасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.

      Сонымен қатар, банк басқармасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстанның Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады.

      Ұлттық  банк  Қазақстан Республикасының  валюта заңнамасында көзделген валюта құндылықтарын пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензия беру, сондай-ақ лицензиаттың атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi берген лицензияларды қайта ресiмдеу туралы, сондай-ақ лицензиялардың телнұсқаларын беру туралы шешiм қабылдайды екен.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасың Ұлттық банкінің бақылау функциясы