Ағымдағы жағдайды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2011 в 15:50, реферат

Описание работы

Мемлекеттік статистиканы дамыту Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық мақсаттарына жетуге, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға және бағдарламалық құжаттарды әрі Президенттің Қазақстан Республикасының халқына жыл сайынғы жолдауларын ақпараттық-статистикалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.

Работа содержит 1 файл

ағым.docx

— 20.27 Кб (Скачать)
2. Ағымдағы жағдайды  талдау  

     Мемлекеттік статистиканы дамыту Қазақстан Республикасының  дамуының стратегиялық мақсаттарына жетуге, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға және бағдарламалық  құжаттарды әрі Президенттің Қазақстан  Республикасының халқына жыл  сайынғы жолдауларын  ақпараттық-статистикалық  қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.

     Статистика  агенттігі жыл сайын статистика саласының 20 бағыты (саласы) бойынша 1041 базалық және 15 500 нақтыланған статистикалық  көрсеткіштерді әзірлеуді жүзеге асырады.

     Көрсеткіштер  жыл сайынғы, жартыжылдық, тоқсандық, ай сайынғы және біржолғы кезеңділікпен, әртүрлі  нақтылану дәрежесімен топтық белгілері немесе жіктеуіштер бойынша әзірленеді. Әлемдік стандарттарға және 100-ден астам салалық жіктеуішке, номенклатуралар мен анықтамаларға сәйкес келетін 10 мемлекеттік жіктеуіштер пайдаланылады. Еуропалық Одақ пен Қазақстандағы негізгі жіктеуіштерді іске қосу аралығының уақыт кезеңі шамамен екі жылды  құрайды.

     Статистикалық көрсеткіштерді жариялау мерзімі мен  нақтылау дәрежелері әлемдік практикаға сәйкес келеді, деректердің едәуір бөлігі Интернет арқылы тегін негізде  таратылады. Сонымен бірге пайдаланушылар Агенттіктің иелігіндегі қолда  бар деректер мен статистикалық  қадағалаулардың қамтуын кеңейту  мүмкіндіктері немесе ауқымы туралы жеткілікті ақпараттандырылмаған.

     Мемлекеттік статистика өндірісіне Халық Банкі  және мемлекеттік органдар қатысады, олар жыл сайын 130-дан астам зерттеулер өткізеді, сондай-ақ мемлекеттік деректер қорымен тіркелім жүйелерін жүргізеді.

     Заңды тұлғалар мен  үй шаруашылықтары бойынша статистикалық нысандарды пайдалана отырып, статистикалық қадағалаулар жүргізу, бағаларды тіркеу, халыққа сауалнама жүргізу және есептік (тіркелімдік) жүйелерді жүргізу деректер алудың негізгі тәсілдері болып табылады. Қолда бар әкімшілік деректерді жеткілікті пайдаланбау әрі нысандар және көрсеткіштердің жекелеген топтары бойынша алғашқы деректерді өңдеу әдіснамасының күрделілігі есебінен респонденттерге жоғары жүктеме деректерді жинауды ұйымдастырудағы негізгі проблема болып табылады. Бұдан басқа, әртүрлі мемлекеттік органдардың және тіркелімдік жүйелер мен ішінара қадағалаулардың жеткіліксіз қолданылуы мен ұқсас көрсеткіштер жинау қайталанымы орын алып отыр.

     Кәсіпорындардың орташа жүктемесі айына 8 статистикалық  есепті құрайды (4-тен 50 нысанға дейін, кәсіпорынның мөлшеріне, өңірге және зерттеу  жүргізу тәсіліне байланысты), оның өзінде, орташа респонденттің есепті толтыруға жұмсалатын уақыты жылына кәсіпорынның мөлшеріне байланысты 2-ден 29 адам-күн аралығында түрленіп отырады. Бұл көрсеткіштер шетелдік статистикалық офистердің көрсеткіштерінен 1,5-2 есеге артық. Бұдан басқа, шетелдерде (Норвегия, Канада, Австралия) заңнамалық, технологиялық және ұйымдастырушылық деңгейлерде статистикалық көрсеткіштер өндірісі үшін барлық әкімшілік көздерден алынған деректерді толық пайдалану қамтамасыз етілген, бұл респонденттер жүктемесінің (кәсіпорындардың мемлекеттік органдарға тапсыратын есептер санының азаюына) азаюына да ықпал етеді.

     Сонымен бірге, түпкілікті нәтижелерге бағытталған  жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуді ескере отырып, Стратегиялық жоспарлардың қамту аясын кеңейту, қосымша  нақтылау және мемлекеттік органдардың  орындау мониторингіне арналған құралдарды жасау талап етіледі.

     Негізі  «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан  Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңы болып табылатын мемлекеттік  статистика саласында қолданыстағы заңнама мына бағыттар бойынша жаңғыртуды талап етеді: статистикалық және өзге де мақсаттарға арналған ақпарат  жинау арасындағы дәл бөліністі  қамтамасыз ету, Статистика агенттігін әкімшілік деректерге қол жетімділігін қамтамасыз ету (мемлекеттік органдардың  өкілеттіліктері мен жауапкершілігін  бөлу), сапалы бастапқы ақпаратты ұсыну  жөніндегі жауапкершілікті реттеу.

     Деректерді  өңдеу 10 жыл бұрын әзірленген, шамалы ғана жаңғыртылған және күрделі есептеу  кезінде автоматтандырылмаған жұмыстардың  едәуір көлемін талап ететін 200-ден  астам бағдарламалық кешендерді қолдана отырып жүзеге асырылады.

     2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  Статистика агенттігі бойынша  жалпы техникалық жағдай: 6 қызметшіге  орташа алғанда 1 дербес компьютерден, ал жекелеген өңірлерде бұл  көрсеткіш бір жұмыс орнына 12 адамды құрайтын өте қиын жағдай  болып табылады. Серверлік жабдық  толығымен тозған, моральдық тұрғыдан 3-5 жыл бұрын ескірген. Аудандық  деңгей автокөлік техникасымен  қамтамасыз етілмеген, бұл мамандандырылған  статистикалық байқауларды өткізуге  мүмкіндік бермейді, ауылдық округтер  деңгейінде қызметкерлердің қосымша  штаты болуын талап етеді. 

     2008 жылғы бюджет шеңберінде есептеуіш  техника құралдарына  қажетттіліктің бір бөлігі жабылады, жарақтандыру дәрежесі шамамен 85 %-ды құрайды. 2010 жылға қарай статистикалық көрсеткіштердің жоспарланған көлемін сапалы және тиімді шығын әзірлемелермен қамтамасыз ету үшін көлік, жиһаз және офистік үй-жайлармен жарақтандыруды қамтамасыз етуді қоса алғанда қызметкерлердің жұмыс орындарын толығымен қайта жарақтандыру жүргізу талап етіледі.

     Статистика  агенттігінің басты проблемасы жоғарғы  білікті кадрлармен қамтамасыз етілуі болып табылады: орталық аппарат  қызметкерлерінің 60 %-да әдіснамалық  жұмыс тәжірибесі жоқ, аумақтық органдардың  басшылық буыны қызметкерлерінің 70 %-ы 2011 жылға қарай зейнеткерлікке шығады, мемлекеттік тілді қызметкерлердің 50 %-дан азы білсе, шетел тілін 30-ы ғана біледі. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша: кәсіптік оқыту және кәсіби біліктілікті жетілдіру жүйесі жоқ; Қазақстан Республикасында 2005 жылдан бастап «Статистика» мамандығы  бойынша жоғары білімді мамандар оқыту жүзеге асырылмаған, арнайы курстар  деңгейі Статистика агенттігінің қажеттілігіне  сай емес. Аумақтық деңгейде жаңадан  қабылданған қызметкерлердің тек 15 % ғана жұмысын 3 жылдан әрі жалғастыруда.

     Статистика  агенттігінің көптараптық және екітараптық  деңгейде түрлі статистикалық ұйымдармен (БҰҰ Статистикалық Комиссиясы, БҰҰ  Еуропалық Экономикалық Комиссиясы, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы, Еуростат, Түркия халықаралық  ынтымақтастық агенттігі, ТМД Статистикалық  комитеті және т.б.) және ұлттық статистикалық  офистермен өзара халықаралық іс-қимылы жүзеге асырылуда.

     Статистика  агенттігі тиісті қаржыландырудың  болмауына байланысты, статистиканың  негізгі бағыттары бойынша өткізіліп  жатқан халықаралық конференциялар мен семинарлардың тек 40 % ғана қатысады. Бүгінгі күнге дейін Статистика агенттігі Қазақстанның бәсекелестікке қабілетті мемлекет ретінде жүргізіп отырған сыртқы саясатымен сыйыспайтын  техникалық және басқа да көмек сұраушы  реципиент ретіндегі позицияны  ұстанып келді.

     Қазақстан Республикасында ресми статистикаға деген сенім деңгейі  және деректер сапасына деген қанағаттанушылық дәрежесі басқа елдермен салыстырғандағы көрсеткіштер айтарлықтай жоғары емес (арнайы зерттеу бойынша 50 %-дан кем) мысалы, дамыған елдерде (Канада, Австралия, Финляндия, Норвегия және т.б.) бұл көрсеткіш 85 %-дан асады.

     Сонымен, ҚР Статистика агенттігі қызметінің проблемалық (қолданыстағы мемлекеттік  статистика жүйесінің әлсіз жақтары  және кемшіліктері) салалары:

     1)                тиімділігі жеткіліксіз нормативтік құқықтық база;

     2)                статистикалық көрсеткіштерді әзірлеу үшін әкімшілік (ведомствоаралық өзара іс-қимыл) көздердің деректерін жеткіліксіз пайдалану;

     3)                респонденттерге түсетін жүктемелердің елеулі салмағы;

     4)                жұмыстардың және ұйымдастырушылық құрылымның жеткіліксіз автоматтандырылған технологиясы;

     5)                Статистика агенттігінің техникалық төмен жабдықталуы;

білікті кадрлармен жеткіліксіз  қамтамасыз етілуі болып табылады.

 
   
 
     
 
 
   
 
 
 
 

Информация о работе Ағымдағы жағдайды талдау