Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексi

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2011 в 21:03, реферат

Описание работы

Ескерту. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 04 қарашадағы N 472 Заңымен енгiзiлген өзгерiстер 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ескерту. Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - III" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 3" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексi.doc

— 243.00 Кб (Скачать)

      3) үшiншi кезекте - кредиторлардың  таратылатын банкроттың кепiлмен  қамтамасыз етiлген мүлкiнiң мiндеттемелерi  жөнiндегi талаптары, кредиторлардың - ипотекалық тұрғын үй қарызы  шарттары бойынша талап ету  құқықтары кепiлiмен (ипотекалық куәлiк кепiлiн қоса алғанда) қамтамасыз етiлген ипотекалық облигацияларды, сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын ұстаушылардың талаптарын қоспағанда, қамтамасыз ету сомасы шегiнде қанағаттандырылады;

      4) төртiншi кезекте - бюджетке және  бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдер жөнiндегi берешек өтеледi;

      5) бесiншi кезекте - заң құжаттарына  сәйкес басқа да несие берушiлермен  есеп айырысылады. 

      2. Әр кезектiң талаптары оның  алдындағы кезек талаптары толық  қанағаттандырылып болғаннан кейiн  қанағаттандырылады.

      3. Таратылған заңды тұлғаның мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда, егер  заңда өзгеше белгiленбесе, ол  несие берушiлер арасында тиiстi кезекпен қанағаттандырылуға жататын  талаптардың сомаларына қарай  бөлiнедi.

      4. Тарату комиссиясы несие берушiнiң талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда, несие берушi заңды тұлғаның тарату балансы бекiтiлгенге дейiн тарату комиссиясына талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы. Соттың шешiмi бойынша несие берушiнiң талаптары таратылған заңды тұлғаның қалған мүлкi есебiнен қанағаттандырылуы мүмкiн.

      5. Заңды тұлғаның несие берушiлердiң  талаптары қанағаттандырылғаннан  кейiн қалған мүлкi, егер заңдарда  немесе заңды тұлғаның құрылтай  құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның бұл мүлiкке заттық құқықтары бар немесе заңды тұлға жөнiнде мiндеттемелiк құқықтары бар меншiк иесiне немесе құрылтайшыларына (қатысушыларына) берiледi.

      6. Таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң  жеткiлiксiз болуына байланысты  несие берушiлердiң қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекiткенге дейiн мәлiмделмеген талаптары өтелген деп есептеледi.

      Егер несие берушi талап қойып  сотқа жүгiнбесе, несие берушiлердiң  тарату комиссиясы мойындамаған  талаптары да, сот шешiмiмен несие  берушiге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледi.

     Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан  Республикасының 1997.01.21. N 68-I, 2001.07.11. N 239, 2003.06.03. N 426, 2004.04.08. N 542 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа  енгiзiледi) Заңдарымен.  

      52-бап. Банкроттық

 

      Банкроттық - борышкердiң соттың  шешiмiмен танылған оны таратуға  негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.     

      Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң  немесе заңды тұлғаның ақшалай  мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдердi қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi.

      Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.01.21. N 68-I, өзгерту енгiзiлдi - 1998.06.29. N 238 Заңдарымен.  

      53-бап. Банкрот деп тану  

      1. Банкроттық ерiктi түрде немесе  мәжбүр ету тәртiбiмен танылуы мүмкiн.

      2. Банкроттықты ерiктi түрде тану  борышкердiң сотқа берген өтiнiшi  негiзiнде жүзеге асырылады.

      3. Мәжбүр ету тәртiбiмен банкрот  деп тану несие берушiнiң, ал  заң актiлерiнде көзделген жағдайларда  өзге де адамдардың сотқа өтiнiш  беруi негiзiнде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.01.21. N 68-I, өзгерту енгiзiлдi - 1998.06.29. N 238 Заңдарымен.  

     54-бап.  Банкроттық туралы iс жөнiндегi оңалту  рәсiмi  

      Төлем қабiлетi жоқ борышкерге оның таратылуына жол бермеу мақсатымен төлем қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған, заңға қайшы келмейтiн кез-келген шаралар қолданылуы мүмкiн.

      Аталған шаралар оңалту рәсiмi  шеңберiнде iске асырылады, оны  жүзеге асырудың тәртiбi мен  мерзiмi банкроттық туралы заңдармен белгiленедi.

      Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.01.21. N 68-I Заңымен.  

       54-1. Сырттай байқау  

      Сырттай байқау рәсiмiн сот:

      борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз  ету;

      әдейi және жалған банкроттық белгiлерiн анықтау;

      борышкердiң - қаржылық жай-күйiне  және кредиторлар алдындағы мiндеттемелерiн  орындаудан жалтару жөнiндегi әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) талдау жүргiзу;

      кредиторлар тарапынан борышкердiң  қаржы-шаруашылық қызметiнiң жай-күйiне және олардың қайта ұйымдастыруды жүргiзуiне бақылау жасау;

      негiзгi құралдарды иелiктен шығару, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру  бойынша мәмiлелер, сондай-ақ орындалуы  борышкерге залал келтiруi мүмкiн  нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткiлiксiз негiздер бойынша өзге де мәмiлелер жасауға бақылау жасау мақсатында енгiзуi мүмкiн.

      Сырттай байқауды қолдану Қазақстан  Республикасының заңнамалық актiлерiнде  белгiленген тәртiппен жүзеге  асырылады.

      Ескерту. 54-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

      55-бап. Конкурстық iстi қозғау салдары  

      1. Конкурстық iс қозғалған кезден  бастап:

      1) шамасы жоқ борышқордың мүлiктi иелiктен шығаруына (иелiктен шығаруға несие берушiлердiң жиналысы рұқсат еткен кезден басқа жағдайда), бiреуге беруiне және мiндеттемелердi өтеуiне тыйым салынады;

      2) шамасы жоқ борышқордың барлық  борыштылық мiндеттемелерiнiң мерзiмi өткен деп саналады;

      3) шамасы жоқ борышқор берешектерiнiң  барлық түрлерi бойынша айыпақы  мен сыйақыны (мүдденi) есептеу тоқтатылады; 

      4) шамасы жоқ борышқор мүлкiнен  ақы өндiрiп алуға заңдармен  қойылған шектеулердiң бәрi алынып  тасталады;

      5) егер шамасы жоқ борышқор  қатысатын мүлiктiк сипаттағы  сотта қаралып жатқан даулар  туралы шешiм заңды күшiне енбеген  болса, олар тоқтатылады. 

      2. Осы кезден бастап мүлiктiк  сипаттағы барлық талаптар борышқорға  тек конкурстық iстi жүргiзу шеңберiнде ғана қойылады.

      Ескерту. 55-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.06.29. N 238 Заңдарымен.  

      56-бап. Дәрменсiз борышқорды борыштардан  босату  

      1. Мүлiктi сатқаннан кейiн және  сатудан түскен ақшаны несие берушiлердiң арасында бөлгеннен кейiн дәрменсiз борышқор қалған мiндеттемелер мен орындауға ұсынылған және заңды тұлғаны банкрот деп тану кезiнде есепке алынған өзге де талаптарды орындаудан босатылады.

      2. Дәрменсiз борышқор, егер өзiнiң мүлкiнiң бiр бөлiгiн тарату iс басталғанға дейiнгi үш жыл iшiнде жасырса немесе жасыру мақсатымен басқа адамға берiп жiберсе, бухгалтерлiк кiтаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажеттi есеп-қисап ақпаратын жасырса немесе қолдан жасаса мiндеттемелерiн орындаудан босатылмайды.

      Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 2001.07.11. N 239, 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған  күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

      57-бап. Банкрот болған заңды тұлға қызметiнiң

              тоқтатылуы  

      1. Заңды тұлғаны соттың банкрот  деп тануы оның таратылуына  әкелiп соқтырады.

      2. Банкрот кәсiпорын мемлекеттiк  тiркеу регистрiнен шығарылған  кезден бастап оның қызметi тоқтатылды  деп есептеледi.  

  2. Шаруашылық  серiктестiк  

  1. Жалпы ережелер  

      58-бап. Шаруашылық серiктестiк  туралы негiзгi

               ережелер  

      1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына)  бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық  серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.

      Шаруашылық серiктестiктi бiр адам құруы мүмкiн, ол оның бiрден-бiр қатысушысы болады.

      2. Шаруашылық серiктестiктер толық  серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi  шектеулi серiктестiк, қосымша  жауапкершiлiгi бар серiктестiк  нысандарында құрылуы мүмкiн. 

      3. Азаматтар ғана толық серiктестiктiң қатысушылары және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктер бола алады.      

      4. Құрылтай шарты мен жарғы  шаруашылық серiктестiктiң құрылтай  құжаттары болып табылады.

      Жарғы бiр адам (бiр қатысушы) құрған  шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

      5. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай  құжаттарын (жарғы және құрылтай  шартын) нотариат куәландыруға тиiс. 

      6. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай  құжаттарында осы Кодекстiң 41-бабының  4 және 5-тармақтарында аталған мәлiметтерге қоса әрбiр қатысушының үлес мөлшерi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшерi, құрамы, мерзiмi және тәртiбi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны үшiн қатысушылардың жауапкершiлiгi туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.

      7.

      8. Шаруашылық серiктестiк, заң  құжаттарында көзделген реттердi  қоспағанда, басқа шаруашылық серiктестiктердiң  құрылтайшысы болуы мүмкiн.

      9. Шаруашылық серiктестiк бағалы  қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң  жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi  жүзеге асыруға лицензиясы бар  бағалы қағаздар рыногының кәсiби  қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне  қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.

      Құрылтай шартының қолданылуы  шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар  тiзiлiмi қалыптастырылған күннен  бастап тоқтатылады. Шаруашылық  серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен  үзiндi-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн  жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.

      Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.

      Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi  бағалы қағаздарды ұстаушылар  тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы  бар бағалы қағаздар рыногының  кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын  шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына қатысу үлесiне құқықтар шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнде осы құқықтардың тiркелген кезiнен бастап туындайды.

      Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар  тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу және  сақтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.

      Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416, 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

      59-бап. Шаруашылық серiктестiктiң  жарғылық капиталына

              салым салу. Шаруашылық серiктестiктiң  жарғылық

              капиталындағы және мүлкiндегi қатысушының  үлесi  

      1. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк (Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.

Информация о работе Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексi