Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінде «Электрондық Үкіметті» құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысы туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 10:01, реферат

Описание работы

«Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) нақты уақыт режимінде электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізуге арналған. Бұл үшін Жүйе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге, сатып алу рәсімдерін шоғырландыруға және жүргізуге тапсырыс берушілердің қажеттіліктері туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

салықьық аудит3.doc

— 98.00 Кб (Скачать)

-  Есептерді  қалыптастыру. 

Қол жетілген нәтижелер: 

-  Салық төлеушілер  мен салық салушылар объектілері  туралы ақпаратты жинау және  сақтау. 

-  Салық сомаларының  есептелуінің дұрыстығына орталықтандырылған  бақылау. 

- Салық төлеушілердің  жеке шотына тарату үшін есептеулерді СБАЖ беруді автоматтандыру. 

- Салық төлеуші  уәкілетті органдардың деректемелері  мен ақпаратты қарай алатын  «Салық төлеушілер кабинетінің» web-қосымшасына (жер салығы мен  заңды тұлғалардың мүлікке салынатын  салығы бойынша) салық органы есептейтін салықтардың сомалары туралы хабарламалары бойынша салық төлеушіге тіркелген салық салу объектілері туралы ақпаратты беруді автоматтандыру. 

  

Одан басқа  ҚР ҚМ СК бірқатар мынадай ақпараттық жүйелерді іске асырды және енгізді:  

-      ҚР ҚМ СК интеграцияланған шинасы (ИШ) – Бизнес-процестерді және салық төлеушілермен өзара іс-қимылды автоматтандыру кезінде деректер мен құжаттарды беруді қамтамасыз ету 

-      ҚР ҚМ СК деректерін біріңғай  сақтау (ЕХД) – ҚР ҚМ СК жедел  АЖ ақпаратын жинауды, келісілген және орталықтандырылған сақтауды қамтамасыз ету; 

-      «SAS технологиясы негізінде кешенді  жан-жақты талдау» АЖ – шешімдердің  қабылдануын қолдаудың техникалық  және ақпараттық платформасын  қамтамасыз ету бұл салықтық  әкімшілендіру жүйесінің жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру; 

-       «Голографиялық қорғау элементі  бар есепке алу-бақылау маркаларын  пайдалану арқылы алкоголь өнімдерін  өндіру және оның айналымына  бақылау» (ЕБМ АЖ) АЖ; 

-       Акцизделетін өнімнің өндірілуіне  және мұнай өнімдерінің жекелеген  түрлеріне бақылау» (Акциз АЖ) 

 «Төлемге  қабілетсіздік және банкроттық»  (Банкрот АЖ) ақпараттық жүйесі  –  Төлемге қабілетсіз ұйымдарды  анықтау және төлемге қабілетсіздікті  қалпына келтіру немесе банкроттық рәсімін қолдану мақсатында төлемге қабілетсіз ұйымдарға оңалту рәсімдерін қолдану тиімділігі туралы шешім қабылдау.   

-                      Ақпараттық жүйе  Салық заңнамасын  түсіндіру бойынша мультимедиялық  орталық (Call-center) 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау  комитетінде: 

  

«Электрондық  үкіметті» дамыту бағдарламасы шеңберінде КБК «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесін дамыту бойынша жұмыс  жүргізілуде: 

 «Электрондық  үкіметтің» құрауыштары ретінде  «Электрондық кеден» АЖ құру шеңберінде «ҚР кеден органдарының web-порталы және шлюзі» (http://e.customs.kz) тәжірибелі пайдалануға әзірленді және енгізілді. 

Жүйені пайдалану  шеңберінде мыналарға бағытталған  жұмыстар әзірленді және өткізілді: 

-                Пайдаланушыларға ақпаратық-анықтамалық сипаттағы кең мүмкіндіктерді пайдалану ұсынылды; 

-               жалпы жүйелік сервистері бар  (қауіпсіздік қызметі, электрондық  почта, ведомстволық анықтамалар  және каталогтар сияқты) Жүйені  интеграциялау; 

-                пайдаланушылардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыру; 

-                (портлетизация) web-декларант қосымшасын  Жүйеге интеграциялау. 

-                «Қазақстан Республикасының кеден  органдарының web-порталы және шлюзімен»  одан әрі бірігу үшін «электрондық үкімет» базалық құрауышы мен ҚБҚ ақпараттық жүйелеріне зерттеу жүргізу, 

-                Жүйелерді қолданыстағы және  әзірленетін ведомстволық ақпараттық  жүйелермен, сондай-ақ е-үкіметтің  базалық құрауыштарымен  біріктіру; 

-               Бар функционалдық мүмкіншіліктерді дамыту, қолданыстағы компоненттер негізінде жаңа, композитивті сервистер құру және жаңа ұсыныстар мен сервистер әзірлеу. 

-               - порталдың кейбір бөлімдері  бойынша Кедендік бақылау департаменті  бөлінісінде ақпаратқа берілетін рұқсатқа бөлу жүргізу,  

-                порталда мемлекеттік, орыс және  ағылшын тілдерінде пайдаланушылар  интерфейсін қолдауды іске асыру, 

-                Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 03 қазандағы №891 қаулысының  талаптарына порталдың құрылымын сәйкес келтіру. 

-                Бүгінгі таңда е-үкімет веб-порталы  кеден заңнамасы мәселелері мен  оны түсіндіру бөлігінде өзекті, барлық қажетті құжаттардың тізбесі  көрсетілген, сондай-ақ КБК www.customs.kz. ресми веб-сайтына арналған барлық сілтемелер жұмыс істейді. 

     Қол  жеткізілген нәтижелер: 

Сыртқы портал: 

 −      Күн ішіндегі келу саны –  366 (бүгінгі күн бойынша); 

 −      Апта ішіндегі келу саны –  6585 (өткен апта бойынша); 

 −      Ай ішіндегі келу саны  –  30577 (шілде айы бойынша); 

 −      Жыл ішіндегі келу саны  –  489716 (осы жыл бойынша). 

Ішкі портал: 

–                 Бір күн ішіндегі келу саны – 138 (бүгінгі  күн бойынша); 

–                 Апта ішіндегі келу саны – 856 (өткен  апта бойынша); 

–                 Ай ішіндегі келу саны – 2539 (шілде айы бойынша); 

–                 Жыл ішіндегі келу саны – 12508 (осы  жыл бойынша). 

  

Ай ішіндегі порталдың сыртқы қолданушыларымен ақпараттарды көшіріп алынған саны –  126.13 МБ (23.62 КБ/Визит)

«Web-декларант» электрондық декларациялаудың бағдарламалық кешені әзірленген және енгізілген, ол сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ақысыз негізде кеден қызметтерінің электрондық көшірмелерін қалыптастыруға және Интернет желісі арқылы кез келген органының мекен-жайына жіберуге мүмкіндік береді.  

Қол жеткізілген  нәтижелер: 

ЭДК «Web-декларант» тіркелген қолданушылар саны (2010 ж. 20 қыркүйек күйіне) – 1516. 

Веб – декларант  бойынша СЭҚ қатысушылардың ресімделген  кедендік құжаттар саны – 81 618. 

3. Бүгінгі таңда  кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану үшін әдіснамалық және нормативтік негізді әзірлеу дерлік аяқталды. 

Кеден органдарында тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу шеңберінде «Электрондық кеден»   ақпараттық жүйесінің    «Тәуекелдерді селективтік бақылау және басқару» (ТСББ) құрауышы әзірленді, ол өзіне, кедендік ресімдеу кезінде ЖКД тәуекелін бағалау жүргізуге арналған мынадай: «Тәуекелдерді бағалау жүйесі», «Тәуекелдерді жедел басқару», «Деректер қоймасы» модульдерін қамтиды. 

4. Сыртқы сауда статистикасын қалыптастыруды ұйымдастыру үшін «Сыртқы сауда статистикасының деректеріне қол жетімділік статистикасы, талдауы және оны беру» АЖ  әзірленген. Тәжірибелі пайдалануда «Баға және салақ бақылауы», «Сыртқы сауда статистикасының (ССС) және контрагент елдердің деректерін салыстырмалы талдау», «ККО-ін ескере отырып ҚР ССС-ның деректерін талдау кіші жүйесі» кіші жүйелері тұр. 

  

Мемлекеттік мүлік  және жекешелендіру комитетінде  мынадай іс-шаралар жүргізілді: 

  

«Мемлекеттік  меншік тізілімі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) әзірленді және енгізілді, оның мақсаты мемлекеттік меншік объектілерін  толық, жүйелі және дұрыс есепке алу болып табылады. 

2006 жылы Мемлекет  Басшысы Үкіметтің алдына Мемлекеттік  меншіктің бірыңғай тізілімін  жасау бойынша міндет қойған болатын. Бұл міндет Тізілімге коммуналдық меншік және оның дерекқорларымен тікелей жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органдарға қол жетімділік беру бойынша ақпаратты енгізу жолымен шешілген болатын. 

 Сонымен бірге  орталық және жергілікті атқарушы органдарды оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты Тізілімге енгізілген ақпаратпен қамтамасыз ету міндеті де тұрды. 

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын (1,5-тармақ) іске асыру бойынша Жүйені дамыту бойынша іс-шаралар көзделген. 

Мәселен, 2007 жылы 47337 мың теңге мөлшеріндегі қаржыландыру   мынадай іс-шараларға жүзеге асырылды: 

1. Жүйені дамыту  мақсатында, веб-интерфейстегі Тізілімнің  клиенттік бөліктерін аудару  жолымен қолданыстағы «Жарғылық  капиталына мемлекеттің қатысуы  бар мемлекеттік кәсіпорындар  мен мекемелердің, заңды тұлғалардың  тізілімі» (бұдан әрі - Тізілім) ақпараттық жүйесі жаңғыртылды және қазіргі күні орталық атқарушы мемлекеттік органдардың пайдаланушыларында Тізбеге Интернет арқылы «on-line» режимінде қол жеткізу мүмкіндігі бар. 

2. Тізілімнің  жұмыс істеуін қамтамасыз ету  үшін 27 336,5 мың теңгеге жабдық сатып алынды, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің балансында бекітілген.  

2008 жылы Жүйені  дамыту және жұмысын кеңейту  мақсатында  20 000 мың теңге мөлшерінде қаржыландыру жүзеге асырылған болатын және мыналар: 

- Интернет арқылы, веб-технологияларын пайдалана отырып, Облыстық және аудандық коммуналдық  мемлекеттік меншік құқығы субъектілері  тізбесінің деректеріне «on-line»  режимінде қол жеткізу мүмкіндігі; 

- Интернет арқылы  мемлекеттік кәсіпорындарға жедел  басқаруға немесе шаруашылық  жүргізуге берілген мемлекеттік  мүлік туралы ақпаратқа, ешкімге  бекітілмеген, иесі жоқ мүлікке  қол жеткізу мүмкіндігі; 

- Интернет арқылы  шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік кәсіпорындардың және жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың, осы ұйым бойынша электрондық түрдегі (сканерленген) құжаттарды (құру, қайта ұйымдастыру, тарату және т.б. туралы шешімдерді) қамтитын «электрондық құжаттар топтамасына» қол жеткізу мүмкіндігі  қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда «электрондық құжаттар топтамасына» 96 612 құжат енгізілген. 

Бұл ретте түпкілікті пайдаланушылардың Тізілімнің түрлі  кіші бөлімдері мен олардың құзіретіне қол жеткізу деңгейлері бойынша  құқықтары шектелген.  

2009 жылы Жүйені  жаңғыртуға Жүйені дамыту және  жұмысын кеңейту мақсатында шетелдегі  және мемлекеттік заңды тұлғаларына  бекітілген /тіркелген мемлекеттік  (жылжымайтын) мүлікті есепке  алу мүмкіндігін қамтамасыз ету  мақсатында 25 000 мың теңге мөлшерінде қаржыландыру бөлінген. 

Орындалған жұмыстардың  нәтижесінде: 

- өздеріне ведомстволық  бағынысты 30 ұйым бойынша 4 мемлекеттік  орган берген 131 жылжымайтын мүлік  объектілері туралы ақпаратты  қамтитын шетелдегі мемлекеттік  (жылжымайтын) мүлікті есепке  алу бойынша ақпараттық жүйе блогы әзірленді; 

- Тізілімді жаңғырту  бойынша жұмыстар жүргізілді, оның  нәтижесінде мемлекеттік органдардың  пайдаланушыларына Тізілімнің шетелдегі  мемлекеттік (жылжымайтын) мүлікті  есепке алуға арналып тағайындалған  қосымша кіші бөліміне Интернет арқылы тура және тікелей қол жеткізу мүмкіндігі   қамтамасыз етілді; 

-  Мемлекеттік  мүлік және жекешелендіру комитетінің  бұйрығымен Шетелдегі мемлекеттік  (жылжымайтын мүлік) меншік объектілерін  Мемлекеттік Тізілімде есепке  алу бойынша нұсқаулық әзірленді және бекітілді. 

Осы нұсқаулыққа  сәйкес Мүлік бойынша тізілім  деректерінің толықтығы мен өзектілігі мақсатында жыл сайын өздерінің  мүліктерін түгендеу жүргізу нәтижелерімен  салыстыру жүргізу үшін мемлекеттік  ұйымдарға Тізілімде тіркелген мүліктің тізбесі жіберіледі. 

Бұл ретте шетелдегі  мүлік бойынша (салыстыру нәтижелері бойынша) ақпаратты енгізу, өзгерту  немесе жаңа деректерді енгізуге арналған бұйрықты тіркеу және сақтау жолымен  Тізілімнің веб-порталы (интернет арқылы) арқылы жүзеге асырылады. 

Информация о работе Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінде «Электрондық Үкіметті» құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысы туралы