Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 21:53, реферат

Описание работы

Екінші кезең-инфляцияның ауздықтауға, қатаң қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізүге, нарықтық экономика қағидаларын қабылдау мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық бағыт.
Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және экономиканың күйреүінен құтқарып қалды.
Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен демократияның қажеттігі жөнінде жариялаумен ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен ережелерін міндетті және мүлтіксіз сақтай отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді.

Работа содержит 1 файл

2012 жылы экономиканың өсуі 1.docx

— 37.03 Кб (Скачать)

2012 жылы экономиканың өсуі 6 % деңгейде болжанып отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«2012 жылы экономиканың өсуі 6 % деңгейде болжанып отыр, бұл 2011 жылдың тамыз айындағы болжамнан 0,9 %-ға төмен», -деді министр.  
 
Сондай-ақ ол өткен жылдың есептеу базасына сәйкес және ЖІӨ дифляторының 8,1%-ға ауытқуы себептерінен ЖІӨ намыналданған бұдан бұрын болжанған деңгейден біршама жоғары болатындығын ескертті.  
 
Министр ЖІӨ нақты өсімінің төмендеуін келесі факторлармен түсіндірді. 
 
«Біріншіден, 2012 жылы мұнай өндіру көлемінің төмендеуі 83 млн тоннадан 81 млн тоннаға қысқарды. Өнеркәсіп құрылымындағы мұнай өндіру үлес салмағының 2 % екенін ескерсек, бұл өнеркәсіп өнімі көлемінің төмендеуіне барынша әсер етеді, яғни мұнай өндірудің нақты көлем индексі алдағы болжанған 7,5%-дан 1,3%-ға төмендеуі болжанады. Осыған қатысты министрліктер, ұлттық компаниялар мен жүйеқұраушы компания басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді», - деді Б.Сағынтаев.  
 
«Екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің 83-87 пайызға дейін немесе 17,5 пайыздық тармаққа төмен болуы. Бұл негізінен өткен жылғы базаның өте жоғары деңгейде болуына байланысты», - деп қосты министр.  
 
Экономикалық даму және сауда миинстрлігі басшысының айтуына қарағанда, бұрын болжанған деңгеймен салыстырғанда, өңдеу өнеркәсібіндегі жеке салалар бойынша өсу параметрлерінің азаюы ЖІӨ нақты өсімі төмендеуінің үшінші себебіне айналып отыр.  

 

 

 

 

 

 

2013 жылы ел экономикасының өсуі 6%-дан кем болмауы тиіс - Премьер-Министр

2013 жылдың 08 ақпаны

Бүгін Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ведомствоға 2013 жылы экономика өсуінің 6%-ын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

«2009 жылмен салыстырғанда экономика өсімін үш есеге арттыру үшін әлдеқайда жоғары жоспарлар құру керек. Министрліктің алған бағыты осындай болуы тиіс. Экономиканың 6%-дан кем емес өсімін қамтамасыз ету қажет. Осы мәселелерді шешу Министрліктің басты тапсырмасы болуы тиіс», - деді Серік Ахметов.  
 
Сонымен қатар, Үкімет басшысы 2013-2017 жылдары экономикалық саясат макроэкономикалық қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті. 
 
Оған қоса, ол 2013 жылы экономика мен инновациялардың басым секторларын ынталандыру мақсатында салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыруды және макроэкономикалық ахуал нашарлаған жағдайда беріктіктің жеткілікті қорымен қамтамасыз етуде жұмыс жасауды тапсырды. 
 
«Экономикада болып жатқан жағдайларды ескере отырып, дағдарысқа қарсы әсер етудің жаңа Жол картасын жасауға Мемлекет Басшысы тапсырма берді. Министрлікке осы картаны жасауға ұсыныстар енгізу керек. Бізде тәжірибе бар. Дағдарысқа қарсы бағдарлама 2008-2009 тапсырмаларды сәтті орындады»,-деді С.Ахметов.

2011 – 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің алдына кіріс деңгейі жоғары елдер тобына кіру міндеті қойылды, бұл үшін экономиканың жыл сайын кемінде 7 % өсу қарқынын қамтамасыз ету қажет. Үкімет және әкімдер экономиканың жыл сайынғы өсімін экономиканың барлық секторының дамуы есебінен қамтамасыз етуі тиіс.

Елдің орта мерзімді кезеңге арналған даму болжамын қалыптастыру кезінде қойылған міндеттерді қамтамасыз ету үшін дамудың ішкі, сондай-ақ сыртқы жағдайлары да ескерілді.

Экономиканың жылына 7%-ға теңгерімді өсуі бюджет міндеттемелерінің оның теңгерімсізденбей орындалуы үшін экономика ресурстарының жеткілікті өсімін жасауы тиіс. Бұл ретте энергетика, еңбек ресурстары және инфрақұрылым салалары тарапынан ресурстық шектеулер ескерілуі тиіс.

Бұдан басқа, экономиканың 2015 жылға дейінгі дамуының болжамды параметрлері еңбек өнімділігін арттыру, жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) энергияны қажетсінуін төмендету, экономиканы жаңғырту және негізгі капиталды жедел жаңалау жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асырумен байланыстырылған.

Экономикалық өсудің берілген қарқыны жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 2015 жылы 15 мың АҚШ долларына дейін жеткізуге және Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) кіріс деңгейі жоғары елдер қатарына кіруіне ықпалын тигізетін болады.

 

 

Жеті пайыздық экономикалық өсудің индикативті көрсеткіштері

Экономиканың 7% өсуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі салаларда әр жылға арналған өсудің индикативті көрсеткіштері түріндегі ЖІӨ құрылымындағы салалардың даму жоспарын әзірледі.

ЖІӨ құрылымындағы салалардың өсуі бойынша индикативті көрсеткіштер іске асырылуы инвестициялық жобалардың көзделген бағдарламалары есебінен ұйғарысып отырған 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаларда айқындалған салалар дамуының индикаторлары негізінде айқындалды.

Бұл ретте салалық бағдарламалардың индикаторлары өзектендірілген Индустрияландыру картасына (472 жоба) және жаңа өндірістерді енгізуге сәйкес жоспарланып отырған қосымша инвестициялық жобаларды іске асыру ескеріле отырып ұлғаю жағына қарай түзетілді.

Жоспарланған параметрлер шегінде салалардың дамуы Brent мұнайы бағасының бір баррелі үшін 70-80 АҚШ долларынан төмен емес деңгейі кезінде болуы мүмкін. Мұнайдың барынша жоғары бағасы салаларда өсу қарқының ұлғаюына ықпалын тигізуі мүмкін. Бағаның 14 %-ға артуының әсері нақты ЖІӨ-нің қосымша өсімі 0,3 пайыздық тармақта ( п.т.) бағаланады.

7% өсуді қамтамасыз ету үшін нақты ЖІӨ-нің қосымша 2,0-3,0 п.т. өсімін қамтамасыз ету қажет.

Экономиканың салаларында нақты өсімнің көрсетілген өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін салалық экономикалық саясатты мынадай салаларда іске асыру қажет.

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы  экономикалық өсу.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу. 
 
Елбасы Нурсылтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға интеграциялаган жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсітілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқанын айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың басты қортындыларын бағалай отырып, сөз жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті түбегейлі өзгергенін мойындау керек. Тәуелсіздік жолдарында өтпелі кезеңнің бұрынғы жүйесін сапалы жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың үш маңызды кезеңі болғаны байқалады. 
Бірінші кезең-романтикалық, либералдық. Еркіндік пен демократияны жариялауды өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық қайта құруларды ілгерілетуші күш те болатындай көрінген бұл кезең принципті тұрғыда өз рөлін орындады. Реформалардың басты қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен бірге, мемлекеттің экономикадан тым жылдам шегінуі ынғайнда жарияланған жаппай ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырды. 
Екінші кезең-инфляцияның ауздықтауға, қатаң қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізүге, нарықтық экономика қағидаларын қабылдау мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық бағыт.  
Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және экономиканың күйреүінен құтқарып қалды. 
Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен демократияның қажеттігі жөнінде жариялаумен ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен ережелерін міндетті және мүлтіксіз сақтай отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді. Алайда, кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік нышандары жеткілікті дамыған елдерде монитаризм шеңберінде қолдануға болатын қатаң бағыт біздің халқымыз бен экономикамыз үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды. Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге асыруғ а тым революциялық тұрғыда келу шыныменде жөн болмай шықты. Прагматикалық жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге, сонымен бірге отандық өндірісті нақты көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұрұға арналды.  
Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат ұстанған, елдің экономикалық тынысын нақты сезінетін және экономикалық бағытты түзеу қажеттігін аңғарған Президент Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді. Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға айналды.  
Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет етті. 
Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі ірі өндірушілердің біріне айналды және әлемдік рынокта маңызда орын алды. 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы лектегі 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің таяудағы 10 жылға арналған сратегиялық міндеттерінде республиканың экономикадағы дәстүрлі басымдықтарын барынша пайдалану қажеттігі міндеттелген. Бұл арада әңгіме табиғат байлығы мен минералдық шикізат қоры жөнінде болып отыр. Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, өндіру бойынша да, соның ішінде халықтың жан басына шаққанда жүниежүзінде бірінші орынға ие. 
Қазақстан әлемдік және минералдық шикізат кешеніндегі өзінің күшті позицияларын сақтай алады және солай етуі тиіс. Бұл үшін руданы өңдеу мен метал балқыту жөніндегі қазіргі заманғы технологиялардың дамуын қамтамасыз етіп, дәстүрлі дамыған геологиялық, тау-кен ісін қалпына келтіру қажет. 2000-2005 жылдары кен металлургия кешеніне инвесторлардың жылына 2 млрд. доллар және одан да артық көлемде инвестициялар салуы көзделінген. Тағы бір айта кетерлік жәйт, шетелдік инвестициялар экономикалық қайта құруға жәрдемдесетін болады деп күтілген-ді. Ондай үмітіміз ішінара ақаталды. Шетелдік инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда өсімге қол жетті, бұл да экономиканың жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды фактор. әйтсе де еліміз өзінің дамуында біржақтылыққа жол бермеуі керек.  
Қазақстанның өзара қатынастардың жаңа класына кіру шарттары айтарлықтай қатаң. Егер республиканың шикізат рыногына қатысуына жол ашық болса, дайын өнімдер рыногына кіруіне жоғары баж салықтарынан, инфрақұрылымдары дамыған қуатты трансұлттық компаниялардан тұратын кедергілер бар. Осыған байланысты Қазақстан өзінің жаңа Индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға байыпты және аса жауапты қарауы керек болады.  
Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы қорытпалардың қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарының бірі бола алады. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары тат баспайтын, подшипниктік түрлеріне қажеттілі өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың болжамына қарағанда, таяудағы жылдары болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт жоғарылай алады.  
Өз өнеркәсібінің көтеріліп жатқанына қарамастан Қазақстан темір, хром, марганец рудаларын үлкен көлемде сыртқа, нң алдымен Рессей зауыттарына жөнелтуді жалғастыруда. Республиканың елеулі резервтерінің бірі болат бұйымдар шығаруды, соның ішінде мырышпен қапталған болат шығаруды кеңейту болып табылады. Жалпы метеллургияның дамуы және арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болат пен олардан жасалған бұйымдар шығару республикаға 13-14 млрд. АҚШ долларынан астам табыс әкеле алады.  
Әлем деңгейінде 215-ке жуық мемлекет бар екенін ескерсек, оның алдаңғы шептегі елеуінің санына қосылу біздер үшін бұл асқақ арман. Оған жету шебер басқару жүйесін, терең білімді, жоғары біліктілікті, жан-жақты дайындықты, қажымас еңбекті, үлкен ізденістерді талап етеді. Алдағы елдер біздер қатарына қосылсын деп күтіп тұрмайды. Сондықтан ад біздер осы арманға даму қарқынын жеделдетіп, уақыт ұтқанда ғана жетеміз. 
1999-2004 Қазақстанның ішкі ұлттық өнімі 60% жуық өсті. өсу қарқыны жағынан біздер ТМД елдерінің алдына шықтық, ал Шығыс Еуропа елдерімен бір деңгейдеміз. Шама бойынша енді 2-3 жыл ішінде ұлттық ішкі өнім 2 есеге көбейеді, қуаты жағынан 1 Қазақстан 2 Қазақстан болады деген сөз. Бір кездері күрделі экономикалық реформалар жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне олардың ішкі жалпы өнімінің 2 есе өсуі үшін орта есеппен 12-13 жыл керек болған, біз осындай нәтижеге 8-9 жыл ішінде қол жеткіземіз деген үміттеміз. Яғни алған қарқын жақсы, осының арқасында алға кеткен елдермен ара қашықтықты азайтамыз деген жоьаның негізі бар. Бұл қарқын қолданып отырған саясаттың дұрыстығын растайды. Сонымен қатар осындай дамуға бізге Алла сыйлаған жер байлығының да көмегі молынан тиіп отырғанын мойындауымыз керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011 –  2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің алдына кіріс деңгейі жоғары елдер тобына кіру міндеті қойылды, бұл үшін экономиканың жыл сайын кемінде 7 % өсу қарқынын қамтамасыз ету қажет. Үкімет және әкімдер экономиканың жыл сайынғы өсімін экономиканың барлық секторының дамуы есебінен қамтамасыз етуі тиіс.

Елдің орта мерзімді кезеңге арналған даму болжамын қалыптастыру кезінде қойылған міндеттерді қамтамасыз ету үшін дамудың ішкі, сондай-ақ сыртқы жағдайлары да ескерілді.

Экономиканың жылына 7%-ға теңгерімді өсуі бюджет міндеттемелерінің оның теңгерімсізденбей орындалуы үшін экономика ресурстарының жеткілікті өсімін жасауы тиіс. Бұл ретте энергетика, еңбек ресурстары және инфрақұрылым салалары тарапынан ресурстық шектеулер ескерілуі тиіс.

Бұдан басқа, экономиканың 2015 жылға дейінгі дамуының болжамды параметрлері еңбек өнімділігін арттыру, жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) энергияны қажетсінуін төмендету, экономиканы жаңғырту және негізгі капиталды жедел жаңалау жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асырумен байланыстырылған.

Экономикалық өсудің берілген қарқыны жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 2015 жылы 15 мың АҚШ долларына дейін жеткізуге және Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) кіріс деңгейі жоғары елдер қатарына кіруіне ықпалын тигізетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері