Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 14:03, реферат
Біздің зауытымыз көп жылдардан бері шойын құюмен айналысып келген-ді,– дейді зауыт директорының қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі орынбасары Сергей Макарянс. – Мен осы Қытай елінен сатып алынған индукциялы «ИСТ-1,5» болат балқыту пешін іске қосуға тікелей жауапты болдым. Мамандығым технолог болғандықтан шойын құюдың процесіне жақсы қанықпын. Кәсіпорын басшысы осыны ескерген болуы керек.
Біздің зауытымыз көп
жылдардан бері шойын құюмен айналысып
келген-ді,– дейді зауыт директорының
қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі
орынбасары Сергей Макарянс. – Мен осы
Қытай елінен сатып алынған индукциялы
«ИСТ-1,5» болат балқыту пешін іске қосуға
тікелей жауапты болдым. Мамандығым технолог
болғандықтан шойын құюдың процесіне
жақсы қанықпын. Кәсіпорын басшысы осыны
ескерген болуы керек. Жаңа пешті орнатуға
жұмыла кірісіп кеттік. Шойын құю процесінде
кокстың алатын орны ерекше. Бұл шикізатты
біз көрші Ресей елінен қымбат бағаға
сатып алатынбыз. Алыстан арбалаған нәрсенің
көп қиындық тудыратыны белгілі ғой. Осыны
ескеріп, экономикалық есеп, талдаулар
жасап та көрдік. Кокстың орнына электр
қуатын пайдаланудың пайдалы әрі тиімді
екендігіне көз жеткіздік. Жаңа пеш сатып
алу идеясы осы кезде пайда болды. Және
осы тұста корпорацияға тек қана шойын
емес, болат құймасының да қажет екендігі
мәлім болды. Осыдан соң зауыт әкімшілігі
Қытай елімен іскерлік байланыс орнатып,
өткен жылдың күзінде жаңа пешті сатып
алған еді.
Қытайдан әкелінген бұл пешті зауыт өндірісіне
лайықтап орнату ісі алғашқыда бұларға
оңай түскен жоқ. Көп қиындық, кедергілер
кездеседі. Оның басты себебі, жаңа пештің
төлқұжаты, басқа да техникалық сипаттамалары
бірыңғай қытай тілінде жазылған еді.
Пешті жергілікті жағдайға сәйкес құру
үшін оның бірқатар схемаларын қайта өзгертуге
тура келді. Бұл жұмысқа Ресейдің Рубцовск
қаласынан келген реттеуші мамандардың
және жергілікті инженер-металлургтер
мен технологтардың үлкен көмегі тиді.
Әсіресе, жергілікті білікті мамандар,
инженер-металлургтер Жәнібек Сүйесінов
пен Николай Богатыревтің еңбегі зор.
Сөйтіп, жаңа пеш жаңа жылдың алдында жан-жақты
жабдықталып, осы жылдың қаңтар айының
басында сынақтан өтіп, толық іске қосылды.
Зауыт өндірісінде іске қосылған жаңа
пештің қазіргі бірқалыпты, ырғақты жұмысына
ұжым мүшелері дән риза. Пештің жұмыс істеу
қабілеті жоғары. Оның сыйымдылығы – 1,5
тонна. Бұл бір-бір жарым сағатта одан
бір жарым тонна болат немесе шойын құймасы
алынатындығын аңғартады.
Құю зауытының негізгі өнімі – байыту
фабрикаларындағы үлкен диірмендерде
күнделікті қолданылатын ұнтақтаушы шойын
шарлар болып келгені белгілі. Енді жаңа
пештің арқасында болат шарларды да көптеп
шығаруға мол мүмкіндік туды. Бұл зауыт
үшін үлкен жетістік болатын.
Бүгінгі күнге дейін «Қазақмыс» корпорациясы
тау-кен кәсіпорындарына қажетті 1200 тонна
болат шарлары сырт жерлерден қымбат бағаға
сатып алынып келген еді,– дейді зауыт
директорының өндіріс мәселелері жөніндегі
орынбасары Боранбай Әбішкенов жаңа пештің
экономикалық тиімділігін біздің алдымызға
жайып салып. – Зауытта 2010 жылы 43 млн. 700
мың теңге таза пайда алынған. Енді бұрынғы
шойын агрегаттарының қатарына жаңа индукциялы
пеш қосылды. Оны біз мүмкіндігінше болат
шарлар жасауға пайдаланатын боламыз.
Сөйтіп, корпорацияның болат шарлар жөніндегі
сұранысын енді өзіміз толық қанағаттандырамыз.
Жаңа пештің үздіксіз және өнімді жұмыс
жасауын қазір құрамында 10 адамы бар бір
ауысым өз міндетіне алған. Келешекте
бұл жауапты учаскеде үш ауысымдық жұмыс
кестесі ұйымдастырылатын болады. Жаңа
пешті іске қосу кезінде уақытпен санаспай
тер төгіп, қажырлы жұмыс атқарғандардың
қатарында зауыттың бас конструкторы
Феликс Баллау, №1 цехтың бас энергетигі
Виктор Риммер, осы цех бастығының орынбасары
Руслан Садықов, жетекші технолог-инженер
Достан Әубәкіров, электр жөндеушілері
Сергей Зинченко, Евгений Казельский,
металл құюшылар Сергей Мордасов, Александр
Сафронов, тағы басқалардың болғандығын
көпшілік орынды атайды.
Бірлік пен ынтымақ бар жерге табыстың
да тұрақтап, адамның да сол маңға жиі
үйірілетіндігі даусыз. Зауытта қазіргі
таңда 1058 адам жұмыс істейді. Бұл – үлкен
күш. Кәсіпорын өткен ғасырдың орта шенінде
құрылған. Ол кезде Сантехникалық жабдықтар
зауыты деп аталғанын қала тұрғындары
жақсы білетін. Зауыттың бай тарихы, өзіндік
еңбек дәстүрі бар. Мұнда негізінен байырғы
металлургтердің ұрпақтары жұмыс істейді.
90-шы жылдарғы экономикалық дағдарыстың
кесірінен зауыттың басына жабылып қалу
бұлты төнген-ді. Осы тұста зауытты бұл
тығырықтан «Қазақмыс» корпорациясы құтқарып
қалады. Содан бері зауыт корпорацияның
қарамағына көшіп, ілгері даму жолына
түседі. «Аштықта жеген құйқаның дәмі
ауыздан кетпейді» дегендей, зауыт еңбеккерлері
бұл жақсылықты еш ұмытқан емес. Оны олар
еселі еңбекпен, толымды табыспен қайтаруды
жөн санайды. Зауытта бүгінгі күннің үрдісі
бойынша өндірісті жандандырудың, оны
озық технологиялармен жарақтандырудың
батыл қадамдары қолға алынуда. Елбасының
биылғы Жолдауында айқын көрініс тапқан
«Әрбір қазақстандықтың елді ауқымды
индустриаландыруға қатысу мүмкіндігін
қамтамасыз ету керек» деген тұжырымды
сөзі еңбек ұжымын жаңа жетістіктерге
жетуге жігерлендіре түсуде.
Бүгінде Қарағанды құю зауыты өндірістік
бірлестігі деген жаңа атауға ие болған
еңбек ұжымында өндірісті соған лайық
қайта жарақтандыру, индустриалдық-инновациялық
жобаларды жүзеге асыру, экономикалық
жоғары тиімділікке жеткізу жолындағы
жұмыстар мақсатты жүргізілуде. Негізгі
мақсат – қазақстандық мазмұнды байытып,
отандық тауар өндіруді жоғарғы деңгейге
көтеру. Зауытта шойын және болат шарлар
өндірумен қатар халық шаруашылығына,
өнеркәсіпке, құрылысқа, тағы басқа да
салаларға аса қажетті құрал-жабдықтар
өндіріледі. Өнім өндірудің көлемін ұлғайтып,
оның сапасын жақсарту жолында кәсіпорында
ілкімді ізденістер жасалуда. Зауыт әкімшілігі
өз өнімдерін экспортқа шығару ісімен
де тұрақты айналысып келеді. Қазіргі
кезде экспортқа өнім шығару жөнінде Монғолия
елімен іскерлік байланыс орнатылды. Зауыт
директоры, техника ғылымдарының кандидаты
Б.Толықбаевтың айтуынша, жыл аяғына дейін
кәсіпорынға өнім өндіруді ұлғайту мақсатында
10 тонналық шетелдік екі пеш сатып алынғалы
отыр.
Жаңа индустрияландырудың кәсіпорындағы
нәтижелері міне осындай. Бұл еңбек ұжымының,
ондағы еңбек адамдарының үлкен мерейі
емес пе!
Касли зауытының негізі 1747 жылы Уралда қаланған болатын, тек ХІХ ғасырдың үштен бірінің алғашқы бөлігінде ғана оның өнімінің ассортиментінде өзінің көркем құймасы пайда болды. Содан кейінгі онжылдықтар – Каслиде көркем шойын құйма өндіру ісінің барынша өркендеген кезеңі.
Сол өңірде табиғи қалыптастырушылық құмның мол болуы, ағаш көмірімен балқытылатын шойын сапасы, қалыптаушылар мен шекімешілердің ұзақ жылдар бойғы ауыр еңбегі нәтижесінде қалыптасқан шеберлігі арқасында керемет Каслилік шойын құю өндірісі жетілдірілді
Зауытта тұрған талантты орыс мүсіншілері М.Канаев, содан кейін Н.Бах Касли көркем құймасының табысты болуына зор еңбек сіңірді. Олар шойында құйып шығару үшін өздерінің ғана үлгілерін беріп қоймай, сонымен қатар бірқатар орыс мүсіншілерін де Каслиге тартты. Шойын құю өндірісінде Е.Лансеренің, А.Обердің. Н.Либерихтің және басқа да көптеген мүсіншілердің үлгілері бойынша жасалған құймалар пайда болды.
Зауытта шойын табиғатын, оның техникалық және пластикалық мүмкіндіктерін бүкіл зейінімен және тереңінен сезінген біртума тамаша шеберлер өсіп шықты. Олар өз ісіне шығармашылық еңбек ретінде қарады: өйткені бұл жұмыс солар үшін азапты қапас өмірдегі жалғыз жұбаныш болып табылатын.
Каслиде анималистік жанрдағы туындылар ерекше табысқа ие болды, өйткені шеберлер урал табиғатынан алған өздерінің әсерлерін сол туындылар арқылы көрсете білді.
Шеберлер мүсіншілердің үлгілерін шойында дәл беріп қана қоймай, өздері де ерекше шығармаларды дүниеге келтіріп жүрді. «Жіп иіруші», «Аңыздағы шаруа» және басқа да мүсіндер жасаған В.Торокин өзіндік ерекше шығармашылыққа ие жан болатын. Касли құймасына осындай шығармалар арқылы қарапайым халықтың тұрмысын бейнелейтін жаңа тақырып енген еді. В.Торокиннің ізімен К.Тарасов, Д.Широков та бірқатар қызықты туындылар жасап шығарды.
Тамаша қалыпшы, аса күрделі үлгілерді дәл келтіретін Ф.Самойлин каслилік шеберлер әулетінен шыққан-ды. Француз мүсіншісі Готьенің (1911 ж.) үлгісі бойынша Дон Кихоттың ұқыпты да нәзік орындалған мүсіні, П.Клодтың сүйкімді «Сәйгүлігі» көпшілікке әйгілі болды. А.Мочалин – каслилік ежелгі қалыпшылардың бірі. 1886 жылдың өзінде-ақ оның еңбектері көпшілікке белгілі болған.
Каслилік ең көрнекті шеберлердің бірі – Козьма Дмитриевич Тарасов. Ағаштан түйін түйетін тамаша шебер ең күрделі тапсырыстарды орындаған.
Ағылшын компаниясының концессиясына берілген Касли шойын зауыты 1908 жылдан бастап тоқырау кезеңін бастан кешірді. 1934 жылы Касли (енді машина жасау) зауыты жанынан арнайы көркем құю цехы құрылды.