Аудиттің мәні, пәні мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:20, реферат

Описание работы

Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.

Работа содержит 1 файл

Аудиттің мәні.docx

— 27.52 Кб (Скачать)

                Аудиттің мәні, пәні мен әдістері

 

Аудиттің  көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитты зерттеуге арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдері әр түрлі анықталады. Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек,  Қытай мемлекеті дүние жүзінде бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел.

Аудит бізге  осы уақытқа дейін белгісіз болды  деп айтуға болмайды. Шет елдерде  аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз  болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне  үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан  да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор  дайындау өте қажет жұмыс деп  табылған.

Аудит жұмысының  тағы бір ерекшелігі ол-шаруашылық субъектілеріне, өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен  шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі аудит  фирмалары үлкен информатика  орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.

Аудитке қажеттілікті тудыратын объективтік  жағдайлар:

  • инвесторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір-біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі, олардың мүддесі бір емес. Әсіресе, кәсіпорын әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;
  • кәсіпорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;
  • кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;
  • кәсіпорын шаруашылығының күрделігіне сәйкес, "коммерциялық құпияны"  сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.

 Аудиттің  мәні мен принциптері

Нарық экономикасына  көшу кезінде тексеру жүйелерінің  ішінде аудитрлік қызметке зор көңіл  бөлінді, себебі олар кәсіпорынның бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін талдау және тәуелсіз түрде эксперт жүргізу.

Аудит- клиенттің  қалауын бойынша жүргізілетін тәуелсіз түрде кәсіпорындар мен фирмалардың  қызметі жөніндегі бухгалтерлік есептер мен шоттарды тексеретін мамандандырылған қаржылық бақылау  түрі.

Аудит, бұл  негізінен қаржылық есеп беруді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың  қаржы шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебін, оның толықтығын және қолданылып жүрген бекітілген заңдармен  белгіленген нормативтік актілерге  сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.

Аудит пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім  арқылы тәуелсіз эксперттік негізінде  және бухгалтерлік отчетты талдау және тексеру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық  түрде объективті баға беру, сонымен  қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің  қабылдаған есеп саясатына, нормативтік  актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.

Қаржы отчеты жөніндегі аудиттің негізгі міндеті- отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншік капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің  толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына  объективті түрде белгілі бір  мезгілге бағалау және де субектіде  қабылданған есеп саясатының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін  тексеру.

Аудитор- квалификациялық сұранымдарды қанағаттандыратын, заңды органдармен тәртіп бойынша  белгілі мүмкіндіктермен міндеттелген және квалификациялық аудиторлық аттестаты  бар жеке тұлға. Квалификациялық  аудиторлық аттестат- бұл жоғарғы  білімі бар, экономикалық профил бойынша  кем дегенде 3 жыл стажы бар, қосымша  экзамендерді тапсыру бойынша мамандандрылған білім алу мақсатында куәландыратын арнайы құжат.

Аудиторлық  тексеру жүргізу барысында аудитор  тәуелсіздік таныта отырып, аудиторлық дәлелдерді және құжаттарды тура бағалай  білуі керек. Қаржылық құжаттарды тексере  отырып аудитор барлық құжаттармен  дәлелдердің толықтығын қадағалауы керек.

Аудиторлық  қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру  мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде  орындау және басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік  қызмет.

Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізіледі.

  1. Ғылыми негізділігі. Аудиттің ғылыми негізі оның методологиясының диалектикалық әдісімен дамиды. Экономика теориясындағы объективтік шын-дықты негізге алу болып табылады. Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлелденген болуы қажет. Аудит қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің теориясын құрайды. Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі қолданылады. Мысалы, аудитте экономикалық талдау қолданылады, ол яғни фактілерді зерттеп қорытынды жасау. Сондықтан да аудит фирмаларының басшылары ғылыми зерттеу жұмысын, тәжірибесін игерген ғалымдар.
  2. Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық ұстайтын маман болуы керек. Ол өзінің аудиторлық қорытындысына кәсіпорынның табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп, объективті көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Оның қорытындысы ешқандай күдіктенбеушілікке жол бермейтін дәлелді болуы қажет.
  3. Дербестілік. Қоғам тану жолында аудитордың статусы өз бетінше дербес деп танылған. Оған себеп ол біріншіден, тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол одан төлем алуына алдын ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен аудитордың түпкі мақсаты бір. Олардың өзара келісім-шарт бойынша анықтайтыны комитетін құру.

Аудитордың  дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады: аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау, мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.

Аудитор ротациясы ол болжам арқылы бір аудитор қайта-қайта бір кәсіпорынға бара берсе оның дербестігі жойылады деген сөз. өйткені, оны тапсырушы акциялық үлескер бол деп үгіттеп, аудит принциптерін сақтамау жолына салуы мүмкін. Аудитор соты аудиторладың дербестігін қадағалап отырады. Мемлекет тұрғысынан аудитор дайындау ол қазіргі аудитордың қоғамдық құрылымын жою болып табылады. Қазіргі кезде аудит комитетін құру АҚШ-та көп тараан. Ондағы мақсат өндіріс компанияларының мүддесін көтеру.

Қорыта  келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысынан арнайы институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің ойымызша сондай жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік Қаржы Министрлігі, аудит палатасы, бухгалтерлер ассоциациясы көмектесуі қажет.

  1. Кәсіби біліктілік. Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі мамандар жүргізуі қажет, ол теориялық және практикалық жағынан өте білімді маман болуы және арнайы аудит әдістерін жақсы білуі қажет. Ол тексеру жұмысына машықтанған болуы керек. Аудитор өз жұмысына қажетті ереже нұсқауларын өте жақсы біліп іс жүзінде қолдана білуі қажет. Аудитор өз жұмысына анализ жасауда, сараптау жүргізуде, компьютермен жұмыс істеуде, әбден машықтанған болуы қажет. Ол барлық тексерушіге сене бермеуі керек, тек өзі тексеріп көзі жетпейінше ешқандай қорытынды жасамауы керек.
  2. Сенімділік, сөзге берік болу (конфиденциальность). Аудитор өз жұмысының комиссиялық құпиялығын сақтауға міндетті. Үшінші жаққа өз мәліметін ерекше жағдайда ғана хаюарлауға, тапсырушымен жазбаша келісім жасау арқылы беруге құқылы.
  3. Тез-жеделдік принципі. Аудитордың жеделдігі ол өз жұмысының тез, тиянақты орындалудан тапсырушыға аудит материалын уақытымен тапсыру. Аудиттің тез, жедел жүргізілуіне екі түрлі себеп бар. Біріншісі, аудит жүргізу уақыты нақты белгіленбегендіктен, екіншіден, аудит үшін төлем сол жұмыс уақытымен есептелінеді.

Ал осы кәсiпорынның штаттық қызметкерi болып есептелетiн iшкi аудитор басшылардан және қызметтестерiнен тәуелсiз бола алмайды, сондықтан осы құрылымды бекiткен кезде, алғашқы кезекте, оның статусын анықтау қажет. Iшкi аудиторларды тiкелей меншiк иесiне тәуелдi ету керек, себебi ақпаратты түтынушылар арасында аудит нәтижесiне ең терең қызығушылық танытушылар меншiк иелерi болып табылады.

Iшкi аудитор јзiнiє барлық нүсқаулары мен үсыныстарынның орындалуын талап ете алмайды, сондықтан олардың енгiзiлуi және нәтижесiне жауапты болмайды. Сондай-ақ, ол өзi анықтаған анықтауларды түзетуге қатыспауы тиiс. Iшкi аудит нәтижесiне ең алдымен кәсiпорынның жоғары басшылығы мүдделi болғандықтан, iшкi аудитордың бақылау үшiн қажеттi кез-келген ақпаратты алуға мүмкiндiгi болуы керек.

Кәсіпорын шаруашылығын басқаруда ғылыми негізделген шешім болуы қажет. Ол үшін кәсіпорын басшысы білімді, мамандығы жоғары, шаруашылықты және даму келешегін жақсы білетін адам болуы керек. Басқару-ол шешім қабылдау. Ол үшін басқарушы бар білімін, талапкерлігін басқарушылық шешім қолдануға жұмсауы қажет. Яғни тиімді, тиянақты басқару жүргізу үшін арнайы дайындық жасау кеек.

Шаруашылық субъектілерді басқару барысын үш этапқа бөлуге болады: экономикалық мәліметті жинап, топтап бір жүйеге келтіріп талдау және сараптау жасап пайдалануға дайындау; аудит-басқарушылық шешім қабылдау. Осы көрсетілген басқару құрылымын іске асыру үшін мәлімет жинау барысы бухгалтерлік есеп, статистика, жоспарлау арқылы орындалады. Сонымен мәлімет жүйесі құрылады, оны төмендегі сызба арқылы жүйелеуге болады.

 

2 сызба. Шаруашылық субъектісімен басқару жүйесінің

арасындағы байланыс

 

 

 

Басқарушылықтағы  шаруашылық субъектісі мен басқару жүйесінің арасын мәлімет жүйесі құрайды. Басқаруға қажет мәлімет жүйесінде жан-жақты қарастырылып пайдалануға дайындалады. Ол үшін бухгалтерлік есеп мәлімет аудит жасау үшін оны алдымен тексеру қажет, одан кейін топтап, бір жүйеге келтіргеннен кейін оны тіркеу қажет. Яғни, мәліметті шаруашылық операцияларының мазмұнына сәйкес оған мағына беріп оның шаруашылықтағы қажеттілігін, кәсіпорынды басқару үшін нақты қажеттігін анықтау керек. Басқару процесінде, мәліметті тиімді пайдаланып, оптималды шешім қабылдау үшін мәліметті санау өлшемі мен сапалық өлшемі арасындағы байланыстың негізін анықтау қажет. Аудит барысында осы мәлімет құндылығы анықталып, басшылық процесінде қолдануға пайдаланады. Тағы осы мәліметтер негізінде кәсіпорын шаруашылығының дамуына болжам жасалады.

Нарықты экономика жағдайында болжам, бағдарлама жасау өте қажет. Кәсіпорынның даму бағдарламасы болмаса оның өндіріс, сату процесі дағдарысқа ұшырап нарықты қатынас принциптерін сақтай алмай қалады. Сондықтан  да шаруашылық субъектілері өздеріне бизнес-жоспар дасайды, онсыз шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорын үшін бизнес-жоспар ол бағдарлама, күнделікті шаруашылықты қалай жүргізу керек екенін, даму жолын, табыстылық деңгейін, өндіріс шығынын күнделікті қадағалап отыруға негіз болатын құжат.

өндірістік кәсіпорындардың бизнес-жоспары бірнеше бөлімнен тұрады: жоспар кіріспесі, өндіріс мақсаты-өндірілетін өнім тізбегі, сату жоспары. Негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып бәсекелестікті болжау; маркетинг стратегиясы; өндіріс жоспары (өндіріс қуаттылығы, шикізат ресурсы); коммерциялық күдік (қамсыздандыру);  қаржы жоспары (өнім сату, шығын және табыс есебі, табыстылықтың аналитикалық есебі). Бизнес-жоспардың, осы жоғарыда көрсетілген әр бөлімі аудит арқылы анықталады. Соған сәйкес аудиттің басқалай басқару функциялары іске асады. Мысалы:

  • өндірісті ұйымдастыру, оның әр түрлі варианттары қарастырылып, өте тиімді, басқару құрылымы қаланады.
  • Бақылау, басқарушылық шешімнің орындалуын тексеретін мәліметтер жиналады.

Қорыта  келгенде, шаруашылықтағы субъектілерді басқаруда аудиттің атқаратын ролі өте жоғары. Олай дейтініміз, басқарушылыққа қолданылатын мәліметті аудит арқылы бір жүйеге келтіріп, талдап, анықтап, тексеру жасап дайындалған материал аудиттің барлық басқарушылық функциясында қолданылады.

Аудиттің  функциялары

Аудиттің  бағыты заңдармен анықталған, аудиторлық қызметтің нормативтік жүйесін  реттеу, аудиторлықпен клиенттердің шартық міндеттемелерін нақтылы  мақсатпен шешу болып есептелінеді.

Аудиттің  орындайтын функциялары:

  1. сараптамалық
  • есеп беру
  • есеп жағдайы
  • ішкі тексеру жағдайы

2)  талдамалық

          - талдау

          - жобалау

          - ұсыныс

        3)   кеңес беру

            - есеп жөнінде

            - салық жөнінде

            - құқық жөнінде

            - мүліктерді бағалау жөнінде

        4)  өндірістік

           -есепті реттеу

           - декларация мен отчеттарды жасап  беру

           - отчеттарды тұрақты жүргізу

 

 


Информация о работе Аудиттің мәні, пәні мен әдістері